Материалдар / Мақала "Мектеп музейіндегі структуралық-концептуалдық жоспары"

Мақала "Мектеп музейіндегі структуралық-концептуалдық жоспары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының №4 мектеп мұражайы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
1221
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бекітемін» Мектеп директоры _______Л.Б.Маметанова















Ақсай қаласы №4 жалпы орта білім беретін мектебінің тарихи-өлкетану мұражайының 2017-2020 оқу жылына арналған структуралық-концептуалдық жоспары













































2017-2018 ж.Мұражайдың ашылған уақыты: 1995 жыл №206 бұйрығымен, 01.09.2010 жылы ашылды.Облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының Әдістемелік кеңесінің отырысында қаралып, №4 хаттамасында 27 қараша 2012 жылы паспортталды. Мақсаты:1.Коммуникативтік компетенцияларының, оқушылардың зерттеу жұмысы дағдыларының дамуына, балалардың шығармашылық қабілеттерін қолдауға жан-жақты ат салысу;2.Отандық мәдениетке қызығушылығын және аға буынның өнегелі құндылықтарына құрметпен қарауды қалыптастыру;3.Мұражай жай ерекше оқу кабинеті ғана емес, ашық білім беру кеңістігіндегі тәрбие орталығының бірі болуы керек;4.Табиғат байлықтарын, өлкенің көркем мәдениетін сақтауға жауаптылық сезімін, өз Отаны, мектебі, отбасы үшін мақтаныш сезімін, яғни кіші Отанының бүгінгі күніне де ортақтық сезімін қалыптастыру;Міндеттері:Мектеп оқушыларының патриоттық санасын тәрбиелеу. Белгілі болғандай, мұражай ұрпақтар байланысын іске асырады.Ол бізге оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда бізге дейін өмір сүргендерді өз жақтастары етуге, олардың ғылым, мәдениет, білім беру салаларындағы тәжірибесін қолдануға ерекше мүмкіндік береді. Өткен уақыт ізсіз жоғалмайды, ол мұражайлар үгіттеп, сақтайтын материалдық және рухани мәдениет ескерткіштері түрінде өзінің бар болуының мыңдаған айғағын қалдырып қазіргі күнге өтеді. Кез-келген мұражайдың негізі тарих болып табылады. Ол отбасының, мектептің, жеке түлектің, мұғалімнің тарихы болуы мүмкін. Осындай әрбір айғақта тарихтың бір бөлігі көрініс табады. Осындай фрагменттерден нәтижесінде адамзат қоғамының тарихы қалыптасады.Мұражайдың оқу-тәрбиелік потенциалы өте ірі, себебі нағыз тарихи құжаттарды сақтап, көпке көрсетеді. Осы потенциалды оқушыларда отансүйгіштікті, азаматтық сана-сезімді, адамгершілікті тәрбиелеуде тиімді пайдалану мектеп мұражайының маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.Күтілетін нәтижелер: - сабақтармен, оқу-тәрбиелік процесімен, пәндік үйірмелер және факультативтермен шектеулі байланыс;- үздіксіз зерттеу ізденістерін жүзеге асыру; - мұражай сабақтарының, дәріс-семинарлардың, ғылыми-практикалық конференциялардың, ардагерлерге көмек тағы басқаларының түрлі әдістері мен амалдарын қолдану; - оқушылардың өзіндік және шығармашылық бастамасын дамыту; - соғыс және еңбек ардагерлері, ұстаздар ұжымы тарапынан көмек; - экспозиция, экскурсия мазмұнының, сондай-ақ жалпы мұражай қызметінің танымдық және эмоционалдық бастамасының бірлігі; - жинақталған материалдардың дұрыс сақталуы мен қатаң есебі; - мемлекетттік мұражайлар және мұрағаттармен әріптестік қарым-қатынас ұйымдастыру.Мектеп мұражайының әлеуметтік қызметтері Мектеп мұражайының оқу-тәрбиелік маңызы - баланың мұражайдың құрылуына белсенді ат салысуында болып табылады. Іздеу-зерттеу жұмыстары, қызықты кездесулер, тарихи деректермен танысу өлке тарихын тереңінен танып, оның экономикасы мен мәдениетінің дамуында ата-бабаларының қосқан зор үлестерін түсінуге мүмкіндік береді. Сол арқылы естелік, мұраларға құрметпен қарауға тәрбиелейді. Зерттеу жұмыстарына, өлкетану жорықтарына, экспедицияларына шығу арқылы оқушылар физикалық шынығумен қатар, практика жүзінде тарихи құжаттарды сипаттау мен жіктеуге үйренеді. Мектеп мұражайының қызметі құжаттарды сұрыптау мен жинақтауда, мектеп тарихын іздеу мен зерттеуде оқушылар мен ұстаздардың бірігіп еңбектенуіне байланысты. Балаларды қорды жинақтауға, экспозиция құруға, санақ жүргізуге, сипаттауға, жиналған құжаттар мен заттарды жаңғыртуға, яғни мұражай ісінің негіздерін игеруге үйрету керек. Өлкетану саяхаты барысында түрлі мамандықтың қыр-сырын, халықтық кәсіптерді үйрену оқушыларға кәсіби бағыт-бағдар беріп, педагогика, мұражай, архив, кітапхана ісі саласында мамандық таңдауға көмегін тигізеді. Мектеп мұражайының кәсібі Мұражай саласы қатаң шеңбердегі өзгеріссіз құрылым емес. Ол үнемі қозғалыста және оқу процесіне өзіндік қырымен енетін жаңа мәліметтермен толықтырылып отырады. Тарихи-өлкетану тақырыбы оқушылар мен ұстаздардың жеке іздеу-зерттеу әрекеттеріндегі оқу және тәрбиелік жұмыстарының неғұрлым ұтымды бағыты. Оның міндеті - тарихи, мәдени, табиғи ескерткіштерді зерттеу және жүйелеу, оларды гербарий, фотосурет, құжаттар мен жәдігерлер түрінде көрсету. Өлкетану туған жердің табиғатын ғана емес, сонымен қатар оның өткенін зерттеу болып табылады. Мұражай қаланың, мектептің тарихына арналуы мүмкін. Алайда қандай сала болмасын мектеп мұражайының ерекшелігі ол жергілікті материалдардан құралады. Мысалы, әдеби мұражай танымал жазушының өмірі мен шығармашылығынан басқа, шығармада бейнеленген тарихи процесс пен табиғи нысандарды зерттеумен де айналысады. Мектеп мұражайы жергілікті музыкалық шығармашылық жайлы: яғни, халық аспаптары, билері, әндері, ауызекі әңгімелері жайлы мәліметтер жинақтай алады. Аңызға айналған тұлға немесе тарихтың танымал дерегі құрметіне мемориалдық не әскери-тарихи типті монографиялық мұражай құруға болады. Ол әдетте тарихи оқиғаның болған жерінде немесе тарихи тұлғаның өмір сүрген ортасында жүзеге асырылады. Тарихи-өмірбаяндық мұражайда нақты дүниелер мен әр түрлі деректердің иллюстрациясы сақталады.

Ақсай қаласы №4 ЖОББМ тарихи-өлкетану мұражайының аумағы 54 м2. Қордағы жәдігерлер саны 230, негізгі қорда – 210 жәдігер, қосымша қорда - 20 жәдігер бар. Мұражай 11 экспозициялық бөлімнен тұрады. Олар:
  • Мектеп тарихы
  • Сенің ерлігің өшпейді
  • Ұлы Отан соғысының ардагері А.С.Пелипец өмірі
  • Шығыстың қос жұлдызы
  • Бауыржан Момышұлы
  • Олар Отан үшін шайқасты
  • Ұлы Отан соғысының ардагері А.С.Зинелғазыұлының өмірі
  • Ер есімі - ел есінде
  • Біздің аудан
  • Біздің облысымыздың мақтаныштары
  • Қазақ елінің ежелгі тұрмыс салты
Нағыз мұражай қалыптастыру оңай емес. Ұстаздар мен мұражай Кеңесі белсенділерінің айтарлықтай ғылыми дайындығы қажет. Мұражай қорынан экспозиция мен мұражай көрмесі жасалады. Мұражайдың негізгі қоры оның саласына байланысты жинақталған дүниелерден тұрса, ал қосымшасы - көшірме, макет, муляж, үлгі, карта, жоспар, сызбанұсқа, диаграмма, кесте түріндегі ғылыми-көмекші материалдардан тұрады. Өлкетану мұражайы еңбек құралын, өндірістің өнімі мен шикізатын, даңқ мұражайы - соғыс қару-жарағын,  жалаулар мен төсбелгілерді жинайды. Өлкетануда нумизматика, киім, жиһаз кездеседі. Бейнелеу көздері болып фотосуреттер, жазбаша- қолжазба және баспа құжаттары, мемуарлар, заң актілері, үнпарақтар, хаттар, кітаптар, мерзімді басылымдар табылады. Мектеп тарихы мұражайының негізгі қорында өткен заманғы оқушылардың қолданған кітаптары, қолтаңба және сыйға тартылған жазбаларымен кітаптар сақталады. Сондай-ақ мұнда үнпарақтар, хабарландырулар, шақыру билеттері, ресми құжаттар: жеке бас куәлігі, еңбек және есеп кітапшасы, білім жөнінде куәлік, дипломдар мен мақтау қағаздары болуы мүмкін. Экспозицияның  төріне ең маңызды құжат - мектептің ашылуының ресми құжатының көшірмесін орналастыруға болады. Тіркеу жұмыстарына қолайлы болу үшін заттардың тізімі алфавиттік, тақырыптық, салалық картотека түрінде қойылатын мұражай каталогы жасалады. Мұражай дүниесі - мұражай қызметінің барлық формаларында қолданылатын,  ғылыми зерттеліп жазылатын объект. Ол ғылыми, мемориалды, тарихи және көркемдік құндылықтарды көрсете отырып, өзімен байланысты оқиғалар мен құбылыстар жайлы ақпарат көзі болып табылуы қажет.        Мұражай қорындағы дүниелер экспедиция барысында немесе сыйға алу, иесімен келісіп алу арқылы толықтырылып отырады. Бұл дүниелер - жанұялық мұра, белгілі бір дәуірдің естелігі болып саналатын заттар, мысалы, ту, марапаттаулар, жеке бас куәлігі болса құнды есептеледі. Мектеп тарихы мұражайына оқу құралдарын: ескі карталар, глобустар, энциклопедияларды, қаламдар, сия сауытын, күнделіктерді қоюға болады. Арнайы жеке бұрышқа мектеп жетістіктерін – жалауларды, кубок, медальдарды, бағалы сыйлықтарды орналастыруға болады. Қай дүниелер оқиғаның мәнін ашатынын мұражай Кеңесі шешеді. Әдетте мектеп мұражайының көлемі шағын болғандықтан, жәдігерлерді іріктеу өте мұқият жүргізілуі тиіс.І. Жалпы ережелер. Мектеп мұражайы оқушыларға білім беру және тәрбиелеу мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін, оларды іздеу жұмыстарына жұмылдыру, Отанының табиғи мен тарихи-мәдени мұрасын қастерлеу, олардың бойында рухани құндылықтар қалыптастыру үшін құрылады. Мұражайда сақталатын жәдігерлер мектеп қазынасы болып саналып, белгіленген шарттарға сай тіркеу мен сақтауды қажет етеді. Мұражай өз қызметінде ҚР конституциясын, ҚР «Білім туралы» заңын басшылыққа алады. ІІ. Мұражай жұмысын ұйымдастыру. Мектеп мұражайын ашу мәселесі педагогикалық ұжым мен жергілікті Білім беру басқармасының келісімімен шешіледі. Мұражай саласы қолда бар жәдігерлердің сипатына, мақсатына қарай айқындалады. Мектеп мұражайын жасаудағы іздеу-зерттеу, жинақтау жұмыстарына оқушылар мен ұстаздар ат салысады. Жиналған мұражай заттарының жиынтығы инвентарь кітабына, картотека, каталогқа тіркеледі. Мұражайға экспозиция жасау және ұстаздар мен оқушылар белсенділерінің жұмысына арнайы жабдықталған бөлме бөлінеді. Мұражайға бұл сала тәсілдерін меңгерген педагог жетекшілік етеді.

