Мақала: СӨЗ БАЙЛЫҒЫН МӘТІНДЕР АРҚЫЛЫ ЖЕТІЛДІРУ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала: СӨЗ БАЙЛЫҒЫН МӘТІНДЕР АРҚЫЛЫ ЖЕТІЛДІРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
мәтінмен жұмыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қостанай облысы Қашар кенті

1 Қашар орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Джагалтаева Кунжан Кабаевна


Сөз байлығын мәтіндер арқылы жетілдіру

Сөз байлығы – оралымды тілге қойылар талаптың бірі. Айтушының сөзі тыңдарман қауымға тартымды болуы үшін сөз байлығы жақсы, сөздік қоры мол болуы тиіс. Адамдар сөйлегенде бос қайталауларға бой алдырып, сөз жұтаңдығын танытады, тілдің коммуникациялық сапасын күрт төмендетіп жібереді. Әрбір айтылған сөздің салмақты болғаны жөн. Құр бос ауаға айтылған сөздің еш қадірі жоқ. Ол айтушының сөз байлығының төмендігін көрсетеді. Әдемі сөйлеуді, дұрыс сөйлеуді тіл мәдениетін үйрену арқылы жетілдіруге болады. Сөздік қорын молайту үшін кітапты көбірек оқу керек, аса көрнекті қаламгерлерден, тіл нақышы келісті сөз зергерлерінен үйрену керек.

Мәтінмен жұмыс түрлерінде мәтінді қабылдауға оқушыны психологиялық дайындау бірінші орынға қойылу керек. Оқушыны мәтінге қызықтырудың рөлі аса зор. Оқушы үшін әдеби мәтінің оның ойынан, көңілінен шығуы негізгі мақсат болып тұрғанда ғана қалған жұмыстар меңгеруге бағытталған іс - әрекет арқылы мұғалімнің бағыттауы, жетектеуімен өзіңнен –өзі іске асуы мүмкін дегенді айтқым келеді.

Оқушыны тақырыпқа бағыттау, шығарманың тақырыбын игерту, шығарма қандай тақырыпта, ол жөнінде не айтуға болатынын білгізу, келесі шығарманың идеясын оқушымен бірге талдап ашу, оқушыны әсерін ортаға салғызу , білімін көрсетуге мүмкіндік беру- бұлардың барлығы мұғалімнің басты міндеті.

Қазіргі таңда мектеп оқушыларының мұғалімнен күтері көп, оларды сабаққа белсене қатыстыру үшін әр сабақ барысын жаңа формада, жаңа әдісте жүргізу шарт.

Оқушының жұмыс жасауына коллобаративті ортаны жасау, тапсырманы оқушының қабылдап, меңгеру үшін сабаққа дейін өте көп ізденіп жұмыс жасау мұғалімнің күтілетін талап. Оқушы қолайлы ортада, өзіңе қажет немесе қызық ақпаратты мәтінмен жұмыс істеу арқылы алатынын сенімді болса, онда ол мәтіннің қай тілде екені бала үшін аса қажет емес. Мысалы, мәтінді деңгейлі сұрақтар қою арқылы меңгерту, оқушы тапсырманы орындайды, автор болады, болжам жасайды, талдайды, баға береді, алған блімі негізінде ойын жинақтайды, кері байланыс жазады немесе ауызша айтады.


Мысалы: мотивациясы әлсіз оқушыларға мұғалім сурет бойынша тапсырма береді



Кез келген әдеби мәтінмен жұмыс істейтін бала жұптасып та жұмыс жасайды. Жұптық жұмыс өз ойын сенімсіз, баяу әрекетететін балалар үшін тиімді. Жанындағы жұптың ойын тыңдау кезінде, тапсырманы жұптасып орындау кезінде оқушының ішкі ойын түсінуге көмектеседі. Оқушылар жұпта әңгімелесу арқылы оқушының не айтқысы келетін, қандай ой қосатына біршама көмегі тиеді.


А л бағалау кезіңде оқушылар алған білімін өзіңе қаншалықты керектігін, құндылығын анықтайды, бір – бірінді бағлайды, топта, жұпта талқылайды, өздерінің пікірін айтады.




Міне, жоғарыда айтып отырған ойлары баланы қазақша әдеби мәтіндерді меңгере отырып әдеби тілде сөйлетуге, сөздік қорын байытуға бағытталған. Тілдің қажеттілігі оқушының сөздерді түсінуіне, есіне сақтау қабілеттерінің айтуына, , сөздік қорының молаюына әсерін тигізеді.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
30.00.2020
491
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі