Алматы
облысы
Көксу
ауданы
Н.Алдабергенов атындағы
орта мектеп
Каленова Анаргүл
Жұмабекқызы
Білім алушылардың
функционалдық сауаттылығын дамыту
арқылы
өмірге бейімдеу маңызы
мәселе
Дана Абайдың: «Адам ата-анадан
туғанда есті болып тумайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе,
дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені
көп болған адам білімді болады» деген дана сөздері адам
табиғатының, болмысы мен танымының қалыптасуының белгілі бір ізбен
жүретінін көрсетеді.
Қазіргі уақыттағы білім беру –
білім алушының терең білім алуымен ғана өлшенбей, алған білімін
өмірде қолдана алу дағдысы және оны қолдана білуге машықтану,
құндылықтарды бойына қалыптастыруымен
өлшенуде.
Білім берудегі сауаттылық
мәселесі, біріншіден, нақты бір елдегі халықтың әлеуметтік
жағдайына, екіншіден, мемлекеттің экономикалық дамуына, үшіншіден,
елдегі мәдени ахуалға тәуелді болатындығы
айқын.
Ғылыми еңбектерде сауаттылық
ұғымының белгілі бір деңгейде ана тілінің грамматикалық нормаларына
сай оқу, дұрыс жаза алу дағдыларын игеру екені байқалады. Адамның
өмір сүруіне қажетті деп танылып, меңгеруге ұсынылған бастауыш
мектеп деңгейіндегі белгілі бір білім, білік пен дағдылардың
жиынтығы (оқу, жазу, санау, сурет салу және т.б.) ретіндегі тілдік
сауаттылық қазіргі кездегі әлеуметтік сұраным талаптарымен сәйкес
келе бермейді.
«Оқушылардың әлеуметтік-мәдени
дамуының өлшемі оқытудың соңғы нәтижесі – «өмір бойы алған білім,
білік және дағдыларының барлығын адамның іс-әрекеті, қарым-қатынасы
және әлеуметтік қатынастарының түрлі шеңберінде өмірлік
міндеттердің барынша кең өрісін шешуде қолдануға қабілетті» тұлға,
яғни «функционалды сауатты тұлға тәрбиелеу» болуы
тиіс»
«Функционалдық сауаттылық
құзыреттіліктің синонимі ғана емес, білім алушының «жарқын
болашақтың кезекті құрылысшысы кодексіне» айналуына ықпал етуі
тиіс» деген тұжырымдар да білім алушылардың функционалдық
сауаттылығын дамытудың маңызын аша түседі.
Функционалдық сауаттылық –
адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол
ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу
деңгейінің көрсеткіші. Функционалдық сауаттылық - тек білік
пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің
немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі.
Функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде
қолданылады.
Функционалдық сауаттылыққа
берілген анықтама, түсініктемелер жас өспірім балаларға ғана емес,
ересек адамдарға да ой салатын, өмір бойы білім алу қағидатын баса
ұстанып, өзін дамытудың маңызын тереңдете
түседі.
Қоршаған әлемде және табиғатта
болып жатқан құбылыстарды түсіну, салыстыру, талдау, жіктеу,
жүйелеу, жалпылау білік, дағдыларын меңгерту мақсаттары көзделгенде
ғана оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға
болады.Ол үшін күнделікті оқыту үдерісінде әрбір пәннен берілетін
теориялық білімді өмірдегі жағдайлармен байланыстырып, практикалық
жағына бағыттай отырып, құндылықтарға баули отырып, сабақты
ұйымдастыру әр мұғалімнің алдында тұрған ең маңызды
мәселе.
Сондықтан теория мен
практиканың байланыста болуын қамтамасыз ету үшін әрбір пән бойынша
берілетін білімнің мазмұны мен көлемін анықтағанда теориялық
қағидалардың, заңдылықтар мен ережелердің, яғни ұғымдық-ақпараттық
материалдардың бала өмірінде кездесетін түрлі проблемалық
мәселелерді шешуге көмегі тиетіндей, бала оны қолдана алатындай
практикалық маңызы ескеріледі . Сондай-ақ оқушылардың оқу
материалын тек жаттап қана алмай, оның мән-мағынасын терең
түсінуіне жағдай туғызу түрлі деңгейде оқушы әрекетіне негізделген
тапсырмаларды құрастыру арқылы жүзеге
асады.
Мектеп оқушыларының
функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда қатысымдық, рөлдік ойын,
дара тұлғаға бағдарланған оқыту және сұрақ-жауап әдістері арқылы
жүзеге асатын жағдаяттық тапсырмалар, рөлдік ойындар, сұқбаттық
тапсырмалар, құзыреттіліктерді қалыптастыратын
тапсырмалар,практикалық жұмыстар арқылы кешенді жүргізудің
тиімділігі жоғары.
Пән мұғалімдері оқушылардың оқу сауаттылығын жетілдіру тәсілдерін
жоспарлы түрде жүргізу тиімді. Жоспарлауды 3 бөлімнен құрастыру
ыңғайлы:
I-бөлім: Сабақтарда мәтіндер
бойынша оқу сауаттылығын арттыратын сұрақтар мен тапсырмалар
жүйесін беру.
