Материалдар / Мақала «Педагогтің жаңашылдық қызметі және оны қалыптастыру жолдары»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала «Педагогтің жаңашылдық қызметі және оны қалыптастыру жолдары»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі таңда балабақшада оқу-тәрбие үрдісінде түрлі инновациялық педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені белгілі. Бұл технологиялардың бәрін бір ұйымдастырылу оқу қызметінде қамту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қаңтар 2022
459
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Педагогтің жаңашылдық қызметі және оны қалыптастыру жолдары»

I Кіріспе бөлім

Қазіргі замандағы мектептерде уақыт талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, ғылыми тілмен айтқанда, инновациялық технологияларды қолдану басты назарда болып отыр.Ғасырлар тоғысында Қазақстанның білім беру жүйесінде көптеген ілгері реформалар жүргізілуде. Олардың мақсаты – ұлттық білім беру жүйесін әлемдік білім беру жүйесімен, әлемдік стандартқа сай негіздей отырып сабақтастыру.

«Инновация» деген сөз − латынның «novus» жаңалық және «іn» енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы «жаңару, жаңалық, өзгерту» деген мағынаны білдіреді.

Бүгінгі ғылым мен техниканың қарыштап даму заманында балабақшада дәстүрлі оқыту технологиясының оқушылардың ғылым негіздерін мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруіне кепілдік бермей отырғандығы, балалардың білім жетістіктерінің нәтижелерінен көрінуде. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісін жандандырудың қазіргі педтехнологияларын жетілдіріп, оны пән сабақтарын оқытуда тиімді қолдану арқылы білім сапасын жоғарлату үшін басты бағыт-бағдар берілуде.

II Негізгі бөлім

Мектепке дейінгі тәрбие және оқытудағы педагог өз қызметін шығармашылық бағытта ұйымдастыра білуі үшін, ең алдымен, өз қызметінің мәнін түсіне алуы — басты шарт. Педагогтің қызметінің негізгі мәні — баланы ойын арқылы оқыту, тәрбиелеу, дамыту ғана емес, сол үрдістерді басқаруды шығармашылықпен ұйымдастыра білу. Өйткені, педагог еңбегінің бүгінгі нәтижесі қандай болса, елдің, қоғамның ертеңі, болашағы сондай болмақ.

Бүгінгі таңда балабақшада оқу-тәрбие үрдісінде түрлі инновациялық педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені белгілі. Бұл технологиялардың бәрін бір ұйымдастырылу оқу қызметінде қамту мүмкін емес. Сондықтан, балабақшадағы әрбір пәнді ұтымды меңгертуде оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы баланың әрекеті-технологияны қабылдауы, оған деген ынтасы, құштарлығына педагог тарпынан көңіл бөлінуі тиіс.

Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда.

Педагогикалық жаңа технология – іс-әрекетке, оқыту барысында жүзеге асатын педагогикалық жүйе. Ол дара тұлғаны жетілдіруге, белгілі бір мақсатқа жету жолында арнайы ықпалды ұйғаруға қажетті байланысқан әдіс – тәсілдер. Ендеше педагогикалық технология – оқу тәрбие үрдісінің шығармашылықпен оқытумен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі. Олай болса, технология – ақырғы мақсатқа жететін әрекеттер жүйесі. Жаңа педагогикалық технология баланың жетілген тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор. Ал осы жаңа технология таратушы, үйретуші, өзінің шығармашылық еңбегінде жүйелі қолданушы, насихаттаушы ол – Тәрбиеші немес педагог десек те болад. Сол себептенде жаңа технологияны енгізуші – таратушы тұлғаға үлкен талаптар қойылып отыр.

Педагогтардың алдына қойған міндет – оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіру. Әрбір педагогикалық технология – жеке тұлғаның өзін — өзі дамытуға, оның өзіндік шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға қолайлы жағдай жасауға қажетті обьективтік әдістемелік мүмкіндіктерді қамтиды. Оқыту мен тәрбие егіз үрдіс. Сондықтанда педагог инновациялық технологияны пайдалануға ықпал ететін көптеген шартты жағдайларды танып білуі талап етіледі. Соның бірі- инновациялық педагог қызмет.

