Материалдар / Мақала "Жақсы ұстаз, жақсы шәкірт жасаса ғана,шын ұстаз бола алады"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала "Жақсы ұстаз, жақсы шәкірт жасаса ғана,шын ұстаз бола алады"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі педагогтардың алдыгнда тұрған міндеттердің бірі -оқытудың жаңа технологияларын пайдаланып жақсы шәкірт тәрбиелй білу болып табылады.Осы мақсатқа жету жолында көптеген ұстаздар тер төгіп аянбай еңбек етуде. Абай атамыз "Ақырын жүріп анық бас,Еңбегің кетпес далаға.Ұстаздық еткен жалықпас,Үйретуден балаға",-деп айтып өткендей мұғалімнің кәсіби шеберлігін күн санап арттырып отыруымыз қажет.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
1081
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жақсы ұстаз, жақсы шәкірт жасаса ғана, шын ұстаз бола алады.


Тулкибаева А.Т.


"№13 жалпы орта мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Жетісай қаласы

"Жақсы ұстаз, жақсы шәкірт жасаса ғана, шын ұстаз бола алады",- дейді өткен заманның ғалымдары. Бүгінгі Қазақстан Республикасының көк байрағын көкке желбіретіп, айдай әлемге паш еткен туған Отаным Қазақстанның өсіп -өнуіне қажетті тың күшті, алғыр ойлы шәкірттеріме нәр етіп құя білсем, менде одан асқан "арман", "бақыт", "байлық" жоқ деп айтамын. Жақсы шәкірттерімнің бар болуы менің ұстаздық ғұмырымның үзілмей, нәзік тербелгені шығар, сірә, да! Абай атамыздың: «Ақырын жүріп анық бас, Еңбегін кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға» - деп айтып кеткеніндей, мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін біз жақсы түсінеміз және өмір бойы ізденішулікті, зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық аңғарғанда ғана толық нәтижеге жетуге болады. Мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі, қимылы, киімі, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Әрбір ұстаз үшін оқу – тәрбие процесін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді. 

Бүгінгі педагогтардың алдында тұрған міндет - оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, саналы, салауатты, жан - жақты дамыған, рухани бай, заман талабынорындай білетін тұлғаны тәрбиелеп дамыту. Жақсы ұстаз мәртебесіне лайық болу мақсатында, өзімнің кәсіби шеберлігімді шыңдап жамыту мақсатында "Өрлеу" БАҰО"АҚ филиалы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының орталығында бүгінде әлемге үздік болып танылған "Сындарлы оқыту теориясының үлгісіндегі" ұстаздар біліктілігін арттыру курсының 3-деңгейде білімімді жетілдірдім. Осы курсқа қатысқаныма ризамын. Себебі, оқушылармен жұмыс істеуге бұл бағдарламаның көп үлесі бар екен. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 8-бабында "Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі- оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу" деп атап көрсеткен. "Қазіргі заманда жастарға ақпараттың технологиясымен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет" деп есептеймін. Даму да, білім де, ешбір адамға қолдан беріле бермейді. Кімде кім оған қол жеткізгісі келсе күш салып, әрекет етуі керек. Осы тұрғыдан алғанда кез келген даму, білім -ол өз бетінше ізденіс болып табылады. Осы негізге келгенде менде үнемі, үздіксіз ізденіс үстінде болып, жаңа толықтырулар мен жаңа білім жүйесін дамытуға үлес қосу мақсатын міндетім етіп алдыма қойдым. "Үйренбейтін немесе аз үйренетін мұғалім- жаман мұғалім".(М.Горький)

Әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістерге сай, белсенді жаңашылдықпен жұмыс істейтін, оқушылардың ішкі дүниесін түсінетін мұғалім ғана жемісті еңбек ете алатынына көзім жетті. Мұғалім еңбегінің нәтижесі қандай болса, елдің, қоғамның ертеңі, болашағы сондай болмақ! "Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда, оның ұстаздық еңбегінің жемісі болмайды",- деп К.Д.Ушинский айтқандай, ұстаздар заман көшінен қалмай, жаңашыдықтың жаршысы болуы керек. Ұстаздар білім беруді дамытудың қандай да озық үлгілерін, инновациялық бағыттарын пайдалансақ таешқашан халықтық педагогиканы, яғни қазақ халқының әдет- ғұрпын, салт- дәстүрін, танымдық ой-өрісін дамытуды ескеруіміз,ұмытпағанымыз жөн. Халықтық педагогиканың басты мақсаты-өзінің бай тарихи тәжірибесіне сүйене отырып,келер ұрпақты еңбекке, өнер білім машықтарын меңгеруде, отбасы, ауыл -аймақтың, отанын сүюге, ар намысын қорғауға және т.с.с. ізгі адамгершілік қасиеттерге баулу, қоғамымыздың ертеңгі болашағы- мектеп жасындағы жас жеткіншектер. Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Бұл мұғалімнен өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Педагогикалық кәсіптің құпиясы тек оқыту ғана емес, не үшін және қалай оқыту. Бұл ретте мұғалімнің біліктілігі, әдіскерлігі үлкен қызмет атқарады. Ал кәсіби шеберліктің жоғарғы шегі шығармашылық еңбек, оқу-тәрбие үрдісін жаңашылдықпен, өзгеріспен құра білу, яғни инновациялық қызметті жүзеге асыру. Оның негізгі көрінісі оқыту мен тәрбиелеудің, дамытудың технологияларын, әдіс- тәсілдерін ендіре отырып, жұмысты ұйымдастыру. Біз үнемі шәкірттерімізге білім бергенде мынаны үнемі қайталап отыруымыз керек:

-егер есіңде сақтау үшін үйренсең ұмытасың;

-егер түсіну үшін оқысаң есіңде сақтайсың;

Мұғалім мамандығына лайықты кадрларды тарта білу-оқыту сапасын арттырудың шешуші шарты болып таылатынына дәлелдер өте көп. Қазіргі заман талабына сай тәжірибесі де, базасы да ертеден қалыптасқан педагог кадрларын дайындайтын мемлекеттік оқу орындарында оқыту бағасы, әрине жоғары. Ал осыған қарама қайшы педагогтар дайындауды енді ғана бастаған жекеменшік оқу орындарында оқыту бағасы, әрине төмен. Осының нәтижесінде педагогикалық мамандықтарды таңдағандардың көпшілігі терең білімнен гөрі тек диплом ғана беретін жекеменшік оқу орындарына барады. Сапасыз білім алып ауылға қайтып,дипломдарын сандықта сақтайды. Сондықтан да осыларды жоюды білімге салынған бүгінгі инвестиция мемлекеттің ертеңіне жасалған үлкен қамқорлық қағидаты- Елбасымыздың басты ұстаным ғана болып қоймай, әрбір Қазақстан Республикасының азаматтары мен азаматшаларының ұстанымы болуы тиіс. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығымен өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да -мектеп. Ұжымның бірлігі мен мақсаты, сауатты ұйымдастырылуы мекеменің алдағы болашағын айқындайтын фактор болуымен қатар, бәсекеге қабілетті ұрпағымыздың тәрбиеленуінің өсіп- өнуінің кепілі.

Оқушылардың білімін жоғары деңгейге көтеру оқуға деген қызығушылығы мен ынта жігерін арттыру әр мұғалімнің міндеті. Осы мақсатта мұғалімдер әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып отырса, оқушылардың пәнге деген қызығуы артып, өздігінен ізденуіне мүмкіндік жасалады. Осы орайда адамзат баласының өз ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудегі ең озық, тиімді әдістерін жалғастырып, тың жолдар іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту қашанда жалғаса береді. Оушылардың білімге ынтасының болуы, олардың сабақтағы белсенділігінің артуына білім сапасының жоғарылауына, білім алудың пайдасын түсінудің қалыптасуына мүмкіндік береді, жалпы айтқанда оқу процесінің деңгейін көтереді. Оқушылардың білімге ықыласын, ынтасын, қызығушылығын арттырудың ең жақсы жолының бірі-сабақта ойындарды қолдану. Ғылымдардың патшасы-математика екеніне ешкімнің таласы жоқ шығар! Осы мамандықтың иесі болғаныма қуанамын. Себебі, математика оқушылардың ой өрісін, танымдық ойлау қабілеттерінің дамуына үлкен үлесін тигізеді. Мен өз пәнімде ойын элементтерін көбірек пайдалану арқылы шәкірттерімнің білімдерін толықтыру үстіндемін. Дәстүрлі сабақта ұстаз көбірек сөйлеп, оқушылар сабаққа түгел тартылмай, кейбір оқушылардың қызығушылығын төмендетіп алады. Ал сындарлы оқытуда оқушының барлығы топпен жұмыс істеп, ұйымдасып, барлығы сыни тұрғыдан ойланатынын байқадым.Шәкірттерінің білімінің жоғарылауына ұстаз қолдау көрсетсе, сонда ғана шәкірттерінің білімі дами түседі. Бүгінгі күннің талабына сай ұстаз болу кез келген ұстаздың арманы деп ойлаймын. Ұстаз да, шәкіртте үнемі ізденіс үстінде жүрсе, білім деңгейі дами түседі. Шәкірт ұстаздан үлгі өнеге алады.Білім саласында білімді, білікті, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеп өсіруде маңызды рөль атқаратындардың бірі болып мұғалім есептелінеді.Білім беру қызметін жақсартатын не? Ол-оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері.

Басқаны үйреткен кісі қайталау арқылы меңгерген білімдерін нығайтумен ғана емес, пәнге үңілуге мүмкіндік алумен де өзін-өзі үйретеді. Сондықтан да асқан дарынды Иохим Форций өзі жайында:- не естіп, не оқысам да, соның бәрі тіпті бір айдың ішінде-ақ ойымнан шығып кетеді, ал басқаларға үйреткенімді өзімнің бес саусағымдай соншалық айқын білемін,- дейді екен. Сондықтан ол зор табыстарға жету үшін шәкірттеріне өздеріне шәкірттер тауып, оларға күн сайын өздері үйреніп жатқан нәрселерін үйретіп отыруды кеңес қылады.(Ян Амос Коменский)
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында: «... жалпы білім беретін мектептерде білім берудің мақсаты – Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту», – деп атап көрсетілген [1].

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілгендей, біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты [2].

Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады. Жалпы баланың алғашқы күннен қолына қалам ұстатып әліппені жаттатқызатын мектеп мұғалімі. Сандықтан да  алғашқы білім алу кезеңі-бала өмірінің маңызды кезеңдерінің бірі болып саналады. Демек, баланың қандай білім беру мекемесінен және қандай мұғалімнен білім алғанына байланысты. Ол алған білімдерінің сапалық құндылығы келешекте баланың сабақ үлгеріміне және жеке тұлға ретінде қалыптасуына қатты ықпалын тигізеді.  

Ал тәлім-тәрбиенің сан-салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті тұрмыста кездесетін еңбек дағдылары арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы-бастауыш мектеп екендігі даусыз. Мектептің бастауыш сыныптарында қалана бастайтын еңбек дағдысы мен іскерлік қабілеттері мектептің жоғары сыныптарында  өз жалғасын табып, тереңдетіліп отырады.

Бастауыш мектептің негізгі міндеті — жеке тұлғаны дамытып, оның алғашкы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады.  Дегенмен, баланың жеке тұлғалық қасиеттері мен мінез құлқы мектепке дейінгі тәрбие  негізінде қалыптасса, одан ары қарай бастауыш сынып, жоғары сыныптарда қалыптаса бастайтыны белгілі. Оқушының рухани күш-қуаты мен ерік-жігерінің, шығармашылық қабілетінің, жалпы мүмкіндіктерінің ашылар кезі де мектеп қабырғасы екені даусыз.

Халқымыз әрқашанда ұстаз мәртебесін жоғары көтеріп,  қастерлеп, бағалап отырған. "Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға", "Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады", деп қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев айтып кеткен болса, ал чех халқының ұлы педагогі Я.А.Коменский: "Мұғалім мәңгі нұрдың кызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақьлдың дәнін сеуіп, нұр құятьн тынымсыз жалын иесі", — деп, ұстаздар қауымын жоғары бағалағандығын атап көрсетеді [3].

Ал бүгінгі қоғам қажеттілігінен туындап отырған негізгі талаптардың бірі мектеп табалдырығын аттаған жас жеткіншектерді парасатты да саналы азамат етіп тәрбиелеу - әрбір ұстаздың борышы. Сондықтан бүгінгі жаңашыл талапты мектеп мұғалімі  мектеп оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, оларға халықтық педагогиканың нәрлі қайнарымен сусындату арқылы әрбір оқушы бойына ұлттық мінез-құлық, адамгершілік, сыпайлылық пен кішіпейілдік қасиеттерін қалыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани қазыналармен байытуға, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін меңгертуге  ұмтылыс жасай білген де ғана мектеп оқушыларының ұлттық рухын оята білеміз [4].

Жалпы бала жаны жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі келіп, белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болғандықтан, бастауыш сыныптан бастап мектеп мұғалімдері олардың осы талпынысын дамытуға көңіл бөлуі тиіс. Оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді енгізіп, күнделікті өтілетін әрбір сабақты ұтымды ұйымдастыра білу - мұғалімнің басты міндеті екені белгілі. Мұндай жағдайда мұғалімнің шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеті үлкен рол атқарады деп түсіндіреді [5]. 

 Жалпы мектеп мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты мәселелер көптеген жауапкершілікті талап етеді. Қазақстан Республикасы аумағындағы  орналасқан жалпы білім беретін және кәсіби білім беретін мектептердегі жүргізіліп жатқан реформалар өзінің педагогикалық жүйесінде принципті өзерістерді қажет етеді. Қазіргі кезеңде білім беру жүйесінің негізгі принциптері мен мақсаттары өзгеруде, оқу ақпаратының мазмұны жаңаруда, педагогикалық коммуникация құралдары, және педагогикалық әсер етудің объектісі- оқушылар да айтарлықтай өзгеруде. Бүгінгі таңда мектеп оқушыларына жай ғана түсіндіріп қана қоймай  әрбір түсіндірген сөздерінің мән-мағынасын тереңінен түсіндіруге бүгінгі күні оқытудың ақпараттық жүйесі интрекактивті тақтаны  тиімді пайдалану арқылы түсіндірудің мүмкіншіліктері көп. Бүндай жағдайда көзбен көрген нәрсені сезіну арқылы  баланың ой жүйелері  толастай түсуге мүмкіндік туады. Демек, мұғалімнің  техникалық құралдары арқылы өткен әрбір сабағының сапасы артып,  мұғалім жұмысын жеңілдете түседі. Осы факторлардың барлығы мектеп мұғалімінің  педагогикалық кәсіби шеберлігінің деңгейін жоғарлатуды талап етеді.

Қорыта келгенде оқу процесінің  жаңаруына қажетті шарт кез-келген педагогикалық жүйенің басты тұлғасы болып табылатын мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орындары оқытушыларының  педагогикалық шеберлігін арттыру арқылы үлкен нәтижелерге қол жеткізуге болады.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

         1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы: / Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығы // ресми мәтін. – Астана, 2012. – 114 б.

2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауы // ресми мәтін. – Астана, 17 қаңтар, 2014

        3 Қоянбаев Р. Педагогика.  Алматы., 1997 ж.

        4 Қазіргі заманғы мұғалім.// Қазақстан мектебі. 2003 ж.  №6.

        5 Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі. //Білім әлемі. Алматы., 2004 ж. №6.

 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!