Материалдар / мақала "Дарынды балалармен жұмыс жасауда өлкетану жұмыстарының маңызы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

мақала "Дарынды балалармен жұмыс жасауда өлкетану жұмыстарының маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала өлкетану жұмыстарына арналады.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мырзалиева Аймжан Шеримовна

Акимбаева Шырын Курмангалиевна

«Абай ауылындағы №2 орта мектебі» КММ

География пәні мұғалімі, география магистрі

Дарынды балалармен жұмыс жасаудағы өлкетану жұмыстарының маңызы.

Адамзат баласының бар мұраты – білім. Қазіргі қоғамда дарынды балалармен жұмыс мәселесі өте өзекті болып табылады. «Дарынды балалармен» жұмыстың негізгі бағыттарын анықтау, жұмысты жүйелі жүргізу, жұмыс жасау мұғалімнен үлкен ізденісті, көп еңбектенуді талап етеді. «Дарындылық » термині «дарын сөзінен шыққан» дамудың ерекше қолайлы, ішкі алғышарттары дегенді білдіреді. Әлі күнге дейін дарындылықтың тура анықтамасы жоқ екендігін атап кеткен дұрыс. Әзірге құрдастарына қарағанда оқуға деген жоғары зеректігі, анық байқалатын ерекше шығармашылық қабілеті бар бала «дарынды бала» саналады. Дарындылықтың байқалуына екі түрлі көзқарас бар: «барлық балалар дарынды» және «дарынды балалар өту сирек кездеседі». Іс-әрекеттің әр алуан түрлеріне байланысты әлеуетті дарындылық көптеген балаларға тән. Асқан дарындылықты балалардың аз бөлігі ғана көрсете алады. Кез келген дарындылық түрінің байқалмау себептері мынадай болуы мүмкін: қажетті білімнің, шеберліктің, дағдының жетіспеушілігі, бала дамуындағы кейбір қиындықтар, мысалы: тұтығу, жоғары әсерленгіштік, тіл табысу өзгешелігі, т.б. Ал осы дарынды балалармен жасалатын жұмыс түрлеріне тоқталар болсақ, олардың түрі өте көп, әрі құрылымы да күрделі келеді. Әсіресе, мен өз тәжірибемде өлкетану жұмыстарының маңызын атап өткім келеді. Өйткені, өлкентану жұмыстары білім алушының туған өлкесімен , жерімен, өскен ортасы мекенімен тікелей байланысты. Отан ұғымының қадірін білетін, туған жер сөзінің терең мағынасын түсінетін азамат үшін кіндік қаны тамған топырақ киелі де, қастерлі. Туған жерге сүйіспеншілікті оқушы бойында қалыптастыруда, оның табиғатымен, тарихын, флорасы мен фаунасын, жер су атауларының мағынасын жалпы біліп, түсінуіне негіз болатын мектептегі өлкетану жұмыстарының қашанда маңызы ерекше болмақ. Бала шақтан бастап топырағына аунап, шаңын жұтқан жер, туған ауыл, асыр салып ойнаған көше адамның есінде мәңгі қалады. Туған жер, туған өлке бұл оқушының бойында алғаш Отан ұғымын қалыптастыратын мекен. Сол мекеннің табиғатымен өлкетану жұмыстары арқылы етене танысып, бұл тақырыптағы қызығушылығы тереңдеп, оны ғылыми өлкетанулық жұмыстармен ұштастырса, тіпті құптарлық іс деп санаймын. Өлкетану – белгілі бір жердің, қаланың, елді мекеннің бір бөлігін оқып білумен ғана шектелмейді, оның аясы өте кең, әрі бірнеше маңызды міндеттерді атқарады.

Атап айтсақ, -өз елді мекенінің, өлкесінің тарихымен және қазіргі кездегі өмірімен, экономикасымен таныстыру;

туған өлкенің табиғи ортасының алуан түрлілігі жайлы көзқарас қалыптастыру;

тірі табиғат нысандары мен құбылыстардың бір-біріне тәуелділігін, байланысын, табиғат заңдарын оқып-білу;

биология, география, химия, физика сабақтарында алынған білімді өмірлік тәжірибеде қолдана білу;

өз елді мекенінің, ауданы мен облысының қазіргі кездегі өмірі және экономикасымен таныстыру;

туған өлкесінің дамуы проблемаларын оқып-білуге жетелеу:

табиғатқа дұрыс қарау нормаларын меңгерту;

алынған білімді қазіргі кездегі экологиялық проблемаларды шешу барысында қолдана білу;

туған өлке табиғатының ерекшеліктерін оқу;

қажетті ақпаратты іріктеу дағдысын меңгеру т.б білімдік мақсаттарды қамтиды [8].

Өлкетану жұмыстары экологиялық мәдениетті қалыптастыруда да ерекше маңызға ие, әрі жаратылыстану пәндерімен, әсіресе географиямен, биологиямен және экологиямен тығыз байланыстылығымен сипатталады [7]. Мысалы, география пәнін оқытуда «Жергілікті жердің табиғат кешендері», «Топырақ экологиясы», «Туған өлкенің визит карточкасы» «Адамның табиғи кешендерге әсер етуі» сияқты 7-сынып, «Құрлық суларының экологиялық мәселелері», «Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау» т.б 8-сынып тақырыптарында міндетті түрде оқушыларға өз өлкесінің де, экологиялық мәселелері туралы мағлұмат беріп, өзіндік ізденіс жұмыстарына оқушыларды жұмылдырамын, әрі оқушы қызығушылығын тудыратын тапсырмалар беруге тырысамыз. Сабақ барысында оларды «Өлкетанушылар», «Жас экологтар» т.б топтарға бөліп, өлкетану жұмыстарында топ болып жұмыла ізденуге бағыт бағдар береміз.

