400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

МАҚАЛА "Отбасы тәрбиесі-қоғамның негізгі бастауы

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыға отбасы туралы айту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Отбасы тәрбиесі-қоғам негізінің бастауы


Отбасы – адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын - тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі. Бала өсіп өне келе, тәлім-тәрбие алуға мектеп табалдырығын аттайды. Мектеп пен ата-ана арасында тығыз байланыс орнайды.

Биылғы жылдың 25-30-қаңтар аралығында Береке негізгі мектебінде «Отбасы тәрбиесі – тұрақты қоғам дамуының факторы» атты ата-аналар апталығы аясында жоспарлы іс-шаралар ұйымдастырылды.

Апта бойына ата-аналарға ашық есік күндері жарияланды. Бұл күндері әр сыныпқа оқушылардың аналары қатысып, балаларының оқу қабілетімен танысып, пән мұғалімдерімен пікір алмасты. Олар: 7-сыныпқа география пәніне және қазақ әдебиетіне Ғалия Жардемова, орыс тілі сабағына Таханова Зарягүл, 9-сыныпқа сынып сағатына және география сабағына Ережепова Гүлмира, 5-сыныпқа қазақ тіліне, информатика, математика пәндеріне Құспанғалиева Гүлфайруз, Жәрдемова Ақмарал, 6-сыныпқа ағылшын тілі мен математика пәндеріне Ақмарал Разылқызы сабаққа қатысқан болатын.

Әрбір отбасындағы басты құндылық – бала тәрбиесі. Сол бала тәрбиесінің ішіндегі ең маңыздысы да, жауаптысы да –  қыз бала тәрбиесі. Өйткені бүгінгі қыз – ұлтымыздың ертеңгі болашағы. Қыздар саналы да тәрбиелі болып өссе, терең білім алса, біздің де өрелі міндет  биігінен көрінеріміз анық. Осы орайда 29 қаңтар күні 7-8-сынып аралығында Ш.Қаленова мен С.Шихиеваның ұйымдастыруымен «Ұлдан ұлағат, қыздан инабат» тақырыбында пікірталас өтті. Пікірталасқа оқушылар мен ата-аналар Мариям Нысанбаева, Көшенова Лаура, Қазбаева Болған, Серікова Айнагүл, Алтын Ғайнуллиналар қатысты.

28 қаңтар күні 5-6-сыныптар арасында Г.Мұқанова, Д.Есалиева мен А.Баймұхановалардың жетекшілігімен «Санаңды сақта, жас ұрпақ!» атты дөңгелек үстел өткізілген болатын. Дөңгелек үстелге мектеп директоры Л.Бахитова, Мекке Мединеге екі рет қажылыққа барған ауылымызға сыйлы ақсақал Төлеген Ізмағамбет қажы мен жұбайы Жанғуатова Ырысты қажы, мектепте 4 немересі оқитын Ұмсын әжей, 6 немересі мектеп қабырғасында оқитын Тисимов Елеусін ата, әкелер қоғамының мүшесі Бахтияр Қабдешев, дінтану пәнінің мұғалімі Р.Шұғайыпова, мектеп психологы М.Оринбасаровалар пікір алмасқан болатын. Дөңгелек үстел барысында Төлеген Ізмағамбет қажы имандылық сөзінің мән-мағынасы туралы, отбасы апталығын  мерекелеу қоғамда имандылықты және руханилықты нығайтуға негізделгені туралы айтты. Отбасының  қасиетті ұғым, сыйластық пен жарастық орнаған қымбат орта, бала тәрбиесіндегі ең алғашқы ұжым екендігіне тоқталып, отбасындағы бала тәрбиесі туралы орнықты ойларын ортаға салды. Оқушыларға имандылық бастауы отбасы тәрбиесінен басталатындығын, бала тәрбиесіндегі ата мен әженің, әке мен ананың алатын рөлі, адами қадір-қасиеттердің құндылығы жөнінде сөз қозғады.

Ырысты қажы өз сөзінде отбасының бала тәрбиесі мен оның дамуындағы роліне тоқтала келе: «Қазақ қашанда қыз баланы ұлттың ұяты, халықтың шырайы деп санаған. Ұлтымыздың жарқын болашағы солардың қолында деп есептеген. Оларды әдемілік пен әдептіліктің, сұлулық пен іңкәрліктің символы деп есептеген. Сондықтан да әрбір отбасының гүлі боп отырған кішкентай қыз, ертең басқа бір отбасының тірегі, ұлттың болашағы болмақ» -деді. Әрбір қыз бала  «Арыңды жастан сақта» - деген бабалар өсиетін берік ұстап, қыздарға тәлімді-тәрбиелі болып өсуі керектігін ескертті.

30 қаңтар күні 9-сыныпта Р.Шұғайыпова «Әке деген – биік шыңы адамның» атты конференция өткізді. Конференцияға ата-аналар: Ережепова Гүлмира, Абдікаримова Болғанай, Алтын Ғайнуллиналар қатысты. Шарада оқушылар өз шығармашылығынан әкелерге арналған әке мен бала арасындағы шынайы махабатты ашық хат түрінде арнау тілектерін, ой толғауларын ортаға салды. Ата-аналары да оқушыларға «бір үзік сыр» ретінде өз әкелері туралы естеліктерімен ой бөлісті.

29 қаңтар күні «Менің отбасымның бағы – елімнің мәртебесі» атты жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып, ата-аналарға «Қыз бала тәрбиесі» және «Мектептегі білімнің берілуі» жөнінде саулнама үлестірілді. Мақсаты – ата-аналардың мектеп біліміне деген көзқарасы өз балаларына деген сенімі және пән мұғалімдерімен байланысының қандай деңгейде екенін байқау. Сауалнамалар 10 сұрақтан тұрды. Барлық сұрақтарға ата-аналар ашық, өз ойларын бүкпесіз көрсетіп, жауап берген. Сауалнама қорытындысында ата-ананың 80%-ы оқушылардың сапалы білім алуы ата-ананың баланың сабағын үнемі қадағалауына байланысты екенін, баласының жақсы оқитынына сенім білдіре алатынын, мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасы жұмсақ, жайлы, достық қатынаста болса деп көрсеткен. Сынып жетекшімен баласы туралы жиі пікір алмасып отыратындықтарын, мектептегі білімге көңілдері толатындығын, сонымен қатар, ата-ана мектеппен тығыз байланыста болу керек екенін айқындап берді.

Ұйымдастырылған апталық оң нәтиже беріп, тақырып аясында оқушылар мен ата-аналар, мұғалімдер өзара тығыз байланыста болып, көкейде мазалаған сұрақтарына жауап алып, сұхбаттасып, пікірлескен болатын.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
04.06.2020
642
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі