Материалдар / Мақала "Дарынды балалардың домуының бір жолы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала "Дарынды балалардың домуының бір жолы"

Материал туралы қысқаша түсінік
материалды кез келген адамдар оқи алады, себебі бұл мақалада дарынды балалрмен жұмыс жұмыс жасау жолдары туралы жазылған. қазақ тілін үйретуде қандай жұмыстар жүргізуге болатыны
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қаңтар 2019
366
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Дарынды балалардың дамуының бір жолы – коммуникативтік

құзырлылықты қалыптастыру»

«Қазақстан Республикасының тілдер туралы» жаңа заңының қабылдануы конституциялық ережелердің ең бастысын нығайтып, қазақ тілінің мәртебесін көтеру және дамытуға орай заң негізін жүзеге асырды.

Қазіргі таңда қазақ тілі мен әдебиетін орыс сыныптарында оқытудың тиімділігі жоғары түрлі оқыту технологиялары қолданылады. Дарынды балаларда коммуникативтік құзырлылықты қалыптастырудың бір жолы -коммуникативті технологияны енгізу.Атақты ғалым В.М.Шепельдің «Технология, бұл - өнер, шеберлік, іскерлік әдістердің жиынтығы, жағдайдың өзгеруі» деуі, бүгін жаңа технологиямен оқыту маңызын нақты айқындап тұр.Ендеше, мұғалім күнделікті баспасөз бен теледидардан болып жатқан өзгерістерді, жаңалықтарды өз шығармашылығына лайықтап, өңдеп пайдалануы қажет.Себебі, М.Чошанов «Технология, бұл - дидактикалық жүйенің құрамды бөлігі» деп анықтама берген болатын.Жаңа әдістемелер мен технологиялардың негізгі міндеті оқу процесін жүйелі құрып, оқушылардың танымдық шығармашылық қабілеттерін арттыруға көмек берумен қатар, мұғалімнің өзіндік оқыту әдістемесін құру және пән бойынша оқу материалдарын жүйелеп, шығармашылығын арттыра түсу болып табылады.Мұғалім әр сабағында мақсатына қарай ерекше тапсырма, қызықты жұмыс түрлері мен әдіс- тәсілдерді көбірек пайдаланып, сабақ барысында ойын түрлерін, жұппен, топпен жұмыс түрлерін т.б.қолданып отыруы әдетке айналдыруы керек.Осындай жаңа технологияларды шын мағынасында танып білу, үйрену, анықтау, тарату, насихаттау үшін мұғалімдердің арқарар қызметі де ерекше.

Орыс мектептерінде қазақ тілі мен әдебиетін оқытып үйрету - қиын да күрделі жұмыс. Орыс тілді мектепте қазақ тілін оқытудың өзіндік көптеген ерекшеліктері бар. Орыс тілінде оқытатын мектептерде мемлекеттік тілді оқыту әдістемесінің негізгі міндеті - оқушының қазақша білетін адамдармен қазақ тілінде күнделікті тығыз қарым-қатынаста болуы.Тілді үйретудің нәтижелі болуы төмендегідей көптеген жағдайларға байланысты:оқушының психологиялық жағдайы, қабілеті, мұғалімнің тілді үйрету тәжірибесі, мұғалімнің шеберлігі, оқыту тәсілдері, оқыту құралдары, оқулық пен көмекші құралдар, көрнекілік, оқу бөлмесінің тартымдылығы, оқушылардың ұйымдаса оқуға икемділігі, бір-бірімен жақсы қарым-қатынасы, оқушылардың қазақ тілін оқуға деген өз ынтасы.

Осы жағдайларды ескеріп, тіл үйрету мақсатын алға қоя отырып сабақтарда коммуникативтік технологияларға басты назар аударып, соны қолдануға тырысамын.

Қарым-қатынастың түрлері көп. Тілдік қатынас-тіл арқылы байланыс, сөйлеу тілі арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы, қоғамдық, ұлттық тіл арқылы ұғынысу, түсінісу, яғни, «адамзаттың тіл арқылы қатынасқа түсуі- тілдік қатынас» дегенді білдіреді.

Сабақта тілдік қатынас үш түрлі жолмен немесе қалыппен іске асырылады:

1.жұптық; 2.топтық; 3.ұжымдық.

Жұптық оқыту қалпында тілдік қатынас екі адамның арасында жүреді. Онда негізгі мақсат- екі оқушының өзара тілдесу ерекшелігіне, олардың қабілетіне, тілді білу дәрежесіне, т.б. сүйене отырып іске асырылады.

Мұнда оқушылар екі-екіден жұпқа бөлініп, әр жұп жеке тапсырмалар бойынша жұмыс істейді де, олардың сыңарлары бір- бірімен ауысып отырады.Жұптық қалыппен тілді үйретудің ерекшелігі:ол диалог арқылы жүзеге асады да, тілдік қарым-қатынастың ауызша түрін дамытуға себін тигізеді.Бұл қалып бойынша бүкіл тілдік материал диалогтың негізінде меңгеріледі.

Тілді топтық қалып арқылы оқыту арнайы құрылған шағын топтарды қатысымдық әдістің қағидаларына бейімделудің нәтижесінде жүреді.Оқыту кезінде топтар сабақтың өтуіне қолайлы шағын адамдар санынан (3-5адам)тұрады және мұғалімнің алдына қойған мақсатына сай құрылады.

