Дарынды балалармен жұмыс
ерекшелігі
«Адамды бір нәрсеге үйретіп
қажеті жоқ,
бар болғаны оған өзіне керекті жаңалықты
ашуға көмек беру қажет»
(Галилео
Галилей)
Дарындылық дегеніміз-адамның кез-келген іс-әрекет
түріне ерекше қабілетті болуы. Дарынды баламен жұмыс жасаудағы
негізгі мақсат - заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді,
іскер, ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, логикалық
тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны
қалыптастыру.
Дарындылық – бұл психологияда
жеке қабілеттерін дамытудың ерекше деңгейі. Бүгінгі күні ғылым
саласында да, қоғамда да дарындылық мәселесіне үнемі қызығушылық
бар.
Ақыл-ой дарындылығы - адамның
өз ойлауын жаңа талаптарға саналы бағыттай алуының, оны жаңа
міндеттерді шешуге және өмірдің жаңа шарттарына бейімдей алудың
жалпы қабілеті.
Дарынды балалар - өз
құрбыларынан ақыл-ойының дамуымен біршама озатын немесе аса
көрнекті арнаулы қабілеттерін көрсететін (музыкалық, көркемдік
т.б.) балалар.
Дарындылықтың бiрден-бiр
белгiсi - тiлдiң ерте шығуы. Әсiресе, бала бөлек-бөлек сөздерден
қарапайым сөйлемдерге көшсе, мұндай балалардың сөз байлығы да мол,
әңгiмесi де мәнерлi болып келедi және олар сөздiң реңi мен
нюанстарын iштей сезедi. Сөйлемдерi ұзақ және орынды. Көп
балаларда әзiл-оспақ қасиеттерi
кездеседi. Олардың есте сақтау қабiлетi жақсы дамыған, ойлау
қабiлетi де жан-жақты. Дарынды балалар әдетте 4
жасында хат таниды, оқи алады. Тәжiрибелi
психолог-мұндай баланы өткiр көзқарасынан және өзiнiң ерекше
iс-әрекетiне қарап көпшiлiк iшiнен тез тауып алады. Егер ересектер
мен бала қарым-қатынасында сенiмдiлiк болмаса, ең үлкен дарын да
танылмай қалуы мүмкін.
Дарынды балаларды оқытуға
арналған негізгі білім беру құрылымы ретінде мыналарды бөліп атауға
болады:
а) мектепке дейінгі білім беру
жүйесі;
б) жалпы білім беретін
мектептердің жүйесі;
в) қосымша білім беру жүйесі;
г) дарынды балалармен жұмысқа
бағдарланған мектептер жүйесі (лицей, гимназия, арнайы мектептер,
т.б.);
Дарынды балаларды оқытуда оқу
бағдарламасының мазмұнын жасаудың төрт негізгі амалы
қолданылады.
1) Жеделдету. Бұл
амал дамудың жедел ырғағымен ерекшеленетін балалардың белгілі бір
категориясының қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескеруге мүмкіндік
береді. Дегенмен ол ерекше ұқыптылықпен дарынды баланы дербес
дамытудың өзге формаларын қолдану мүмкін болмаған жағдайда ғана
қолданылуы тиіс.
2) Тереңдету. Бұл
амал нақты бір білім саласына бейімділігі ерекше балалар үшін өте
тиімді. Белгілі бір білім саласымен немесе әрекет түрімен терең
танысуға болады.
3) Байыту. Бұл амал
дәстүрлі оқыту аясынан шығып, білім мазмұнының сапасын өзге
тақырыптармен, пәндермен байланыстыра отырып, көтеруге бағытталған.
Сабақтар балалардың өз дарындылықтарына сәйкес жақсы көретін
іс-әрекеттерімен айналысуына жеткілікті уақыт қалдыратындай етіп
жоспарлануы тиіс.
4) Проблематизациялау. Бұл амал балалардың
тұлғалық дамуын ынталандыруды көздейді. Бұл жағдайда оқытудың
спецификасы балалардың рефлексивтік ойлауын, түрлі саладағы білім
саласын оқып танысуда олардың тұлғалық амалын қалыптастыруға ықпал
ететін балама интерпретациялар мен жаңа мағынаны іздеуіне
бағытталады.
