Материалдар / Мақала Тақырыбы :«Жаңартылған білім беру –сыни ойлауға үйрету»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала Тақырыбы :«Жаңартылған білім беру –сыни ойлауға үйрету»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында» деп айтқандай, қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті білімді тұлға тәрбиелеу. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден бір шарты мұғалімнің ізденімпаз болуы. Себебі, еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақтың білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан сабақты жаңаша құрып, инновациялық түрлі тәсілдерді, педагогикалық білімдерді жетілдіре отырып, оны дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу-әрбір ұстаздың міндеті болуы керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қаңтар 2019
562
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Жаңартылған білім беру –сыни ойлауға үйрету»Жорабекова Гульмира Байболатовна «Сырдария» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі Түркістан облысы Жетісай ауданы Ж.Ералиев а/о Бәйтерек ауылы №25 Жастар көшесі



 «Жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында» деп айтқандай, қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті білімді тұлға тәрбиелеу. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі  - мұғалім. Жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден бір шарты мұғалімнің ізденімпаз болуы. Себебі, еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақтың білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан сабақты жаңаша құрып, инновациялық түрлі тәсілдерді, педагогикалық білімдерді жетілдіре отырып, оны дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу-әрбір ұстаздың міндеті болуы керек Бүгінгі біздің алдымызда тұрған келесі міндет – оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, саналы, рухани бай, салауатты, жаң-жақты дамыған жеке түлға даярлау. Қазақтың кеменгер ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» деген болатын. Сондықтанда қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру денгейіне жетуге ат салысуда. Ертенгі болашағымыздың сапалы білім, саналы тәрбие алуы – қазіргі қоғамдағы ұстаздарға байланысты.Уақыт талабына сай жеке тұлғаны қалыптастыру, тиімді оқыту әдістерін таңдау және жетілдіру арқылы ғана білім беру сапасын арттыруға болатыны белгілі. Қазіргі таңдағы білім беру сапасын арттыруда әсер ететін факторлар мыналар:-  Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету;-  Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы;-  Бағалау нәтижелерін ескере отырып оқытуды өзгерту;-  Оқушылардың қызығушылығын арттыру;-  Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;-  Оқушылардың сыни тұрғыдан өздерін-өздерін бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығы түсіндірудің қажеттілігі; Қазіргі сабақтарда оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйретуде топтық жұмыстардың маңызы зор. Оқушылар бірлесіп үйренуге шағын топтармен, жұппен жұмыс жасағанда ортақ мәселелерді талқылағанда жаңа пікірлерге шығармашылықпен қарау тұрғысында жаңалықтар ашу бағытында жұмыс істейді. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып және сол ойларын қортып тұжырымдайды, ортақ жобаны дәлеледеп қорғап шығуға тырысады. Шағын топтарда бірлесе жұмыс жасағанда мұна жайттарды есте ұстау қажет: өзара сыйластық, бір-біріне құрметпен қарау, кезекпен сөйлеу, тындау дағдысын үйрету, ұтымды жұмыс істеу Бастауыш сынып оқушыларын көбірек ойынға, бірлескен жұмысқа бағыттағанда ғана балада креативті ойлау дағдысы дамып, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады. Шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа үлгіні жасауда ықпалы зор. Шығармашылық тапсырмалар оқушыларға зақым келмейтіндей және мәжбүрлемей, оқушының шынайы білімінің тереңдігін көрсетеді. Олар оқушының креативті ой-санасын дамытып ойлануды үйретеді. Сондықтан сабақ барысында «ойлап табыңыз», «құрастырыңыз», «салыстырыңыз», «түзетіңіз», «дәлелдеңіз», «жинақтаңыз», «мағынасына қарай бөліңіз» деген тапсырмаларды ұсынуды қажет етеді. «Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» технологиясын қолдану төмендегідей нәтиже береді:- білім алушының белсенділігін арттыру;- пәнге қызығушылығын ояту;- өзіндік көзқарасын білдіруге мүмкіндік беру;- зерттеуге икемділігін дамыту;- сөйлесім әрекеті белсенділігін арттыру;- білім алушылар бір - бірімен қарым - қатынас жасай біледі;- басқаларды тыңдауды, кез келген жауапқа сыйластық, түсіністікпен қарауға.Жалпы, сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақтар қойып дәлелдерді талдайды. Сыни тұрғыдан  ойлау бағдарламаның өн бойында екі мағынада қарастырылады: оқушылардың және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Сыни тұрғыдан ойлау-бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау, көбінесе, қарсы пікір айтуға баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.Негізгі деңгейде сыни тұрғыдан ойлау үрдісі төмендегі мәселелерді қамтиды: -дәлелдеуді сыни тұрғыдан талдау мен бағалауды; -ақпараттар жинауды; т.б. Сыни тұрғыдан ойлау- бұл кез келген мазмұнды сынау емес, оны зерттеу, бақылау, талдау, әртүрлі стратегиялар арқылы өзінің ойлау негіздерін сыни тұрғыдан дамыту. Сыни тұрғыдан ойлау-бұл саналы мағынаны іздеу, өзінің көзқарасымен ғана шектелмей, басқалардың да пікірін ескеріп, қандай да обьективті ойлау және қисыны бар өзіндікқате сенімінен бас тарта білу. Сыни тұрғыдан ойлаудың жаңа идеяларды ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді көруге қабілетті.Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Бұл модуь оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді Бірінші кезең- қызығушылықты ояту кезеңі. Бұл кезеңде оқушының тақырып туралы не білетіндігі анықталады, белсенділігі артады, оқушыларды сабаққа психалогиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын ояту стратегияларының бірін қолданп,оқушыларды сабаққа тарту.Мысалы жаратылыстану сабағымда (1 сынып) мазайка әдісі арқылы топқа бөлдім яғни жоғалған әріптер мен буындардан сөз құрады. Осы кезеңде үй тапсырмасын «стикердегі диалог»әдісімен бекіттім. Мысалы: Сұрақ:Жанды табиғатпен жансыз табиғатты ажырату .Тақтаға «Жанды және жансыз» деп жазылған екі кесте қоямын Топ бойынша оқушылар таңдаған суреттерін қажетті жазбалардың астына орналастырадыЕкінші кезең- тұсау кесер Бұл кезеңде оқушыларды жаңа сабаққа дайындау мақсатында сыни тұрғыдан ойлау тапсырмалары көптеп жүреді. Мысалы: «Видео ролик»  көрсету  арқылы жаңа сабаққа көпір салынды. Сабақтың тақырыбы оқушылармен бірге ашылды.Зерттеушілік әңгіме: -не байқадыңыздар? – Өсімдіктердің қандай түрлері болады ? Мәдени өсімдік дегеніміз не ? Жабайы өсімдік дегеніміз не ? сұрақтардың жауабын ала келе жаңа тақырып шықты. Өте сәтті өтті. (Видео роликті мұғалімдерге арналған (I.Mekten) электронный почтасын пайдаландым)Үшінші кезең- мағынаны ашу. Оқушы жаңа ақпаратты бұрынғы білімімен ұштастыра түседі.Бұл кезеңді іске асыру үшін бірнеше тәсілдер бар. Олар-болжау кестесі, ойлан, жұптас, ортаға сал, сұрақ қоя білу, өзара оқыту, т.б. Осы тәсілдерді қолдану кезеңінде ең тамаша кезеңге, яғни оқушының өздігінен білім алу, өзін-өзі өзектендіру, танымдық қабілеттерінің даму, шығармашылық іс-әрекетінің оянуы, бір сөзбен айтқанда, өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырады. Мысалы: Ойлан, Бірік, Бөліс әдісі бойынша оқулықтағы «Өсімдіктердің қандай түрлері болады ?» тақырыбын  талқылауды  ұйымдастырдым. Топтарға тапсырма берілді, жаңа тақырыпты жеке жұмыс, топтық жұмыс арқылы талқылады.Әр кезең бойынша оқушылар өз-өздерін табыс критерий  арқылы формативті бағалады.Формативті бағалау күнделікті тәжірибеде қолданылады.(сабақ сайын, күнбе күн) алға басуды қамтамасыз ететін кері байланыс; Оқушыларға да, мұғалімге де қолайлы бағалау формасы; Мұғалімге сыныптың үлгерімін қадағалауға көмектеседі. Формативті бағалау қалыптастырушы, ынталандырушы функцияларды атқарады.Мұғалімге арналған нұсқаулықта қарастырылған жеті модульдің ішіндегі сыни тұрғыдан ойлауға үйрету оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып қиындықты шешуге бағытталған. Оқушы бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім-осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.Жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден бір шарты мұғалімнің ізденімпаз болуы. Себебі, еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақтың білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан сабақты жаңаша құрып, инновациялық түрлі тәсілдерді, педагогикалық білімдерді жетілдіре отырып, оны дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу-әрбір ұстаздың міндеті болуы керек. «Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету» модулі негізінде өткен сабақтар оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, жұптық және ұжымдық бірлесіп жұмыс жасауға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Ең бастысы оқушы білімінің тереңдігі мен тиянақтылығын арттырады.Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету арқылы оқытудың тиімділігі сол, әр кезеңнің өзіндік ерекшелігі бар. Бірақ, бұлар бір-бірімен өзара өте тығыз байланысты болып келеді. Сыни тұрғысынан ойлауды үйрету үшін алдымен сыни тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек, оқушыларға ойланып толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру, әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау, үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдану, бір-бінің  жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.Сыни тұрғысынан ойлау бағдарламасының тиімді жақтары: оқушылардың өздігінен жан-жақты білім алуға жағдай жасалады, сабақ кезінде уақытты ұтымды пайдалану мүмкіншілігі молаяды, оқушылар өзара пікір алмасуына мүмкіндік туғызылады, мұғалім мен оқушылар арасында ізгілікті қарым-қатынастар орнайды, сонымен қатар оқушылардың  шығармашылық қабілеттерін, түсіну сезімдерін арттыру, сауатты жазу, мәнерлеп оқу, мағыналы сөйлеу, өлең шығару, эссе жазу, тағы да басқа көптеген қасиеттерін дамытып қалыптастыруға болады.Қорыта келе менің мұғалім ретінде алдыма қойған мақсатым-оқушыларға  ұлттық педагогикалық тәрбие және білім берумен қатар олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру. Сол себепті сабақты идеялық жағынан ғылыми негізде, өмірмен байланысты ұйымдастыру, білім құмарлығын таныту, әр сабақта оқушыларды ойлануға өздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша  жинақтап баяндай білуге, мәдениетті сөйлеуге үйрету арқылы ұлттық әдет-ғұрыпты бойына сіңіруге дағдыландыру-әрбір ұстаздың абыройлы борышы деп санаймын. «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға-мұғалім» деп Стронг айтқандай, ұстаздық білімділікпен қоса ізденпаздықты, дарындылық, ұйымдастырушылық, тағы да көптегенқұндылықтарды талап ететін маман иесі. Шығармашылық қабілет баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз-оқушының бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерді ашып көрсету.Әдебиет1.Мұғалімге арналған нұсқаулық.2.Оқыту –тәрбиелеу техналогиясы журналы3.Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері



































































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!