Материалдар / Мақала. Дене тәрбиесі-салауатты ұрпақ негізі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала. Дене тәрбиесі-салауатты ұрпақ негізі

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене шынықтыру нұсқаушыларына керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Мамыр 2021
492
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ - САЛАУАТТЫ ҰРПАҚ НЕГІЗІ

Қалдыбекова Фарида Қалдыбекқызы

«Алматы облысы білім басқармасының Қапшағай қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балдәурен»балабақшасы» МКҚК,дене шынықтыру нұсқаушысы

farida-kaldybekova@mail.ru

Аңдатпа. Балабақшада салауатты өмір салты әдеттерін тәрбиелеу ең өзекті мәселе болып табылады. Мақалада тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайтуда қолданылатын дене жаттығулары, шынықтыру жұмыстары, отбасымен өтетін іс-шаралар мен жұмыстар баяндалады. Денсаулық сақтаушы педагогикалық технологиялар белгіленген міндеттерді шешу құралының бірі екені туралы сөз қозғалады.

Түйін сөздер. Салауатты өмір салты, дене жаттығулары, қимыл-қозғалыс дағдылары, би, массаж,денсаулық сақтау технологиясы, шынықтыру, қолдау сөздер, отбасымен байланыс, дені сау ұрпақ.


Қоғамдық тәрбиенің жалпы жүйесінде мектеп жасына дейінгі баланы дене жағынан тәрбиелеу ерекше орын алады. Мықты денсаулықтың, дененің дұрыс жетілуінің, жоғары жұмыс қабілетінің негізі нақ осы мектеп жасына дейінгі балалық щақта қаланады, қозғалыс қызметінің қалыптасуы, сондай-ақ дене қасиеттерінің бастапқы тәрбиесі де осы жылдарда өтеді1.

3-5 жас аралығындағы баланың салауатты өмірінің қалыптасуында басты фактор оның қимыл-қозғалыс әрекетінің қаншалықты дұрыс жолға қойылғандығымен байланысты. Себебі қимыл қозғалыс жаттығулары бұлшық еттерге қан жүгіртіп, ағза қорегін арттырады.

Ұйымдастырылған қозғалыстар аз болса да балаларда гиподинамия немесе бұлшық ет қозғалыс белсенділігі төмендейді3.

Денежаттығуларын дұрыс орындау бұлшық еттердің, буындардың, бунақтардың,сүйек жүйесінің жетілуіне тиімді әсер етеді. Мысалы «қолды артқа сілтейқұлаштап лақтыру» әдісін дұрыс үйренген бала құлаш сілтеу мен лақтырудыкеуде, аяқ, қол қозғалысының үлкен амплитудасымен орындайды, бұл бұлшықеттер, буындар, бунақтардың тиісті топтарының жақсы жетілуіне жағдайжасайды. Қалыптасқан қимыл-қозғалыс дағдылары баланың күш үнемдеуінемүмкіндік береді. Осының арқасында жаттығуды көп рет қайталауға жәнежүрек қан тамырлары, тыныс жүйелеріне әлдеқайда тиімді әсер жасауға,сондай-ақ дене қасиеттерін дамытуға мүмкіндік туады2.

Дене жаттығулары - дене тәрбиесінің негізгі өзіндік құралы. Денежаттығулары балаға жан-жақты әсер етеді: олар адамның дене жағдайынөзгертеді, адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық және еңбек тәрбиелерініңміндеттерін жүзеге асыруға, сондай-ақ психикалық қасиеттерді дамытуғасебепші болады. Дене жаттығуларымен бірге әртүрлі би, массаж қолданылады.

Би-музыкалық ырғаққа сай дене қимылымен көрсетілетін өнер. Билер музыкамен сүйемелдене отырып, организмнің барлық жүйесіне әсерін тигізеді, дене қасиеттерін (ептілік,шапшаңдық т.б.) дамытады, сондай-ақ қимыл-қозғалыстардыңжарасымдылығын, еркіндігін, мәнерлілігін қалыптастырады.

Массаж (сипау,сылау, уқалау, шапалақтау т. б.) теріге, бұлшық етке, сүйек жүйесіне әсер етеді,тыныс алуды күшейтеді, қан айналымын, зат алмасуын т.б. жақсартады.

Балабақшада денсаулық сақтау технологияларын қолдану тәрбиелеу-білім беру үдерісінің нәтижелілігін арттырады, педагогтар мен ата-аналардың тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған құнды бағдарларын қалыптастырады, ал балалардың салауатты өмір салтына ынтасын қалыптастырады. Мен өз қызметімде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әр түрлі жұмыс түрлерін қолданамын. Балабақшада дене шынықтыру залы бар. Онда профилактикалық жолдар, массаж кілемшелері, шеңберлер, кегльдер, текшелер және т.б. құралдар бар. Балаларды негізгі қимыл түрлерінің дағдыларына үйретуде балалармен дене тәрбиесі сабақтарын залда, таза ауада, ал қыс мезгілінде аулада өткіземін. Барлық топтарда ертеңгілік гимнастика өткізіледі. Оның маңызы сан алуан: ол организмнің тіршілік әрекетінарттырады, ұйқыдан кейін жүйке жүйесін сергітеді.