Инновациялық педагог қызмет – жаңа инновациялық білім бағдарламасын жасақтау мен іске асыруға бағытталған іс-әрекет, онда мыналар іске асырылады: баланы түсінуге, оны оқытуға, тәрбиелеуге, дамытуға жаңа философиялық-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық бағыттар, білім беру мазмұны мен әдістерін құрудың жаңа концептуальды педагогикалық идеялары, баланың балабақшадағы өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастырудың жаңа формалары, сонымен қатар, педагогтар, жұмысы, басқару, өзін-өзі басқару, балабақшаның ата-аналар мен әлеуметтік ортамен байланысы.

Инновациялық педагог қызмет тәрбиенің бұрыннан келе жатқан формалары мен әдістерін өзгертуге, жаңа мақсаттар мен оны іске асыру құралдарын құруға бағытталған.

Инновациялық педагогтің қызметтің негізгі функциялары педагогикалық үрдіске және оның компоненттеріне прогрессивтік өзгерістер енгізу болып табылады: а) мақсатты өзгерту; б) балалардың оқыту барысының мазмұнына өзгеріс енгізу; в) тәрбиелеудің жаңа құралдарын енгізу; г) оқытудың жаңа моделі; д) оқытудың жаңа тәсілдері; е) балаларды дамытуға байланысты жаңа идеялар беру (В.В.Давыдов, Л.В.Занков).

Инновациялық бағыттылық белгілі бір жаңа енгізілімнің тиімділігіне баға беретіндей нақты критерийлерді пайдалануды қажет етеді. Инновацияның негізгі критерийі ғылыми педагогикалық тәжірибеге де баға беруде басшылыққа алынатын жаңашылдық деп білеміз. Сондықтан инновациялық процеске араласқысы келетін педагог қолға алған жаңалығының мәнін, оның жаңашылдығының деңгейін анықтап алуы тиіс деп ойлаймын. Балалардың оқу процесіне инновацияны енгізіп, барынша аз дене, ой еңбегін және аз уақыт жұмсап жоғары нәтижеге қол жеткізу оның оптималдығын білдіреді.

Инновациялық бұқаралық тәжірибеде шығармашылықпен қолдану мүмкіндігі педагогикалық инновацияны бағалаудың критериийі ретінде қарастырылады. Педагогикалық инновацияның мазмұны мен критерийлерін тап басып тану, оларды қолданудың әдіс-тәсілін меңгеру жеке мұғаліммен бірге оқу орнының жетекшісіне де оны енгізуді объективті бағалау мен болжамдауға мүмкіндік береді. Инновациялық бағдардың педагогикалық іс-әрекетте қажеттілігі:

  1. Инновациялық бағдарлылық білім беру жүйесінің жаңарту құралы болып табылады.

  2. Білім беруді ізгілендіруді нығайту, білім жүйесіндегі түрлі өзгерістер үнемі жаңа ұйымдастыру формаларын, оқыту технологияларын қажет етеді.

  3. Педагогтің педагогикалық жаңалықтарды меңгеруі және қолдану факторының өзіне қарым-қатынастарының өзгеруі. Оқу-тәрбие процесінің мазмұнының қатаң регламентіне тек педагогикалық әрекетте дәстүрлі әдіс-тәсілдерді пйдалануға ғана мүмкіндік береді.

Егер бұрын инновациялық іс-әрекет жоғарыдан ұсынылған болса, технологияларды педагогикалық реттеу келесі қалыптасу жолдары негізінде құрылады:

  • ақпараттық логикалық құрылымы (ақпараттық технологиялар, міндеттер, проблемалар және т.б.);

  • ақпарат көлемі және оқытудың дидактикалық бірліктерінің ақпараттық көлемі;

  • таным үдерісінің өнімді деңгейі;

  • оқыту интенцивтілігі;

  • білім беру және дамытушылық тиімділігі;

  • технология бейімділігі;

  • «Технология – қандай да бір істе, шеберлікте, өнерде қолданылатын тәсілдер жиынтығы». (Түсіндірмелі сөздік);

  • Педагогикалық технология – оқу үрдісінде ұйымдасқан, мақсатқа бағытталған, арнайы педагогикалық әсер ету (Б.Т.Лихачев).

  • Педагогикалық технология – оқу үрдісін іске асырудың мазмұнды техникасы (В.П.Беспалько) .