Концепциялық план

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ
АтауыМерзіміЖауапты


«Мектеп тарихы» экспозициясы
1Мектеп тарихы туралы материалдар жинақтау2017-2020Музей жетекшісіТуысова А.Е.Музей белсенділері
2Мектеп ардагер ұстаздар туралы папкаға мәліметтер жинақтауЖыл бойыМұражай жетекшісі Музей жетекшісіТуысова А.Е.

3Мектеп тарихына арналып жасалынған стендке жаңартулар енгізіп отыру2017-2020Музей жетекшісіТуысова А.Е.Музей белсенділері
«Сенің ерлігің өшпейді» экспозициясы
4Ұлы Отан соғысының ардагері Бақтыбаев Ғазез туралы мәліметтер жинақтауЖыл бойыМузей жетекшісіТуысова А.Е.Музей белсенділері
5Ұлы Отан соғысының ардагері Муминова Роза Ғағизқызы туралы мәліметтер жинақтауЖыл бойыМузей жетекшісіТуысова А.Е.Музей белсенділері
6Ұлы Отан соғысының ардагері Блинцов Василий Николаевич туралы мәліметтер жинақтауЖыл бойыМузей жетекшісіТуысова А.Е.Музей белсенділері


«Ұлы Отан соғысының ардагері Пелипец А.С. өмірі» экспозициясы
7Ұлы Отан соғысының ардагері Пелипец А.С. туралы материалдар жинақтауЖыл бойыМузей жетекшісіТуысова А.Е.Музей белсенділері
8Экспозиция тақырыбына сай тематикалық экскурсиялар жүргізіп отыру2017-2020Музей жетекшісіТуысова А.Е.Музей белсенділері
9 Ұшқыштың гимнастеркасы Жыл бойыМузей жетекшісіТуысова А.Е.Музей белсенділері
10Пелипец А.С. өмірі туралы мәліметтер жинау мақсатында мектеп, аудан кітапханасыналарына саяхат жасау Жыл бойыМузей жетекшісіТуысова А.Е.Музей белсенділері


«Шығыстың қос жұлдызы» экспозициясы

11Ұлы Отан соғысының ардагер қызы М.Мәметова туралы материалдар жинақтауЖыл бойыМузей жетекшісіТуысова А.Е.Музей белсенділері
12Ұлы Отан соғысының ардагер қызы Ә.Молдағұлова туралы материалдар жинақтауЖыл бойыМузей жетекшісіТуысова А.Е.Музей белсенділері
13Мұражай белсенділері «Қос жұлдызға» арналған папкаға фотосуреттер жинақтау2017-2020Музей жетекшісіТуысова А.Е.Музей белсенділері


«Бауыржан Момышұлы» экспозициясы
14Қазақтың қаһарман ұлы – Бауыржан Момышұлы туралы мәліметтер жинақтауЖыл бойыМузей жетекшісіТуысова А.Е.Музей белсенділері
15Мәлім де беймәлім Бауыржан Момышұлы ерліктері туралы мәліметтер жинақтауЖыл бойыМузей жетекшісіТуысова А.Е.Музей белсенділері
16Бауыржан жазған кітаптарға зерттеу жұмыстарын жүргізу2017-2020Музей жетекшісіТуысова А.Е.Музей белсенділері


