Материалдар / Мақала Мектепке дейінгі мекемеде Монтессори технологиясын қолдану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала Мектепке дейінгі мекемеде Монтессори технологиясын қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала Мектепке дейінгі мекемеде Монтессори технологиясын қолдану
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Сәуір 2021
286
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектепке дейінгі тәрбиеде Монтессори технологиясын тиімді қолдану

Павлодар обдысы, Шарбақты ауданы

«Балдәурен» бөбектер бақшасы, тәрбиеші

Жумабекова Гульдена Гарифуллақызы


Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  «Бір  мақсат, бір  мүдде, бір  болашақ»  атты  жолдауында  мектепке  дейінгі  мекемелерге  үлкен  міндет  жүктеді. Ол  «кішкентай  бүлдіршіндердің  дамуына  ықпал  ететін  үздіксіз  білім  берудің алғашқы  сатысы  ретінде  мектепке  дейінгі  балаларға  баса  назар  аударған  жөн»,- деген  болатын. Сондықтанда біз мектебімізде Монтессори әдістемесі бойынша жұмыстар жүргіземіз.

 Монтессори педагогикасы немесе Монтессори жүйесі XX ғасырдың бірінші жартысында итальяндық педагог, ғалым әрі ойшыл  Мария Монтессори тарапынан ұсынылған тәрбиелеу жүйесі. Монтессори әдістемесі әрбір тәрбиеленушіге деген даралы тәсілдемеге негізделген. Бұған сәйкес, балдырғандар мен бүлдіршіндер дидактикалық материалдар мен сабақ ұзақтығын әрдайым өздері таңдай отырып, өзіндік ағым мен бала – ата-ананың көз қуанышы, көңіл жұбанышы. Кез келген ата-ана баласы үшін өмір сүреді деп ойлаймын. Халқымыз «Балалы үй базар» деп тегін айтпаса керек, отбасылық өмірдің мәні мен сәні сәбимен бірге кіреді. Үлкен адамдардың өміріне соншама қуаныш пен шаттық сыйлайтын сәбилер кейде, керісінше, ата-анасының көңіліне уайым мен алаңдаушылық ұялатып жататыны да қоғамымыздағы белгілі жәйт. Туғаннан мүгедектікке душар болған, не есейе келе әртүрлі жағдайдың салдарынан денсаулығына, соның ішінде, жүйке жүйесіне зақым келген балаларды тек ата-анасы емес, мемлекет те бақылауда ұстап, қолынан келген жәр­демін аяп отырған жоқ. Өткен жылғы халық санағының қоры­тындысы бойынша еліміздегі осындай балалардың саны 58 мыңдай екені анықталды, ырғақта дамиды. Соңғы жылдардағы тағы бір жетістігіміз – Монтессори әдіс­теме­сін енгізуіміз. Бізде қазақ тілінде білім беретін мектеп жұмыс істейді. Онда жалпы білім беру, қосымша білім беру бойынша және психо­физиологиялық дамуы тоқтап қалған балаларға арналған бағ­дар­лама бойынша сабақ оқыты­лады. Мектепте 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған меди­циналық және психологиялық негізде адам дамуы туралы білім­дерден құрылған екі Монтессори-педагогика кабинеті жұмыс істейді. Мария Монтессори италиялық дәрігер әйел. Бұл жүйені осыдан 100 жыл бұрын сол ойлап тапқандықтан, соның атымен аталады. Қазіргі кезде Монтессори жүйесін 146 мемлекет қолданады. Бұл жүйе бойынша 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар зейінін, шығармашылық және логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауды, сөйлеуді, елесте­туді, қимылды дамытады. Оның негізгі қағидаты – «оқы, оқы» деп күштеп емес, ойын арқылы оқыту және баламен дербес тіл табысуға негізделген жаттығу­ларды таңдап алу. Мұнда бала дидактикалық материалдар мен сабақ уақытының ұзақтығын өзі таңдайтын болғандықтан оқы­туда ерекшеліктер бар. Сондай-ақ олар өз қателіктерін өздері көріп, соны өздері түзеп отырады. Монтессори әдістемесінің маңызды ерекшелігі – баланың жеке қабі­летін көрсете алатын және көрсеткісі келетін арнайы ортаны құру. Бұл Монтессори ортасы деп аталады. Бұл ортада психоло­гиялық жайлылық, таңдау ерік­тілігі және педагогтің сабырлы адамгершілігі салтанат құрады. Бұл күндері жүйені баяғыдан бері пайдаланып келе жатқан Жапония, Қытай, Сингапур, Германия секілді мемлекеттерде интеллектуалды дамыған адамдардың көптігі осыған байланысты еке­ніне біртіндеп көз жеткізіп келе­міз. Тіпті сол дамыған мемлекеттерде тек жалпылама адамдар емес, ұлттың өзі интеллектуалды ұлт ретінде қалыптасып отыр­ғаны белгілі. Бала жас кезінде жас шыбық сияқты. Қалай исең, солай қарай иіледі. Жақсыға үйретсең, жақсылап үйретсең тез қабылдайды. Осы тұрғыдан келгенде Монтессори әдіс­те­месінің біздің орталыққа енуі жақсы бастама деп ойлаймын. Бұл ауру балаларға қолданғанда «Монтессори терапия» деп аталады. Монтессори технологиясын қолданудың әдіс-тәсілдері.


Мария Мантессори -1870 жылы 31тамыз айында дүниеге келген.

Итальяндық педагок,әрі ғалым.Ол балаларды еркін тәрбилеу идеясын жасап, өмірге енгізді.1896ж Рим Университетінің медициналық факультетін бітіргеннен кейін М.Монтессори Италиядағы әйелдерден шыққан бірінші медицина докторы болып табылады.

Университеттің емханасында ақыл-ойы артта қалған балаларға бақылау жасап көрді. 1900ж Марияның өзі дамуында ауытқушылықтар бар балаларға арналған Еуропадағы бірінші оқу орнына басшылық етті. Оның кішкентай емделушілері нашар сөйлегендіктен, ол саусақтардың ұсақ моторикаларын жаттықтыру арқылы сөйлеуді дамытатын арнайы жаттығулар және балалардың өзіндік сенсорлық тәжірибе негізінде қоршаған ортаны зерттей алатын арнайы құралдар және ойындар әзірледі. Сөйтіп, Монтессори өзінің бірегей дидактикалық құралдарын әзірлей бастады.

Бірқатар уақыт өткеннен кейін оның тәрбиеленушілері оқу, жазу және есептеуді кәдімгі мектептегі өздерінің құрдастарынан бұрын үйренді.

1909ж бастап М.Монтессори жүйесі өмірге белсенді түрде енгізіле бастады. Түрлі елдердің педагогтары үшін курстар ашылды.1910ж әлемнің көптеген тілдеріне аударылған «Монтессори әдісі» атты кітап жарық көрді.

1929ж Мария Монтессори қазіргі кезде де жұмыс істеп жатқан халықаралық Монтессори Ассоциациясының (АМІ) негізін салды. Италиядағы фащистік тәртіп кезеңінде Марияның елден кетуіне тура келді. Ол Еуропаға 76 жасында қайтып келді. Көптеген еңбектерін шығарды, оқу курстарын жүргізді, психологиялық еңбектер жазды.1950ж оған Амстердам университетінің профессоры атағы, докторлық құрметті дәрежесі берілді.

Бұл әдіс бойынша 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар зейінін, шығармашылық және логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауды, сөйлеуді, елестетуді, қимылды дамытады. Монтессори әдісінің негізгі қағидасы- «оқы, оқы» деп күштеп емес, ойын арқылы оқыту және баламен дербес тіл табысуға негізделген жаттығуларды таңдап алу. Мұнда бала дидактикалық материалдар мен сабақ уақытының ұзақтығын өзі таңдайтын болғандықтан оқытуда ерекшеліктер бар. Сондай-ақ,олар өз қателіктерін өздері көріп,соны өздері түзеп отырады.Монтессори бөлмесінде «Барлығымен еркін айналыс, бірақ басқаларға кедергі жасама» деген ереже үнемі сақталады.

Бүгінде осы әдіспен жұмыс істейтін балабақшалар көптеп ашылып жатыр. Балабақшадағы ұстаздар міндетті түрде дайындық курсынан өтеді.Монтессори әдісінде сыныптық сабақ системасы жоқ, мектеп партасының орнына жеңіл қозғалатын столдар мен отырғыштар, кілемшелер қолданылады. Монтессори ұстаз баланың өз бетімен жұмыс жасауын қадағалайды.Монтессори әдісі үш негізгі бөлімнен тұрады: бала, қоршаған орта, ұстаз.

Монтессори әдісінің мақсаты:

балаларды еркін тәрбиелеп, өмірге бейімдеу;

өмірде өз мақсаты бар тұлға қалыптастыру;

балалардың өзінің үйреніп, өзін дамытуына жаңа мүмкіндіктер беру.


Монтессори ұстазының міндеті:

балаға өз жұмысын басқаруға көмектесу; негізгі түстерді айыра білуге үйрету; ұсақ моториканы дамыту; алғашқы математикалық, ғарыштық түсініктерді қалыптастыру; зейінін тұрақтандыру; тәртіпке үйрету;


Монтессори бөлмесі 5 аймаққа бөлінген:


1.Сенсорлық аймақ.


2.Математика-лық аймақ

3.Күнделікті өмір жаттығулары аймағы

4.Тілдік аймақ.

5.Ғарыштық

аймақ.





Ерте жастағы балаларды сенсорикаға тәрбиелеу.

Мақсаты:

Сенсорикалық тәрбие қоршаған ортаны толық қалыптастыруға бағытталған. Балаларды сенсорикалық жағынан дамыту үшін, бірнеше ұстаным бар.Заттардың көлемі,қалыбы,түсімен таныстыру.Тілдің дыбыстық саралауын жүзеге асырып ән-күйлік естумен қабылдауды қалыптастыру.Сенсорикалық қимылмен балаларды іс-әрекеттерін үйрету.Қоршаған ортамен байланысты сенсорика бойынша жалпылауға үйрету.Заттардың сапасы мен мәндері туралы түсініктерін қалыптастыру

Сенсорика жайлы түсінік!

Сенсорика латындармен аудармада сезім мүшелері арқылы орындайтын қабылдауды білдіреді.Психологияларда және физиология сенсорикалық сезінулердегі мәлеметті білдіреді.Сенсорика-функциялардың бірі,сезгіштік пен қатар қоршаған орта туралы мәлеметті қабылдауының әдісінің бірі болып табылады.Мысалы:көрермен,акустикалық иіс сезу және әрі қарай организмның сенсорлық жүйелердің бір белгісі болады.Сенсорика К.Г.Юнга типологияларда “сезіну”деп аталады.Сенсориканың айырмашылық ерекшелігі бұл функцияны позицияларымен әлеммен өзара әрекеттесуі.Сенсорика әлемі-бұл сезімдері органдары арқылы қоршаған ортаның заттарымен,пішінімен,түсімен қолдануға болады.Сенсорикада саусақ маторикасы жұмыс істейді.


Қызғылт мұнара.

Мақсаты:Көлемі әртүрлі кесектерден мұнара тұрғызу.

Жанама мақсаты: Көлемді көру арқылы қабылдауды дамыту.Үлкен-кіші деген ұғымдарды енгізу.

Бала маманның көмегімен мұнараны тұрғызып шықты.



Шу қорапшалары.


Көк және қызыл қақпақты екі ағаш қорапша,оның әр біреуінде 6 цилиндрдан құралған, қағып-соғу кезінде дыбыс шығарады.





Суды бір ыдыстан екінші ыдысқа құю

Керекті құралдар: поднос,шүберек,лейка

Мақсаты:Қозғалыс жүйесін дамыту,қоршаған әлем ішінде тепетендікті

сақтауға үйрету. Жас мөлшері 3жастағы балалар. Материалмен жұмыс жасау жолдары: лейка суға толтырылады.Мұғалім лейканы қолына алып

жоғары көтереді.Ыдысқа суды құяды. Лейканы қай

тадан үстел үстінеқойып,ыдыстағы суды қайтадан лейкаға құйды.Төгіліп қалған суды сүртіп отыру қажет.



Геометриялық комод

6 тартпалы подностармен ағаш комод және рама - қосымша тиісті стандартталған беттер


Демонстрациялық стенд

Рамамен ағаш поднос және үш геометриялық фигуралар: шеңбер, шаршы, үшбұрыш

Мата мен жәшiк

Ағаш жәшіктегі мата үлгілері(Маталардың жұптары ) зығыр, мақта, жiбек, терi, жүн, жасанды терi. Сипап сезу сезiмiн дамыту үшiн.





Конструктивтiк үшбұрыштар



5 ағаш жәшік: 2 тiк төртбұрышты, 1 үшбұрыштық, 1 үлкен алты бұрышты және 1 кiшкентай алты бұрышты жәшiк.



Заттарды тасымалдауға үйрену және қимыл-қозғалысты үйлестіру.

Монтессори бөлмесінде еркін жүріп, қандай аймаққа баратындары өз еріктерінде екенін сезінді.

М. Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауына, топта да, жеке де жұмыс жасай алуына, таңдау жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады.

Бұл әдістің мақсаты - балалардың табиғи мінезін, қабілетін, тәрбиешінің нұсқауымен емес, өз еркімен тәуелсіздік рухында тәрбиелеу.»Өзімнің жасауыма мүмкіндік бер»дейді мұндағы бала. Балаларға дауыстап сөйлеу бұл әдісте мүлдем жоқ. Ұйымдастырушысы балаларға әр сала жайлы қызықтыра мағлұмат береді. Балалардың жас ерекшеліктері әр түрлі, 3пен 6 жас бірге өз қалауларымен жұмыс жасайды. Бұл жастың қабілетін ашуға, үлкеннің кішіге мейірім, қамқорлығын сезінуге мүмкіндік берері сөзсіз. Қай салада жұмыс жасау бала қалауында: зертханада, жаратылыстану, аспан әлемі, асхана, қолөнер, бейнелеу, сумен, т. б. Еркін жұмыс жасау барысында жетістігін өзі көріп, қатесін де өзі жөндеуі - ішкі дүниесін тәртіпке баулып, жеке адамгершілік қасиеттерін дамытады деп ойлаймын. Пайдаланған заттардың ең басында қалай тұрғанын бақылаған бала жұмыс аяғында тап солай жинастырып, тазартып қояды.

Қолданылған әдебиеттер:



1. Е. Абенов «Сарыарқа самалы» газеті- №24 - 30 тамыз, 2015

2. Е. Хилтунин «Упражнения с Монтессори – материалом», Учебник,2003,032 бет

3. Сумнителная С.Ш «Мне сделать это самому?»,// Методист-2005, 20-бет

4. Мария Монтессори «Помоги мне сделать это самаму», Алматы, «Мектеп»-2009,25 бет

5. Мария Монтессори: «Дом ребенка», Методист-2008, 4-5 бет















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!