Жаңалықты енгізу үдерісінде педагог педагогикалық құндылықтарды меңгереді. Жеке тұлғаның инновациялық құндылықтарды меңгеру дәрежесі оның педагогикалық сана-сезімінің жағдайына байланысты, себебі белгілі бір педагогикалық идеяның құндылығын анықтау оны жеке тұлғаның баға беруі үдерісінде өтеді. Субъективті қабылдау және жалпы адамзаттық мәдени-педагогикалық құндылықтарға иелену мұғалімнің жеке тұлға ретіндегі ерекшеліктеріне, өзіндік сана-сезімімен анықталады және мұғалімнің ішкі жан-дүниесін көрсетеді

Рефлексивті-қызметтік бағдарды ғалымдар инновациялық қызметтің табиғатын түсінуге, инновацияның әртүрлі даму сатыларындағы рефлексияға талдау кезінде пайдаланылады.

Әлеуметтік-психологиялық бағдар инновациялық қызметті жеке тұлғалар арасындағы байланыс нәтижесі ретінде қарастыруда қолданады. Осы ерекшеліктерді ескере отырып, ғалымдар В.А.Сластенин, Л.С.Подымова инновациялық қызмет құрылымына мұғалімнің әлеуметтік қарым-қатынасқа түсу қабілетін де енгізді.

Жеке-шығармашылық бағдар ретінде педагөгтің жалпы және мамандығына сәйкес өзін-өзі дамыту механизмдерін, педагогтің өз қызметіне шығармашылықпен қарау мәселесін қарастырады.

Жаңашыл педагог бүгінгі ғана емес, ертеңге, болашаққа қызмет істейді. Ол заман дамуынан артта қалмастан, өзін-өзі жан-жақты дамыту үшін саяси-идеялық дәрежесін, ғылыми-теориялық білімін және педагогикалық мамандығын күнбе күн жетілдіріп отыруға талаптануы қажет.















































Халық ертегілер арқылы баланы адамгершілікке баулу

Өзіміз көп үміт күтіп отырған жас ұрпақ ата-бабамыздан қалған мәдени мұра халық ауыз әдебиетінің өн бойындағы мәнділігі мен маңыздылығынан, ойшылдығы мен қиялшылдығынан, тапқырлығы мен шешендігінен, әсемдігі мен алғырлығынан тәлім-тәрбиесі мен үлгі — өнегесінен нәр алары анық.

Ертегілер әр уақытта да қай баланы болмасын қызықтыратын, қиял әлеміне жол ашатын кілт іспеттес. Ол өмірде кездеспейтін кейіпкерлерімен, мүмкін емес жағдаяттарымен ерекшеленеді.

Қазіргі дамыған кезеңде балаларды елітіп, назарын аударатын, көз қызықтарын дүкендер, компьютерлік ойынханалар өте көп. Одан қалса ұялы телефондарды да ата-ана балаларына еркін ұстауға рұхсат беруде. Бұл бір жағынан дамуымызға, өсіп-өркендеуімізге ашылған жол болғанымен, балалардың көркем шығарманы оқуға деген қызығушылықтарын жоюда. Ертегілерде халық басынан кешкен ғасырлар із жатыр. Оларда еңбекші халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, елдік тарихы, қилы-қилы қиын асулары халықтың мұң-шері, арман-мұраты бейнеленген. Әрине ертегілерді оқыта отырып тәрбие нәрін бала бойына егу үшін, ең алдымен оқушылардың арттыру қажет. Мысалы «Ер Төстік» ертегісіндегі төстіктің атына «Ер» сөзінің қосылып айтылуының өзі оның ер-жүрек, батыр екендігін көрсетеді.

Ертегі арқылы айнала қоршалған ортаны барлай алады, табиғаттың сиқырлы сырларын сезіне біледі, халықтың әдемілік және әдептілік жайлы ұғымдарын бойына сіңіреді, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып туралы түсінік алып, адамгершілік тәрбиесінің бастауларына ден қояды.

Өскелең ұрпақты жан-жақты жетілген адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуде ертегінің алатын орны ерекше. Ертегі адамның қиялына қанат бітіреді. Білмегенді білгенге сүйрейді. Кімдерден, қай кейіпкерлерден аулақ болуды насихаттайды. Бұл өшпес зор туындылар бала болашағының мәнді мақсатты көзқарасын тудырары сөзсіз.

Ертегі әрбір баланың жеке-дара ой дүниесінің ең нәзік белгілерін жанып тегістейтін жанғыш болып табылады, ал сонымен бірге ол балалардың бірінің жүрегін біріне айқара ашады, балалар ұжымында нәзік интеллектуалдың өзара қарым-қатынастарды тудырады. Ертегі шығары бұл менің балалармен рухани қатынас жасауымның ең бақытты сәттері, ал балалар үшін теңдесі жоқ ойлану шаттығы.

Адамгершілік жақсы қасиеттерді қалыптастыруға болады деп есептейді. Жақсы істерге ұмтылдыру жаман қылықтардан аулақ жүру, өнегелі мәдениетті азамат болуға тырысу адамдардың өзіне байланысты. Сондықтан адамгершілікке кір келтіретін мінездер: әдепсіздік, жеңілтектік, екі жүзділік, көрсеқызарлық, опасыздық, өркөкіректіктен қашанда аулақ болуымыз керек.

Жүсіп Баласағұнидің “Құтты біліктің”әр сөзі, әр тарау тынысы – адамгершілік, адалдық, қайырымдылық хақындағы өнегелі ойлары әр көкіректе күмбірлеп тұрғандай. Адамгершілік тәрбиесі мен еңбек, ақыл-ой тәрбиесі бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Адамгершілік жағынан дұрыс қалыптасқан адам ғана біреуге қамқорлық жасауға дайын тұрады. Адамгершілік тәрбиесі моральдық жағынан кіршіксіз таза, қоғам мүддесі үшін еңбек ететін, жан-жақты жетілген адам даярлау сияқты тәрбиенің жалпы мақсатына бағытталады. Адамгершілік қасиетінің негізгі имандылық пен ізеттілікте. Ал сыйластық, жасы үлкенді сыйлау, сәлемдесу, үлкеннің сөзіне жөнді – жөнсіз араласпау, кісінің алдынан кесе өтпеу, көп алдына дарақыланып күлмеу, есінемеу сияқты қылықтарды жас ұрпақ санасына ақырындап сіңіру қажет. Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, қайырымдылығымен, адалдығымен, әділеттілігімен ардақталады. Моральдық қасиеттер адамдардың қимыл-әрекеттерінен, қарым-қатынасынан шығады. Жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен махаббат, әділеттік пен әділетсіздік, борыш пен намыс, ар мен ождан адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді. Осыны ұстанған қазақ халқы жастарды отбасында кішіпейілділікке тәрбиелеуді бірінші міндет етіп қойған. Жастардың жадына “сіз” деген сыпайылық, “сен” деген анайылық, “Адамдықтың белгісі, иіліп сәлем бергені”, “Кішіпейілділіктен кішіреймейсіз”, “Құдай деген құр қалмайды” деген қағидаларды үнемі уағыздаған

Адамгершілік қасиеттің өзекті мәселесі – қайырымдылық, достық. Халық ұғымында жақсылық пен жамандық достық пен қастың адамгершілік қасиетінің екі түрлі белгісі ретінде егіздің сыңарындай қатар салыстыра суреттеген.

Жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу – жоғарыда айтылған мінез- құлықтың дағдыларын ережелеріне үйретеді. Адамгершілікке үйретудің негізгі жолы — оқу процесі мен оқушылардың күнделікті өмірін, іс-әрекетін тиімді тәрбие шараларын ұйымдастыру. Оқушылардың адамгершілік туралы түсінігі мол болғанымен тәжірибеде іс-әрекеті, тәртібі біліміне сәйкес келмейтін жағдайлар кездеседі. Олар жақсы, жаман әдеттерді білгенімен, оны өз өміріне сәйкестендіре, тәртібінде іске асыра алмайды. Өйткені, ережені есте сақтау оңай да, оны іске асыру қиын.

Сондықтан адамгершілік жайында түсінік білім берумен қатар дұрыс тәртібін, іс-әрекетін ұйымдастыруды көздейді. Адамгершілік тәрбиесінің мазмұнына үлкенді сыйлау, беделін мойындау, еңбек адамдарын құрметтеу, қамқорлық жасау, адалдыққа, шыншылдыққа, қарапайымдылыққа, мақсаттылыққа, шешімділікке, табандылыққа, белсенділікке, батылдыққа, ұстамдылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу де жатады.

Сонымен адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ертегілеріндегі кейіпкерлер бейнесі көбіне қарапайым адамдар болып келеді. Ертегі – ауыз әдебиетінің ықылым заманнан келе жатқан көне де мол мұрасы. Оның ертегі деп аталуының өзінен де, сол сияқты ертегілердің “Бұрынғы өткен заманда”, “Баяғы өткен заманда”, “Ерте, ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде” деп басталуынан да оның атам заман туындысы екенін аңғару қиын емес.