«Олар Отан үшін шайқасты» экспозициясы
17Бөрлі ауданынан шыққан Ұлы Отан соғысы ардагерлері туралы материалдар жинауЖыл бойыМузей жетекшісіТуысова А.Е.Музей белсенділері
18Тарасенко В.Ф., Ковалев А.Л. өмірі, ерліктері туралы мәліметтер жинауЖыл бойыМузей жетекшісіТуысова А.Е.Музей белсенділері
19Шевцов Г.Г., Волков Ф.Г. өмірі, ерліктері туралы мәліметтер жинауЖыл бойыМузей жетекшісіТуысова А.Е.Музей белсенділері
20Черненко Н.В., Панфилов Д.З. өмірі, ерліктері туралы мәліметтер жинауЖыл бойыМузей жетекшісіТуысова А.Е.Музей белсенділері


«Ұлы Отан соғысының ардагері Арыстанов С.З. өмірі» экспозициясы
21Ұлы Отан соғысының ардагері Арыстанов С.З. өмірі туралы материалдар жинауЖыл бойыМузей жетекшісіТуысова А.Е.Музей белсенділері
22Соғыс ардагерінің жеке қолданған заттары, медальдары, марапаттары туралы деректер жинақтауЖыл бойыМузей жетекшісіТуысова А.Е.Музей белсенділері
23 Ұлы Отан соғысының ардагері Арыстанов С.З. өмірі туралы мұражайда тематикалық экскурсиялар жүргізіп отыруЖыл бойыМузей жетекшісіТуысова А.Е.Музей белсенділері


«Ер есімі ел есінде» экспозициясы
24Ұлы Отан соғысы туралы зерттеу жұмыстарын жүргізу2017-2020Музей жетекшісіТуысова А.Е.Музей белсенділері
25Бөрлі ауданынан шыққан Ұлы Отан соғысы ардагерлері туралы жинақтау жұмыстарын жүргізуЖыл бойыМузей жетекшісіТуысова А.Е.Музей белсенділері
26Ұлы Отан соғысы жылдарына қатысты жәдігерлерді іздеу жұмыстарыЖыл бойыМузей жетекшісіТуысова А.Е.Музей белсенділері
27Фото материалдар жинақтау жұмыстарын жүргізуЖыл бойыМузей жетекшісіТуысова А.Е.Музей белсенділері


«Біздің аудан» экспозициясы
28Бөрлі ауданы туралы материалдар жинақтау жұмыстары2017-2020Музей жетекшісіТуысова А.Е.Музей белсенділері
29Ауданымыздағы ауылдық округтардың тарихы туралы материалдарды жинақтауЖыл бойыМузей жетекшісіТуысова А.Е.Музей белсенділері
30Бөрлі ауданының шығу тарихына, Ақсай қаласының бұрынғы атауына байланысты зерттеу жұмыстарын жүргізуЖыл бойыМузей жетекшісіТуысова А.Е.Музей белсенділері
31Біздің аудан экспозиция бөлімі бойынша тематикалық экскурсиялар жүргізіп отыруЖыл бойыМузей жетекшісіТуысова А.Е.Музей белсенділері


«Біздің облысымыздың мақтаныштары» экспозициясы
32Облыс мақтаныштары А.Бақтыгереева, М.Бисенгалиев туралы матералдар жинақтауЖыл бойыМузей жетекшісіТуысова А.Е.Музей белсенділері
33Облыс мақтаныштары Ж.Молдағалиев, Т.Жароков, Қ.Жұмағалиев туралы матералдар жинақтау

Жыл бойыМузей жетекшісіТуысова А.Е.Музей белсенділері
34Облыс мақтаныштары Д.Нұрпейісова, Қ.Сағырбайұлы туралы матералдар жинақтау

Жыл бойыМузей жетекшісіТуысова А.Е.Музей белсенділері
35Біздің облысымыздың мақтаныштары экспозиция бөлімі бойынша тематикалық экскурсиялар жүргізіп отыруЖыл бойыМузей жетекшісіТуысова А.Е.Музей белсенділері
«Қазақ елінің ежелгі тұрмыс салты»
36Қазақ елінің көне тұрмыс салты жөнінде зерттеу жүргізуЖыл бойыМузей жетекшісіТуысова А.Е.Музей белсенділері
38Қазақ салтының пайдаланған көне аспап – құралдарын жәдігер ретінде жинақтауЖыл бойыМузей жетекшісіТуысова А.Е.Музей белсенділері