Материалдар / Мақала. Презентация
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала. Презентация

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақаламның негізгі мақсаты мектептерде физика пәніне арналған 40 минутта тақырып аясында тиімді әрі барлығына бірдей түсінік беру. Тақырыптың оқушыларға қиындық туғызу мақсатында деген оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында тақырыптың күнделікті өмірдегі маңыздылығы, қолданылуы (сергіту сәті, слайд, демонстрациялық тәжірибелер, видеороликтер, плакаттар немесе карточка түрінде ойындар арқылы) көрсету, түсіндірудің әдістемесі ретінде жекелеген тапсырмалары келтіріледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
2123
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Еңбек орта мектебі

Физика пәнінің мұғалімі

Жакипова Гульжазира Куралбаевна

«Мектеп физика курсында диффузия құбылысын жаңа инновациялық

технология қолданып оқыту» атты мақала

Аннотация: Мектептерде физика пәніне арналған 40 минутта тақырып аясында тиімді әрі барлығына бірдей түсінік беру. Тақырыптың оқушыларға қиындық туғызу мақсатында деген оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында тақырыптың күнделікті өмірдегі маңыздылығы, қолданылуы (сергіту сәті, слайд, демонстрациялық тәжірибелер, видеороликтер, плакаттар немесе карточка түрінде ойындар арқылы) көрсету, түсіндірудің әдістемесі ретінде жекелеген тапсырмалары келтіріледі.

Сабақтың жоспары:

  • 3минут-оқушылармен амандасу, оқушыларды түгелдеу, 3 қатарды 3 топқа бөлу

  • 5 минут- үй тапсырмасын сұрау

  • 3 минут – сергіту сәті;

1 минут- түсіндіріп кету шарттарын;

1 минут- оң қолмен жазатын оқушылар сол қолмен, сол қолмен жазатын оқушылар оң қолмен «Мен бүгін сабаққа дайынмын!» деп жазуы керек.

1 минут- оқушылар екі қолын жұдырықтап түйіп, сол қолының бас бармағын ашып, қалған саусақтарын жұмып, сәйкесінше сол мезетте оң қолының шынашығын ашып, қалған саусақтарын жұмуы тиіс. Осы қимылды тез-тез орындаулары керек.

Бұл сергіту сәті балалардың ми бөліктерінің екеуінің де қатар жұмыс жасауына септігін тигізеді.

  • 5минут – видеороликтер көрсету;

  • 5 минут- лекция, негізгі ұғымдардың 3тілдегі аудармаларын беру;

Диффузия- Диффузия-Diffusion

Молекула-Молекула-Molecule

Атом-Атом-Atom

Зат-Вещества-Object

Дене-Тело-Body

Диффузия (лат. Diffusion- таралу, жайылу)- нақтылы дене бөлшектерінің жылулық қозғалстырға ұшырай отырып, сол дене концентрациясының селдір аудандарына қарай жылжуы; молекула олардың жылулық қозғалысы салдарынан шекаралас орналасқан әртүрлі заттардың бір-біріне өту құбылысы. Диффузия дененің бүкіл көлеміндегі концентрация мөлшерінің бірте-бірте теңелуін, сөйтіп оның бір қалыпты сипат алуын қамтамасыз етеді. Кейбір денелердің өте шағын бөлшектері ғана емес (атомдар, молекулалар, иондар), біршама ірі түйіршіктері де диффузиялық қасиетті иемденуі мүмкін.

Газдағы диффузияға қарапайым мысал ретінде ауадағы иістің таралуын алуға болады. Мәселен қақпағы ашық құтыдағы әтірдің хош иісі бөлменің ішіне таралады.

Диффузия жылдамдағы температураға тікелей байланысты, алайда бұл процес газдарда өте тез, сұйықтарда одан гөрі баяу, ал қатты заттарда өте баяу өтеді. Егер газдағы диффузия өте аз уақыт мезетінде (санаулы секундтар, минуттар) өтетін болса, онда сұйықтардың араласуы үшін біраз уақыт (минуттар, сағаттар, күндер) кетеді. Диффузия құбылысы барлық агрегаттық күйге, диффузияланатын заттың сол ортадағы шоғырлануы теңелгенге дейін жүре береді. Газ немесе сұйықтың молекулаларының бір орыннан екінші орынға ауысуы арқылы өз ішінде диффузиялануы өзіндік диффузия деп аталады. Диффузияның өту шапшаңдығы- диффузияланатын заттың тегіне және оның қандай жағдайда болуына байланысты анықталатын шама – диффузия коэффицентімен сипатталады. Диффузия коэффицентінің халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшем бірлігі- м2/сек. Диффузия құбылысы табиғатта маңызды рөл атқарады: атмосфераның жер бетіне жақын орналасқан қабаттарындағы ауа құрамының бір келкі болуына ықпал етіп, өсімдіктердің дұрыс қоректенуіне жағдай туғызады.

Диффузияның түрлері

Диффузияның екі түрі бар: қарапайым диффузия және жеңілдеген диффузия.

Қарапайым диффузия

Қарапайым диффузия- ол концентрациясы жоғары ортадан концентрациясы төмен ортаға қарай заттардың өтуі, яғни заттардың ауысып өтуі концентрация градиентіне (айырмашылығына) байланысты іске асады.

Жеңілдетілген диффузия

Жеңілдетілген диффузия- тасымалдаушы ақуыздардың көмегімен заттардың жоғары концентрациялы ортадан төменгі концентрациялы ортаға ауысуы.

Диффузия құбылысына қоршаған ортадан мысалдар .

Бізге қоршаған ортадан белгілі диффузия құбылысына мына мысалдарды келитіруге болады. Стақандағы қайнаған суға бірнеше кесек қант саламыз. Біз біртіндеп қант кесегінің еритінін байқаймыз. Ал стақандағы ерітіндінің көлемі ешқандай өзгермейді. Стақандағы суда сия, маганцовка тамшылары тез ериді. Тұз, спирт қышқылдары да жақсы араласады және бұл кезде өздігінен ерітінді пайда болады. Қатты денелерде диффузия баяу өтеді. Қалыпты температурада оны байқау өте қиын. Қорғасын мен алтын пластиналармен жүргізілген тәжірибені есімізге алайық. Оларды бір-бірімен беттестіріп 4 жыл өткеннен кейін қарағанда олар ажырамастай болып жабысып қалыпты. Химиялық талдау алтынның аздаған бөлігі қорғасынға енгенін, ал қорғасын алтынға 5 мм тереңдікке өткенін көрсеткен болатын.

Диффузияның қарқындылығы зат тығыздығы мен молекулалардың ретсіз қозғалысына байланысты болады.

Диффузияның рөлі мен оның қолданылуы.

Диффузияның рөлі мен оның қолданылуы кеңінен танымал. Ал адам организміндегі диффузияның мән зор. Оттек ауадан өкпенің қан тамырларынадиффузия жолымен альвеол ( ауа қапшықтары) қабырғалары арқылы жеңіл өтеді,одан кейін онда ери отырып,бүкіл организімге тарайды.

Диффузияның әсерінен планеталар атмосферасының химиялық құрамы біртекті болмайды.

Диффузия құбылысының практикада қолданылу аясы өте кең.Металдарды дәнекерлеу мен балқытып пісіру процестері пісірілген металдардың немесе негізгі метал мен дәнекердің дифузиясы негізінде жасалған.

Қант қайнату заводтарындағы қызылшадан қантты шығарып алу да диффузия құбылысын негізделген.Қызылша сумен немесе концентрациясы аз қант ерітіндісімен жуылады.Бұл кезде қант молекулалары қызылшадан ерітіндіге өтеді.

8 минут-демонстрациялық тәжірибелер арқылы көрсетіп,өздеріне жасап көруге мүмкіндік беріп,түсіндіру.

Эксперименттік тапсырмалар:

1.Ас содасы мен ас сірке суының араласуы.

Стаканның үштен біріне су құямыз,бірнеше тамшы ас сіркесуын (уксус) тамызамыз.Шай қасықтың төрттен біріндей ас содасын қосамыз.

2.2 стаканның біреуінде ыстық,екіншісінде суық су.Екеуіне бірдей шай пакеттерін саламыз.Не қорытынды шығарамыз?

3.Ішінде суы бар ыдысқа бірнеше тамшы сия құйып,араластырыңдар.Не байқадық? Қандай қорытынды шығарамыз?

Мен ... туралы айтқым келеді; Менің пікірім ... туралы; Біріншіден, мен ... бастадым; Осыдан кейін ... жасадым; Қорытындысында мен ...

3 минут- оқушылармен кері байланыс жасау сұрақ-жауап арқылы;

1.Көптеген құрт-құмырсқалар,қоңыздар,өздерін қорғау үшін,жағымсыз иіс шығаруды пайдаланады.Иістің таралуын түсіндіріңдер.

2.Сергіту сусындары ретінде көбінесе шай,кофе не какаоны пайдаланады.Олардың барлығы тропиктік жерде өсіріледі.Шайдың отаны-Қытай,бірақ Европада 17 ғасырдан бастап белгілі болып келеді.Какао америкада пайда болса,оны өндіретін Африка елдері,Гвинея жағалауындағы елдер.Осы сусындардың иістерінің таралуы қалай өтеді?

5 минут – бағалау.

3 топқа бөлінген оқушылар тек топ ара бірін-бірі бағаламай,мұғалім әр топқа бір-біреуден парақ таратып береді.Ол параққа оқушылардың мұғалімді бағалауы,яғни оқушылар анонимді түрде топ болып ақылдаса отырып,сабақта тақырыптың қай жерін жетік түсіндіріп,қай жерін түсіндіріп жеткізе алмағанын ашып,еш қорқынышсыз,еркін түрде жазады.Мұғалім сол оқушылардың жазғанына қарап,келесі сабақта жаңа тақырып өтпестен бұрын,алдыңғы сабақтағы түсінбей қалған оқушыларға қысқа нұсқа түсіндіруге дайындалып келеді.





ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



1.Биохимия.Медицина университеті баспасы.Алматы

2.https://infourok.ru

3.http:bilim-all.kz







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!