Калауова Гульзира
Нурлукуловна
№62 Н.Төреқұлов атындағы
жалпы орта
мектептің
мұғалімі
Оңтүстік Қазақстан
облысы
Шымкент
қаласы
Ізденген жетер
мұратқа
Мектеп жаны- мұғалім. «Мұғалім
қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы. Мектепте керегі-
білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім»
деген екен А.Байтұрсынұлы.
Теориялық жағынан білімді,
әлемдік педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамытып жүрген,
үнемі кәсіби шеберлігін шыңдауға ұмтылатын, тәлім-тәрбие ісінен
жалықпайтын, баланы өзіне тарта алатын тәлімгер, шығармашылықтағы
адам- нағыз ұстаз.
Ал, шығармашылық, бұл- адамның
өмір шындығына өзін –өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Сондықтан
тәжірибелі ұстаз алдына мақсат қойып, белгілі бір реттілікпен,
жүйелілікпен жұмыс жасау үшін мұғалімге тірек болар бағыт керек.
Ол- мұғалімнің шығармашылық жоспары.
Адам, ең алдымен, мамандық
таңдайды, кәсіби іс- әрекетке көшеді, кәсіби шеберлікті меңгереді.
Сонымен әр адам жеке мүмкіндігіне қарай кәсіби шеберлігінің шыңына
жетеді. Әрбір іскер мұғалім оқушының шығармашылық қабілетін
дамытуға тырысады. Ғылымның қай саласы болсын ұстаз қауымы алдына
зор міндеттер жүктейді. Соның ең бастысы- сапалы білім және ой
белсенділіктерін дамыту. Себебі, білім ді жоспар ғана ел
егемендігін баянды етіп, қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуына
лайықты үлес қоса алады.
Оқушының шығармашылық қабілеті
оның ойлауы мен іс жүзіндік әрекеттері арқылы дамиды. Оқуға
үйрететін сабақтарды жүргізуде, алдымен, мұғалім мен оқушы
арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру қажет. Мұғалім бұл жағдайда
дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық
істердің ұйытқысы болуға тиіс.
Жеке оқушыларға зерттеу
жұмыстарын беріп, оқушыларды ізденімпаздыққа тәрбиелеген жөн. Атап
айтатын болсақ, «Эпостық жырлар», «Абай және Абай шығармалары»,
«Айтыстың шығу тарихы», «Туған тілім- тірегімнің айғағы» атты
тақырыптарды жылдың басынан тапсырып, жылдың аяғында олардың
нәтижесін анықтап, талдау жүргізген
орынды.
Әрбір бала өзінше талантты,
әрқайсысы шығармашыл бола алады. Шығармашыл бала өзінің қабілетін,
күш қуатын, бейімділігін өзінен алатынын
дәлелдейді.
А. Сухомлинский: «Шығармашылық
арқылы тұлғаның рухани байлығы қалыптасады, шығармашылық – адамды
адамға тартатын магнитпен тең. Сондықтан да мектептің, мұғалімнің,
ата- ананың, тәрбиешілердің негізгі мақсаты- баланы өмірге, еңбекке
шығармашылықпен қарауды үйрету»,- деп текке айтпаған. Сол ұлы жолда
аянбай тер төге білсек, жас ұрпақ алдында ұялмайтын боламыз.
Төмендегі ақын шәкірт жыры- ұстаз еңбегінің жемісі. Соған
қуанамын.