Материалдар / Мақала-Ойлау белсенділіктерін дамытуға негізгі құрал ретінде ойындарды қолдану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала-Ойлау белсенділіктерін дамытуға негізгі құрал ретінде ойындарды қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйымның дене шынықтыру нұсқаушыларына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Ақпан 2021
311
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Саматова К.Т.

Нұр-Сұлтан қаласы

41 «Балдырған» балабақшасы

дене шынықтыру нұсқаушысы


Ойлау белсенділіктерін дамытуға негізгі құрал

ретінде ойындарды қолдану

  • Баланың қимыл-қозғалыс әрекеттерін арттырып, денсаулығын нығайту.

  • Өз бетінше қозғалуын дамыту, жылдамдығын, ептілігін, үйлесімділігін т.б. дамыту.

  • Ойындар арқылы адамгершілікке, ұлт жандылыққа тәрбиелеу.

  • Бала бойындағы дене күшінің сапалық қасиеттерін дамытып жетілдірумен қатар, оның мінез-құлқы мен адамгершілік қабілеттерін ойындарды пайдалану арқылы қалыптастыру.

Мектепке дейінгі тәрбиеде типтік баланың дамыту және оқыту бағдарламасы бар. Бағдарламаның «Дене тәрбиесі» бөлімінде мектеп жасына дейінгі балаларды дене жағынан тәрбиелеудегі жұмыстар әр түрлі формада ойындар, ойын-сауықтар, сабақтар арқылы іске асырылады. Сабақты ойын түрінде жүргізу мектепалды жастағы балалардың жалпы дене дамуы және дене шынықтыру қабілеттерін арттырады. Сабақтарымдағы қолданылатын ойындарды, жаттығуларды іріктегенде мына тәртіпті сақтаймын: бала денесінің тек бір ғана бұлшық етіне ғана емес ойындарды, жаттығуларды таңдаймын, себебі ол баланың тез шаршап жалығып кетуіне әкеліп соқтырады. Сол үшін бала жалықпайтындай етіп, бала денесінің әрбір бұлшық еттеріне сәйкес ойын-жаттығулар алып оларды түрін тез ауыстырып отырамын.

Менің алдыма қойған міндеттерім осы үрдісті қолданып сабақта

төмендегі мақсатта өткіземін:

1.Баланың қимыл-қозғалыс әрекеттерін арттырып, денсаулығын нығайту.

2.Денсаулықты сақтауда қалыптастыра дамыту, яғни баланың жылдамдығын, ептілігін, үйлесімділігін және т.б. дамыту.

3.Баланың өз бетінше қозғалуын дамыту, өздігінен жаттығуды орындағанда сурет-схеманы пайдалануға үйрету.

4.Баланың көру зейінін, бақылаушылық, елес, үйлесімділік бағдар әрекеттеріне белсенділік таныту.

Ойындар өткізу арқылы балалардың белсенділігін арттыру, бұл ақыл-ойдың, мидың қабылдау процесіне де көп әсер етеді. Ұлттық ойындарды сабақта үзбей өткізу арқылы балаларға қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрпын жоғалтпай оны әрі қарай дамыту. Өз ұлтына деген сүйіспеншілікке жас кезінен баулып, оны құрметтеуге тәрбиелеу. Ойын-жаттығу барысында секіру, еңбектеу әдіс-тәсілдерін үйрету. Оларды жаттығу арқылы әрі қарай дамыту секіру жаттығуларын жасағанда, қолды бір қалыпты сермеуге, аяқтың ұшына түсуге қалыптастыру; кедергілер арасынан төрт тағандап өткен кезде бастарын тізеге тақау ұстауларын қадағалау. Дене шынықтыру сабағында балаларға жаттығулар, ойындар арқылы математикалық ұғымын кеңейту. Заттардың пішінін /үлкен, орташа, кіші/ және түр-түстерін айыра білуге, 3-ке дейін санау арқылы секіру жаттығуында пайдалану. /Мысалы, 3 таяқшадан немесе 3 кеглиден аттап секіру т.б./ Қимылды ойын-жаттығулар жасаған кезінде бейнелі кейіпті имитациялау мен әр түрлі жануарлар, құстардың қимылдарын қолдану.

Дене тәрбиесінің мұғалімі бір сабақта өзінің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық әлуеттілігімен балаларды ұйымдастыруда әр түрлі тәсілдерді бірге қосып пайдалануына болады.

ОЙЫНДАРДЫҢ ПАЙДАСЫ

  • Балалар бір-біріне деген жылы қарым-қатынасқа бейімделеді.

  • Өз ойларын нақты сөздермен жеткізе білуді үйренеді.

  • Баланың талабын ашуға пайдалы.

  • Дені сау, шымыр болып өсуіне септігін тигізеді.

СОҚЫР ТЕКЕ ОЙЫНЫ

Шарты: «Тентек текені» ортаға шығарып, көзін таңа бастағанда, ол былай деп әндетеді:
Қараңғыда көзім жоқ,                          
Маған жақын келіңдер,
Тиіп кетсем сөзім жоқ,                         
Бір қыз ұстап беріңдер!..
Көзі байланған «Соқыр текені» айнала қоршап тұрғандар мазақтап:
Соқыр, соқыр, соқырақ,                       
Тотияйын салайын,
Оң көзіңе топырақ,                               
Ал, ұстап көр, батырым,
Топырағын алайын,                              
Міне, келе жатырмын!
деп өлеңді айтып болысымен әр жаққа қашады, ал «Соқыр теке» олардың бірін ұстауға тырысады. Ұстаған баласы оның орнына тұрады, сөйтіп, ойын жалғаса береді.

Балалардың белсенділік қимылын көтеретін ойын-тапсырмалар болады, олар балалармен жеке, немесе бір уақытта барлық топ балаларымен бірге өткізіледі: «Кім тезірек шарикті ракеткаға жеткізеді?», «Кімнің ұрғаны алыс ұшады?» және т.б.

Көбінесе балалардың белсенділік қимылы олардың ойлау қабілетіне және командадағы өзара қимыл іс-әрекетіне байланысты. Сондықтан да ойын-эстафеталарының ережелері осындай болуға тиісті келесі:

---Бір-бірін қумауға;

---Егер қимыл-қозғалыс кезінде допты жоғалтып алса, тұрып қалу-басқаларға кедергі жасамау;

---Қимыл-қозғалыс кезінде жолдасын жоғалтып алмау, «шынжырды» үзбеу /егер эстафетада балалар бір-бірінің қолынан, иығынан, белінен ұстаса/. Осы ойын элементін орындау техникасында негізгіні бұл түсіндіреді, қимыл тәсілінен айырылған балаларға доппен, валон және ракеткамен қимыл жасағанда, олардың белсенділігін белгілі дәрежеде төмен түсіреді.

Әр балаға даму деңгейі анықталған тиісті диапазон бар, оның ортасында жақсы көрсеткіші бар, соңында-төмен көрсеткіші бар балалар кездеседі. Ойын жағдайында физикалық күшінің бір қалыпты болуы аз. Себебі, мүмкіндігі шектеулі ойынның «Физикалық құнын» зерттеу барысында бағдарламаға енгізіліп көрсетілгендей энергия көлемі болатын сабақтар, баскетбол, футбол т.б.

Қимылды-қозғалыс ойынынан кейін кішкене демалыс жаттығуларын өткізіп аламын.

Мысалы:

Мектепке дейінгі бөлімнің дене шынықтыру тәрбиесінде спорттық ойындар мен жаттығуларды қолдану қажет екенін көптеген мамандық иелері белгілеген. Соның ішінде 5-7 жастағы балаларға топтағы жалпы физикалық дайындыққа қатысу, спорт мектебіне, спорт түрінің сабақтарына, қимыл іс-әрекет техникасын және координациясын дамыту ұсынылады. Маман иелері балалардың қимыл әрекетінде қажетті гармоникалық дамуы әртүрлі құралдарды қолдану жолын, жеңілдікті қалыптастыру, жылдам қимыл жасауға, ептілігін және топтың бөлек күш көрсеткіштерін көрсеткен. Балалардан жылдамдық, шапшаңдық және қимылды дұрыс орындау дәлдігі талап етіледі. Ойында спорт элементтерінің «кеңістік сезімі», «уақыт сезімі», «күш көрсеткіш сезімі» қалыптастырылады.

