Материалдар / Мақала. «Балабақша – бақытты балалық ордасы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала. «Балабақша – бақытты балалық ордасы»

Материал туралы қысқаша түсінік
№5 "Шаттық" мектепке дейінгі ұйым КМҚК туралы қысқаша мәлімет, инклюзивті білім беру, дене тәрбиесі жөнінде мағлұматтар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қараша 2021
664
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


5 «Шаттық» мектепке дейінгі ұйым КМҚК

дене шынықтыру және еңбекке баулу нұсқаушысы

Асқарова Жұлдыз Асқарқызы.


«Балабақша – бақытты балалық ордасы»


Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру.
«Бала адаммен араласпайынша өмір сүре алмайды, өзінің бар жүрек жылуын басқа адамға беруді ұжданы талап етеді. Балаға ой еңбегінің шаттығын, табыс қуанышын беріңіздер».    

                                                                                                  (В. А. Сухомлинский)

Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде ерекше күтімді қажет ететін балаларды жалпы білім беру үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.

      Инклюзивті білім беру - дамуында сәл  ерекшеліктері  бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту. №5 «Шаттық» мектепке дейінгі ұйым КМҚК, яғни мен жұмыс жасайтын балабақша дені сау балалармен қоса ерекше күтімді қажет ететін балаларды да тәрбиелеп, білім береді. Балабақшамызда жалпы 140 бала тарбиеленеді, оның ішінде 46 бала ерекше күтімді қажет ететін балалар болып саналады. Ерекше күтімді қажет ететін тәрбиеленушілер дені сау балалар тобында білім алады және психолог, логопед, дефектолог, тифлопедагог, сурдопедагог және тьютор мамандарының жүйелі көмегін алып отырады. Арнайы топтағы балалар бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді өткізу үшін біріктіріліп  жұмыс жүргізеді. Мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін ата-аналар көрсетеді.

Инклюзивті оқыту – ерекше күтімді қажет ететін балалардың жалпы білім беретін балабақшадағы оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады. Ерекше күтімді қажет ететін балалардың білім алу құқықтары «Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы», «Білім беру туралы», «Ерекше күтімді қажет ететін балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуге ықпал ету туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.

5 «Шаттық» мектепке дейінгі ұйым КМҚК балабақшасында дене шынықтыру және еңбекке баулу нұсқаушысы қызметін атқарамын.  

Дене тәрбиесі балалардың ақыл- ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және белсенді болуларына мүмкіндік тудырады. Балабақшада дене тәрбиесінің мазмұнды жүргізілуіне, дене жаттығулары, табиғаттың сауықтырушы күші, гигиеналық және әлеуметтік – тұрмыстық факторлар қолданылады. Дене жаттығуы - дене тәрбиесінің негізгі және ерекше құралы, ол педагогтың арнайы іріктеп алған, әдістемелік дұрыс ұйымдастырылған және басқаруға болатын қозғалыс пен қозғалыс қызметінің күрделі түрлерін қамтиды. Дене жаттығуы еркінді сипаттағы белсенді қимыл - әрекеттеріне негізделген. Дене жаттығуы баланың жан- жақты жетілуіне ықпал етеді. Дене тәрбиесінің негізгі мазмұны денені жаттықтыру болып табылады. Ол мынадай түрлерге бөлінеді.

  • Таңертеңгілік жаттығу

  • Қимыл- қозғалыс ойындары, спорт ойындары.

  • Спорттық жаттығулар.

Балабақшадағы дене тәрбиесін ұйымдастырудың түрлері: күн тәртібі бойынша сауықтыру шаралары (таңертеңгілік жаттығу, қимыл- қозғалыс ойындары, серуен кезіндегі жаттығулар мен спорттық ойындар, сергіту сәттері, ауладан тыс жерге саяхат жасау, спорттық ойын сауықтар).

Дене шынықтыру балалардың денсаулығын сақтап, нығайтады. Дене мүсінінің сұлулығын қалыптастырып, қимыл- қозғалыс қабілетінің белсенділігін арттырады .Дені сау, рухы таза ұрпақ өсіру ең маңызды мәселе дей отырып, біздің балабақшадағы басты міндетіміз: баланың денсаулығын нығайту, шынықтыру, түрлі аурулардың алдын-алу сақтану жұмыстарын дәстүрден тыс әдістерді қолдану арқылы жүргізіледі. Бүлдіршіндердің денесін шынықтыруға көп көңіл бөлінеді.