Дарынды балалармен жұмыс
жүргізудің мақсаты:
1.Баланың шығармашылық
қабілетін және өз бетінше шығармашылық ізденісін
дамыту.
2.Пәнге терең қызығушылығын
арттыру.
3.Оқушының әсерлілік сезімін
қалыптастыру.
4.Оқушының белсенділігін
арттыру мақсатында даму деңгейін, танымдық белсенділігін арттыра
оқыту.
5.Жалпы білім – білік
дағдыларын дамыта оқыту.
6.Білімнің бағасын
арттыру.
Дарынды оқушылармен
жүргізілетін жұмыстың міндеті:
1.Балалардың ғылымға деген
қызығушылығын арттыру.
2.Шығармашылық қабілеттерін
дамыту, жан-жақты дамуына ерекше көңіл
бөлу.
3.Баланы қоршаған ортаны
аялауға, ғылыми зерттеу дағдыларын қалыптастыруға
тәрбиелеу.
Дарынды балалармен
жүргізілетін жұмыс жоспары:
1. Дарынды баланы іздеп
табу және іріктеу.
2. Тереңдетілген
бағдарлама бойынша оқыту.
3. Дарынды балалармен
жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу.
4. Проблемалық оқыту
әдістерін пайдалана отырып оқыту. Ізденіс жұмыстарын (реферат,
баяндама, сөзжұмбақ, ребус, шығарма, өлең шығару т.б), өз бетінше
ізденіп оқуды ұйымдастыру, дамыту.
5. Мектепішілік және
аудандық, пәндік олимпиадаларға, конкурс-сайыстарға
қатыстыру.
6. Жаңа педагогикалық технологияларды
пайдалана отырып оқыту.
Оқушылардың қабілеті мен
дарындылығын дер кезінде айқындау, оларды тәрбиелеу білім беру
жүйесін жетілдірудегі негізгі міндет болып
табылады.
Дарынды және қабілетті
балаларды айқындаудың жолдары:
1.Даралап
оқыту;
2.Жаратылыстану және
гуманитарлық пәндерді тереңдете оқыту;
3.Кеңейтілген, тереңдетілген
тапсырмалар дайындау;
4.Пәндерді таңдауын,
практикумдарды, жеке кеңес беруді енгізу.
Дарындылықты анықтаудың
психологиялық жолдары
Ертедегі Қытайда дарынды
балаларды «Шэнь тон», яғни киелі бала деп атаған. Расында
дарынды балаларды киелі бала деп атауға болады. Бірақ
осы дарынды балаларды дер кезінде байқап, оларға дұрыс жол
сілтеу қажет.
Дарындылықты анықтауда сан
түрлі әдістер мен тәсілдер қолданылады. Бала бойындағы дарындылықты
анықтау үшін психологиялық диагностикалар, (әдістемелер тесттер,
сауалнамалар, эксперимент зерттеуі) т.б
қажет.
Ата-аналар үшін келесі
әдістемелер қолданылады: «Дарындылық картасы», «Интеллектуалдық
портрет» және т.б.
Мұғалімдер үшін баланың
бейімділігін анықтауға арналған әдістемелер: «Оқушылардың
қызығушылығының картасы», «Интеллектуалдық
портрет».
Практикалық психологтар
интеллектуалдық даму деңгейін анықтау (Д.Векслер, Дж.Равен),
шығармашылық ойлауды бағалау (Е.П.Торренстің, Дж.Пилфордтың
тесттері), тұлғаның бағыттылығын анықтаудың дәстүрлі әдістемелерін
қолдана отырып, баланың психикалық ерекшеліктерінің жалпы
сипаттамасын ұсынады.
Медициналық құжаттар мен
мектеп дәрігерлерінің байқауына жалпы таңдау жасау негізінде
баланың физикалық даму аймағы зерттеледі. Балалардың өзінің
дарындылығын анықтау диагностикасына қатысуы олардың тесттік
тапсырмаларды орындауымен анықталады.
1.Бағалаушылық - коррекциялық
кезең.
Бұл кезең диагностикалық
кестеде ізденіс кезеңінде алынған ақпараттарды нақтылау мен
бекітуге бағытталған. Осы кезең барысында педагогикалық іс-әрекет
бір реттік зерттеумен арнайы бағдарлама бойынша сабаққа ауысады.
Олар продуктивті ойлауды психо-әлеуметтік аймақты физикалық
мәліметтерді дамытуға бағытталған.
Бала туралы алынған ақпаратты
негізділігі мен дәлелділігіне қарай осы кезең барысында жүйелі
түрде кең танымал психодиагностикалық әдістемелерді қолдана отырып,
балаларға жеке және ұжымдық зерттеу жүргізіледі. Бұл жұмыстың
жүйелілігі, ұзақ мерзімділігі бала туралы алынған ақпараттардың
дәлелділігінің қосымша кепілі қызметінде
атқарады.
2. Өзін бағалау
кезеңі.
Бұл кезеңде балаға өздігінен
қосымша сабақтарды таңдау құқығы беріледі. Баланың еш зорлықсыз
қосымша сабақтарды жалғастыруға деген ниеті дарындылықтың ең
маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Жоғары
интеллектуалдық жүктемелерге деген бейімділіктің байқалуын көптеген
ғалымдар дарынды баланың ерекше қасиеттерінің бірі деп есептейді.
Бала сабақты әрі қарай жалғастыруды өздігінен таңдай отыра, өзі
үшін қосымша интеллектуалдық жүктемелердің қажет екендігі туралы
сұрақты шеше алады. Осылайша, ол өзінің дарындылығын бағалауға
қатысады.
3. Қорытынды іріктеу
кезеңі.
Жұмыс барысындағы ақпарат
деректерінен алынған мәліметтерді негізге алып, балалардың қосымша
сабақтарға қатысуы мен оның нәтижесін таңдау арқылы әр баланың
дамуына болжам жасалады.
Дарынды баланы анықтауға
қажет әдістер.
I. Көркемдік
іс-әрекеті
1.Әдістеме:
Күлдіргі ойыншықтар
Мақсаты: сурет салуға
қажетті білім және іскерлік деңгейін
анықтау.
Өткізілу
барысы: Әдістемені өткізуде «Күлдіргі ойыншықтар» деп аталатын
кітапша пайдаланылады. Кітапшада бейнеленген ойыншықтардың бет
келбеті жылаған, күлген, қорыққан және т.б. кейіпте
болады.
Тапсырма. Балаға бірде
жылаған, бірде күлген, бірде қорыққан кейіпті көрсететін ойыншықты
бейнелеу тапсырылады.
Нәтижені талдау: Бала салған
сурет төмендегі өлшемдер бойынша
талданады:
Талдау
критерийлері:
1.Бейнені кеңістікте бере
білуі;
2.Кейіпкердің образын
көрсететіндей оның өзіне ғана тән кейбір даралаушы бөліктерін
бейнелей білуі;
3.Түрлі-түсті бояуларды тиімді
пайдалана білу;
2. Әдістеме: «Сюжетті
сурет салу»
Мақсаты: сурет салуға
қажетті білім және іскерлік деңгейін
анықтау.
Өту барысы: Әдістемені
өткізуде А.Құнанбаевтың «Күз» атты өлеңі
пайдаланылады.
Тапсырма. Балаға
шығарманың мазмұнын сезініп, әрі соны беру
ұсынылады.
Нәтижені талдау: Суретті,
біріншіден, шығарма мазмұнын мәнерлеп бере білуі бойынша,
екіншіден, шығармада автор пайдаланған бейнелеу тәсілдерін баланың
бере білуі бойынша, үшіншіден, әр түрлі-түстің үйлесімдерін
пайдалана білуі бойынша талдау керек.
3.Әдістеме «Декоративтік
сурет салу»
Мақсаты: сурет салуға
қажетті білім және іскерлік деңгейін
анықтау.
