Материалдар / Мақала "Шағын жинақты мектеп: қазіргі жағдайы мен даму болашағы "
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала "Шағын жинақты мектеп: қазіргі жағдайы мен даму болашағы "

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақала ұстаздарға арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Сәуір 2018
1759
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Гумарова Жазира Армановна

БҚО, Казталов ауданы, Қайыңды ауылы

Қайыңды жалпы білім беретін мектебінің

физика пәнінің мұғалімі


«Шағын жинақты мектеп: қазіргі жағдайы және даму болашағы»


Шағын жинақты мектептер еліміздегі барлық жалпы білім беретін мектептердің жартысынан астамын құрап отыр. Бұл мектептердің жай-күйі, тыныс-тіршілігі үлкен елді мекендерде орналасқан мектептермен салыстыруға келмейді. Олардың жағдайын алып қарастырса да, шешімін күтіп тұрған проблемалары жеткілікті.

Қазіргі таңда шағын мектептер мәселесіне мемлекеттік деңгейде жіті назар аударылып, ірі-ірі іс-шаралар атқарылуда. Қазақстан республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында шағын жинақты мектептерді дамыту проблемасы басым бағыттардың бірі болып белгіленді. Бұл ең алдымен шағын жинақты мектептердегі білім сапасын көтеру міндеті жүктейді. Осыған орай шағын жинақты мектеп қызметін жетілдіру Қазақстанның барлық білім беру жүйесі үшін маңызды міндет болып отыр.

Шағын жинақты мектеп дегеніміз – оқушыларының саны аз, біріктірілген немесе толық емес сыныптардан тұратын, оқу үдерісін жоспарлау мен ұйымдастыруда өзіндік ерекшеліктері бар жалпы білім беру мекемесі. Бұл мектептер шалғайдағы шағын ауылдық жерлерде адамдарды тұрақтандырудың басты кепілі болып табылады. Өйткені отбасының тұрмыс-тіршілігі мен балаларын оқытып тәрбиелеу үшін , мұндай мектептер барынша мүмкіндік жасауға ұмтылады.

Шағын жинақты мектептердегі оқу-тәрбие үдерісінің тиісті дәрежеде жүргізілуі біріншеден, оның материалдық-техникалық базасына, екіншеден, мұғалімдердің біліктілігіне, үшіншідіен, біріктірілген сыныптардың санына байланысты. Бірнеше сыныптарды бір сыныпқа біріктіру, оның негізінде сабақ кестесін құру, соған байланысты сабақтың күнтізбелік жоспарын жасау, сабақтың уақытын дұрыс, тиімді пайдалану мәселелері шағын жинақты мектептің маңызы болып табылады.

Бұл мектептердің жалпы білім беретін орта мектептерден айырмашылығы – оқушы санының аздығына байланысты бірнеше сыныптардың біріктіріліп оқытылуында. Бірнеше сынып біріктірілгендіктен мұғалімнің апталық жүктемесіне өзгерістер енгізіліп, мұғалім бір уақытта, бірнеше сыныппен қатар сабақ өткізеді. Осыған байланысты мұғалім әр сыныпқа сабақтың белгілі бір бөлігін ғана жұмсай алады. Сондықтан да мұндай біріктірілген сыныптардағы сабақтарды ұйымдастыру сол мектептердің мұғалімдеріне де, жас мамандарға да қиындық туғызары сөзсіз. Осыған орай шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында бір пәндік, бір тақырыптық ұстанымдарға негізделген кіріктіре оқытуды ұйымдастырудың тиімділігі анықталды.


Біріктірілген сыныптарда кіріктіре оқытудың тиімді жақтары төмендегідей:

  • балалардың саны аз, сондықтан мұғалім әрбір оқушыны, оның қызығушылығын арттыруына, отбасын жақсы тануына мүмкіндік бар.

  • оқушылар әр түрлі сыныпта оқығанымен, олардың назарын бір пәннің мазмұндағы ұқсас тақырыптарға аударуға мүмкіндік жасалады;

  • дәптер тексеруге аз уақыт жұмсалады.

  • оқушылардың тәртіп бұзушылығы аз болады.

