Материалдар / Мақала: Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мақала: Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңда мектепке дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің маңызы – болашақ ұрпақтың саналы әрекеті болып қалыптаспақ.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Мамыр 2022
173
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру

Танирбергенова Айнур Маратовна

Коряковка БМ жанындағы «Балапан» шағын орталығы

Павлодар облысы, Павлодар ауданы

Қазіргі таңда мектепке дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің маңызы – болашақ ұрпақтың саналы әрекеті болып қалыптаспақ. Сондықтан да бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым – қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жаңашырлыққа тәрбиелеу қазіргі балабақшадағы тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі болып табылады. Табиғатпен таныстыру – балалардың танымын дамытудың басты құралдарының бірі.

Экологиялық білім берудің мақсаты – балалардың шығармашылық ойлауын және экологиялық мәдениетінің негізін қалыптастыруға ықпал ету, ал оны төмендегі міндеттері жүзеге асырады.

  • Балаларға қоршаған ортаның адамға қажеттілігі, қоршаған орта туралы алғашқы білім беру;

  • Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін ояту, оны сақтап және қорғауға тәрбиелеу;

  • Табиғат байлықтарын көбейтуге эмоцианалды әрекеттік байланысты қолдау;

  • Балалардың бойында экологиялық ойлау қабілетті қалыптастыру және табиғаттың бөлінбес бөлігі болып табылатынына адекватты тұрмен қабылдауға ықпал ету;

Мектепке дейінгі жастағы балаларда экологиялық білім эмоцианалды әрекеттік сипат алады. Қоршаған ортаны қорғау және оны сақтау туралы көріністер мен білімдерді меңгеруде белсенді болады. Бұл келешек ұрпақ үшін маңызы зор дүние болары сөзсіз.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 38 бабында «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті» - делінген. Бүгінгі таңда бүкіл адамзаттың алдында тұрған маңызы жоғары ауқымды мәселелердің ішінде табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға ерекше көңіл бөлінуде. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей күннен-күнге туындап отырған экологиялық мәселелер мен олардың шешімін іздестіру өзінің көкейкестілігін дәледеуде. Бұл балабақшада балалардың экологиялық тәрбиелілігін дамыту қажеттілігін күн санап арттыра түседі, себебі қоршаған орта мен адамның денсаулығын сақтау маңызды құндылықтардың бірі болып саналады. Баланы туған өлке, жерге, халқына деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімге баулып, оны жан-жақты етіп тәрбиелеп өсіру – бүгінгі таңдағы аса жауапты міндеттердің бірі. Қоғамның дамуының қай кезеңінде болмасын табиғат – баланың дүниетанымын дамыту құралы ретінде үлкен орын алып отыр.

Тәрбиеші – педагогикалық үрдістің ең басты тұлғасы және экологиялық тәрбие берудегі шешуші фактор болып табылады. Ол экологиялық ақпараттар және арнайы материалдар кең көлемде таныс болуы тиіс, сонымен қатар балаларды тәрбиелеу тәсілдерін қолдана білуі керек. Бала жүрегіне табиғаттың әсері өте зор, сол себептен де ол тәрбиелеу мен дамыту әрекетінде кеңінен пайдаланылады. Дегенмен, табиғат өздігінен бала бойына қажетті жеке тұлғалық сапаларды қалыптастыра алмайды, оған міндетті түрде ересектер тарапынан басшылық жасау қажет. Балалардың табиғатқа қызығушылығы оның құбылыстары арасындағы өзара байланыс пен олардың пайдасын жете түсінгенде ғана арта бастайды. Мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының табиғатқа қарым-қатынасын бақылау барысында біздің байқағанымыз: табиғат құбылыстарының барлығы тең дәрежеде балаларды қызықтыра алмайды. Мысалы: табиғаттың кейбір құбылыстары, өзінің қабылдауға жеңілдігіне қарамастан, балалардың сәндік ою-өрнектерін жасау әрекетіндегі еңбектерінде мүлдем көрініс таппады деуге болады. Сондай-ақ олар шеңбер, жұлдыздар, найзағай, толқын, ай, т.б. бейнелеуге де жете көңіл бөлмегені байқалды.

Мектепке дейінгі жастағы балаға экологиялық мәдениеттің алғашқы түсініктерін қалыптастыру үшін:

1.Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға экологиялық тәрбие берудің алғы шарттарын құру;

2.Балалардың экологиялық сауығуының дамуы үшін атқарылатын жұмыстарға көгалдандырылған зоналар құру және ұйымдастыру;

3.Тірі объектілерді күтіп-баптауға қолайлы ортаны іс жүзінде құру үшін іс-шаралар ұйымдастыру;

4.Сабақта көркем құралдарды, әдістемелік және материалдық құралдарды, ойыншықтарды, түрлі ертегі кейіпкерлерін жүйелі түрде қолдану;

5.Педагог мамандардың білім деңгейі мен олардың біліктілігін арттыру.

Жалпы экологиялық тәрбие – бұл адамдардың сезіміне, санасына, көзқарастарына әсер ету әдістері. Ол азаматтарының саналық деңгейінің артуына, табиғатқа қарым-қатынасының өзгеруіне, табиғат ресурстарына табиғи ортада өзін өнегелі ұстауға әсер етеді. Экологиялық тәрбие қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтып бірнеше деңгейлерде жүргізілуі керек. Жеке тұлғаның түзілуі негізінен отбасында жүреді. Сондықтан ата-ана баланың қоғамдағы негізгі мінез-құлық нормаларымен қатар, экологиялық мәдениетінің негіздерін үйрете бастауы керек. Қазіргі кездегі ситуациялардан кейбір парадокстарды байқауға болады. Көбіне балалардың экологиялық білімділігі ата-аналарының деңгейінен әлдеқайда жоғары. Ата-аналары мен балалары өздерінің зерттеулері нәтижелері бойынша, қоршаған ортаға ешқандай жағдай жасамай-ақ тіршілік ортасына белгілі бір дәрежеде зиян тигізіп жатқанымызды байқауға болады: қайта қалпына келмейтін табиғи ресурстарды оңды-солды шашудамыз, көптеген тұрмыстық қоқыстарды шағарып жатырмыз. Табиғатты қорғауды өз үйіңнен бастауға болады – бұл суды үнемдеп жұмсау, оның ластануын төмендету, озон бұзатын заттары жоқ аэрозалдарды қолдану және т.б.

«Алам табиғатқа тәуелді болса, табиғатта оған тәуелді» - демекші, барша байлықтың анасы – Жер. Жерді күтіп баптай білу, оның қойнауынан қазба байлықтарын игеріп ала білу, табиғат пен қоршаған ортаны түлетіп гүлдендіре беру өз қолымызда.



Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Балабақшадағы экологиялық тәрбие /Отбасы және балабақша-1996. №11-12/

2. Шілдебаев Ж. Экология және табиғатты қорғау. –Алматы: Алматыкітап, 2002. -121 б

3. Көбеева Н «Бала және табиғат» \\ Үйелмен және балабақша. – 1993. № 5.

4. Аймағамбетова Қ. Педагогикалық үрдісті экологиялық білім мен тәрбие беру негізінде ұйымдастыру\\ Отбасы және балабақша. – 2016. -№2. –Б. 2-4.

5. Жұмабекова Ф.Н. Мектепке дейінгі педагогика. – Астана: Фолиант, 2014. -260б

6. Құлшанова С Табиғатты қорғау. \\ Отбасы және балабақша. – 1993. № 6.






Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!