Ертегілерде халық басынан кешкен ғасырлар ізі жатыр. Олардың еңбекші халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрып, елдік тарихы, қилы-қилы қиын қыстаулары, халықтың мұң-шері, арман-мұраты бейнеленген.

Ертегілер өз кейіпкерлерін өмір мұратына, адам бақытының ең биік шыңына жетумен аяқталады. Ертегі балалардың ой-өрісін дамытып, тіл байлығын арттырады.

Қазақ ертегілеріндегі ақылдылықтың тағы бір көрінісі – көрегендік алдын ала болжай білу. Мысалы, “Ер Төстік” ертегісі көп ертегілермен салыстырғанда, мазмұны, сюжеті, сөйлем құрылысы, тілі жағынан ерте заманда шыққан ертегі екендігін аңғартады. Ертегіден қазақ халқының ескі мал шаруашылық өмірін және олардың дүниетану көзқарасын көреміз.

Ертегінің оқиға желісін алсақ, табиғаттың асау күштерімен алысып, малды аман сақтап қалу жолында, елінен, жерінен адасып кеткен ағаларын іздеп тапқан Ер Төстіктің ерлігін суреттесе, екінші жағынан, әр түрлі дию, пірілерімен күресі баян етіледі.

Ер Төстік”ертегісінде жалпы ертегілердің қаһармандарына тән іс-әрекеттер толық сақталады. Ер Төстіктің өзі – асқан күш иесі емес, жүректі жігіт. Ертегінің алға қойған негізгі мақсаты – табиғаттың сыры мәлімсіз күштерін жеңу. Адамға зиян ойлайтын Бектөре, Темірхан, Шойынқұлақ тәрізді жауыздың иелерінен үстем шығып, оларды қалай да өздеріне бағындыру болғандықтан, ер Төстікке көмекші әр түрлі жолдастар, серіктер береді. Әр түрлі жауыздықтардың ұясы болған адам баласына қастық қана ойлайтын кейіпкерлер Бектөре, Шойынқұлақ, Темірхан, пері, жын, дию, мыстан кемпірлер қаншама күшті, айлакер болса да, Ер Төстіктен жеңіледі. Халық жақсылықты алдан күтеді, болашаққа сенеді.

Ертегідегі оқиғаның шарықтау шегі – Ер Төстіктің жер бетіне шығып, шойынқұлақпен күресуі, ал оны жеңіп, үйіне келуі оқиғаның шешуі болып саналады. Қандай ертегі болса да аяғы жақсылықпен бітеді. “Ер Төстік” ертегісі де осыны дәлелдейді. Ер Төстікке сандаған бөгет, қиындықтар кездеседі. Оның әрқайсысы – жеңуге болмастай қиындықтар. Әйтсе де әр түрлі себептермен бас қаһарман сол бөгеттепрдің бәрін жеңіп шығады да, “барша мұратына жетеді”. Бұл барлық ертегілерге тән шешу және халықтың өмірге оптимистік көзқарасын көрсететін тұрақты шешім.

Ертегіде өмір мұратына жету үшін ең керек нәрсе адам үшін ақылдылық екені айтылса да, сол ақылдылыққа жетудің жолы еңбек деген түсінікті аз сөзбен ғана беріп отырады.

Сонда ертегінің жасаушының басты мақсаты — өмір мұратына жеткізетін ақылдылықты толық дәлелді көрсете білу ме, әлде өмірдің мәні сайып келгенде, еңбекпен ғана байланысты екенін ұғындыру ма, деген сұрақ туындайды.

Екіншіден, ертегіде өмір мұратына жетудегі еңбектің мәнінің жеткілікті, толық көрінбеуі, керісінше, ақылдылыққа үлкен орын берілуі, ертегі жасаушының өзі, бұл мәселеге толық жауап беруге әзір емес сияқты.







Эссе

«Ізгілік нұры»

«Ізгілік нұры»- бұл қайырымдылықтан басталады. Қайырымдылық жасай отырып, басқалардың жүзіне қуаныш ұялатып, жүрегіне шаттық сыйлайды. Қайырымдылық — көмекті қажет етушілерге адам және барлық жандарға білдірілетін сүйіспеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады. Қайырымдылық — адамның асыл қасиеттерінің бірі.Қоршаған ортаайналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді.Халықта «Ағаүшін оған көшет кезінде күтіп, баптауға болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады.

Елімізде болып жатқан саяси- әлеуметтік, мәдени-этникалық өзгерістер халыққа білім беру мен тәрбие ісінің мазмұнын түбегейлі өзгертуді қажет етіп отыр. Бүгінгі өмірді жалғастырушы ұрпақ бұл қоғамнан өзінің келешегіне не ала алады деген сұраққа жалпы қауым болып жауап іздестіруде.

Ендеше, жеке тұлғаның адамды адам ете түсетін қасиетін ашып көрсету, яғни қайырымдылық пен ізгілікке тәрбиелеу, адам жанының рухани құндылығын дамыту- заман талабы. Егерадамруханилығынанайырылса, ондаол эмоция мен сезімнен де айырылады. Сөйтіп, материалдықта бастынегізгімақсатқаайналдырғанқоғамдық даму адамзаттыруханижұтаңдыққадушаретіп, құндылықбағдарынөзгертіпжіберуімүмкін. Сондықтан ең бастысы этикалық қайырымдылыққа ұстамдылық, батылдық, жомарттық, әділдік жатады. Ал интеллектуалдық қайырымдылыққа даналықш түзу өсу.

парасат, ақыл-ой тапқырлығы мен өткірлігі сезімталдық жатады. Адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Біреуге жақсылық, жан-жануарларға, табиғатқа қамқорлық жасау — қайырымдылықтың, ізгіліктің көрінісі. Рақымды, мейірімді, жан жылуы мол адамды қайырымды адам дейді. Ал ешкімге жаны ашымайтын, жүрегінің жылуы жоқ, қатыгез адамды қайырымсыз деп атайды. Қайырымдылықты мүсіркеушілік және жарылқаушылық деп те түсінуге болады. Ол кейде кедей-кепшік, жарлы-жақыбай жандарға көмектесумен, қайыр-садақа берумен де көрініс табады. Қазір біздің елімізде түрлі қайырымдылық қорлары ұйымдастырылған, қайырымдылық іс-шаралары өткізіліп тұрады. Адам бойында қалыптасқан, халқымыздың асыл, абыройлы қасиеттерін көрсететін әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық іспеттес небір құндылықтар бар. Осындай асыл құндылықтар адам баласының тегіне байланысты десек, қателеспейміз. Бала дүние есігін ашқаннан бастап, өмірге деген қызығушылығы артып, көп нәрсені тани бастайды. Жүрген ортасына қарай баланың мінез-құлқы қалыптасып, өмірге деген көзқарасы өзгереді. Адам бойындағы небір сезімдер мен адами қасиеттер нақ осы кезде көрініс табады. Ата-ананың балаға деген көзқарасы, берген тәрбиесі, болашақта баланың бойында қалыптасатын адами қасиеттеріне зор  әсерін тигізеді. Жас баланы мейірімділікке, ізгілікке бөлейтін, әрине, ата-ананың жылуы, отбасындағы жайлылық. Сондықтан адам бойындағы барлық адами құндылықтар мен  жарқын мінездердің қалыптасуы тікелей отбасындағы тәрбие мен ата-ананың балаға деген көңіліне байланысты екені хақ.  Адам бойындағы сондай бір жарқын, ізгіліктің нұры бастау алатын адами құндылықтарының ең көркемі- мейірімділік.Ендеше әрбір адам айналадағы қоршаған ортаға мейірімділікпен қарап, жан-жануарларға күтім жасау, адамдарға сыйластық танытып, қамқорлық көрсету, дұрыс қарым-қатынас жасау арқылы, адам жаны ізгілік пен мейірімділік, қайырымдылыққа толы болады. Басқаларға жасаған ізгілікті істің нәтижесі, сол адамдардың алғысы мен ризашылығы болмақ. Айналаңдағы адамдарға қуаныш сыйлап, алғыстарын ала білген үлкен бақыт. Мейірімге толы жүрегіміз, басқаларға деген қамқорлығымыз ізгілік нұрын төгеді.

Қорыта айтқанда, Ізгілік нұры бұл қайырымдылық жасай отырып, басқалардың жүзіне қуаныш ұялатын, жүрегіне шаттық, мейірімділік, қуаныш сыйлау.




















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!