Балабақшаға таңертеңгі келген уақыттан бастап Күн тәртібі бойынша сауықтыру шараларын (Таңғы жаттығу, қимылдық ойындар, сергіту сәттері, серуен кезіндегі спорттық ойындар мен жаттығулар, спорттық мерекелер, ойын – сауықтар) өткіземіз. Дене шынықтыру оқу іс - әрекеті балаларды қимылға үйретудің негізгі қалыбы болып табылады. Ол әрбір жас топтарында аптасына 2 рет өткізіледі. Оқу іс - әрекет мынадай құрылымда өтіледі. Кіріспе бөлімде жүру, жүгіру түрлері, секіру жаттығулары, сапқа тұру орындалады. Жүру, жүгіру түрлері кезектесіп тұруы керек 3- 4 минут. Негізгі бөлімде жалпы жетілдіруші жаттығулар орындалып, негізгі қимылға дайындық жұмысы жүргізіледі. 3 негізгі қимыл жоспарланады. оның 2 –уі бұрынғы жаттығулар қайталанса, 1 – жаттығулар жаңадан жоспарланады. Жаңа сабақтың тақырыбы жылдық жоспардан алынады. Негізгі бөлімге 16 – 18 минут. Күнтізбелік жоспарда әр аптада 2 сабақтан алынған, жыл басына 72 сағат өткізілуі тиіс. Дене шынықтыру негізгі оқу іс - әрекеті болғандықтан ертеңгілік мезгілде өткізіледі.

Сонымен қатар ерекше күтімді қажет ететін балаларға емдік дене шынықтыру (ЕДШ) оқу қызметін жүргіземін. Балабақшада 2 дцп балам бар, осы балаларға жеке ЕДШ сабақтарын жүйелі түрде жүргіземін, аяқ-қолдарына емдік массаж және табан массажын да жасаймын.

Емдік гимнастика – қазіргі кезде көп тараған емдеу әдістерінің түрлерінің бірі. Дене жаттығулары – емдік гимнастиканың басты құралы. Ішкі ағзалар мен сыртқы бұлшық еттер тығыз байланыста болғандықтан жоғары нерв жүйесі (ми қыртысы) қадағалап жобаға салып отырады. Сондықтан қимыл қозғалыстын тапшылығы әр түрлі ауруға әкеп соқтырады. Жас ұрпаққа адам денсаулығының қажеттілігін, басты байлық денсаулық екенін түсіндіру, қимыл - әрекетке жаттықтыру. Дұрыс тамақтанудың, таза жүрудің адам денсаулығы үшін маңызды екенін түсіндіру. Жас ұрпақ дұрыс өсіп жетілуі үшін денсаулығын күтуді үйрету, салауатты өмір салтын сақтап, өмір сүруге дағдыландыру.

Емдік гимнастика – медицинаның дене тәрбиесіне қатысты үлкен бір саласы. Оның теориялық негізі медициналық-биологиялық және педагогикалық ілімдер. Сондықтан оның зерттеу әдістері физиологиялық, клиникалық және педагогикалық ғылымдардың негізінде құрылған. Мұның өзі әртүрлі жаттығулардың адам денесіне тигізетін әсерін, нәтижесін, тиімділігін анықтауға жол ашып береді. Сол сияқты емдеу гимнастикасының жаңа методикасын айқындауға мүмкіндік туады. Дене жаттығулары – емдік гимнастиканың басты құралы. Адам өмірінде маңызды рөль атқаратын бұлшық еттердің қызметі осыған негізделген. Организм біртұтас дүние екенін барлығымыз білеміз, ішкі ағзалар мен сыртқы бұлшық еттер тығыз байланысты болса, жоғарғы нерв жүйесі (ми қыртысы) бәрін қадағалап бір жобаға салып отырады. Сондықтан қимыл-қозғалыстық тапшылықтығы (гиподинамия) әр түрлі аурудың пайда болуына әкеп соқтырады. Қазіргі ғылыми-техника жетістігі адамдарды ауыр жұмыс

Ерекше күтімді қажет ететін балалардың дене дамуын қалпына келтіру мақсатында емдік дене шынықтырудың маңыздылығы жалпы дене дамуымен, жұмысқа қабілеттілігі мен өмір сүру мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған дене жаттығыуларымен, әр түрлі топқа жататын ерекше күтімді қажет ететін балалардың бір уақытта бір жерде сабақ жүргізу үрдісінде дене тәрбиесінің формалары мен әдіс-тәсілдерін қолдану қажеттілігімен байланысты.

Физикалық жаттығулардың терапиялық әсері жүйелі, қатаң реттелетін жүйеге негізделеді, ол жеке мүшелер мен жалпы дене бітімінің дамуына әсер етеді, соған байланысты ерекше күтімді қажет ететін баланың жалпы төзімділігі артады, реактивті қасиеттері өзгереді.

Ерекше күтімді қажет ететін балалармен жүргізілетін емдік дене тәрбиесінің негізгі құрылымына жүру, жай жүгіру, бір орында тұрып жасалатын жалпыдамытушылық жаттығулар, иілу, бұрылу, айналу, секіру, тыныс алу жүйесіне арналған жаттығулар, қайта

қалыпқа келтіруге бағытталған жаттығулар, икемділік, жүктемені біртіндеп арттыру негізінде ойын түрінде қайталау әдісі арқылы жасалатын жаттығулар жатады.

Оқыту процесінде оқытудың келесі әдістерін қолдану ұсынылады: ауызша, практикалық әдіс және көру қабылдау әдісі. Сабақтың практикалық бөлігінде жаттығуларды орындаудың әртүрлі әдістерін қолданған жөн (үздіксіз, ауыспалы және бір уақытта). Жалпы сабақтарды ұйымдастырудың негізгі формалары: топтық, жеке және фронтальды.

