Материалдар / Мақала. Қашықтан білім беру заман талабы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала. Қашықтан білім беру заман талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қашықтан оқыту дегеніміз — мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, немесе интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қараша 2021
251
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мақала

Қашықтан білім беру заман талабы

Білім беру жүйесін жан-жақты ақпараттандырып, қашықтан оқытудың алғы шарттары Н.Ә. Назарбаев ұсынған «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасында айқын көрсетілген.

Қашықтан оқыту дегеніміз — мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, немесе интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту.

Қашықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім және жекелеген қала (жоғары университет) шеңберінде жұмыс атқарады, оның құрамына тек жоғары оқу орындары ғана емес, мектептер, гимназиялар, мен колледждер де кіреді. Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы қадамында зиялылық потенциялын, компьютерлік техниканы ыңғайлы және ұтымды пайдалана отырып, үздіксіз және тікелей білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет. Осыған қарай, мектептер мен жоғары оқу орындары жергілікті және аймақтық, қалалық желіні пайдаланып, шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмасуы қажет болады.

Қашықтан оқытуды ұйымдастырудың 3 түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық) және оффлайн (асинхрондық), және кең таралған үшінші түрі вебинар. Онлайн(синхронды) режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы.Оффлайн (асинхронды) режимдегі оқыту дегеніміз - интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы.Вебинар дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренинтер өткізу формасы.

Қазақстандағы пандемия жағдайында еліміздің мектеп оқушылары қашықтан оқыту режиміне көшті. Әрине мұндай жағдай ата-аналарға, оқушыларға, мұғалімдерге оңай болған жоқ. Мектепке баланы жіберіп, мұғалімге сенім артқан ата-аналар жауапкершілікті толыққанды сезінді. Оқу үрдісін қалыпты ұйымдастыру барысында, яғни оқушы күнде мектепке барып, мұғалімнің алдын көріп білім алу жағдайында көп ата-ана оқу үрдісінен шет қалып отыратын. Олар бұл жағдайда негізгі жауапкершілік ұстаздарда деп ойлайтын. Ал, қашықтан оқыту барысында ата-анаөз ұрпағының өз бетінше білім алуына тікелей жауапты екенін түсінді. Бұл жағдай ата-анаға да, оқушыға да үлкен жауапкершілік жүктеп отыр.

Ендеше осы қашықтан оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктеріне қысқаша тоқталып өтейік.

Артықшылықтары:

  1. Кез-келген уақытта білім алу мүмкіндігі.

Қашықтан оқытылатын оқушы материалды меңгеруге қашан және қай уақытта кірісетінін өздігінше шеше алады.

  1. Өз қалауыңыз бойынша білім алу мүмкіндігі

Оқушыларға қатарластарымнан артта қаламын деп қобалжудың қажеті жоқ. Сіз әрқашан күрделі мәселелерді зерттеуге қайта орала аласыз, бірнеше рет видео дәрістерді көре аласыз, мұғаліммен хат алмасып және оны қайта оқи аласыз, өзіңізге белгілі тақырыптарды өткізіп жібере аласыз. Ең бастысы жақсы нәтиже көрсету

  1. Кез-келген жерде білім алу мүмкіндігі

Оқушылар үйден шықпай-ақ, әлемнің кез-келген жерінде оқи алады. Оқытуды бастау үшін сізде Интернетке қосылған компьютер болуы керек. Күн сайын мектепке бару қажеттілігінің болмауы, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы.

  1. Оқудың жоғары нәтижелері

Американдық ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, қашықтықтан оқыту нәтижелері дәстүрлі білім беру нәтижелерінен кем түспейді, тіпті, одан да жоғары. Қашықтан білім алушы оқу материалдарының көпшілігін өз бетінше оқиды. Бұл тақырыптарды есте сақтау мен түсінуді жақсартады. Ал білімді практикада, жұмыста бірден қолдана білу олардың білімдерін бекітеді. Сонымен қатар, оқу үрдісінде жаңа технологияларды қолдану оны қызықты ете түседі.

  1. Мобильділік

Мұғалімдермен байланыс синхронды және асинхронды жолдармен өткізіледі.

Қанша артықшылықтарын келтірсек те, қашықтан оқытудың кемшіліктері де жоқ емес

Кемшіліктері:

  1. Күшті мотивация қажет.

Қашықтан білім алушы оқушы барлық оқу материалдарын дербес оқиды. Бұл ерік-жігер, жауапкершілік пен ұстамдылықты талап етеді. Сыртқы бақылаусыз оқудың қарқыны төмендейді.

2. Қашықтан білім беру коммуникативтік икемділікті дамыту үшін қолайсыз. 

Қашықтан оқыту кезінде оқушылардың бір-бірімен және мұғалімдермен жеке байланысы аз болады. Сондықтан оқытудың бұл формасы сыпайылықты, сенімділікті, командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуға жарамайды. 

3. Практикалық білімнің болмауы

Көптеген практикалық сабақтарды қамтитын мамандықтар бойынша оқыту қашықтықта қиынға түседі. Тіпті, ең заманауи тренажерлар болашақ дәрігерлерге немесе мұғалімдерге тәжірибені алмастыра алмайды.

4. Компьютерлік сауаттылықтың жеткіліксіздігі

Негізінен, мұғалімдер құрамының аға буыны қашықтан оқыту технологиясын меңгеруде қиындықтар туындайды.

5. Шалғай өңірлердің қашықтығы

Қазақстанда шалғай аудандарда қашықтықтан оқытуға ерекше қажеттілік туындайды. Алайда, оқығысы келетіндердің көбісінде интернетке қосылған компьютер жоқ.

  Қазіргі кезде Қазақстан оқушылары қашықтан білім алуда, бұл оқыту түрі дарынды, ізденімпаз оқушы үшін тиімді болса, ал үлгерімі мен жауапкершілігі төмен оқушы үшін біршама қиынға соғары сөзсіз...


Қорыта келгенде, қашықтықтан оқыту технологиясы білім берудің ортасында тұратын оқыту жүйесін құру мүмкіндігін береді. Бұл жүйеде мұғалім оқушының жүмыстарын, жеке қызығушылықтары мен сұраныстарын ескереді. Білім беру жүйесінің ортасында оқушы тұратынын ескерсек, оқыту жүйесі тұтасымен өзгереді. Мұғалім оқушыға арналған өзіндік жұмыстарды ұйымдастырумен шұғылданады. Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану да мұғалімнің рөлі арта түседі және өзгереді.Сырттай бөлім мен қашықтан оқытуды араластыруға болмайды деген позицияны кейбір авторлар ұстанып отыр. Олардың басты ерекшелігі, қашықтан оқыту кезінде интервативтіліктің жүйелілігі және тиімділігі қамтамасыз етіледі. Қашықтан оқытуда күндізгі бөлімде оқытылатын материалдар қолданылады. Осымен байланысты қашықтықтан оқыту технологиясын қолданып жүргізілетін білім беру сапасын бақылауды дүрыс жүргізу және жүзеге асыру мәселесі туындайды
































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!