Материалдар / Мақала: "Өзгені тану үшін -өзіңді таны"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала: "Өзгені тану үшін -өзіңді таны"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Өзгені тану үшін -өзіңді таны" деп аталатын мақала мектепте жүргізілетін өзін -өзі тану пәнінің аясында жазылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
879
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

С ейтхожаева Халия Орынбайқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

372 бастауыш мектебі

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Өзгені тану үшін өзіңді-өзің таны


«Күллі ғажаптың ішіндегі ең тамашасы –жақсы тәрбиеленген адам»

Әпик

«Жас бала – жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді»,-дейді халқымыз. Жерге отырғызған жас көшеттер қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді қажет етеді. Тәрбие кездейсоқ оқиға емес, ол қоғамның пайда болуына тән қасиет. Тәрбие - жеке тұлғаның санасына, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал. Тәрбие халықтың ғасырлар бойы жинақтап,іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым-қатынасын, өмірге көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру құралы. Ұлы ғұлама Әл-Фарабидің сөзімен айтар болсақ: «Тәрбиелеу – халықтар бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту болып табылады». Ал адам баласының бойына осы айтылған ізгіліктерді дарыту «өзін-өзі тану» пәні арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да «өзін-өзі тану» пәнінің мақсаты- біріншіден, қоғам үшін саналы, белсенді, ізгіленген, іскер азаматты қалыптастыру болса, екіншіден, жеке адам үшін оны өмір сүре білуге, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасай білуге үйрету болып табылады.

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімінің түп тамыры тереңде жатыр. Ол – халқымыздың ұлттық құндылықтарынан, рухани мұраларынан, ділінен, тағлымдық ой-толғауларынан бастау алады. Өзін-өзі таныған, өмірдің мәнін түсінген адам, өзін-өзі қадағалап, сынап, өзін-өзі тәрбиелеуге, өмірден өз орнын, өз бақытын табуға ұмтылады. Өзін-өзі тану – адамның шындықты өзінше түсіну жағынан қарастыратын ілім, ол өз бойындағы бірегейлікке сәйкес келетін өзінің жеке құндылықтары жүйесін жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесімен ықпалдастыруға бағытталған. «Халықтан асқан ұлы ұстаз жоқ» дейтін болсақ, ұлттық рухани мұралар – ұрпақтың рухани-адамгершілік азығын жетілдіретін негізгі өзегі болмақ. Рухани байлыққа апаратын жолдың бірі – білім, екіншісі – сол білімді пайдаға асыру. Адам алғаш білімнің құндылығына сүйене отырып, өз ортасын жақсы жағынан өзгертуге әрекет жасайды. Өйткені рухани жетілудің шыңына көтерілген адам өмірдің мәні мен мағынасын жай ғана түсініп қоймай, жер бетінде ізгілік орнатуға күш салады. Бүгінгі жас ұрпақты оқытып қана қою аз, оны жан-жақты дамыту, жаңаша дағдыларға тәрбиелеу қажет. Әлемдік даму, ғылыми технология адамның ұшқыр ойлы, терең білімді, озық тәрбиелі болуын талап етеді. Сондықтан рухани-адамгершілік тұрғысынан білім беру әр тұлғаның азаматтық келбетінің жоғары болып, олардың кез келген ортада белсенділік көрсете алатын қабілеттерін жетілдіруді көздейді.

Осыларды ескере отырып, еліміздің мектептерінде 2001 жылдан бері «Өзін-өзі тану» бағдарламасы саралаудан өткізіліп, оқу жүйесіне енгізіліп келе жатқан болса, 2010-2011 оқу жылынан бастап бұл пән жалпы білім беретін мекемелердің барлығына жаппай енгізілді.

«Өзін-өзі тану» пәні жастардың бойында махаббат, адамгершілік, мейірімділік сияқты жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастырады, оларды рухани адамгершіліктің нәрімен сусындатады. Өзін-өзі тану – адамның өзіне терең мән берудің алғашқы қадамы. Ойшыл Сократ: «Өзгені тану үшін өзіңді-өзің таны» деген болатын, қазіргі біздің «Өзін-өзі тану» пәні Сократ ілімінің үйлесімді жалғасы іспеттес.

Бұл пән жобасының авторы Сара Алпысқызы атап өткендей, «Әр баланың қабілетін ашуы, өзіне жол табуы, өзінің күш-жігеріне сенуі өзінің өмірдегі орнын анықтау үшін өте маңызды! Әлемде махаббат пен мейірімділік аурасын жасай отырып, қарапайымдылық пен махаббат жүректен жүрекке жетуі тиіс», яғни әрбір баланың, ата-ананың жүрегіне жылылық нұрын ұялатуда әрқайсымыздың орнымыз ерекше.

Оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкес өзін-өзі тануға, өзін дамытуға бағытталған жұмыстар мектепте ғана емес, отбасында да ата-аналардың көмегімен жалғасын тауып, өзара ықпалдастық бағытта жүргізілуі керек. «Өзін-өзі тану пәні» жеткіншекті жарық дүниеде өмір сүріп, Адам екенін терең сезінуге, адамдарға қуаныш сыйлай білуге баулиды. Жанында жүрген аяулы адамдардың бар екенін ұғынуға көмектеседі. Адамдардың сезіміне ие болу және оны ақтай білуге үйретеді. Борыш пен парызға адал болуға тәрбиелейді. Артыңда өшпейтін ізгілікті із қалдыра білуге талпындырады.

«Рухани мұраға сүйенбеген елдің жұлдызы жанбайды» демекші, заман ағымы талап етіп отырған ата-бабаларымыздан қалған әдеби мұраларымызды, халқымыздың өсиетін, өнегесін дәріптеп, дәстүрін, таңғажайып тапқырлығын, олардан қалған ескірмейтін көне сөздерді, мақалдар мен мәтелдерді бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болатындай, келер ұрпаққа тәлім-тәрбие беретіндей ғасырлар қойнауынан сыр шерткен асыл мұраларымызды рухани-адамгершілік білім беруде тиімді қолдану – «Өзін-өзі тану» пәні бастауы бұрыннан болған, біздің арғы ата-бабаларымыздан келе жатқан жақсы дәстүрлеріміздің жалғасы іспеттес деуге болады.

«Өзін-өзі тану» пәнінің мақсаты – адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау, адамдарға қолдан келгенше көмек беру, туыстарына және жақындарына қамқорлық көрсету, рухани-адамгершілік білім беру. Адам өзін-өзі тануға талаптанбаса, оның қолынан өзге адамдарды танып түсіну және оларға нақты көмектесе алу келмейді. Қоғамдық дамудың өзге адамдармен қарым-қатынасқа түсетін әрбір адам өзін-өзі тануын тереңдетуі шарт, бірақ Джерсиидтің байқауынша бұған жеткілікті мөлшердегі жүректілік қажет, әрбір адам өзінің іс-әрекетіне есеп беріп отыруы (рефлексия) қажет.

Ел ертеңі де рухани қайнардан сусындаған ұлттық рухы кемел, өнегелі тәрбие көрген ұрпақ қолында екенін есте ұстағанымыз жөн. Қай ұлт болмасын өз болашағын, елін, жерін, салт-дәстүрін аманат етіп тапсыратын текті, саналы ұрпақ өсіре алмаса, оның келешегі бұлыңғыр!

Сондықтан күнделікті өмірде қоршаған әлеуметтік ортамен қарым-қатынаста бола отырып, баланы бүкіл шексіз әлемде тек қана ләззат пен сүйіспеншілік, мейірімділік пен үйлесімділік, әділдік пен адалдық, әдептілік пен мәдениеттілікке тәрбиелегеніміз абзал. Бала үшін әрбір кезең маңызды, әрбіреуінің өзіндік ерекшеліктері бар. Әсіресе, басты міндет - дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік мәдениетті, әдепті, патриот жастарды тәрбиелеу десек, баланың әр кезеңдегі ерекшеліктеріне мән беріп, салауатты өмірге бет бұруына ықпал жасау –тәрбие ісінің негізгі мақсаты болып табылады. Баланың адами тұрғыда жетілуі үшін әлбетте оған әдеп пен адамгершіліктің ара-жігін ашып түсіндіретін тәрбие керек. Баланың мінезін жақсартуға, дұрыстауға, көркем етуге күш салуымыз керек. Мінез- қайнаған қайсар күш, қабілетті жетілдіретін ғажайып қайрат пен куат. Көркем мінез-құлық – асқан әдептілік,, ізгілік, иба, инабаттылық, шынайы имандылық, әділдік, адалдық, тазалық, мейірімділік, жанашырлық, кешірімшілдік, кеңпейілділік, кішіпейілділік, сабырлылық, ұқыптылық, адамгершілік қасиет. Балаларды арамнан аулақтату, оған адамгершілік қасиеттерді сіңіру - баршамыздың міндетіміз. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы , ол келешекте оның өміріне зиян келтіреді»-деп, ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл-Фараби атап айтқандай, тәуелсіз еліміздің тірегі болар балаларымыздың бойына рухани адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, инабаттылық, саналылық, ұқыптылық, кішіпейілділік, бір сөзбен айтқанда, нағыз адами құндылықтарды бойларына дарыту- баршамыздың азаматтық борышымыз болып табылады.

ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған еліміз әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына кіруге бет алды. Сондықтан еліміздің туын биікке көтерер білімді, білікті, адамгершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеу біздің алдымыздағы ең басты міндетіміз болып табылады. Яғни, кез-келген жасөспірімге білімді меңгерту ғана емес, оның рухани жан дүниесін ізгі қасиеттермен байыту арқылы жас ұрпақтың өзін-өзі дамытуға жол көрсету- ұстаздың басты міндеті, тіпті парызы десек те болады.

Адамда «тән» деген, сонымен қатар «жан» деген ұғым бар. Ал, «жан» деп отырғанымыз-рух, «тән» деп отырғанымыз нәпсі. Жаратылыстың барлығы екі қарама-қарсы нәрседен тұрады: ақ-қара, ыстық-суық, ащы-тәтті, жақсы-жаман, күн-түн, т.б. Сол сияқты, адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер рухтан туындайды да, барлық жаман қасиеттер нәпсінің көрінісі болып табылады. Адам денесі бір болғандықтан, оның ішінде билік үшін үнемі осы екі қуаттың күресі жүріп жатады.

