Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мақала "Шығармашылықпен білім алу жолына жетелеу"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Шығармашылықпен білім алу жолына жетелеу
№ 56 жалпы орта мектептің
бейнелеу өнері, сызу,
көркем еңбек пәнінің мұғалімі
Туысова Ақтоты Ерсайынқызы
Қазіргі күннің талабы – білімді, өнерлі, өнегелі жас ұрпақ тәрбиелеу. Әлемдік білім беру жүйесі ХХІ ғасырда жаңа, тың бағытта дами бастады. Білім берудің мазмұны, мақсаты өзгерді. Қоғам, мемлекет болған соң, ең алдымен, білім, тәрбие керек. Сондықтан да Елбасымыз Н. Назарбаев өзінің Жолдауларында білім мен өнер, мәдениет салаларына айрықша көңіл бөліп, еліміздің жарқын болашағы білікті де парасатты жастардың қолында екенін назардан тыс қалдырған емес. Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі келешегіміз, өміріміздің жалғасы, ел ертеңі. Сондықтан да еліміздің болашағы келер ұрпаққа байланысты.Қазіргі кезде дарынды балалар мәселесін зерттеуге қаттысты педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттерде маңызды ой – пікірлер жинақталған. Дарындылықтың бірнеше түрі және формалары бар, баланың психологиялық мүмкіндігі оның дамуының әртүрлі кезеңдерінде өте күшті болып келеді және де ол баланың қандай ортада өсетіндігіне байланысты болады. Балалар ерте кезден бастап белгілі бір іс - әрекетке қабілеттілік байқатады (сурет салады, билейді, өлең айтады, белгілі бір музыкалық құралда ойнайды, мүсін салады). Бірақ бұл қабілеттілікті қалыптастырып, жүйелі дамытып отырмаса, ол қасиет жас өскен сайын бірте – бірте жойыла бастайды. «Бұлақ көрсең көзін аш» деген ұлағат сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілет дарынын ашу – мұғалім міндеті. Оның үстіне бала бойындағы ерекшелікті, қабілетті мұғалім танып, соған бағыттап білім мен тәрбие берсе,баланың болашағының ірге тасы дұрыс қаланатыны сөзсіз. Дарынды балалар – еліміздің болашағы. Сондықтан да дарынды балалардың
тәрбиесіне ерекше мән беріп,олардың дарындарын дамытуға,қабілеттерін шыңдауға әрдайым қолдау көрсетуге тиіспіз».
«Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу деген ұғым»,- деп ұлы ғұлама Әл-Фараби айтқандай дарынды балалардың өз қабілеттерін шыңдауға мол мүмкіндіктер бар. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында өсіп келе жатқан жеткіншек ұрпақтың мәдени өрісін көтеру, сұлулықты қабылдау қабілетін қалыптастыру арқылы төл мәдениеттің белсенді жасаушысы, жалғастырушысы болуына зор мән берілуде. Сонымен қатар оқушылардың өз елінің, халқының, соның ішінде өзі мекен ететін аймақтың мәдениетіне, дәстүрлеріне деген сезімдік – эстетикалық қарым – қатынасын қалыптастыру – бейнелеу өнері пәнінің негізгі міндеттері болып отыр. Мысалға бейнелеу өнері тарапынан айтатын болсақ, дарынды, шығармашылық қабілеті жоғары балалармен жұмыс істейтін мұғалім белгілі бір пән бойынша білім беру ғана емес, сонымен қатар оқушының ерекше қабілетін ашуы тиіс. Бейнелеу өнері пәнінде тапсырманы түсіндірген кезде бейнеленіп отырған обьектінің эстетикалық мазмұнының нақты ашылуының маңызы зор. Оның үстіне құбылыстағы, заттағы нақты әсемдікті педагог асқан сезіммен әсерлі түрде әңгімелеп беруі тиіс. Егер мұғалім сурет салу үшін ашық түстерге боялған заттарды қойып, оларға әдеттегі біркелкі дауыспен талдау жасаса және әсемдігін дәл жеткізетін сөздерді таба алмаса, онда балалардың сезіміне қозғау салмайды, олар бейнелеп отырған затқа және өз жұмысына аса ынта қоймайды.Оқушылардың шығармашылық қабілеті олардың өзіндік жұмыстарынан анық байқалады. Мысалы, «Күзгі пейзаж», «Күзгі натюрморт», «Қазақ дастарханы», т.б. тақырыптарда сурет салдырту кезінде музыкалық әуендерді қолданған жөн. Өйткені музыка кез келген адамның қиялын дамыта түседі. Және де әннің өзі салынып жатқан сурет тақырыбымен тығыз байланысты және үйлесімді болуы керек. Бұл оқушының шығармашылық ізденісі барысында оның қиялын ұштай түседі. Осының негізінде оқушылар кез келген шығармашылық ойды қағаз бетіне түсіруге болатындығына көзі жетіп, оны көрерменге әсерлі түрде жеткізуге ұмтылады. Сондықтан нұсқаға қарап немесе тақырып бойынша сурет салдырту кезінде оқушыларды өзін - өзі тәрбиелеуге дайындап, өзінің шығармашылық жоспарын айқындай білуіне ұстаз тарапынан жүйелі жағдайлар жасалу керек. Педагогика ғылымының дамуында, оқыту мен тәрбиелеу үрдісін дамытуда, оқушылардың дүниетанымын, жеке эстетикалық таным –тәрбиесін қалыптастыруда бейнелеу өнері материалдарының маңызды рөл атқаратыны тәжірибе жүзінде дәлелдену үстінде. Оқытудың ғылыми деңгейін дамытып арттыруда бейнелеу өнерінің педагогикалық құндылығы ерте кездерден бері анықталған. Қайта өрлеу дәуіріндегі дарындылар Леонардо да Винчи, Альберти Леон Батиста, А.Дюрер сынды суретші – ғалымдардың бейнелеу өнерін оқытудың, сурет салудың ережесінің ғылыми – теориялық негіздемесін жасаудағы ерен еңбектері белгіл.Бейнелеу өнеріндегі пәнаралық байланыс Леонардо да Винчи оның сызу, математика, анатомия ғылымдарымен етене байланысын анықтап, оның өз шығарма, туындыларында көрсете білген. Білім мен тәрбиенің сапалы нәтижесі көркем шығармашылық іс - әрекеттермен өлшенеді. Білімнен шығармашылыққа дейінгі аралықтағы бейнелеуге деген құштарлықты, шеберлікті балалардың қабылдау, әсерлену, сезіну, ойқорыту, талғам сияқты психологиялық іс - әрекеттерінің дамуынсыз жүзеге аспайды. Сондықтан әрбір сабақты жоспарлауда балалардың жас ерекшеліктеріне қарай өнердегі, қоршаған өмірдегі әсемдікті қабылдаудан бастап, олардың бойында көркемдік талғамды мақсатты түрде қалыптастыру ерекше орын алуы шарт. Ендеше оқушының мектептегі алғашқы күнінен бастап, олардың бейнелеу жұмыстарын және қоршаған шындық болмысы мен өнер туындыларын әсемдік тұрғысынан қабылдау іс -әрекеттерін мұғалім жүйелі ұйымдастырып отыру керек.
Бейнелеу өнерімен айналысу – қандай да бір міндеттермен тіпті де байланысты емес, өмірлік қажеттілік. Көбіне мұның өзі болашақ мамандықты таңдау ұғымын да тудырмайды,бұл ішкі эстетикалық қажетсінуді қанағаттандыру ғана, творчестволық жақтан өз қабілетін көрсетуге ұмтылу болмақ. Бейнелеу өнерімен айналыса отырып, адам суретшінің практикалық дағдыларын ғана меңгеріп,творчестволық ойларын жүзеге асырып қана қоймайды,сонымен бірге өзін талғампаздыққа тәрбиелейді,үйреншікті нәрселерден сұлулықты таба білу қабілетіне ие болады,көргенін есте ұстау және қиялдау қабілеті дамып,шығармашылықпен ойлап, талдауға, білгенін жинақтауға үйренеді. Ал мұндай қасиеттер баршаға қажет.
Адамзат қызметінің сурет сала білу,ауқымды форма мен түсті сезіну қабілеті кәдеге жарамайтын саласын атау қиын. Кез келген кәсіптің адамы, егер ол бейнелеу өнері құралдарын игерсе және оны пайдалана білуге машықтанса, жақсы жұмыс істейді.Басқа салада даңққа бөленген көптеген аса көрнекті адамдар бейнелеу өнерімен беріле,сүйсіне айналысқан. Ғалымдарға, Жазушыларға, артистерге бейнелеу құралдарын игеру маңызды жаңалықтар ашуға, тамаша әдеби шығармалар немесе сахналық образдар жасауға көмектесті.
Аса көрнекті авиаконструктор А.С.Яковлев айтқандай: «Сурет сала білу маған болашақта көп көмегін тигізді. Өйткені инженер - конструктор әлдеқандай машина жасауды ойластырған кезде, ол өзінің болашақ туындысын егжей-тегжейлі көз алдына келтіруге және оның бейнесін қарындашпен қағаз бетіне түсіре білуге тиіс».
Өнермен айналысу сенің рухани өміріңде де елеулі із қалдырады.Дарынды балалардың болашағынан көп үміт күтіп,олардың бойынан қажырлылықты,табандылық пен еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу керек.Ал мұндай қасиеттер болмаса өнерде алысқа ұзай алмайды.Тек шын мәніндегі табанды еңбек,ұстамды тәртіптілік қана табысқа жеткізе алады.Қателіктердің де болары сөзсіз,бірақ бұл абыржытпауға тиіс: қателіктер ой толғауға мәжбүр етіп, болжамдар жасауға итермелейді,ол болжамдар біртіндеп өнердің ішкі заңдарын ашып береді.Көп жұмыс істеп, шынайы шеберлік биігіне көтерілеуге мүмкіндік беретін білімдердің бәрін меңгеруге табандылықпен ұмтылып отыру керек.
Жалпы білім беру саласында қазіргі кезеңде жастарды өнерге тәрбиелеуге қойылатын басты талаптар: ең алдымен,баланың жас шамасына, білім мен ой өрісіне әсер ету, жалпы өнер дүниесіне деген көзқарасына ықпал ету арқылы заманның,қоғамның ерекше зерек азаматы болып қалыптасуына үлес қосу,өмірді шындықпен,шығармашылықпен бейімдеуге қалыптастыру болып табылады.
Бала бойындағы тума дарындылық қасиетті жаңа саяси-әлеуметтік жағдайын жүзеге асыру барысында бала болашағына терең үңіле отырып жас ұрпақтың бойындағы ерекшеліктері мен тума дарындылық қасиеттеріне көңіл бөлуді,олардың шығармашылық үлестеріне балабақшадан бастап ерекше назар аударуды талап етеді.Қазіргі таңдағы оқу жүйесінде ғана емес, қоғамымызда ең көп сөз болып жатқан мәселе – ол дарынды балалар мәселесі. Қазіргі заманғы білім берудің маңыздылығы дарындылық қасиеттерін дамытуда,оны қалыптастыруда болып отыр.Сайып келгенде ұрпағымызға өнердің мән жайын ашып көрсету арқылы ғылым мен өнер белестеріне көтеру.Мектеп қабырғасында жүрген кезде әр шәкірт өзінің жас ерекшелігіне негізделген стандартқа сай білім алады. Білім бар жерде шығармашылық ізденіс қоса жүретінін барлығымыз білеміз.
«Шығармашылық дегеніміз - адамның белсенділігі мен дербес іс-әрекеттің ең жоғарғы формасы» деп Ж. Дистервег айтқандай, шығармашылық әдемілік пен әсемдіктің әліппесі. Әр баланың бойын ерекшелеп тұратын бір қасиет болса, сол қасиет пен дарындылық әртүрлі жұмыстарда көрінеді.
А.Байтұрсынов «Мұғалім үнемі ізденісте болса ғана,шәкірт жанына нұр құя алады» деген екен. Осы қағидаға сүйене отырып,шығармашылықты жаны сүйетін шәкірттерді дайындауда үнемі ізденіп жұмыс істеу керек.Осы іздену мақсатын оқушыларданда талап ету керек.Себебі, баланы өздігінен жұмыс істеуге, ізденіп білім алуға үйрету ең тиімді жол.Әр оқушының бойындағы дарындылық қасиеттерін ашып, олардың қиял құшағына берілген әрбір ойларын одан әрі жетілдіру керек.Оқушылардың шығармашылық қызығуын ояту өте маңызды іс.Мұндай іс мұғалімнен көп ізденуді талап етеді.Оқушылардың шығармашылық қабілетін танып білу үшін олардың қабілет деңгейі әр алуан болатынын ескеру керек.Мысалға бейнелеу өнері саласы бойынша ХХ ғасырдағы бейнелеу өнерінде пейзаж жанрының дамуына зор үлес қосқан атақты суретші Орал Таңсықбаевтың шығармашылығы жан-жақты.Шебер мұрасының ішінде көркем суреттерден басқа монументтік фрескаларға жасалған нобайлары,театрлар,көрме кешендерін рәсімдеу бойынша қолтаңбалары,гуашь, акварель суреттер нобайларының алатын орыны ерекше.Орал ағайдың шығармашылық ізденісі, оның жан-жақты сауаттылығы ешкімге ұқсамайтын талантты өз әріптестерін тәнті етті.Ол ақ-қара суретте көп жұмыс істеді.Көмірмен,графит қарындашымен,тушьті пайдалану арқылы қаламұшпен және қылқаламмен жазды.Оның графикалық мұрасының бірегейлігі – «көркемдік» таңдап алуында, шебер акварель, пастель, әсіресе, түрлі-түсті қарындаштармен салынған суреттер арқылы өз талантын айқын көрсете алды. Оның «Көше қайрақшысы», «Қауын жинау», «Қауыз басында», «Ағаштар», «Көл бойында» еңбектерінде толығымен суретшінің өмірге деген жаңаша сезімін, адам мен табиғат бірігуінің үндестігіне ұмтылысын сезінуін көруге болады.
Оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, оның бойындағы ерекше қасиеттерін ажырата біліп, қабілетін дамытып – ұстаз алдындағы басты міндет. Ол үшін ұстаз өз жұмысына берілген, ынталық пен табандыллықа үйренген, өз мамандығына құштар болса ғана өз тәжірибесін, құштарлығын, өз сенімін оқушыға жеткізе алады деп ойлаймын.Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін әр ұстаз алдында отырған бүлдіршіндердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтік мақсат-мүддесіне сай өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Мұғалімдерге шығармашылық еркіндік беріледі.
Дарындылықтың қажеттілігін арттыру – ізденімпаз, шығармашылығы шыңдалған ұстаздың қолында. Дамыта оқытуды ұйымдастыру үшін балаға шығармашылықпен ойлау әрекетін меңгертуге жағдай жасау керек. Сондықтан да жаңа сапаға ие, шығармашыл, қабілетті адамдар тәрбиелеу үшін дамыта оқыту жүйесін ең негізгі басшылыққа алар нысана деп білемін.
Мұғалімге жүктелетін міндет өте ауыр, тек өз ісіне берілген, жаңашылықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық өнеріміздің асылдарын асқақтата отырып шәкірттің жанына нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады. Сонымен қазіргі кездегі білім беру жүйесінің қайта жаңартылуы баланың шығармашылық дарындылығын тануға және болжам жасауға жаңа қөзқарасты талап етуде. Дарынды балаларды тану – нақтылы бір баланың дамуын талдаумен байланысты ұзақ үрдіс. Суретші – ұстаз, яғни, бейнелеу өнерінің мұғалімі – тәуелсіз Қазақстаның көркем педагогикалық білімі мен мәдениетінің жай – күйін анықтаушы тұлға.