Материалдар / Мақала "Сыры терең Сүткент"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала "Сыры терең Сүткент"

Материал туралы қысқаша түсінік
Көк аспанмен таласқан Тянь- Шань тауының мәңгі мұздықтарынан бастау алған көне Сырдария. асаудау тулап тауды жарып, етекке жетіп демін басқандай болып балбырап, мейлінше жайылып кең даламен ағады.Осындай сыры да сұлулығы да мол, малға да, жанға да жайлы Сырдаия өзенінің орта ағысында,Шардара даласының нақ ортасында тамыры тереңге кеткен Сүткент елді мекені
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Шілде 2024
160
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Менің кіші отаным

Білем сені сүйем сені

Сырдың суы қарт анам

Сенсің мені әлдилеген

Туған сенен мен балаң

Әбілдә Тәжібаев

Көк аспанмен таласқан Тянь- Шань тауының мәңгі мұздықтарынан бастау алған көне Сырдария. асаудау тулап тауды жарып, етекке жетіп демін басқандай болып балбырап, мейлінше жайылып кең даламен ағады.Осындай сыры да сұлулығы да мол, малға да, жанға да жайлы Сырдаия өзенінің орта ағысында,Шардара даласының нақ ортасында тамыры тереңге кеткен Сүткент елді мекені орналасқан.


Сүткент атауы IX-X ғасырлардан бастау алады. Тарихи деректерге жүгінсек, Сырдария өзенінің орта тұсы мен Ұлы Жібек жолының бойына қоныс тепкен өте батыл, еңбекқор отырықшы халық оғыз тайпасының мекені, үлкен сауда орталығы болған шаһар. Зерттеулерге қарағанда, оғыз ескі сөздіктен аударғанда «қаймақ» немесе «ұю» деген мағына береді екен. Яғни, бұл «сүт бетіндегі қаймақ» деп аталған тайпаның сол кездегі беделін, әлде сүттей ұйыған бірлігі берік мекен екенін суреттеу арқылы «қаймақ» та, «ұю» да сүтке қатысты болғандықтан, «Сүткент» атауы шыққан болуы мүмкін. Аңыз-әпсаналар мен көнекөз қариялардың сөздеріне сүйенер болсақ, Сүткент – Ұлы Тұран даласында аты мәлім ірі-ірі сауда орындары болған жеті кенттің бірі. Жеті рет күйреп, жеті рет қайта бой түзеген қала тұрпаты осында мекендеген халықтың ауызбірлігі мықты, өте еңбекқор ел болғанын дәлелдеп тұрғандай. Бірақ біздің айтарымыз бұл емес, бұл мәселені зерттеу, зерделеу. Тарихшыларымызға тиесілі дүние болғандықтан, тарихи қазба жұмыстарын қажет ететін мекен туралы емес, бертінгі уақытта шаң басқан мұражайларда сақталған деректерді сөйлету ғана. Аудан орталығы Шардара қаласының батыс бетінде жетпіс шақырым қашықтықта, ежелгі көне шаһар Сүткенттің жүз гектар жерді алып жатқан ескі жұрты мен жиырма сегіз ұлт өкілдері ұйып, бірлігі жарасып ғұмыр кешіп отырған шаһар атымен аттас шағын ғана елдімекен бар. Біздің әңгімеміз осы ауылдың өткені мен бүгіні жайлы болмақ. Бұл ауылға алғашында Қызылқұм (қазіргі Отырар) ауданы «Көксу» мал шаруашылығының екі фермасы мен Арыс ауданының «Байырқұм» қой шаруашылығының екі фермасын біріктіріп 1944 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұйрығы бойынша «Сүткент» қаракөл қой шаруашылығын құрып, Арыс ауданының құрамына енгізіп, басшылыққа Ф.А.Кузнецовты тағайындайды. Соғыстың әлі аяқталмаған кезеңі, ер-азаматтардың басым көпшілігі майданда болғандықтан, бронь беріліп әскерден қалдырылған азаматтар мен әйел-аналарымыз, жас балалар құрамға алынып, 1943 жылы 14-қазандағы КСРО Халықтық Кеңестік комиссариаттың №1118-342 қаулысы бойынша Солтүстік Кавказ жерінен қоныс аудару арқылы 400 отбасы Арыс ауданына қоныстанған, соның 50 отбасы ауылдың қазығын алғашқы қаққан негізгі жұмысшы күші болған. Бірте-бірте шаруашылықтың тасы өрге домалап, жыл жаңалап қоныс аударған өзге ұлт өкілдері тұрмысқа төселіп, жер сіңіп, шаруашылыққа маманданып, өздеріне тиесілі істі ойдағыдай меңгеріп, дөңгелетіп әкетті. Өздерін жатырқамай, қонақжайлылық көрсетіп қарсы алған қазақ ұлтының ерекше пейіліне ерекше ықыласпен жауап қайтарып, шаруашылықтың өрлеуіне үлкен үлес қосты. 1950 жылға дейін мемлекеттің негізгі тапсырыстарының бірі ретінде беріліп келген ет, жүн, ірімшік, сүзбе дайындау артығымен орындалған. . Тапжылмай еткен еңбектің жемісі 1949 жылы көрінді. Бір емес, қатарынан төрт бірдей азамат жыл сайын елтірі, ет өнімдерін өндірген жетістіктері үшін озат аға шопандар Қаныбек Жанболатов, Самат Көшенов, Құдайберген Күнтаев, Шерімбет Жұмабековтер Социалистік Еңбек Ері атанды. Кеңшарда алғашқылардың бірі болып 1955 жылы №4 ферма меңгерушісі Ж.Асылбеков, аға шопан С.Игісінов 1956 жылы инжинер-механик В.Д.Жильцов, шопан А.Жанқожаев сол кездегі ел астанасы Мәскеу қаласына барып, Бүкілодақтық Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіне қатысып қайтқан. Бұған дейін Арыс ауданының енші­сінде болған шаруашылық 1961 жылы респуб­ликалық «ГосПлемсовхоз» тресінің қарамағына өткізіліп, Қызылқұм аумақтық басқармасына қаратылды. Сонымен қатар, 1972 жылы мал тұқымын асылдандыру ісі бойынша Республикалық конкурста екінші орынды иемденіп, I дәрежелі дипломмен марапатталады. 1969 жылы жаңадан құрылған Шардара ауданының құрамына өтіп, КСРО Ауылшаруашылығы Министрлігі Қаракөл шаруашылығы басқармасына қарасты Сүткент «Мемлекеттік асыл тұқымды қой зауыты» деп аталды. 1975-1984 жылдар аралығында Зауыт өсірген асыл тұқымды қошқарлар Мәскеудегі Бүкілодақтық Көрмеде талай мәрте жоғары бағаланып, бірнеше рет I,II,III дәрежелі дипломдары мен аға шопан, асыл тұқымды қошқар өсіруші М.Магамади – бірнеше рет Бүкілодақтық, республикалық көрмелердің I дәрежелі дипломдары мен алтын медальдің иегері атанған азамат Солтүстік Кавказдан 1943 жылы қоныс аударған иран ұлтының өкілі. Әсіресе, соғыс аяқталған соң жаңа құрылған кеңшарға жан-жақтан майданнан оралған көптеген азаматтар әртүрлі салада қызмет атқарды. Соңғы жылдары шаруашылық Қаракөл өндірістік бірлестігіне қарап, 1996 жылы жекешеленді. Қазіргі таңда Сүткент ауылдық округі болып қайта құрылымдалды. Халық саны 2956 адам 470 отбасынан тұрады. 67 мың гектар мал жайылымы мен 2,5 мың гектар суармалы жері бар. 272 шаруа қожалығы жұмыс атқаруда. Әкімшілік, мектеп, балабақша, отбасылық амбулатория бар. Шағын және орта бизнес күн санап өсіп отыр. Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері академик Т.Тәжібаев осы «Сүткент» топырағының төл перзенті. Ауылдағы он бір жылдық орта мектеп қазіргі таңда сол кісінің есімімен аталады. Бұдан басқа бұл ауылдан Сенат депутаты С.Сейдуалиев, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Г.Еркебаева, экономика ғылымының кандитаты Д.Үсіпбаев, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Б.Зиябеков, облыстық ауылшаруашылық басқармасы бастығының орынбасары Т.Оспанов, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, республикалық «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты Ә.Шегебай, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Н.Сейданұлы, «Гидромаш-орион» инвестициялық компаниясының бас директоры Ә.Омаров секілді елімізге белгілі азаматтар шыққан. Сайын даласы толқынды тарих қойнауы­нан сыр шертетін Сүткент – Сырдың ұлы қонысы болғанына, ақиқаттың аңызға айналып бізге жеткеніне мың жылдан асқанымен, күйреген орны қайта түлеп, тіршіліктің тынысы қайта жанданған.





Т.Тәжібаев атындағы жалпы орта мектеп

Мұражай меңгерушісі : Бабашева Шарапат

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!