Мақала Сұлтанмахмұттың бір өлеңі жайында

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала Сұлтанмахмұттың бір өлеңі жайында

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада Сұлтанмахмұт Торайғыровтың "Бір адамға" өлеңіндегі "шенге алыпты" сөзінің мағыналық текстологиясы жайында сөз болады. 7-сыныпқа арналған әдебиет пәніндегі бұл өлеңнің осы сөзі әр басылымда қайталанып, мағынасы толық ұғынуға кедергі келтіретіні жөнінде айтылған,
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сұлтанмахмұттың бір өлеңі жайында


Сұлтанмахмұт Торайғыров – ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінде орны ерекше ақындардың бірі. Ол Абайдан кейін қазақ әдебиетіне өзгеше леп пен өзгеріс әкелген ірі ақындардың бірі. Ол поэзия мен прозада да қалам қарымын таныта білді. «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам, қараңғылықтың кегіне күн болмағанда кім болам?» деп өр үнімен жар салған ақын ең бір шабыты кемелдеген шағында, 27 жасында қайтыс болып кетті.

Оның артында қалдырған мол мұрасы бар. Қазір де, кеңестік кезеңде де мектеп оқулықтарынан түспей келе жатқан оның өлеңінің бірі «Бір адамға» атты өлеңі.

Уытты ирониямен жазылған өлең заман шындығын көрсетумен қатар, өзінің тіл ерекшелігімен де, құрылысымен де, оқыған адамды өзіне тартып, рухани қолдау береді. Жақсы мен жаманның, бай мен кедейдің қай заманда да тайталасқа түсіп отыратынын, сондықтан оның қандай заманда да бағасы түспейтінін сезгендей боласың. Осындай мәні де маңызы да үнемі күн тәртібінде тұратын «мәңгілік» тақырыпқа өлмес өлең арнаған Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығында бұл өлеңнің орны бөлек.

Расында да өлең нақты өмірде болған оқиға туралы жазылған. Бұл туралы оқулықта («Әдебиет» 7-сыныпқа арналған оқулық, Алматы, «Атамұра» 2012 жыл) мынадай мәлімет бар: «Сұлтанмахмұт Торайғыров 1914 жылы ел аралап жүріп, Павлодар маңының атақты шонжары Шорман ауылына түседі. Байлығына мастанған Шорман ұрпақтары ата-тегінің патша өкіметінен алған шен-шекпендерін, халықтың көз жасымен жиналған қазына-мүлкін көрсетіп, мақтаныш білдіреді. Мұны жақтырмаған ақын осыған байланысты «Бір адамға» өлеңін шығарады».

Бұл үзіндіні алып отырған себебіміз де жоқ емес. Өйткені 7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығында Кеңес кезінен бері қайталанып басылып келе жатқан өлең мәтінінде «шеңге» деген сөз ешбір өзгеріссіз қолданылып келе жатыр. 7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығындағы өлеңнің екінші шумағын оқып көрелік:

Ол рас, аталарың шенге алыпты,

Арзан қып, қымбат емес, кемге алыпты.

Апыр-ай, қалай бұлдаған сатқандарын,

Оқа, түйме, сылдырмақ, теңге алыпты!

(«Әдебиет» 7-сыныпқа арналған оқулық, Алматы, «Атамұра» 2012 жыл, 51-бет)

Осындағы шумақтың бірінші жолында төртінші тұрған «шеңге» деген сөздің мағынасын өзіміз түсінбегендіктен, оны «Қазақ әдеби тілінің сөздігінен» іздеп көрдік. Онда:

ШЕН1 зат 1. Арбаның дөңгелегінің сыртын қоршап тұратын, иіліп келетін темір, шеңбері. Мысалы: Қажымұқан дүкеннен сом шен темір алдырып, соны белуарынан белбеуше орап-орап лақтырып тастады. С. Бегалин. 2. ауыс. Бір заттың төңірегі, маңы, айналасы. Шеніне екеуінің ел бармайды, ел тұрмақ өздеріңдей ер бармайды. К. Әзірбаев 3. Белгілі бір уақыт, мөлшерлі кез. Мысалы: мамыр айының орта шені.

Мұнан басқа тілімізде қолданылатын шеннен асқан, шеніне жуытпады, шеніне келмеді, шенінен жүргізбеді тіркестеріне түсініктеме берілген.

ШЕН2 зат 1. Әскери қызмет дәрежесі, атақ, мансап. Мысалы: Әкімгерей өз ротасында жүр. Старшина деген шен алды. Б. Момышұлы. 2. Атақ-дәреже, марапат. Керек маған сыйың да, сияпат та, артық емес шенің де шекпенің де! Қ. Мырзалиев.

Осы сөздікте тағы да шен алды, шен тақты, шен тимеске шен тиді сөздері түсіндіріледі.

Сонымен қатар осы сөздікте шенде сөзі де кездеседі.

ШЕНДЕ1=ет. Көбею, молаю, қаптап шығу, өсімдіктердің түбінен тармақталып шығуы, өсімдіктердің сабақтарының көбеюі. Мысалы: Бұл үзімнің түбі шендеп кетіпті, күзде жақсылап қырқу керек.

ШЕНДЕ2 =ет. Ілесу, маңайласу, жету. Мысалы: Олардың табысы бізден жоғары. Біздің ең озат сауыншының айлық еңбекақысы солардың жалқау деген сауыншысы табысына шендемейді. С. Сарғасқаев «Сұлутөр». («Қазақ әдеби тілінің сөздігі» ХV том, 335-336 беттер)

Міне көріп отырғанымыздай қазақ тілінінде қолданылатын сөздерді толық қамтыды деген «Қазақ әдеби тілінің сөздігінде» шен сөзіне байланысты осындай сөздер берілген. Ал шенге алыпты деген сөзді кездестірмедік. Кездестірмеуіміздің де жөні бар. Өйткені ондай сөз біздің тілімізде қолданыста жоқ.

Сонда өлеңдегі «шенге» деген сөз қалай пайда болаған? Біздің ойымызша Сұлтанмахмұт Торайғыров мұраларын мәтіндік (текстологиялық) жөнге келтірушілер жоғарыда келтірілген өлеңдегі екінші жол соңындағы «кемге алыпты», төртінші жол соңындағы «теңге алыпты» деген сөздерге ұйқас үшін «шенге алыпты» деп жазып жіберген болуы мүмкін.

Біз ұлы дала елінде тұрамыз ғой. Сондықтан егер ұлы даланың бір шетінде қазақ тілінде тап осындай сөз болып, оның мағынасын біз түсінбей жүрсек, кешірім өтінеміз және мүмкін ел арасынан уәж айтар біреулер табылып жатса, әрине қуанымыз. Себебі қазақ тілі осындай сөздер арқылы көбейіп, байып жатса, қуанбағанда ше!?

Ал енді біз өзімізше «шенге алыпты» сөзінің анық мағынасын былай деп ұққанымызды да назарыңызға бере кетейік. «Ол рас, аталарың шенге алыпты» деген сөз біздіңше «Ол рас, аталарың шен де алыпты» болуы керек. Сонда шеннің мағынасы анық, айқын бола түседі де «де» демеулік шылауы оның басқа да сый-сияпаттан кенде қалмағанын ащы мысқалға айналдырады. «Де-нің» осындай кереметтігін оны алып тастағандағы нұсқасымен салыстырсақ та жеткілікті. Қараңыз:

Ол рас, аталарың шен алыпты,

Арзан қып, қымбат емес, кем алыпты.

Апыр-ай, қалай бұлдаған сатқандарын,

Оқа, түйме, сылдырмақ, тең алыпты!

Біздің нұсқамыз:

Ол рас, аталарың шен де алыпты,

Арзан қып, қымбат емес, кемге алыпты.

Апыр-ай, қалай бұлдаған сатқандарын,

Оқа, түйме, сылдырмақ, теңге алыпты!

Міне, енді өлең толық мағынасына ие болды! Мектеп оқулығындағы сан басылымдарда үздіксіз қайталанып келе жатқан осындай орашолақтықтардан құтылып, тіліміздің мерейін көтеру әрбіріміздің міндетіміз болмақ.

* * *

Садувакас Абдынасыров

Филолог, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.08.2021
456
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі