Материалдар / Мақала: Қазақстандағы 1931-1933 жылдардағы ашаршылықтың салдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала: Қазақстандағы 1931-1933 жылдардағы ашаршылықтың салдары

Материал туралы қысқаша түсінік
10-11 сынып оқушылыларына арналған қосымша материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Сәуір 2021
568
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Резюме

Автор мақалада 1931-1933 жылдары қазақ даласында болған ашаршылықтын себептері мен салдарларын қарастырып, Кеңес өкіметінің солақай саясатының ұлтымызға тигізген кері әсерін айқындауға тырысқан.


Резюме

В своей статье автор стремится раскрыть истину ложной политики Советского правительства и рассмотреть причину голода в Казахской степи 1931-1933 годах.


Summary

In his article the author seeks to uncover the truth of the false policy of the Soviet government and to consider the cause of the famine in the Kazakh steppe in 1931-1933.


Кілт сөздер: Ашаршылық, геноцид, ұжымдастыру, халық, реформа.

Ключевые слова: Голод, геноцид, коллективизация, народ, реформа.

Key words: Hunger, genocide, collectivization, people, reform.




Қазақстандағы 1931-1933 жылдардағы ашаршылықтың салдары

Өскембаева Құралай Сержанқызы

Алматы облысы, Талдықорған қаласы «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар

9 орта мектеп» КММ тарих пәні мұғалімі


«Ашаршылықтан қырылмағанда,

халқымыздың саны әлденеше есе көп болар еді»

Қасым-Жомарт Тоқаев

Тәуелсіздігімізді алғаннан бері халқымыздың басынан кешкен зұлматты кеңестендіру жылдарының ақиқаттарын ашық айтуға мүмкіндік алдық. Кеңес заманында қазақ халқынын басынан кешкен ең ауыр кезеңдерінің бірі ашаршылық жылдары болып табылады. Ашаршылық туралы айтқанда, кеңес заманында екі ашаршылықтың болғанын білеміз. Бірінші ашаршылық 1921-1922 жылдар болып Қазақстанның бүкіл аймағын қамтып, 1 млн 700 мың адам аштан өлген, тарихта – “Кіші Ашаршылық” деп аталады. Екіншісі – 1931-1933 жылдардағы ашаршалық - “Ұлы Ашаршылық” деп аталады. Онда 2 млн 300 мыңға жуық адам аштыққа ұшырап, көз жұмған. Біздің қазір қарастыратың мәселеміз осы «Ұлы ашаршылық» немесе «Қолдан жасалған ашаршылық» деп айтуымызға болатын 1931-1933 жылдардағы аштық болып отыр.

Қолдан жасалған деп айтуымыздын себебіне келетің болсақ, 1931-1933 жылдары қазақ халқы тіршілік көзі малынан айрылып, қандастарымыз қырылды және тарихта бұрын сонды болмаған ұлы нәубетке алып келді. Ашаршылық жылдарында қандастарымыз оқ тимей-ақ опат болды.  Бір ұлтты,  бір этносты жер бетінен жою қасақана жасалған геноцидтін құрбандарына айналды. Сол кездегі өлкелік партия комитетін бірінші хатшысы Ф.И.Голощекин басқарды. Әсіресе, Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы халықты есеңгіретіп  кетті.

Ф.И.Голощекин туралы бірер ақпарат берер болсақ, 1925 жылы Қазақстанға өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып келген соң, көп кешікпей-ақ, мұнда Қазан төнкерісі әлі орын алмаған, сондықтан да «Кіші Қазан» керек деп байбалам салып, ауылды жедел кеңестендіру үшін төтенше шараларға барады. Яғни, Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» деп отырғаны бір ғана әлеуметтік-саяси науқан 1926-1927 жылдары шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу әрекеті болып табылады. [1]

Ф.И.Голощекин осы оқиғаны ұжымдастыру мен күштеп отырықшыландыру шараларына алып келетінің білген жоқ. Қазақстанда жүргізілген сталиндік – голощекиндік реформа, содан туындаған шаруалардың жеке меншігін тәркілеу мен жою, бас көтертпес ет, астық т.б. ауыл шаруашылығы өнімдерінің салықтары, көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын жаппай және күшпен отырықшыландыру науқандары қазақ халқы үшін өте ауыр кезең болды. Күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыру қазақ халқының шаруашылығына үлкен зиян келтірді. Негізгі күнкөрісі мал болған қазақтар екі-үш жылдың ішінде малдарынан түгелге жуық айырылды. 1928 жылы 45 миллионға жуық мал болса, ол он есе кеміп, 4,5 миллионға дейін азайды. Малы жоқ тақыр кедейлер көбейді. Осы «Кіші қазан» идеясы мен «күштеп ұжымдастыру» салдарынан қазақ халқынын көп бөлігінің малының азаюына байланысты күн көрістері нашарлап, аштыққа ұшырады.

Қазақ тарихында ашаршылықтың экономикалық және демографиялық зардаптарының өте ауырлығы дәлелдеуді қажет етпейді. Сол кездегі қазақ зиялыларының мәліметтері бойынша, “ұшқан құстың қанаты талатын қазақ жерінің” түгелдей аймағын аштық қамтыған. Бұл кезде дәстүрлі мал шаруашылығы күйзеліске ұшырады, бірден-бір тіршілік көзінен айрылған қазақтарға біржолата жойылу қаупі төнді. Осы кезде сталинизмге, күштеп ұжымдастыруға қарсы 1929-1931 жылдар аралығында халық наразылықтары болды.

1929 жылдан басталып, 1931 жылға дейін созылған қазақ шаруаларының қарулы баскөтерулері қазақ халқының бүкіл аумағын қамтыған 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған және 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстан кейінгі ең ірі қозғалыс болды. 1929-1931 жылдардағы қозғалысқа Кеңес өкіметі шаруалар толқуы немесе контрреволюциялық қозғалыс деп сипат бергенімен, оның шын саяси сипатын жасыра алмады. Бұл - бүкіл қазақ даласын қамтыған ұлт-азаттық қозғалыс еді. Осы қарулы күрес ең алдымен отаршыл жүйеге қарсы бағытталды. Атап айтсақ: 1929 жылы – Тақтакөпір, Бостанды, Батпаққара, Наурызым, Торғай, 1930 жылы – Ырғыз, Шалқар, Қарақұм (Арал маңында), Қызылқұм, Шоқпар, Сарқант, Созақ, Ақсу, Шұбар, Талас, Сарысу, Қордай, Өскемен, 1931 жылы – Адай, Табын, Қарқаралы, Абыралы, Қу, Шыңғыстау, Шұбартау аймақтарында кеңес өкіметінің күштеп ұжымдастыруына қарсы шаруалар көтерілістері болды.[2]

Осы уақытқа дейін Қазақстандағы ұжымдастыру науқаны мен ашаршылыққа қарсы бой көтерулер туралы аз жазылған жоқ. Қазақ жерінде 1929-1931 жылдардағы 80 мың адамды қамтыған 372 шаруалар көтерiлiсі талқандалды. ОГПУ (Біріккен Мемлекеттік Саяси Басқарма) мәліметтері бойынша, 1930 жылы қаңтар-сәуір айларында КСРО-да 1,8 млн. адамды қамтыған 6 мыңдай шаруалар көтерілісі болған.

Қазақ даласындағы ашаршылық туралы қазақ зиялылары үнсіз қалған жоқ. Тұрар Рысқұлов, Смағұл Сәдуақасов, Нығмет Нұрмақов, Ораз Исаев, Сұлтанбек Қожанов және т.б. Мәскеуге ресми хаттар дайындады. БК(б)П ОК-нiң Бас хатшысы И.В.Сталин мен Қазақ өлкелiк партия комитетiнiң бiрiншi хатшысы Ф.И. Голощекинге жолданған Тұрар Рысқұловтың “Сталинге хаттары”, Ғ.Мүсiрепов, М.Ғатаулин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Қуанышев жазған “Бесеудiң хаты” және т.б. хаттарда қазақтың аштыққа ұшырап қырылуы мен үдере шетел асуының негізгі себептерi, экономикалық және демографиялық шығынды айғақтайтын нақты мәлiметтер келтірілген болатын.

Ораз Исаевтың 1932 жылы Сталинге жолданған хатында жазылғандай: «…Байлардың көптеген аудандарда белгілі бір табысқа жеткенін мойындау керек. Бұл 1930-1931 жылдары байлардың Алтайдан Маңғыстауға дейін едәуір ірі-ірі контрреволюциялық бас көтерулер ұйымдастыра алғанынан ерекше айқын көрінді». [3]

1931-1933 жылдардағы ашаршылық – Қазақстан тарихындағы ең зұлмат кезеңдердің бірі. Ашаршылық жылдары сол кезде Қазақстанда тұратын қазақтардың тең жартысына жуығы (40%) қырылды. Бұл 2 миллондай қазақ деген сөз. Басқа халықтар да ашаршылыққа ұшырады. Бірақ бірде – бір халық қазақтар сияқты тең жартысынан айырылған жоқ. Негізінен жас балалар мен әйелдер қырылғандықтан оның демографиялық зардабы ауыр болды. Қазақтардың сан жағынан өсуін қатты тежеді. Әр туылған нәрестенің 10 нан 1 ғана тірі қалды. Кейіннен асыра сілтеушіліктің шын мәні  “ашаршылық”, “голощекиндік геноцид” деген тарихи атқа ие болды. Миллиондаған адамның бейбіт уақытта қырылуы cол халық үшін аса зор апат болып табылады. Бұл апатқа кім кінәлі деп сұрақ қойсақ, оған кінәлі – Кеңес өкіметінің басшылары, солар жүргізген солақай саясат деп қана жауап беруге болады.

1921-1922 жылдардағы және 1930-1933 жылдардағы республикада халық пен мал саны қаншалықты кемігенін төмендегі салыстырмалы кестеден көруге болады:

 

Аштық жылдары

1921-1922 жылдардағы аштық

1930-1932 жылдардағы аштық

Себептері

1921 жылы жазда куаңшылық болып, малдың 80%-ы кырылды. Астық   мол   болған   аймақтардан   азық-түлік   отрядтары   орталыққа ауылшаруашылық өнімінің 80%-ын әкетті.

Мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырады. Ұжымдастыру карсанында- 40,5 млн. мал болды. 1933 жылы 4,5 млн. мал қалды.

 

Аштыққа ұшырағандар саны

Ашығушылар республика халқының 1/3 бөлігін камтыды. 1921 жылғы карашада 1 млн. 508 мың адам ашықты. 1922 жылғы наурызда 2 млн. 303200 адам ашыкты. Аштыққа індет қосылып, 1922 жылы маусымда Батыс Қазақстанда ашығушылар мен аурулар 82%-ға жетті.

1930 жылы- 313 мың адам; 1931 жылы- 755 мың адам; 1932 жылы 769 мың адам қайтыс болды. 1930-1932 жылдары барлығы 2 млн 300 мың қазақ немесе халықтың 40% -ы жаппай кырылды. Актөбе облысында 1930 жылы 1 млн. 12500 адам болса, 1932 жылы 725800 адамға кеміген (71%).Балқаш ауданында 1930 жылы 60 мың адам болса, 1932 жылы 36 мыңы қырылып, 12 мыңы баска аймақтарға көшіп кетті. 1930-1931 жылдар аралығында 1 млн. 70 мың адам Қытай, Иран, Ауған жеріне т.б. көшті. 616 мыңы қайтып оралған жоқ. 414 мыңы кейін елге оралды. 1930-1933 жылдары 2,3 млн. адам аштықтан қырылды.

Зардаптары

Демографиялық жағдай қиындады. Орынбор, Қостанай, Актөбе, Орал, Торғай губернияларында халық саны l/3-не дейін азайды. 700 мыңнан астам адам республикадан көшіп кетті.

Қазақтардың осы жылдардағы саны 40 жылдан кейін, 1969 жылы ғана калпыпа келді. 1930-1932 жылдардагы аштық тарихта «ұлы жұт» атанды.

 


Тарихшы ғалымдарымыз, зерттеушілеріміз бен ізденушілеріміз, әсіресе ұжымдастыру арқылы келген отызыншы жылдардың басындағы аштық нәубеті жөнінде бірқатар құнды зерттеулер жасап, осы зұлматтың ақиқаттарына жету үшін жан-жақты ізденістер жасауда. Сол зерттеулердің әсерінен көптеген шындық беті ашылуда. Мысалы, өткен ғасырдың 20 – жылдарының соңы мен 30-жылдарының басынағы Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру арқылы келген ашаршылық қолдан жасалған, идеологияға негізделген саясатты жүзеге асырудың нәтижесі еді. Коммунистік партияны қазақтарға, одан кейін, белгілі бір дәрежеде басқа да көшпелі халықтарға әкеліп жапсыру оларды сан апат пен қайғы – қасіретке душар етті. Сөйтіп, 1931-1933 жылдар қазақ халқының ең бір қасіретті жылдары болып тарихымызда қара әріптермен жазылып қалды.

Ашаршылық қазақ халқының дамуын 110 жылға кейін шегерді. «Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама»,- дейді дана халқымыз. Бірнеше жыл қатарынан орын алған дүркін-дүркін қайталанған ашаршылық зұлматынан ұлтымыздың əбден сансырағаны анық. Ашаршылықтың салдары қазақ халқының мəңгілік проблемасы болып қала береді деген ойдамыз. Президентіміз Н.Ə. Назарбаев: «Егер ашаршылық болмағанда біз қазір 45-50 миллион халық болып отырар едік», — деді. Ашаршылық қазақ даласындағы ұлы нәубет екендігінде дау жоқ. Өскелен ұрпақ ашаршылықтын “голощекиндік геноцид” екендігіне толық көздерін жеткізуі керек. Бұл ұлы трагедия. Жер бетінде біздің халықтай қырғынға ұшыраған халық жоқ. Сондықтан, қазіргі таңда ашаршылықты, оның себептері мен салдарлары және оның тарихтағы орның айқындау маңызды мәселелердің бірі екендігіне дау жоқ.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Омарбеков Т., Қазақстан тарихының өзекті мәселелері. – Алматы, 2001 ж.

2. Омарбеков Т., Тарихпен өрілген тағдыр. – Астана, 2007 ж.

3. Қазақ қалай аштыққа ұшырады?, Алматы, 1991.– 26 б.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!