Мақала Өзін-өзі тану пәні не үшін қажет?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала Өзін-өзі тану пәні не үшін қажет?

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі танудық қыр-сырын түсінуге
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өзін-өзі тану» пәні не үшін қажет?


«Өзін-өзі тану» пәні – бірегей пән. Бұл пән адамның өз-өзін түсінуге, өзінің ішкі әлеуетін ашуға және пайдалануға, қоршаған ортамен үйлесімде өмір сүруге, оның дербес әрі ажырамас бөлшегі болуға мүмкіндік береді. Бұл пән қандай да бір уақыттық шеңбермен шектелмейді, ол өмір бойы жалғаса береді.


«Өзін-өзі тану» пәні мектептерде 1-11 сынып аралығында оқытылады және басқа пән салаларының маңыздылығын кемітпей, олардың тұлғалық-бағдарлық сипатын еселей отырып, оқушының адамгершілік, адамзатты сүю және қайырымдылық рухында тәрбиеленуіне көмектеседі.


«Өзін-өзі тану» пәні оқу пәні ретінде тұлғаның рухани-адамгершілігін дамытуды көздейді. Қазақстандық қоғамдағы өскелең ұрпақты тәрбиелеу және оларға рухани-адамгершілік білім беру жалпы ұлттық, адамзаттық, этномәдениеттік және жеке тұлғалық құндылықтарға негізделген. Олар адамға қоғамда қызмет етуде өзін толықтай танып білуіне, өмірдегі өзінің орнын ұғынуға және ролын түсінуге мүмкіндік береді. Өзін-өзі тану білім берудің құндылығын күшейтеді, тұлғаның ең маңызды риясыз сүюін ашып және дамуын көрсететін, өзіне және өзінің күшіне сенуге, жақсылық жасауға, физикалық, психикалық, рухани, әлеуметтік және шығармашылық дамуда үйлесімге жетуде өзін жетілдіруге және түсінуге мүмкіндік береді.


«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығын бітірген мамандар қайда жұмыс істей алады?


«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығын бітірген мамандар келесідей салада жұмыс істей алады:


мемлекеттік құрылымдарда (ҚР БжҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінде, балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық департаменттерде);


әлеуметтік бағыттағы мекемелерде (әлеуметтік қамтамасыз ету органдарында, жұмыссыздарды, аз қамтамасыз етілген, жұмысқа жарамсыз адамдарды қолдау және көмек көрсету органдарында);


мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беру мекемелерінде (мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, мектептерде, балалар үйлерінде, интернаттарда, мамандандырылған білім беру мекемелерінде);


өскелең ұрпақты қоғамдық ортада тәрбиелеу және дамыту мәселелерімен байланысты мекемелерде (түзету және оңалту орталықтарында, арнайы мектептерде, колонияларда);


балалардың тынығуын ұйымдастырумен және балалар шығармашылығын қолдаумен, өскелең ұрпақтың толыққанды әлеуметтенуімен және тұлғалық дамуымен байланысты мекемелерде (қоғамдық ұйымдарда, балалар клубтарында, студияларда, сауықтыру лагерьлерінде, аниматорлық қызметте).


«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы қазіргі кезде балалар мен жасөспірімдерге көмек көрсетуде өте маңызды мамандықтардың бірі болып табылады. Сондықтан да, аталмыш мамандықтың адам өмірінде де, қоғамға да қосар үлесі зор.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.12.2020
322
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі