Мақала. Lesson Study әдісі- проблемены шешетін бірден-бір әдіс.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала. Lesson Study әдісі- проблемены шешетін бірден-бір әдіс.

Материал туралы қысқаша түсінік
Lesson Study әдісі проблеманы шешуге арналған әдіс екені жайлы, барлық пән мұғаліміне көмектесе алады деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Lesson Study әдісі- проблемены шешетін бірден-бір әдіс.


Қазіргі заман - жаңару заманы, білімнің даму кезеңі. Жаңа технологиялар даму үстінде, мұғалім де сол жаңалықтың көшінен қаламай алға ілгерілеуде.

Осындай мақсатта лицейімізде жаңашыл тәсіл Lesson Study бойынша облыс мектептері мұғалімдермен тәжірибе алмасу мақсатында «Оқушылардың пәндік құзыреттіліктерін дамытуда болжау әдісі арқылы сөздік қорытын дамыту» тақырыбында сабақтар циклін өткізді. Lesson Study - ге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқытуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын шығармашылық зерттеу тобының қызметтерді құрылды. Әрбір Lesson Study циклінен кейін топтағы мұғалімдер тәсілдерді түрлендіруге кеңес беріп, оны жетілдіріп отырды.

Сабақты зерттеу кезінде, Lesson Study әдісінің мазмұны бойынша сабақ беруші ұстазға топтағы ұстаздар өз пікірлерімізді айтып, тәжірибесінің жақсаруына біраз септіктерін тигізді.Сол арқылы ұстаздың әр кезеңде өткізген сабақтары бірінен кейін бірі сапа жағынан арта түсті. Сабаққа қатысушы облыс ұстаздары өздеріне әдістемелік жағынан көмек алып отырса, ал топтағы мұғалімдер сабақ беруші ұстаздың әрекетін бақылап, оның кем-кетік жерлерін анықтап, сабақ талқылау кезінде ұстазға анықталған кемшіліктерді айтып, өз ұсыныстарын ұсынып, кемшіліктерді дұрыстауға кеңес беріп отырды.

Оқушыларды бақылайтын топтағы мұғалімдер оқушы әрекетін бақылап, әр кезең бойынша ондағы жетістік пен оқушыда кездескен қиындықтарды айқындап, сабақ талқылау барысында сол деректерді қолданып, келесі сабақта оқушының қай қырына назар аудару керектігі анықталып, жаңа сабақты жоспарлауда сол ескертулер негізге алынды.

Сабаққа дейін сөздік қоры нашар деген сынып таңдалып, оқушылардан төмендегіше сауалнама алынды.

1.Қазақ тілі мен әдебиеті пәніне деген қызығушылығың қандай?

Неліктен?

2. 1.Қазақ тілі мен әдебиеті пәні ұнай ма?

Неліктен?

3.Пәннің қалай өткізілгенін қалайсың?

4.Сабаққа белсенді қатысасың ба?

Жоғары деңгейде, себебі ...

Орташа деңгейде, себебі ...

Төменгі деңгейде, себебі...

5.Сабақ барысында не маңызды деп ойлайсың? 6.Ауызша және жазбаша тапсырмалардың қайсысын орындаудан қиналасың?

7.Сабақта қандай әдіс-тәсілдер ұнайды?

8.Сабақ үстінде ойыңды қаншалықты жеткізе аласың?

Неден қиналасың?

9.Сенің ойыңша оқуға не кедергі келтіреді?

10.Өз жетістіктеріңді қалай бағалайсың?

Осы сауалнама алынған кейін сабаққа дейін құрылған шығармашылық топ отырыс өткізді, олардың мақсат-міндеттері анықталды, сабақ барысында неге назар аудару керектігі жоспарға алынды. Сол мақсатқа арналған бірлескен сабақ жоспары құрылды. Нысанаға алатын, яғни бақылауға алатын оқушылар анықталып, бақылау барысы мен сұхбатта қолданылатын әдістер таңдалды.

Ұстаз осы мақсатта бірнеше сабақтар циклін өткізді, онда сабақ жоспары жаңартылған бағдарламаға сәйкес құрылып, тыңдалым, жазылым тақырыпқа сәйкес алынды. Әр сабақта ұстаз бақылаудың түріне, оқушы үніне құлақ асып, ал ұстаздың сабақ жоспарына шығармашылық топ көмек көрсетіп, ондағы жетістіктерді қолдап, келесі сабаққа ұсыныстар беріп отырды. Бақыланатын оқушыларда оң өзгерістер байқалып, бақылаушылар А,В,С оқушыларындағы жетістіктерді байқады.

Сабақтан кейін бақылаудағы оқушылардан сұхбат алынып, олардың сөйлеу деңгейінің жақсарғаны, сөздік қорының өскені анықталды.

Осылайша жүйелі жұмыстың нәтижесі, яғни , сабақты зерттеудің Lesson Study әдісі мұғалімдерді кәсіби шеберлігін дамытуға көмектессе, оқушының сабаққа белсенділігі көтеріліп, пәнге деген қызығушылығы арта түсті. Қорытысында оқушылар топта жұмыс істеуге дағдыланды, мұғалімдер тәжірибе алмасты, өтілген сабақтардың нәтижелері және сабақ жоспары жинақталды,мақалалар жарық көрді, тәжірибе таратылды.

Қорыта келгенде, әр ұстаз жаңашыл әдістен үйреніп қоймай, шәкірттерінің де білім сапасын артады, сонымен қатар өз идеясымен басқа ұстаздарға ой салады және өз ортасының көшбасшысына айналады. Lesson Study әдісін өткізу қиын болса да, оның берері көп проблемены шешетін бірден-бір әдіс.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.04.2021
459
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі