Материалдар / Мақала: ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІ САБАҒЫНДА ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала: ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІ САБАҒЫНДА ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарих пәні сабақтарында дарынды білімалушыларды анықтауда, көмек болып табылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2020
473
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІ САБАҒЫНДА ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ

Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде оқу - білімнің, соның ішінде болашағымыз бүгінгі мектеп оқушысының білімі мен тәрбиесі маңызды мәселе. Еліміздің әлеуметтік - экономикасының дамуына өзіндік үлес қоса алатын, өзіндік ой - пікірі бар жан - жақты дамыған, білімді де, білікті тұлғаны дайындап, тәрбиелеу аса құрметті қоғамдық міндет. Себебі, ел тұтқасын жан - жақты білімді ұрпақ ұстанған шақта ғана өркениет алға дамымақ.
Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу әр ұстаздың, әр бір мектептің ең қасиетті міндеті. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі, әрі ауқымды өзгерістер өрістеуде. Осы мақсатта мемлекетіміздің білім сапасын арттыратын түрлі құжаттар қабылданып, бағдарламалар енгізілуде. Мемлекет тарапынан көптеген қаражаттар бөлініп, еліміздің көп жерлерінде мұғалімдердің біліктілігін көтеру курстары өткізілуде. Мемлекеттік білім беру жүйесін әлемдік үздік үлгіге сәйкес деңгейге көтеру көзделген. Жеке тұлғаның білім алу және рухани қажеттіліктерін, оның мүмкіндіктерін ескеріп қанағаттандыру.

Қазақстанның көркеюі үшін талантты да қабілетті оқушыларды тауып, оларды білім беру барысында дамыту өте маңызды.ды орындаған оқушылардың тәжірибесі мен білім деңгейі әртүрлі; кейбіреулері терең білімге ие болып,ал кейбіреулерінің білімі ең төменгі деңгейде болуы мүмкін, кейбіреуінің құштарлығы жоғары болады.

Дарынды балаларды даярлау - заман талабы. Бәсекеге қабілетті мемлекет қалыптастыру үшін біз ең алдымен келешегімізді, болашағымызды жасайтын білімді, ұшқыр ойлайтын, тез шешім қабылдайтын, кез-келген қиындықтан шыға алатын оқушыларды даярлауымыз керек. Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше сыйды, қабілетті, дарындылықты тани білу, оны әрі қарай дамыту қиын іс. Әрбір оқушының жеке қабілеттерін анықтап, мемлекетіміздің қажеттілігіне қарай тәрбиелеу, барлық жаңа өзгерістерді бала бойына сіңіру, оларды жан-жақты етіп тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабы болып отыр. Дарынды балаларды айрықша оқшауландыратын ерекшеліктер - ақыл-ой еңбегіне бейімділік, жоғары зерттеушілік қабілеті, жаңа хабарды әрдайым қабылдауға ұмтылыс. Дарынды балалар қиын тапсырмаларды құштарлықпен оңай орындайды. Дайын жауаптарды ұнатпайды. Тарих сабағын өтуде өз пәніме деген оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін сабақты түрлендіріп, өмірмен байланыстырып, қазіргі заман талабына қажетті білім алуға жағдай жасауға тырысамын.Оқушыларды сабақтан жалықтырып алмау үшін бүгінгі күндегі жаңа технология бойынша сабақ үлгілерін ойластырып,күнделікті жоспарға өзгерістер енгізіп, сайыс, модуль, дебат-пікір сайыс, «XXI ғасыр көшбасшысы» түріндегі әдістерді қолдануға болады. Тарих сабағында оқушыларға мынадай талаптар қоямын:

біріншіден, үйге берілген тапсырманы оқулық бойынша оқуды;

екіншіден, оқыған материалды тарихи тілмен мүдірмей айтып беруді;

үшіншіден, тақырыпқа байланысты таблица жасауды, венн диаграмасын сызуды, даталарды жатқа айтуды, тірек схемасын сыза білуді. Осы талаптарды өз деңгейінде орындаған оқушыны қабілетті деп есептеп, ол оқушылармен жеке жұмыстар жүргіземін. Мен өз сабақтарымда дарынды оқушыларға мынадай тапсырмалар түрлерін қолданамын. Мысалы: РАФТ, эссе, «бір сөзден», «артығын тап», топтастыру, «сәйкесін тап», дискуссиялық өрнек, семантикалық карта, бесжолды өлең, кестесі, «Фишбон», пирамида, тарихи басқатырмалар, «Ақылдың алты қалпағы», FILA т.б.

