Материалдар / Мақала "Бүлдіршін- Полиглоттар"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала "Бүлдіршін- Полиглоттар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жыл сайн тілдер мерекесі қарсаңында балабақшамыздың топтары арасында үш тілде байқау өтіп тұрады. бұл байқаудың мақсаты балалардың үш тілді қаншалықты меңгергенін білу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
514
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бүлдіршін- полиглоттар» атты байқау

Еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаев: «Бүкіл әлемге Қазақстан халқы үш тілді меңгерген терең білімді мемлекет ретінде танылуы тиіс. Бұл: қазақ тілі- мемлекеттік тіл, орыс тілі- ұлтаралық қатынас тілі , ағылшын тілі- жаҺандық экономикаға сәтті кірігу тілі» ,-деді. Осы елбасымыздың тапсырмасын іске асыру мақсатында, қаламыздағы іргелі балабақшалардың бірі- №6 бөбекжай- балабақшасында 4- 5 жастағы балалардың арасында «Бүлдіршін- полиглоттар» атты байқау болып өтті. Байқау басталмас бұрын: «Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық және тілдік қабілеттерін арттыру, өз ана тілін жетік біліп, жалпы үштұғырлы тілге деген сезімін ояту, өзге тілдерді үйренуге, құрметтеуге тәрбиелеу»-деп, байқаудың мақсатын айқындап өткен бөбекжай- балабақша меңгерушісі Райя Төкенбайқызы өз тәрбиеленушілеріне байқауда сәттілік тілеп, әділқазы мүшелерін таныстырды. Байқауға «Құлыншақ», «Айгөлек» , «Жұлдыз-ай» топтарынан бүлдіршіндер қатысты. Байқау 6- бөлімнен тұрды. Байқау шарттары бойынша бүлдіршіндеріміз өнердің әр қырынан танылды , үш тілде тапсырманы еркін орындап, өздерінің алғырлығын, зеректігін , өнерден кенде емес екендіктерін көрсетті. Әділқазылар шешімдерін шығарғанша, қатысушылар «Әрқашан күн сөнбесін» әнін үш тілде еркін орындады. Әділқазылардың шешіміне сәйкес, бас жүлде- Баймұхамбетова Ақботаға ,1-орын- Алимжанов Ануарға, 2-орын- Имакова Айданаға, 3- орын- Маратова Аялаға берілді. Әділқазылар алқасының төрайымы,аудандық білім бөлімінің әдіскері Алмагүл Болатбекқызы бүлдіршіндердің көрсеткен өнерлеріне ризашылығын айтып, іс-шараның өте жоғары деңгейде, мазмұнды да мәнді өткенін айта келіп, балабақша меңгерушісі Райя Төкенбайқызына және ұжымына болашақта бүлдіршіндерді тәрбиелеуде еңбектерінің шарықтап шыңдала беруіне, тіліміздің шынайы жанашыры болуларына тілектестігін білдірді. Байқауға жиналған қонақтар, ата-аналар, кішкентай бүлдіршіндерді тәрбиелеуде өз білімдері мен еңбектерін аямай жүрген тәбиешілер Адильханова. А, Омарова. М, Абдыкаримова. Л, ағылшын тілі маманы Әлімжан. А алғыстарын білдіріп, байқау жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар таратты.

6 бөбекжай- балабақша

ағылшын тілі маманы

Әлімжан Айдана Ерғазыевна

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!