Материалдар / Мақала тақырыбы: «4 сынып оқушыларының әдебиеттік оқу сабағында шығармашылық қабілеттер дамыту»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала тақырыбы: «4 сынып оқушыларының әдебиеттік оқу сабағында шығармашылық қабілеттер дамыту»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала тақырыбы: «4 сынып оқушыларының әдебиеттік оқу сабағында шығармашылық қабілеттер дамыту» Аңдатпа: Бұл мақала әдебиеттік оқу сабақтары арқылы бастауыш 4-сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытуға байланысты мәселелерді қарастыруды қамтиды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Мамыр 2022
878
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мақала тақырыбы: «4 сынып оқушыларының әдебиеттік оқу сабағында шығармашылық қабілеттер дамыту»

Аңдатпа: Бұл мақала әдебиеттік оқу сабақтары арқылы бастауыш 4-сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытуға байланысты мәселелерді қарастыруды қамтиды. Атап айтқанда, жұмыста шығармашылық қабілеттер, шығармашылық ойлау, дивергентті ойлау сияқты ұғымдар ашылады, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту ерекшеліктері сипатталады, бастауыш мектептегі әдебиеттік оқу сабақтарындағы шығармашылық жұмыстардың рөлі мен орны анықталады. Сонымен қатар, зерттеу мәселесі бойынша ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жұмыс мүмкіндіктері тұрғысынан әдебиеттік оқу бойынша оқулықтарға талдау жасалды; бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың заманауи деңгейі анықталды. Жұмыста әдебиеттік оқу сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ететін сипатталған әдістерді қолдану бойынша ұсыныстар берілген.

Адамның ақыл-ойын, қабілеттерін дамыту арқылы оны бақыт жолына жеткізу мәселесіне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арнаған шығыстың әйгілі ойшылы Әл-Фараби болды.

Бүкіл бір халықтың ұстазы ұлы Абай өзінің қара сөздерінде /43 сөзі/ бала өмірге келгендегі қабілеттері әрі қарай дамытуды, шыңдауды қажет ететінін, сонда ғана олар пайдаға асатынын жазған. Ал назардан тыс қалған қабілеттер бара-бара жойылып, жоқ болатынын айтқан.

М.Жұмабаев өзінің педагогика оқулығында баланың дамуының мәселелерін көтерді. Ол үшін оның танымын, ақылын, еркін, зейінін қалыптастыру екенін жазды.

Баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды талап етеді.

Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері, дей келе олар қоғамдық тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратынын атап көрсетеді.

«Қабілет- іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауға көрінетін адамның жеке қасиеті»,-деп жазды Т.Тәжібаев.

Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері 2 түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден- кез-келген бала адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақтаған тәжірбиесін меңгеруге бағытталған оқу әрекеті арқылы дамиды, білім, білік дағдыны қабылдайды.

Екіншіден- кез-келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен, шығармашылық әрекеттің айырмашылығы ол баланың өзін-өзі қалыптасуына, өз идеясын жүзеге асыруға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдер іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды.

Бүгінгі бастауыш мектебінде оқу әрекеті басым. Сабақтарда әсіресе тіл және математикадан оқушылар үнемі білімділік жаттығулар типтес есептер шығарумен айналысады. Әрине мұндай жағдайды қанағаттанарлық деп айтуға болмайды. Мұндай жаттығулар орындау, бір шешім іздену, оны өз күшін байқау мүмкіндігінен айырады.

Менің ойымша бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының кез келгені шығармашыл тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады.

Ол үшін төменгі шарттар орындалуы тиіс.

Біріншіден – баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту ісін ерте бастан қолға алу. Мысалы біз тіл үйрету үшін баланың туған сәтінен бастап сөйлесе бастаймыз ғой. Немесе музыканттар жанұясында үнемі музыка естіп өскен баланың сол өнерге қабілеті өте ерте ашылады. Осыны басқа қабілеттер дамытуға неге пайдаланбасқа!

Екіншіден - баланың жүйелі, тұрақты ұйымдастырылған шығармашылық әрекеттер,жағдайында болуы керек. Ерекше ойды талап ететін әлеуметтік қарым-қатынастар шығармашылық қабілеттер дамытуға тиімді әсер етеді деп ойлаймын.

Үшіншіден – шығармашылық жұмыстар баланың ойлау мүмкіндігінің ең жоғары деңгейіне жетуі керек. Күн асқан сайын ол деңгей биіктей беретіндей болуы қажет. Осындай тынымсыз ой қызметі ғана бала дамуында үлкен нәтиже береді.

Төртіншіден - және ең негізгі шарт –бала әрекеттің әр түрімен айналысуға, таңдауына деген еркіндігінің болуы. Баланың жұмыспен айналысуға деген қызығушылығы, қанша уақыт айналысамын десе де өз еркі болуы керек. Мұндай қызығушылық, қажеттілік, табысқа жетудің бірден-бір кепілі болып табылады. Бірақ балаға берілетін еркіндік үлкеннің қамқорлығын , көмегін талап етеді. Міне, бұдан шығармашылық қабілеттер дамытудың Бесінші шарты шығады. Еркіндік – ойға не келсе соны істеуге, ал қамқорлық, көмек бала үшін жұмыс істеуге айналмауы керек. Балаға елеусіз болса да өз күшімен, өз ойымен , қиындықты жеңе отырып «жаңалық» ашуға жағдай жасайық.

Бастауыш сынып оқушыларының ой шапшандығын дамытып, шығармашылығын арттыратын жұмыстардың бірі – ӨЛЕҢ ҚҰРАСТЫРУ.

Ең алғаш «ұйқас» деген сөздің мағынасын түсіндіріп, оқыған өлеңдегі ұйқастарын тауып, қалай жазылып тұрғанын талдаудың маңызы зор.

Бастауыш сынып оқушыларының қиялын дамытатын жұмыстың бір түрі –ойдан ЕРТЕГІ, ӘҢГІМЕ құрастыру. Алғашқыда сурет бойынша әңгіме құраудан басталған бұл жұмыс бірте-бірте күрделене түседі. Бұдан соңғы кездерде оқыған ертегінің мазмұнын өз қалауынша өзгерту,басқаша аяқтау, мақал-мәтелдер мазмұнына сәйкес әңгіме құрастыру сияқты болып жалғаса береді. Тек бұл жұмыс тұрақты түрде жүргізіліп тұруы керек.

Театр ойыны. Бұл өз көңіл-күйін қоршаған ортаны танудан алған әсерін әрекет арқылы білдіруге асық тұратын жасы кіші оқушыларына жақын әрі қызықты.

Л.С.Выготский «драма басқа шығармашылық жұмыстарға қарағанда балаға жақындау, өйткені ол ойымен тікелей байланысты, оның тұла бойында шығармашылықтың әр түрлі элементтері бар» деген.

Ертегі ойлап жаз. /ойын/. Бұл ойынды екі оқушы , топ болып, сондай-ақ бүкіл сыныппен ойнауға болады. 2 не топ болып ойнаған жағдайда жауап кезек-кезек жазылады. Егер бір –бірінің жауабын көрмейтіндей етіп ұйымдастырса сюжет күлкілі болып шығуы мүмкін. Тұтас сынып орындаса мазмұнды қысқа ертегі жазылады. Сұрақтар тақтада жазылып тұрады не айтуы арқылы жұмыс орындалатын қағазға жазуға да болады.

  • Ол не?\кім?/

  • Ол қандай?

  • Кімді?/нені?/ кездестірді?

  • Не айтты?

  • Қандай жауап болды?

  • Әрі қарай не болды?

  • Оқиға немен аяқталды?

  • Қорытынды.

4 сыныптарда санамақ, жұмбақ, мақал-мәтел сияқты жанрларды өткенде оқушыларға өз ойларынан ауыз әдебиеттің осы түрлерін шығаруға, не еске түсіріп дұрыс қолдануға үйрету артық емес. Бұл жұмысты төмендегідей етіп ұйымдастыруға болады.

І. Оқиғаға байланысты мақал-мәтел айт, өзің ойлап шығар.

ІІ. Керісінше мақал-мәтелге сай келетін оқиға ойластыр.

ІІІ. Сурет бойынша бірнеше мақал айт.

IV. Берілген мақалдың мазмұнына сай келетін иллюстрациялар тауып әкел.

Әдебиеттік оқу сабақтарында басталған шығармашылық жұмыстар сыныптан тыс уақыттарда жалғасын тауып жатса ғана нәтижелі болмақ. Сынып мұғалімі оқушылар шығармашылығыннан туған өлеңдерді, әңгіме, ертегілерді,суреттерді жинақтап сынып журналын жасаса, оларды басқа сынып оқушылары, ата-аналар алдында насихаттап тұрса, балалар бұл іске үлкен қызығушылық білдірері сөзсіз. Сондай жұмыстың бір түрі –сынып журналын шығару. Журнал атын оқушылар өздері ойлап табады. Ал бөлімдері төмендегідей болып келуі мүмкін:

  1. Мектеп жаңалықтары.

Оқушылар мектеп ішіндегі жаңалықтардан тұратын өздері кішігірім мақалалар жазып, басып тұрады.

  1. Біздің алфавит.

Бұл бөлімде алфавиттік ретпен адам қасиеттері беріледі. Мысалы 1 нөмірге «А» әрпінен басталатын «адалдық» сөзі берілсе, оқушылар сол сөздің мәнін қалай түсінетіндіктерін мысалдар арқылы көрсетеді, талдайды. Алдын- ала дайындықтар жасауға болады.

  1. Жыл мезгілдері.

Жыл мезгілі жайлы әңгімелер, өлеңдер, жұмбақтар басылып тұрады. Оқушылар осы тақырыптағы өз шығармаларына да орын берілген дұрыс. Олар әр жыл мезгілдеріне сәйкес жарияланып тұруы қажет.

  1. Біздің кітап сөремізде.

Оқылған кітаптар, олардың авторлары жайлы мағлұматтар, деректер, үсыныс пікірлер жарияланып тұрады. Жаңа кітаптар туралы аннотация, олардың тізімдерін де беруге болады.

  1. Өлең- сөздің патшасы.

Оқушылардың өз өлеңдері және ақын жазушылардың балаларға арналған поэзиялық шығармаларын басып тұру керек.

  1. Аудармалар, аудармалар....

Бұл бөлімде басқа тілден аударылған шағын әңгімелер, ертегілер, күлкілі миниатюралар басылады.

Бұл жұмыстар оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға зор үлесін тигізеді. 
Қорыта келгенде, 4 сынып әдебиеттік оқу сабағында оқушылардың танымдық шығармашылық қабілетін дамыта оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, ойын, ынтасын, дамыта түседі. Мұғалім өз сабағын шығармашылықпен өткізе алса, өзінің білімін сарқып жұмсаса, үнемі ізденіс үстінде болса, оқушы бойында білім нұры тасып, сыныптан-сыныпқа көшкен сайын оқушының ішкі дүниесі, сыртқы ортамен байланысы дамып, оқушы дүниетанымы арта түсері анық.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!