Өлкетану жұмыстарының тағы бір ерекшелігі -топонимика ғылымымен де (гректің «топос» – орын, жер, «онома» – атау деген екі сөзінен тұрады, яғни жер-су атаулары деген сөз) тығыз байланысты. Мысалы, кез-келген өлкетану жұмысын алсақ, міндетті түрде жер су атауларының кездесіп жатқандығын көреміз. Осы тұрғыда, география курстарының ішінде топонимика саласымен тығыз байланысты өлкетанулық оқушы және мұғалім ізденістерін талап ететін, 9-сыныптың «Қазақ оронимдері», «Қазақ гидронимдері» т.б тақырыптары барысында оқушы жалпы топонимдермен таныса отырып, өз өлкесінде кездесетін жер су атауларын анықтап, шығу тарихымен де танысады. Осы орайда биылғы жылы 9 «Б»сынып оқушылары ашық сабақ барысында жарыса ізденіп, жақсы нәтиже көрсете білді. Осы сыныптың үздік оқушысы Тұңғышбай Айғаным «Қарасай ауданының жер су атаулары» тақырыбында сыныптастарымен жинақтаған өзіндік ізденіс жұмыстары негізінде, таныстырылым жасап, қызықты әрі құнды мәліметтерімен бөлісті. Ал, «Туған өлке табиғаты» тақырыбында фото суреттер жинақтаған Кененбай Ералы мектебімізде өткен «Жаратылыстану» пәндер апталығында жоғары бағаланды. Апталық барысында 7-8 сыныптармен осы бағыттағы тағы бір ұйымдастырылған нәтижелі жұмыс «Ерекше қорғауға алынған туған өлке нысандары» тақырыбындағы сыныптан тыс саяхат сабағы болды.

Өлкетану жұмысында орын алатын тағы бір міндет ол – зерттеушілік сипаттағы міндеттер, яғни ғылыми жұмыстармен айналысу. Оқушы үшін ғылыми ізденістің қазіргі таңда орны ерекше, әрі жан-жақты тұлғаны қалыптастырудың негізі. Мектепте ұйымдастырылатын ғылыми жоба жарыстары өлкетанулық ізденістердің негізгі алғышарты. Жылда ұйымдастырылып отыратын аудандық, облыстық ғылыми жоба жұмыстарына бізде мектебімізбен белсене қатысуға тырысамыз, әрі қоршаған орта және өлкетану секциялары бойынша оқушылардың ғылыми жұмыстарын бірлесе дайындап осы бағыттағы ізденістерін шыңдау үстіндеміз. Биылғы жылы ұйымдастырылған «Зерде» ғылыми жоба конкурсында 6-сынып оқушысы Махмуд Іңкәр «Туған өлкемнің туристік маршруттары» тақырыбындағы зерттеу жұмысын ұсынып, республикалық кезеңге дейін бағын сынап қайтты. Мектебіміз Қарасай ауданында, Алатаудың бөктерінде Алматы шаҺарына жақын орналасқандықтан, осы туған өлке табиғаты тақырыбында ізденіс жұмыстарын жүргізу «Туған өлкем» элективті курсының дәрістері бойынша да жүргізіліп отырады, әрі мектеп оқушыларының да қызығушылығы жоғары. Ал білім алушылардың өлкетану бағытындағы бастамаларын біздер әрдайым қолдап, ғылыми ізденістеріне көмек беріп отырамыз

Ел ертеңінің болашағы болып табылатын білім алушылар арасындағы осындай туған өлкемен байланысты тақырыптардың зерттеліп, өлкетанулық ізденіс жұмыстарының мектепте ұйымдастырылуы, табылған мәліметтерді жүйелеп, зерделеу арқылы туған жердің құндылығын ұғындыра білудің маңыздылығы, оқушылардың ғылыми көзқарасын дамытуда маңызды фактор болар деп есептейміз..

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


    1. А.Е. Кабдушева //Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері, 2021ж

    2. Қазақстан туризмі статистикалық жинақ. Алматы, 2015 ж

    3. А.Б. Косолапов Туристическое страноведение. Москва 2006 ж

    4. Егемен Қазақстан //Алматы –туристер қаласына айналады. 22-қыркүйек,2017 ж

    5. Білім айнасы //Географияны оқытудағы өлкетану жұмыстарының маңызы 2019, 17 мамыр

    6. Stud.kz порталы //Тарихи өлкетану жұмыстарының формалары мен әдістері,2018 ж

    7. Иштаева А. «Өлкетану жұмыстарының география сабағында пайдаланудың тиімділігі.Түркістан 2008

    8. Мартебе. Кз Р. Ризуан // Өлкетану жұмыстарының мектепте жүргізілудің оқушыларды тәрбиелеудегі маңыздылығы. 2019, 9-шілде



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!