  • әр оқушы білім деңгейіне қарай өзіндік жұмыс түрлерін орындайды;

  • өзіндік жұмыстарды оқушылардың жас ерекшілігіне қарай деңгейлеп беруге жағдай жасалады;

  • оқушылардың бір-біріне көмектесіп, ұжымдық қарым-қатынасқа түсуіне мүмкіндік беріледі;

  • оқушылардың бірін-бірі тексеруі, өзін-өзі тексеруі, бағалауы жүзеге асады;

Шағын жинақты мектеп мәселесін зерттеушілер Ж.Қ.Астамбаева мен Г.И.Уәйісова өздерінің «Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы» атты еңбегінде «Шағын жинақты мектептің тарихы ерте кезден, яғни жалпы шағын жинақты бастауыш мектеп жаңадан пайда болған құбылыс емес екенін, оның негізі бастауыш білім беру жөнінде белгілі педагогтар К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой жасаған оқыту методикасында жатырғанын айтқан». Қазақстан топырағына бұл құбылыстың келуі қазақтың тұңғыш педагогі Ы.Алтынсариннің есімімен байланысты XVIII ғасырдың 60 жылдарында дүниеге келді. Содан бері қанша уақыт өтсе де, шағын жинақты мектептер әлі де өмір сүруде.
Шағынжинақты мектептің үштүрі болады, олар:
1)     Бастауыш шағын жинақты мектеп;
2)     Негізгі шағын жинақты мектеп;
3)     Орта шағын жинақты мектеп.
Шағын жинақты мектептер жалпы білім беретін мекемелердің бірі бола отырып, бір қатар әлеуметтік-эканомикалық себептерге байланысты қазіргі қалпында оқытудың сапасын жетілдіру, мемлекеттік стандарт талаптары деңгейінде сай білім беру үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндігі аз. Мұндай мектептерде бүгінгі күннің талабына сәйкес пәндерді тереңдетіп оқыту, бастауыш кәсіби білім негіздерін жасау, оқушылар үшін білімділік қызметтердің қолжетерлігін қамтамасыз ету мәселелері аса қиын. Жоғарыда аталған бұл мәселелер мұндай себептерден туындауда:
- Әр түрлі жастағы балаларды бір сынып кешенінде біріктіріп, бір мезгілде, бір бөлмеде оқыту, қосалқы сыныптарда оқу өткізудің ыңғайсыздығы;
- Әр түрлі жастағы балалардан құралған сынып кешкендердің оқытудың арнайы әдістемесінің жасалынбауы, осы типтес сыныптарға арналған оқытудың жоғары деңгейін қамтамасыз етерлектей оқу-әдістемелік кешендердің болмауы;
- Ауылдық мектептердің арнаулы жабдықталған оқу кабинеттері мен шеберханалармен, лабараториялармен, оқытудың аудио-визуальды құралдармен, компютермен жабдықталмауы, оқулықтардың жетіспеуі;
- Шағын жинақты мектептердегі сабақ құрылымын жобалаудың өзіндік ерекшеліктері;
- Сынып кешендердегі сабақтың тиімді құрылымының жасалып, мұғалімдер қауымына дайын күйде ұсынылмауы, кәсіптік білім беруді ұйымдастыруға мүмкіндіктің жоқтығы;
Осы оқу жылына дейін ауылымызда толық емес сыныптар мен негізгі орта білім беретін мектеп жұмыс жасады. Осындай мектептің арнаулы жабдықталған оқу кабинеттері және шеберханалар, лабараториялар, оқытудың аудио-визуальды құралдарымен толық жабдықталмауы оқушының жан-жақты білім алуына кедергі келтіреді деп ойлаймын. Себебі, оқушылар бағдарламада көрсетілген зертханалық жұмыстарды жасап, арнаулы пәндердің тапсырмасын көзбен көріп жұмыстанбаған жағдайда талапқа сай жұмыс орындай алмайтынын жақсы білеміз, осындай киындықтардың туындауынан оқушылардың сабаққа деген қызығушылығынын төмендеуіне, сабаққа немқұрайлы қарауына әкеліп соқтырады. Бұл технология, физика, химия, биология, пәндеріне қатысты. Өзім физика пәнінің мұғалімі болғандықтан оқушылардың арнайы құралдармен жұмыс жасағанын қалаймын. Осындай және басқа да шағын жинақты мектептерде күнделікті кездесетін қиындықтардың алдын алу үшін, біріктірілген әдістемелік орталықтар, әдістемелік ұйымдар ШЖМ-те жұмыс істейтін мұғалімдерді біріктіріп, (орналасу жеріне байланысты мектептің немесе үйдің) бір бірінің тәжірибесімен алмасуына жағдай жасайтын, мұғалімдердің күнделікті араласып, пікір алмасуларына мүмкіндік жасайтын өзара ұйым құрып, кездесетін қиындықтарға бірігіп, ұйымдасқан түрде, бір-біріне қолдау жасап, шешім қабылдап, өз біліктілігін ғана емес, басқада мұғалімдердің біліктілігі артар еді. Жылына әлде жарты жылда өткізіліп тұратын семинарлар аздық етеді. Мұндай жұмыстар тәжірибесі мол мұғалімдер мен жас мұғалімдермен тәжірибе алмасуына үлкен септігін тигізіп, барлық оқу үрдісін жаңартуға оң әсер етер еді.