«Шынықтыру» - дене жаттығуларымен айналысудағысауықтыру жұмыстарының ең алғашқы бастамасы - күнделікті өткізілетін бойжазу жаттығулары.Балабақшада балаларды шынықтыру мақсатында ауаванналары, су процедуралары (ысқылау, шайыну, душ, шомылу), күн сәулесі ванналары пайдаланылады.Tабиғат факторларын кешенді қолдану балалардың бойындақоршаған ортаның әртүрлі қолайсыз ықпалдарына (дымқыл ауа, жаңбыр, жел,қапырық) төзімділік қабілетін қалыптастырады.

Әрқашан балаларға күш пен сенімділік беретін «Біздің чемпиондар», «Кішкентай спортшылар», «Спортшы жұлдыздар», «Сен мықтысың» секілді қолдау сөздерді айтып мықтылыққа, еш қиындыққа қиналмай қарсы тұруға үйретемін. Қимылды ойындардың балалардың денсаулығына әсері мол. Көптеген ойындарда доптар, скакалкалар және т.б. заттар қолданылады. Балалар кеңістікті бағдарлай алуды, екі аяқпен секіруді, тез жүгіруді, допты қағып алуды үйренеді.

Әр ата-ана баласының дені сау, мықты, күшті болғанын қалайды. Бұл ретте балабақша әр отбасына баланың мықты етіп өсіруге көмектеседі. Отбасымен тығыз байланыста баланың дене тәрбиесіне қатысты бірнеше жұмыстарды жүргіздім. Дене шынықтыру мерекелері көп жағдайда өте қызықты өтеді. Көбіне ата-аналар сайыстарға, спорттық ойындарға қатысады. Мұның өзі балабақша қызметкерлерімен ата-аналардың арасындағы қарым-қатынастың жақсаруына, балабақша өміріне белсенді қатысуға игі әсерін береді. «Денсаулық күні», «Әкем, шешем және мен», «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда», «Денсаулық – терең бақыт» секілдікөңілді спорттық мерекелер мен сайыстар барысында барлық қатысушылар жаңа серпін, эмоциялық қуат алды. Ата-аналар арасында «Бала денсаулығы сіздің қолыңызда», «Бірге ойнаймыз», «Дем алу, сергіту жаттығулары», «Жалпақ табан, омыртқаның қисаюының алдын алу» тақырыптарында кеңестер, топтық және жеке әңгімелер өткіздім. «Үйдегі спорт зал», «Күзгі серуен» әңгімелері кезінде әр баланың ерекшеліктері, үйде, аулада дене жаттығуларын ұйымдастыру түрлері айтылды. «Баланың сүйікті ойындары», «Салауатты өмір салты», «Отбасындағы спорттық жабдықтар» тақырыбында өткен сауалнамалар баланың шынайы денсаулығын шынықтыру мақсатындағы іс-шараларды ұйымдастыруда үлкен көмек болды. Ана-аналар арасында сауалнама жүргізу арқылы отбасының денсаулық мәдениеті анықталып, отбасында сауықтыру әдістерін енгізуге болады.Қарап тұрсаңыз, отбасы мен балабақша бір-бірінен бөлек алып қарауға келмейтін егіз ұғым секілді. Ол - саналы ұрпақ тәрбиелеуде зор жетістікке жеткізетін берік одақ. Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, бала тәрбиелеуде осындай міндеттерді іске асыру көптеген мәселелерді шешеді. Осы жұмыстарды жүргізу барысында мынадай қорытындыға келдім:

20 - кеңестер алуға мұқтаж;

35 - дені сау баланы тәрбиелеуге қызығушылықтары бар;

48 - балабақшаның іс-шараларына қатысуға дайын. Дегенмен ата-аналармен өткізген спорттық шараларда түгел дерлік қатысып отырады.

Осындай оқу - тәрбие жұмыстарын жүргізудің арқасында балабақшада

кейбір аурулардың көрсеткіштері төмендеді және жиі ауыратын балалар саныазайды.Қорыта айтқанда, дені сау, көңілі шат, бастама көтергіш, айналасын бағдарлай, өзініңқұрдастарымен ынтымақтаса білетін мектепте оқуға және онан әрішығармашылық қызметке белсене кірісуге қабілетті бала тәрбиелеу аса маңызды міндет.Дене тәрбиесі жұмыстарын жүйелі жүргізген жағдайда елдің ертеңі болар дені сау жас ұрпақты тәрбиелей аламыз.



Әдебиеттер тізімі

1. Естаева Г.Е. Бала денсаулығын нығайтуда инновациялық технологияларды қолдану//Отбасы және балабақша.-2010.-№6.-24-27-б.

2. СисенбердиеваА. Ж. Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі: Оқулық. -Алматы: 2011.

3. Шомалова Б. Мектеп жасына дейінгі балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыруда ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарының пайдасы//Білім айнасы.-2019.-05 ақпан.-https://bilimainasy.kz/мектеп-жасына-дейінгі-балалардың-сал/

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!