Адамның ішінде болмайды аласы,

Оларды бұзатын нәпсінің таласы-

деп, Шәкәрім атамыз жырлап кеткендей, бұл екі таңдаудың қалау-қажеттіліктері мен азығы бар. Қайсысы адам бойында қуаттырақ, үстем болса, ақыл соның талабын орындайды, соған қызмет етеді. Адамдардың жақсы-жаман болып жіктелуі де осыған байланысты. Рухтың мекені адамның жүрегі. Жүректің жылуы, махаббат, ар-намыс, қайрат-жігер деген сезімдердің барлығы осы рухтан тарайды.

Жалпы жаратылыс та адам денесі сияқты екі бөліктен тұрады. Біріншісі-бес сезу мүшелерімізбен сезіп, ақылымызбен ажырататын материалдық дүние. Екіншісі-сезу мүшелерімізбен сезе алмайтын, бірақ ішкі жанымызбен сезіп, ақылымызбен ажырататын рухани дүние. Рух азығын осы рухани әлемнен алады.

Қазір адамдардың барлығының көздері ашық, ғылыми-техникалық дамудың шарықтап тұрған кезеңі-компъютер дәуірінде өмір сүріп жатыр. Бірақ бір нәрсе жетіспейді. Ол-рух қажеттілігі,яғни рухани азық. Рухани азықты тауып, дәмін татып мейірін қандырған адам ғана бұл дүниенің қызыл-жасылы мен баянсыз бақыттарына бойламай, алаңсыз толық қанағат кейпіне келіп, өмірден өзінің нақты орнын табады. Сонда ғана ол өзінің адам деген атына заты сай көзі ашық, көкірегі ояу кемел дәрежесіне жетеді. Әрбір халықтық рухани азығының қайнар көзі оның халықтық педагогикасы мен ұлттық салт-дәстүрлері болып табылады. Жан азығынан мақұрым қалған адамның адамдық қасиеті жойылып, хайуанға айналатынын ертеден ұғынған халқымыз жан азығын ең әуелі нәрестеге бесік жыры арқылы әуезді әуенмен беруді бастайды, содан соң жас бүлдіршін жеке сөздерді ұғына бастағанда-ақ, оған жақсы мен жаманды ажыратып түсіндірген.

Жеке тұлғаның рухани-адамгершілік түсініктерінің қалыптасуы оның туған кезінен-ақ басталады, яғни бастапқы адамгершілік сезімдер мен ұғымдар, адамшылдық мінез-құлықтың ең қарапайым дағдылары отбасында қалыптасады десек, баланың ары қарай дамуына мектеп, қоршаған орта өз ықпалын тигізеді. Бастауыш мектеп жасындағы балалар сыртқы ықпалды өте қабылдағыш, сенгіш келеді. олардың мінез-құлықтары еркіндігімен ерекшеленеді. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуде бастауыш сыныптағы өзін-өзі тану пәнінің атқарар орны ерекше. Өзін-өзі тану пәні бойынша атқарылған жұмыстар олардың достық, жолдастық, туған жер, отан туралы ұғымдарының дұрыс қалыптасуына, ата-аналарды, ұстаздарды, туған-туыстарды құрметтеуге, еңбек етуге, ізеттілік нормаларын сақтауға, тәртіпті болуға, жолдастық өзара көмек беруді түсінуге үйретеді, дағдыландырады. Оқушылардың оқу еңбегіне өзінің қатынасын, мектептегі, жанұядағы, қоғамдық орындардағы мінез-құлықтың қандай болу керектігігін ұғындырады.

Әдептілік, имандылық, мейірімділік, ізеттілік, сабырлылық сияқты халқымыздың бойындағы асыл да абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың бойына, ақыл-парасатына азық ете білу-әрбір ұстаздың, тәрбиешінің міндеті. Ол үшін ұстаздың өзі халық педагогикасын, сан ғасырларда қалыптасқан салт-дәстүрлер мен әдеп-ғұрыптарды жан-жақты терең білуімен қатар, өзінің бойында адами асыл құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы шарт. Ол рухани-адамгершілік қасиеттерді өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде негізге алғаны жөн. Әрбір сабақта, тәрбие сағаттарында, күнделікті өмірде қарапайым мысалдар арқылы да баланың бойына рухани азық боларлық құнды қасиеттерді сіңере білу керек. Сонда ғана өзінің міндетін айқын сезіне білетін, мінез-құлқы жетілген саналы адам қалыптастыруға болады. Егер бастауыш сыныптарда білім беру мен тәрбиелеуде рухани-адамгершілікке тәрбиелеу жолдары баланың жас ерекшеліктеріне, қабылдау деңгейіне сай жоспарлы, тиімді, жүйелі жүргізілетін болса, онда ол балалардың болашағынан үлкен үміттер күтіліп, еліміздің озық ойлы, парасатты азаматы болады деп нық сеніммен айтуымызға болады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!