Оқушыларды топтарға бөліп сабақ өткізу оқушылар арасындағы қарым-қатынасты жақсартады, дұрыс сөйлей білуге жағдай жасайды, оқушылардың білімін жетілдіреді, әр түрлі мінез-құлықтағы адамдармен пікір алмасуға үйретеді, топтар арасында оқушы өзінің жеке-дара қасиетін көрсетуге мүмкіндік алады.

Оқытудың ұжымдық қалпы жұптық және топтық қалыптарды өзара біріктіреді. Өйткені оқытудағы сөйлеу процесі бүкіл топтағы адамдармен де жеке-дара екі адамның арасында да жүреді.

Тіл үйренудің ұжымдық қалпы дегеніміз – үйренушінің бүкіл топтағы адамдардың әрқайсысымен жеке сұхбаттасуы арқылы олардың екеуінің бір-бірін үйретуі, оқытуы, адамдардың бірінен- екіншісінің үйренуі; пікір алмасуы және әр жұп сыңарларының ауысып отыруы нәтижесінде бүкіл ұжым мүшелері түгел қамтылып: әрі жұптық, әрі топтық тілдік қатынастың жүзеге асуы.

Коммуникативтік технологияда тілдік қарым-қатынас алдыңғы орынға шығарылады да, басқа жұмыстар осы бағдарға бағытталады.

Коммуникациялық бағыт адам өмірінің түрлі саласына байланысатын сөйлеуді үйретуге бағдарланады. Сөйлеу мақсатына тиісті грамматикалық формалар мен синтаксистік құрылымдардың сөйлеуге қатысуы шарт және ол көбіне дайындықсыз сөйлеуге, бұрын меңгерген грамматикалық формаларды, лексикалық бірліктерді автоматты түрде қолдануға жетуі керек. Оқушы өз ойын еркін жеткізе алу үшін оған қажетті лексикалық және грамматикалық минимум алдын ала анықталып, тапсырылады.

Коммуникативтік сөйлеу әрекетінің қай түрі болса да лексикалық- грамматикалық дайындық деңгейіне сүйенеді. Оқушының тиісті лексикалық қоры, сондай-ақ грамматикалық білімі болумен бірге, ол бұларды сөйлеу әрекетін орындау барысында, оларды талдау кезінде меңгере түседі. Белсенді сөйлеу әрекетін ұйымдастыруға жағдаяттың ауызекі жауаптасу мен мәтін бойынша жұмыс негізгі құрал болып табылады. Сонымен қатар, ақпараттық оқу құралдары (компьютер,аудио-визуалды құралдар) бойынша да оқушылар белсенді коммуникацияға түсе алады.Бұлардың қайсысы болса да мәтін түрінде көрініс береді.

Қазақ әдебиетін оқытуды орыс тілді оқушылардың өзара сөйлесуі арқылы ұйымдастыру оларды коммуникативтік диалогтық қарым-қатынасқа молырақ түсуді көздейді.Мұнда жеке тұлғаның және сыныптық ұжымның қарым-қатынастық мүмкіндіктерін арттыру- негізгі оқыту жолы.Оның басты ұстанымы – тұлғалық қарым –қатынас.Яғни оқушы мен мұғалім субъект-субъект деңгейінде ғана қарым-қатынасқа түсуін тұлғалық қарым-қатынас деуге болады. «Тұлғалық қарым-қатынастың үйретуші қарым-қатынастан басты айырмашылығы – онда тіл үйренушінің өміріне тікелей қтысты маңызды ақпараттармен алмасу жүргізіледі» (Г.А.Китайгородская).

Коммуникативтік технологияда жетістікке жетудің негізгі факторлары – мағыналы жоспардың болуы, оқушылардың іскерлігін жоспарлау, коммуникативті жаттығулар жүйесін ойластыру, әр түрлі ойын элементтерін тиімді пайдалану, оқушылардың тілдік қорын молайту және грамматиканы жақсы білуін қамтамасыз ету. Аталған технология оқушының қызығушылығын арттырады, өзара көмек көрсету, жауаптылық, яғни, тілді игеруге жоғары қызығушылықтың пайда болуына ықпал етеді.

Қорыта айтқанда, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің басты міндеті – тіл үйретудің соңғы дамыған әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, әр сабағын тартымды да қызықты өткізуге күш салу, өзге ұлт оқушылар мемлекет тілін үйрету.























Әдебиеттер тізімі:

1. Оразбаева Ф. Ш. Тілдік қатынас негіздері. Алматы,2005 ж.

2. Ерназарова З.Ш. Саналы коммуникативті оқыту әдісі. «Қазақ тілі: әдістеме» 2007 ж.

3. Қасбаева Г.С. Мемлекеттік тілді коммуникативтік бағытта оқыту жолдары «Қазақ тілі Қазақстан мектебінде» 2008 ж.

4. Құлмағанбетова Б. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы,1998 ж.

5. Әлімов А.Қ. Интербелсенді оқыту әдістемесін мектепте қолдану. Оқу құралы

/«Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014 ж.

6. Максимова В.Н. Межпредметные связи в процессе обучения [Оқыту үдерісіндегі пәнаралық байланыстар]. Просвещение, 1989ж.























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!