II-бөлім: Сыныптан тыс
сабақтар мен пәндік үйірмелерде оқу сауаттылығын арттыру
тапсырмаларын ұйымдастыру, таңдау курстарын
жүргізу.
III-бөлім: оқушыларды интеллектуалды сайыстар мен
олимпиадаларға қатыстыру.
Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында әр оқушыны
дара тұлға деп танып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту
жұмыстарын жүйелі жүргізу – оқушылардың функционалдық сауаттылығын
арттырудың негізгі шарты болып табылады. Тіл сабақтарында мәтіндер
бойынша оқу сауаттылығын арттыратын сұрақтар мен тапсырмалар
жүйесін беру мұғалімнен зор дайындықта қажет етеді. Сұрақтар жүйесі
оқушылардың белсенді ойлауын, білімі мен білік, дағдысын қолдана
білуді қамтамасыз ететіндейетіп құрылуы керек. Мысалы: «Шығарманың
басты ойы неде? Шығармада не жазылғаны туралы айтуға
болады?(оның мазмұны туралы). Шығарма қалай жазылғаны
туралы айтуға болады? (оның стилі туралы).» сұрақтары
беріледі. Сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар рефлексия жасай
отырып, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін
қолданып, бiлiмдері мен дағдыларын қоғамның белсендi өмiріне
араласуына бағыттайды. Келесідегідей түрдегі сұрақтар «не
мақсатпен көрсетілген? Қалай қолданасың?» берілсе, оқушылар
мәтін мен сұрақты қолдана отырып, логикалық байланыс жасауға
дағдыланады. Немесе, «Шығарманың қай бөліктері бір-біріне
қарама қайшы? Неліктен?» сұрақтары арқылы байқағыштыққа,
мәтіннің әр сөзін дұрыс қолдана білуге, тұжырымдауға үйренеді.
Сондай-ақ, оқу материалдарының форматы аспектісін түсінуге
бағытталған шығармашылық тапсырмалар ұйымдастыру сауаттылықты
арттыруға бағытталады. Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында «Екі
жақты түсініктеме күнделігі», «Стиктердегі сұрақтар», «Тұжырым
кестесі», «Пікірлер парағы», «Үндестік парағы», «Эйлер шеңберін
құрау» тәрізді тапсырмалар оқушыларды өзіндік жеке қасиеттерінің
дамуын қамтамасыз етеді.
Материал жариялау
ережесі
-
Жарияланатын материал авторлық болуы шарт.
Яғни, жариялап отырған материал ол сіздің өзіңіз жазған
материалыңыз және осы материал бұрын соңды басқа сайттарға
жарияланбаған және басқа сайттардан көшіріп алынбаған болуы
керек.
-
Егер материал бұрын басқа сайтта жарияланған
болса немесе авторы басқа екені анықталса, материал сайттан
өшіріледі. Сертификат күшін жояды.
-
Материалды өзіңіз жазған болсаңыз бірақ ол
материалды бұрын басқа сайттарда жариялаған болсаңыз, ондай
материалды жариялауға болмайды. Тек жаңадан жазылған авторлық
материал жариялауға болады.
-
Материалды жариялаудан алдын жеке кабинетте
өзіңіз туралы ақпаратты толық толтырып алыңыз. Сертификатта жеке
кабинеттегі ақпарат бойынша жазылады.
-
Кез-келген материалды жарияламас бұрын,
материал басқа сайтта жарияланбаған болуы керек. Оны
https://text.ru (сілтеме болады) сайты арқылы тексеруге болады.
Уникальность 65% асуы керек.
-
Материал тақырыбы материал туралы түсіндіріп
үлкен әріптен басталып, материал туралы толық ақпарат беруі керек.
Мысалы: Ашық сабақ "Зат есім" 7 сынып. Тәрбие сағаты "Елін сүйген
елбасы" 6 сынып
-
Егер материал бірнеше файлдан тұрса (ворд,
презентация), әр файлды жеке жариялау керек. Әр жарияланған
материалға Ашық сабақ "Ыбырай Алтынсарин" 5 сынып және Презентация
"Ыбырай Алтынсарин" 5 сынып деп толық жазу
керек.
-
Материал туралы қысқаша түсінікке өз
ойыңызды бұл материал кімге пайдалы, неге пайдалы толық жазылуы
керек.
-
Бір материалды сайтқа екі рет жариялауға,
бірдей тақырыптағы материалды екі рет жариялауға
болмайды.
-
Материалды сайтта жариялаған соң бұл
материалды басқа сайттарға жариялауға қатаң тиым салынады. Егер бұл
жағдай анықталса материал сайттан өшіріледі. Сертификат
жойылады.
-
Жарияланған материалда қателіктер болса,
тақырып немесе авторы қате болса қолданушы жеке өзі өзгерте
алмайды. Бұл жағдайда сайт әкімшілігіне хабарласып материалды
сайттан өшіріп, немесе әкімшілік өзгертіп береді. Сайт
әкімшілігімен хабарласу admin@ust.kz
-
Сайтқа 10мб артық материал жариялауға
болмайды. Егер материалыңыз 10мб үлкен болса ішіндегі суреттерді,
таблицалар мен графикалық ақпаратты өшіріп жариялай аласыз.
Материалдың размерін білу үшін материалға барып мышкамен свойства
бөліміне өтіп көре аласыз.