Осындай тапсырмалар арқылы дарынды оқушылардың өзіне де, өзгеге де баға бере білуіне, өзгенің пікірімен санаса білуіне, сыни тұрғыдан ойлауына бағыт-бағдар беруге болады.

Бұлақ көрсең, көзін аш... жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу,оның одан әрі дамуына бағыт- бағдар бере білу ерекше қиын іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу- ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту - бүгінгі күннің алдында тұрған басты талап. Дарынды оқушы-бұл жақсы оқитын оқушы ма? Бұл пікірді белгілі ағылшын психологі П.Торранс зерттеп,шындығында бұл пікірдің ұстаздар қауымы арасында жиі кездесетінін дәлелдеді.Дегенмен, П.Торранстың пайымдауы бойынша мұғалімге көп қисынсыз сұрақ қоятын, көбіне түсінбеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге өз көзқарасы бар, яғни дәл осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететінін айқындаған. Сондықтан осы қағиданы естен шағармаған жөн. Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты- олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Дарынды оқушымен жұмыс жүйесіндегі мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты.Қазақстан тарихы сабағында ойын элементтерін жиі қолданамын. Шеберлікпен ұйымдастырылған ойын ұйымдастырушының оқыту мен тәрбиелеудің таптырмайтын құралы бола біледі. Ойынға қатысушылардан ақылдылықты талап ете отырып, оларды үлкен қанатқа бөлейді. М. Горькийдің айтуы бойынша « Ойынмен байланыстырылған оқу еңбек баланың ынта ықыласының, мінезінің қалыптасуына үлкен әсерін тигізетіндігіне көз жеткізеді». Осы ойды одан әрі А.С. Макаренко дамытады: « Бала жігерлене ойын ойнай жүріп, біртіндеп өмірде қажетті іскерлікпен дағдыны қалыптастырады.» Ойынға деген қызығушылық, ықылас-ынта, тақырыпты еркін таңдай білу керек. Егер ойынға оқушылардың өздері тікелей қатысатын олардан ептілік пен іскерлік, ақылмен істеу болса, табандылық пен шыдамдылық және ұйымшылдық талап етіледі

Қорыта келгенде, адамды танып – білу, оның бойындағы ерекше қабілетті көре білу мұғалім үшін аса қажет қасиет. Ол үшін ерінбей еңбектеніп, баланың ерекше қабілетін байқауда күнделікті сабақта, тәрбие жұмысында, үйірме жұмысында оқушыны үзбей бақылап, рейтинг жүйесімен білімін бағалай отырып, бала бойындағы дарындылықты немесе жүйелі білім алуға қабілетті тұлғаны анықтауға болады. Күнделікті сабақтың тапсырмасына қарағанда күрделі, өз бетінше жұмыс жүргізуге бағыт –бағдар беріп отыр. Оқушы бұл тапсырмаларды орындағанда оқулық материалын толық біліп қана қоймай, өзінің бойындағы барлық қабілетін аша отырып, ойланып жұмысын жүргізуі қажет. Бала бойындағы дарындылықты ашуда әрбір ұстаз өз сабағында жаңашыл әдіс – тәсілдерге сүйеніп, сабақ жүргізсе өскелең жастың өмірге нақты көзқарасын қалыптастыра алады. Қалыптан тыс сабақтарды оқушылармен жүйелі өткізу олардың сол пәнге деген қызығушылығын арттырады. Сондықтан ұрпақ тәрбиесі, ел болашағы ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік жүктейді. Заман жаңарған сайын оқыту жүйесінде де, әдіс – тәсіл де жаңарып, түрленіп отыруға тиіс. Себебі алдымызда отырған қаракөздер Қазақстанның ірге тасын қалайтын, тәуелсіз тудың тұтқасын ұстайтын азаматтар. Қоғамның тағдыры жастардың қолында.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Т.С. Сыдықов, А.Е. Әбілқасымова, «Оқушылардың танымдық белсенділігін

қалыптастырудың дидактикалық негіздері» Алматы,2008 жыл,журнал

2. Қазақстан мектебі «Дарынды бала ұғымы»   №12, 2006жыл

3. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері А.Әлімов Алматы 2013


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!