Емдік мақсатта қолданылатын физикалық жаттығулардың ерекшелігі-олардың терапевтік және педагогикалық бағыттылығы. Бұл жағдайда жүйке жүйесінің патологиялық процестердің пайда болуы мен жүруіне сөзсіз әсері ескеріледі, бұл жалпы емдеуді тағайындау қажеттілігіне әкеледі. Емдік дене шынықтыру аурудан кейін денсаулықты тезірек қалпына келтіруге ықпал етеді, бірқатар патологиялық процестердің пайда болуынан қорғайды. Емдік дене шынықтыру жаттығулары ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған оңалту шараларының құрамдас бөлігі болып табылады. Жаттығу терапиясының негізгі формасы-терапиялық гимнастика-емдеу әдісі, сондықтан оны дәрігердің нұсқауымен және бақылауымен қатаң түрде қолдану керек. Жаттығу терапиясының көрсеткіштері өте кең. Ол емдеудің тиімді процесін қамтамасыз ете алады және емдеу аяқталғаннан кейін дененің барлық функцияларын қалпына келтіруге көмектеседі. Сонымен қатар, алдын-алу, емдеу және оңалту кезінде жаттығу терапиясы тікелей және жанама әсер етеді, сонымен бірге дененің көптеген жүйелері мен функцияларына оң әсер етеді.

Емдік гимнастика түрлерінің бірі-бұлшықет, буын және байламдарды нығайту мақсатында өткізілетін гимнастика, нәтижесінде тірек-қимыл жүйесінің кейбір кемшіліктерін түзету және олардың бастапқы формаларын емдеу: қалыптың бұзылуы, омыртқаның қисықтығы, жалпақ аяқтар және т.б. Түзету жаттығулары жұлынның деформацияларымен бірге тыныс алу жаттығуларымен бірге тағайындалады.

Жаттығу терапиясы сабақтарында физикалық жаттығулар дұрыс, тұрақты, ұзақ уақыт қолданылған жағдайда ғана терапевтік әсерге ие болады. Осы мақсатта оқыту әдістемесі, оларды қолдану көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері, тиімділік есебі, жаттығу орындарына қойылатын гигиена талаптары жасалды. Біздің мекеме шарттарында келесі емдік дене тәрбиенің формалары қолданылады:

Тыныс алу жаттығуларының жиынтығы.

Отыруға арналған жаттығулар жиынтығы.

Тұрақты тұрған жаттығулар жиынтығы.

Жатып істелінетінжаттығулар жиынтығы.

Артқы бұлшықеттерді нығайтуға арналған жаттығулар.

Іштің бұлшықеттерін нығайтуға арналған жаттығулар.

Дұрыс қалып қалыптастыру және шоғырландыруға арналған жаттығулар.

Гимнастикалық таяқпен жалалынатын жаттығулар.

Массаж сияқты емдік дене тәрбиесінің жаттығулары ауру мен жарақат алудың басқа әдістерімен қатар кеңінен қолданылады, сонымен қатар көптеген созылмалы ауруларды және жарақаттардың салдарын емдеудің дербес әдістері болуы мүмкін: паралич, парез, омыртқаның қисаюы, эмфизема, сүйек сынуы салдары және басқалары үшін. Бұл кез-келген жаста дерлік барлық ауруларға, жарақаттарға және олардың зардаптарына арналған. Тәжірибелік жұмысымыздың нәтижесінде, біз емдік дене жаттығулардың жалпы қарсы көрсетілімдерін айқындадық:

жоғары дене температурасы;

аурудың өткір кезеңі және оның прогрессивті ағымы;

қатерлі ісіктерді радикалды емдеуге дейін, метастаздармен қатерлі

ісіктер;

тромбоз және эмболия;

қан айналымы, тыныс алу, жүрек-тамыр жеткіліксіздігінің жоғарылауы. Сонымен, жалпы дамыту жаттығулары мен тыныс алу жаттығулары, қимылдарды үйлестіру, дұрыс тұру дағдыларын қалыптастыру жаттығулары ерекше күтімді қажет ететін баланың дамуының жеке ерекшеліктеріне қарамастан қолданылады. Бірақ сабақтарды өткізу кезінде олардың

денесінің функционалды мүмкіндіктерін ескеру қажет. Сондықтан жүктемені дұрыс мөлшерлеу үшін жаттығуға жеке және сараланған тәсіл қолданылуы қажет.

   Тоқсан ауыз сөздің  тобықтай түйіні  «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан, алдымызға келген әр бір бүлдіршінге балабақшадан бастап тәлім-тәрбие беріп  ұлтжандылыққа тәрбиелейік.   Балабақша бақыттың ең бірінші баспалдағы, баланың болашағы.

Қазіргі таңда әр бүлдіршінге жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру,  өмір талабы болып табылады. «Бәріне бірдей мүмкіндік», «Сапалы білім - барлығы үшін» деген ұстанымды қолдаймыз.

     Әрбір ата-ана өз баласын дамуын қалыпты балалар қатарынан көргісі келеді. Инлюзивті білім беруді, ата-ана арманын жүзеге асырушы-біздер, ұстаздар.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!