Өту барысы. Балаға
әжесінің сандығын ою-өрнектермен әшекейлеу
ұсынылады.
Нәтижені талдау: Суретті,
біріншіден, өрнектерді орналастыруы бойынша, екіншіден, қылқаламмен
жұмыс істеудің әр түрлі тәсілдерін меңгеруі бойынша, үшіншіден,
ою-өрнек түрінің саны бойынша, төртіншіден, әр түрлі түстің
үйлесімдерін пайдалана білуі бойынша талдау
керек.
4. Әдістеме
«Жапсыру»
Мақсаты: Жапсыру жұмысы
үшін қажетті білім, іскерлік және дағдысының деңгейін
анықтау.
Өту барысы. Балаға
«Әжемнің кілемі» тақырыбы бойынша жапсыру жұмысын орындау
тапсырылады.
Нәтижені талдау: Бала
орындаған жұмысты, біріншіден, қайшымен жұмыс істей білу іскерлігі
бойынша, екіншіден, түстерді ұтымды таңдай білу іскерлігі бойынша,
үшіншіден, композицияны сезіне білуі бойынша
талдау керек.
5. Әдістеме
«Құрастыру»
Мақсаты: Бала бойындағы
жақсы техникалық дағдылар мен іскерліктерді және құрылыс
материалдарын тиімді пайдалана білу іскерлігі мен дағдысын
анықтау.
Өту барысы. Балаға
«Біздің көпір» тақырыбы бойынша, әр түрлі материалдардарды
пайдалана отырып, көпір құрастыру
ұсынылады.
Нәтижені талдау: Баланың
жұмысын, біріншіден, құрастырушылық-техникалық әрекеті, екіншіден,
кеңістікті бағдарлай білуі, үшіншіден, көпірдің құрылымын дұрыс
бере білуі, төртіншіден, материалдарды тиімді пайдалана білуі
бойынша талдау керек.
Қазақстан Республикасының
«Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет
«Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның
дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер
енгізілді.
Дарынды балаларға білім беруді
әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға
талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға
ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын
қамтамасыз етеді. Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері
көп болғанымен, дарындылықтың мән - мағынасы жөнінде олар ортақ бір
пікірге келе қоймады. Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп,
оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру
деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық
қабілетінің байқалуы деп түсінеміз.
Табиғаттың адамзатқа берген
тамаша сыйын одан әрі дамытып, ерекше қабілетті баланы дарынға
айналдыра білейік!
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі:
1.Жексенбаева Ү.Б. «Балалардың
дарындылығын диагностикалау», Алматы: «РАДиАЛ» баспасы ,
2005ж.
2.Дарын. Ақпарат-әдістемелік
жинақтары. –Астана, «дарын»РҒПО.
2003-2008жж.
3.Одареннный ребенок. Ғылыми-практикалық журнал.
– Москва,2004-2008жж.
4. Белов Е.С.,Одаренность
малыша: раскрыть, понять,поддержать. – М., 1998
г.
5. Божович Л.И., Личность и ее
формирование в детском возрасте.- М., 1994
г.
6.Асылбекова А. Бала
тәрбиелеудегі семьяның
ролі.Алматы-Мектеп-66
7. Асылбекова А. Семьяда
балалар ынтасын
тәрбиелеу.Алматы,1998,5-12б
8.
Рогов Е.И. Настольная книга практиического психолога. М.:
Издательство ВЛАДОС-ПРЕСС,2006. – 383с.. 1 том
9.Битянова М.Р.Организация психологической работы
в школе.Моква,издательство
Совершенство.,1997.с298
10.Большой толковый психологический
словарь/Сост.А.Вебер.-м.:Вече,2000.-597с.
11.ГуревичК.М. Что такое психодиагностика/ К.М.Гуревич.-М.:
1985.-80с.
12.Диагностика самоактуализации личности
(А.В.Лазукин в адаптации Н.Ф.Калина) / Фетискин Н.П., Козлов В.В.,
Мануйлов Г.М. Социально-психологическая диагностика развития
личности и малых групп. - М., 2002. C.426-433.