Мектебіміздің қазіргі жағдайына келетін болсақ, биылғы оқу жылынан бастап метебімізге яғни физика, химия, өзін-өзі тану және бастауыш кабинеттері компьютер, интерактивті тақта және проектормен жабдықталды.

Бүгінгі күні қазақ халқының қайнар көзі ауылда шоғырланған. Ауыл мектептерінің ахуалын көтеріп, жағдай жасау, материалдық базасын нығайту – кезек күттірмейтін көкейтесті мәселе.

Ал жаңа буын оқулығын меңгеріп кету үшін оқулық толық жеткілікті болумен бірге, оқулыққа қоса мұғалімдер әдістемелік оқу құралдармен қамтамасыз етілуі қажет. Бұл мәселеде де ойланатын жағдайлар көп.

Білімді ұстаз – шәкірт бақыты. Білімді шәкірт – елдің бақыты. Олай болса, материалдық база жасап, мұғалімнің сапалық құрамын реттеп, жаңа дүниені жатсынбай сапалы білім, саналы тәрбие беруді ұйымдастыруымыз қажет.

Шағын жинақталған мектептерді дамыту тұжырымдамасының жүзеге асыру шарттары төмендегідей кешенді шараларды бекіту арқылы нақты іске айналды:

  • шағын жинақталған мектептің нормативті – құқықты базасының сәйкестігін қалыптастыру;

  • шағын жинақталған мектеп қызметінің қаржылық – экономикалық базасын жетілдіру;

  • шағын жинақталған мектептерді ақпараттандыру және материалдық-техникалық базасын нығайту;

  • ұйымдастыру – басқару жүйесін орнықтыру;

  • оқу – тәрбие процесінің ғылыми – педагогикалық және оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілу, шағыг жинақталған мектептің ерекшеліктерін ескере отырып, жаңаша оқу-әдістемелік кешенін жасау;

  • шағын жинақталған мектептің ерекшеліктеріне сай педагог мамандарды даярлау;

  • мұғалімдер біліктілігін үздіксіз дамыту мен оларды қайта даярлау;

  • оқытудың жаңа технологияларын енгізу.

Елде қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдай шағын жинақталған мектептердің қызмет ету мүмкіндігіне қауіп туғызып отыр. Әлемдік тәжірибе, мәдени, тарихи жағдай шағын жинақталған мектептерде қазіргі қоғамдық талаптарға сай жаңа парадигманың, білім берудің өзіндік практикасының пайда болуына әкеліп отыр. Бүгінде ол көп қырлы, жылжымалы және көпсатылы жүйе ретінде қарастырылады. Сол себепті облысымыздың әртүрлі аймақтарында тәжірибелі ең жақсы шағын жинақталған мектептер базасында лабораториялар, педагогикалық курстар, шығармашылық шеберханалар құру қажеттілігі туындап отыр.

Қорыта келе, болашақ шағын жинақты мектептің қабырғасы берік, еңсесі биік болуы – біздің бүгінгі еңбегімізге байланысты. Сонымен, Жұбан ағайымыздың:

Барлық үйдің мектеп неге сұлуы?

Барлығынан неліктен ол жылуы?

Бөбектерді мәпелейді ол неге?               

Қадірлейді халық не үшін бұл үйді? – деп жырлауға лайық шағын жинақты мектеп тұрғыза алсақ – ұрпақ алдындағы, заман талабына сай міндетімізді атқарамыз.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1. Астамбаева Ж.Қ, Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагоикалық үдеріс теориясы мен технологиясы:Алматы,2010.

2.  Базарбаева Н.Ә. Шағын комплектілі мектептердегі оқу-тәрбие үрдісіндегі ерекшеліктер:- Алматы, 2002.

3. Шағын жинақты мектепке арналған әдістемелік құрал – Астана, 2013.
4.   Қазақстан Республикасында Шағын жинақты мектептерді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған Тұжырымдамасы (жобасы).
5.  Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы – Алматы, 2014.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!