Материалдар / Мақала: Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала: Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Маусым 2019
2037
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті

Ахметова Айнур Нуртолеуовна – құқық негіздері пәнінің оқытушысы

КМКҚ «Шығыс Қазақстан ауылшауашылық колледжі»


Елбасы жолдауында: «Заңды бұзған екенсің, оның баптарына сәйкес жауапқа тартыласың» дейтін нақты ережесі бар. Ендеше, жемқорлықты жоюды мақсат еткен сот жүйесі де жолдауда берілген, тапсырмалардың шындыққа айналып, заңнамалардың талапқа сай орындалуына мүдделік танытуды міндетті санайды.

Жемқорлық-яғни бұл сатып алу деген мағынаны білдіреді. Бұл мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстың іс-әрекеттері. Жемқорлықтың жалпылама белгілері: лауазымды адамның өзінің немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті үшін ақша, бағалы қағаздар, өзгеде мүлік, мүлік құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алу, туыстық, жерлестік т.б жақындықтарына байланысты қызметке ретсіз қабылдау және көтермелеу, сондай-ақ, мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді талан-таражға салу.

Мемлекетте жемқорлықтың бел алуы көлеңкелі экономиканың пайда болып, экономикалық өсу қарқынының тежелуіне және әлеуметтік, саяси шиеленістердің асқынуына ұрындырады. Сонымен қатар жоғарғы лауазымды мемлеттік қызметкелер жаппай жемқорлыққа салынған жағадайда құқық қорғау органдары оларды жасаған қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тарта алмайтын жағдай қалыптастырады.

Жемқорлық жасалу түрлеріне қарай екіге бөлінеді: жекелеген лауазымды қызметкерлер жасаған қылмыстық іс-әрекет және бірнеше лауазымды қызметкерлер бірігіп жасаған қылмыстың іс-әрекет (қысқаша сыбайлас жемқорлық). 1989 жылы әлемнің дамыған 37 мемлекеті халықаралық бизнестегі жемқорлыққа қарсы күресу туралы конвенцияға қол қойды. Қазақстан осы конвенцияға қосыла отырып, 1998 жылы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылдады.

Сыбайлас жемқорлық - мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттердегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік – құқықтық актілер де қабылданады. Оларға «Мемлекеттік қызмет туралы» (1995) және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (1998) ҚР заңдар жатады. Сонымен қатар осы саладағы ынтымақтастық туралы халықаралық актілер де бар.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан, кез-келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз керек.

Жемқорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың Конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарын орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі-ол азаматтардың арыз-шағымы Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын бостандықтарын, абыройы мен қадір қасиетін құрметтеуге міндетті.

«Әділдік жоқ жерде пара белең алады», «Дүние-байлық неге керек, денсаулығының болмаса, Төрелігің неге керек, халықтың көңілі толмаса» деген нақыл сөз сот саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлердің де ,әділ төрелік жасап, жемқорлықтан жоғары тұрған жағдайда ғана халық сеніміне ие боламыз.

Біздің елімізде қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама жұмыс істеуде, оның негізі «Сыбайлас жемқолыққа қарсы күрес туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдар болып табылады, бірқатар бағдарламалық құжаттар іске асырылуда, Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы функционалды кешенді түрде іске асыратын арнайы уәкілетті орган құрылды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласындағы халықаралық ытымақтастық белсенді жүзеге асырылуда.

2001 жылдан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда, олардың шеңберінде сыбайлас жемқорлық көріністері пайда болуының себептері мен жағдайларын жою жөніндегі нақты шаралар қабылдануда.

Сыбайлас жемқорлық проблемасы барлық елдерде бар, ол әлеуметтік-экономикалық ілгерілуді баяулатып, тек өзіне тән көріністермен және ауқымымен ерекшеленеді.

Қазақстан жемқорлықтың салдарынан жылына 3,8 млрд доллардан қағылып отыр. Ең жоғары көрсеткіштер Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарында және Астана, Алматы қалаларында тіркелген. Көбінесе бұл қалалар салық, кеден алымдарын төлеуден жалтаруға, әдейі банкрот деп жариялауға көмектескені үшін жауапқа тартылады.

Ал жергілікті атқарушы органдардың сыбайлас жемқорлыққа бейімділігіне келсек, 2016 жылы жемқорлық қылмысын жасағаны үшін 238 мемлекеттік қызметші соттан бірақ шықты, оның жартысын 82 шақты білім беру ұйымдарының қызметкерлері 50 шақты әкім аппараттарының жұмыскерлері.

Білім беру саласында мектепке дейінгі мекемелерде сыбайлас жемқорлық жиі кездеседі.

Диаграмма №1 Білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық қылмысы жасалған өңірлер

Жемқорлық қылмыстары көбіне пара алу жер телімдерін бөлуде, субсидия беруде теріс мақсатты көздеу, мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде бюджеттік қаражатты ұрлаумен байланысты болып жатады.

Бюджет пен Ұлттық қор қаражатын дұрыс мақсатта пайдаланбау фактісі бойынша жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымды тұлғаны ұстап, оның біршамасы сотталды. Шағын және орта бизнес жұмысына заңсыз киліккені үшін мемлекеттік органдардың 142 лауазымды тұлғасы қылмыстық жауапкершілікке тартылып, оның 115-і сотталды.

2016 жылдың қорытындысы бойынша Республикада жемқорлық қылмысы 2807 құрайды. Оның ішінде диаграмма 1 толық көрсетілген.

Диаграмма №2. Жемқорлық қылмысы




Жемқорлыққа байланысты Қазақстан 180 елдің арасында 122 орынды иеленеді. Сыбайлас жемқорлықты анықтауда 1999 жылы көрсеткіш ең жоғарғы болып отыр.

Осы елімізде елең алып жатқан сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір азаматтың міндеті. Мысалға, қазіргі таңда студенттер арасында тұрақты түрде «Таза сессия» штабы жұмыс істейді. Бұл штабтың негізгі мақсаты жастармен, студенттермен, оқушылармен кездесулер өткізу және оларға жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру, студенттер арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу болып табылады.

Біздің жастарымыз жемқорлыққа қарсы,

Елдің болашағы-жас ұрпақтың қолында. - Демек, осы ұранымызды ұстансақ жемқорлыққа қарсы тұра аламыз. Сонымен қатар қоғамға өзінің залалын келтірген азаматтарды қатаң жазаға тарту керек, немесе олардың мүлкін тәркілеп үкіметке өткізу қажет. Олардың бұл жасаған істерін қазіргі жастарымыз қайталамайтындай етіп,оларға сабақ беру қажет деп ойлаймын. Осыған байланысты қазіргі жастар арасында әртүрлі акциялар,шаралар ұйымдастыру арқылы жемқорлыққа қарсы тұруға болады. Қазіргі таңда «Жемқорлыққа қарсы» жазуы бар киім кигеннен немесе төсбелгі таққаннан елімізде жемқорлық жүйесі азаймайды.

Сонымен бірге еліміздің қауіпсіздігіне, яғни қауіп төгдірген ірі көлемдегі жемқорлық қылмыстары үшін өмір бойы бас бостандығынан айыру күшін ұйымдастыру қажет. Сонда ғана біз жемқорлық жүйесін жоюға мүмкіндігіміз болады. Осыған байланысты өлең шумақтарымен аяқтағым келіп отыр:

Қанағат етсе екен барлық жандар,

Адал жолмен астарын тапса екен,

Арам жолмен тапқан бар пайдасын

Көріп тұр көктегі жалғыз-Алла.


Қолданылған әдебиеттер

1. Ө.Қопабев, Қ.Айтқожин, Н.Қыдырқожаева, Ғ.Жайлин, А.Жұмағали, «Құқық негіздері», Алматы «Мектеп», 2006 жыл, 99-110 бет

2. Е.Т. Өміржанов «Құқық негіздері», Алматы, 2015 жыл, 44-51 бет


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!