Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мақала "Қариясы бар үйдің қазынасы бар"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Қарты бар ел – қазыналы ел»
Мақсаты:
Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай
білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден
ғибрат алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, нақыл сөздер жазылған
плакаттар
Барысы:
Көп жасаған қария,
Ақылы теңіз-дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі соқпақ, сөзі нәр.
Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.
Мерекеңіз құтты болсын ата-апа!
Көкіректен жыр төгілмей жата ма?
Зейнетіне жетіңіздер өмірдің,
Кенеліп бір ілтипатты батаға.
Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек
ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде
біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып,
жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп-
өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін
қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз.
Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз
еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын
ата- әжелеріміздің төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі
ұрпаққа табылмас қазына.
Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын
үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек
сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне
ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! Адамның өмірінің мәні мен
сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын
ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен
шығармауында. Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің
өзінің сәні – мәні бар.
Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы
құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.
Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз үш бөлімнен тұрады.
І бөлім «Ата-әжем мақтанышым»
ІІ бөлім «Жырымды сізге арнаймын»
ІІІ бөлім «мен атамның жалғасымын»
Жұмбақ шешу:
Айтары мол
ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің,
Білер оны сұраған,
Ол кім? (Ата)
Аймалайды «Күнім»деп,
Мейірімді жүзі күлім деп.
«Тәтті-ақ» дейді немере,
Бал шырындай үнің деп.
Ол кім? (әже)
І бөлім «Ата-әжем мақтанышым» ой толғау
Ата- ардақты тұлға. Иә, «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп
халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының
қайырымды,мейірімді,ақылды.іскер болуын тілеп,сол үшін қамқорлық
іс-әрекеттерін басы жерге жеткенше дамыта береді,өнеге
көрсетеді,өсиет айтады.
Әже- ақ сүт берген аналардың анасы. Әже әрқашан да балалық бал
дәреннің басықасында болып,асыраушы,аялаушы,тәрбиелеуші басты
кісі.Өмір өрнектеріне,тіршілікке көбірек араласқан ана перзентін
көбінесе әженің қарауында қалдырады. «Жан жүрегім,жарығым»деп әже
немересін,шөбересін жүрегіне теңейді. Жан жүрегін салып
нәрестені,бүлдіршін жасөспірімді
тәрбиелейді.
ІІ бөлім «Жырымды сіздерге
арнаймыз» өлең шығару
Халқымызда «Өзің өлгенше, немерең өлгенше» деген сөз бар.
Бала,немере туралы ақын Мұзафар Әлімбаев былай дейді.
Бала деген бал екен,
Бал дегенің бала екен.
Немеренің бойында,
Бар жақсылық бар екен.
Туған балаң жай ғана,
Демесең де жат бөтен,
Нағыз бала ойласаң.
«Немере» екен тәтті екен.
ІІІ бөлім «Мен атамның
жалғасымын» сурет салу
Ата-бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.
Бұл бөлімде біздің кейінгі ұрпағымыз өздерінің өткен ата-бабаларын
біле мекен соны білмекпіз.
а/Оқушыларға жеті атасын айтқызу
ә/ Оқушылардың ата-әже туралы эсселеріне кезек берелік
Көрініс:
Ертеде бір үлкейген қарт қатты сырқаттанып жатса, жалғыз ұлы келіп:- Әке, мен сені айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып емдетемін, – депті. Сөйтіп әкесін арқасына салып, жолға шығыпты. Олар ұзақ жүріпті, қас қарайған кезде алдыдан қарауытқан сұлбаны көрсетіп әкесі:
– «балам анау не?» деп сұрапты.
– «ол – түйе» – деп жауап беріпті. Сәлден кейін әкесі әлгі қарайған нәрсенің не екенін тағы сұрапты. Бала әуелгі жауабын қайталапты. Әкесі осы сауалын үшінші рет қайталап сұрағанда баласы:
– «Ол – түйе, түйе!» Өзім шаршап келе жатқанда, неге сұрай бересің? – деп ренжіпті. Сонда әкесі:
– «Балам, кішкене кезіңде мен ауыртірліктен шаршап келіп отырсам да, сенің «Анау не, мынау не?» деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын, жігері жасымасын деп үнемі жауап беретінмін. Бұл аурудан емделейін деген ойым жоқ еді, тек бетіңді қайтармайын деп көнгенмін, енді сенен сөз естігенше, үйіме барып, ажалға мойын ұсынғаным артық, мені жерге түсір» депті.
ІҮ. Қорытынды
Мұғалім:
Ата-ананы сыйлау – адамгершіліктің ең басты қағидасы. Сол ата-ана балаға бар өмірін арнайды. Ата-ананың адам өміріндегі орны ерекше. Халықта «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаңда оның жақсылығын қайтара алмайсың» – деген сөз бар. Бұл ата-ана еңбегінің өлшеусіз екенін көрсетеді. Ата-ана тіпті қартайып, аяқ-қолынан әл кеткен кезде де оған «ищай» деуге балаларының қақысы жоқ. Имандылық қағидалары бойынша әкесі мен шешесінің ризашылығын алмаған балаға жәннәттың есігі жабық дейді. Ата-анамен қарым-қатынаста баланың оларға «Сіз» деп сөйлегені жарасымды. «Сен» деп тұрған бала ертеңгі күні оны менсінбей, жаман жат қылықтар көрсетуі мүмкін. Екіншіден, ата-ананың айтқанын бала екі еткізбей орындағаны, тыңдағаны абзал. Үшіншіден, мейлі ата-ана қандай болса да, бала ата-анасын жамандамауы, оларды мүмкіндігінше мақтан тұтуы керек. Адам ата-анасына артық-ауыс айқан сөздері болса, оған кешіріммен қарай білгені, жүректерін ауыртпай, үнемі көтермелеп жүргені жөн.
Міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміздің алдында, аға ұрпақтың алдында үлкен қарыздармыз. Ол қарыздарымызды тек қана жақсы тәрбиеміз арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз. Бұл қасиеттер ешқандай да ақшаға сатып ала алмайтын байлық. Ол тек адамның жүрегінде орын алатын қасиет. Олай болса, алдағы өмірлеріңде жүрегі кең, адал болыңдар.