Шапшаңдық белсенділігі бұлшық ет күшіне байланысты. Мақсатты ойынның спорт элементтерін қолдануда дененің салмақ, күрес элементінің қимылы, жүкті көтеру барысында баланың шапшаңдығы дамиды. Ойын тапсырмаларында қолдану допты кегли арасынан жіңішке жолмен өткізу сияқты түрлерін, қоршауға допты лақтыру немесе тастауды әртүрлі қашықтықта /2-3 м/, доппен қимыл жасағанда жұппен ойнау, допты алғанда көзді жұмып алу-мұнда баланың қабылдауы дамиды.

Көбінесе ойын жаттығулары қайталанады және бекітіледі. Күнделікті динамикалық сағатта, тәрбиешімен серуенде өткізілген, сондай-ақ балалармен жеке жұмыс өткізгенде, балаларға спорттық ойын элементтерін қолдану үшін жеке қимыл іс-әрекет үстінде шарттар қойылады.

Қоғамдық тәрбиенің жалпы жүйесінде мектеп жасына дейінгі баланы дене жағынан тәрбиелеу ерекше орын алады.

Мықты денсаулықтың, дененің дұрыс жетілуінің, жоғары жұмыс қабілетінің негізі нақ осы мектеп жасына дейінгі балалық шақта қаланады, қозғалыс қызметінің қалыптасуы, сондай-ақ дене қасиеттерінің бастапқы тәрбиесі де осы жылдарда өтеді. Дені сау, ішкі дүниесі кең адам-бақытты адам, ол өзін өте жақсы сезінеді, істеген ісінен, жұмысынан ләззат алады, өзін-өзі одан әрі жетілдіруге, дамыта түсуге тырысады, жан дүниесінің сұлулығын аша біледі.

Баланың дене жағынан қалыптасуы оның интеллектуалдық және моральдық жетілуімен, барлық психикалық функцияларының дамуымен тығыз байланысты.

Мұндай өмір жағдайларының әсері мен тәрбие шешуші рөл атқарады. Өмірді қорғау мен денсаулықты нығайту, бала организмінің қызметін жетілдіру, оның денені дұрыс жетілдірудегі ықпалы, жұмыс қабілетін арттыру дене жағынан тәрбиелеудегі ең басты міндеттері болып табылады.

Бұл міндеттердің маңыздылығы мынада: органдар мен жүйелердің тез өсуіне және дамуына қарамастан, олардың қызметі де жетілмеген, организімнің қорғаныс қабілеті нашар қалыптасқан кішкентай балалар сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне тез ұшырайды. Сондықтан сүйек жүйелері мен байланыс буын аппаратының дұрыс әрі мерзімімен жетілуіне, бел омыртқаның физиологиялық иіндерінің қалыптасуына, табан дөңестерінің дұрыс жетілуіне ықпал жасау қажет. Барлық бұлшық ет топтарын. әсіресе жиырмалы бұлшық еттерді қатайту, жүрек қан тамыр жүйесінің жетілуіне, оның әр түрлі және тез өзгеріп тұратын ауыртпалықтарға бейімделу мүмкіндіктерін арттыру, тыныс алу мускулатурасын қатайту, тыныс алудың тереңдігі мен ырғақтылығына, тыныс алуды қозғалыспен үйлестіру шеберлігін дамытуға мүмкіндік жасау, нерв жүйелері мен сезім органдарының дамуына көмектесу қажет.

Басты міндет, балалардың қозғалыстарын жетілдіру, қимылдық дағдыларын және дененің икемділік, шапшаңдық, күштілік, төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.

Мектеп жасына дейінгі балаларды дене жағынан тәрбиелеудегі жұмыстың мәнді жағы –тұлғаны дұрыс қалыптастыру.

Сонымен қатар балаларға тұрмыста және дене тәрбиесі сабақтарында қажетті жеке және қоғамдық гигиена дағдыларын дамыту қажет.

Дене тәрбиесі балаларды ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және белсенді болуларына ықпал етуі тиіс.

Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде дене тәрбиесінің мазмұны мына құралдардан тұрады: дене жаттығулары, табиғаттың сауықтырушылық күші, гигиеналық және әлеуметтік-тұрмыстық факторлар.

Дене жаттығуы-дене тәрбиесінің негізгі және ерекше құралы, ол педагогтың арнайы іріктеп алған, әдістемелік дұрыс ұйымдастырылған және басқаруға болатын қозғалыс пен қозғалыс қызметінің күрделі түрлерін қамтиды. Дене жаттығуы еркіндік /саналы/ сипаттағы белсенді қимыл әрекеттеріне негізделген. Дене жаттығуы баланың жан-жақты жетілуіне ықпал етеді.

АЯҚТЫҢ БАШПАЙЛАРЫМЕН СУРЕТ САЛУ

Әр сабақтың соңына қарай балалар гимнастикалық орындықтарға отырып, носкилерін шешіп, аяқтың башпайларымен сурет салады. Бірінші оң аяғының башпайларымен, сонан соң сол аяқтарының башпайларымен. Қарапайым тапсырмалар беріледі: түзу сызықтар, үзік сызықтар және шатасқан сызықтар. Балаларға дөңгелекке ұқсас фигуралар суретін салу өте қиын болады.

Аяқпен салған суретті суретшінің шеберлігі деп айтуға болмайды. Бірақ балалардың алдында басқа міндет тұр. Майтабанды және аяқтың башпайларын қалыптастыру. Оларға жіңішке және қиын қимыл-қозғалыстарды орындауға міндеттеу. Психологтар бұл жаттығуды мидың тамырларының дамуы үшін өте пайдалы деп бекіткен. Қытай дәрігерлері адам бойындағы барлық аурулардың себептері адамның өкшесінде деп дәлелдеген. Башпаймен сурет салып көрген адамдар қарапайым үлгіде бейнеленген әріпті бірден және өмір бойы есте сақтайды.

Дене тәрбиесі деген сөз дене мәдениеті деген ұғымды білдіреді. Бұл өз денеңнің жақсы өсіп-жетілуіне мәдениетті түрде қарай біл, денең дұрыс өсіп-жетілсе, ол ойлаған арман-тілектеріңнің орындалуына да көп көмегін тигізеді деп сену керек.

Дене тәрбиесі пәні, ең алдымен, дене шынықтыру жаттығуларының пайдасы және онымен айналысудың тиімді жолдары туралы білім береді. Дене жыттығуларымен жүйелі түрде шұғылдану адамды сергек етіп, өмірге, жақсылыққа деген қызығушылығын оятады.

Өз денсаулығы және өзінің қауіпсіздігі туралы, жасы мен кәсібіне қарамастан, әркім жас кезінен бастап ойлануы керек.

Адамға қажетті ең басты байлық-денсаулық. Салауатты өмір салты ережелерін ұстану адамның өмір жасын ұзартып, денсаулығының бұзылуынан сақтайды.

Сондықтан да барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы туралы Республика Президентінің халыққа Жолдауы осы міндеттерді шешуге бағыттайды. Онда бүгінгі кезеңнің міндеттерінен өзге біздің ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтыны, сонымен бірге жастар алдындағы жауапкершілік туралы да айтылған. Қазақстанның болашағы-қазіргі жеткіншек жастардың денсаулықтарына, оны нығайту ісіне айрықша назар аударылып, салауатты өмір салтын тұрмысқа толық енгізу көзделген. Салауатты өмір салтының бір белгісі әрбір адамның дене тәрбиесімен жүйелі түрде айналысуы болып табылады.

Күштілік, төзімділік, жылдамдық, икемділік, сергектік, өмірге деген құштарлық, мықты денсаулық тәрізді сапалы қасиеттер дене шынықтыру мен спорт арқылы орнығып, қалыптасады. Спортшы болу балалардың барлығына бірдей мақсат болмас, бірақ дені сау, қоғамымызға пайдалы азамат болып өсу-бәріміздің парызымыз.


















Әдебиеттер:

1. «Казахские детские игры» кітабы авторы: Молдагаринов Аскар

Алма-Ата «Жалын» 1987 г.

2. «Қазақстанмектебі» журналы № 9-10 2005 ж.

3. «Қазақтыңұлттықойындары» кітабы авторы: БазарбекТөтенаев

Алматы «Қайнар» баспасы 1994 ж.

4. «Шынашақ» кітабы. Құрастырушылар – М. Әлімбаев, Қ. Баянбаев.

Алматы «Балауса» 1992 ж.

5.Э.Тлеулов. Дене тәрбиесі. Спорт ілімі мен әдістемесі. Алматы 1994ж.

Т.Қ.Ағабылұлы «Салауатты өмір салты- уақыт талабы» Валелогия. Дене тәрбиесі. Спорт – 2006ж.

































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!