Материалдар / Мақала: Тәрбие - білім бастауы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала: Тәрбие - білім бастауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала ұстаздар мен тәрбиешілерге керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Мамыр 2021
707
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие – білім бастауы

Тәрбиелеу дегеніміз – адамның

бойына білімге негізделген

құндылықтар мен өнер қуатын дарыту.

(Әбу Насыр Әл-Фараби)

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Қазіргі бәсекеге қабілеттілікті талап ететін қоғамда ұрпақты сол қоғам мүддесіне сай, елін, жерін, халқын көзінің қарашығындай қорғайтын ұлтжанды, отаншыл азамат,білімді етіп тәрбиелеу көзделініп отыр. Дұрыс берілген тәрбие тұлғаның жан дүниесінің дұрыс қалыптасуына, жақсы қасиеттерді сіңіріп өсуіне ықпал етеді. Бірақ бұл жерде білімді де қатар қоюды қажет емес пе, білімсіз тәрбие де тұралап қалмас па екен?-деген сұрақ туындайды. Ал бұл қасиеттердің бәрі адамның бойында бала кезінен бастап тұрақты және үздіксіз қалыптастырылуы керек.

Тұлғаның өмір сүруге құштарлығының оянуы жақсы мен жаманды ажырата білуі өзін қоршаған ортасына, мұғаліміне, ата – анасына, құрбы – құрдастарына, олардың іс – әрекеттеріне және де басқа да қасиеттеріне байланысты. Одан әрі өзін-өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, қоғам талабына сай, өзін көрсете білетін жоғары білімді, ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық және әлемдік мәдениеті бойында қалыптастырған, бәсекеге қабілетті, шығармашылығы дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру жалғасын табуы тиіс. Қазіргі жағдайларда адамның тек қана білім алу арқылы өмірге тәрбиесіз араласуы өте қиын. Меніңше,тек тәрбиемен ұштасқан білім ғана өз кезегінде жеке тұлғаның дамуын жүзеге асырып, әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асырып, оның бейімділігі мен қабілеттілігін жетілдіреді. В. Г. Белинский; «Тәрбие – ұлы іс, тәрбие арқылы адам тағдыры шешіледі» деген болатын. Тәрбиенің маңыздылығы сондай, біздің болашақ ұрпағымыз тәрбиеден ғана рухани байлық алып, тәрбие арқылы ғана Адам болып қалыптасады. Оқу мен тәрбие егіз, оларды бір – бірінен бөліп қарауға болмайды- деп те жатамыз. Ұлы данамыз Әл – Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген. Осыны естігенде менің есіме ең алдымен бүкіл дүниені «дүр» сілкіндіріп, соғыс ашқан, адамзаттың қас жауына айналған немістің қандыбалақ ,соғысқұмар пендесі Адольф Гитлер есіме түсетіні несі екен? Егер ол адам бала кезінен мейірім мен адалдыққа, сабырлылық пен шынайылылыққа толы жақсы тәрбие алғанда, мүмкін 50 миллионнан астам адамның өмірін қиған Ұлы Отан соғысы болмаушы да ма еді? Ал сол соғыстың зардабын дүниежүзі әлі де тартып келеді: қаншама боздақтар жер құшты, олардың артынан ұрпақ та қалмады, соғыстан соң күйреген елдердің экономикасын көтеру ондаған жылдарға созылды, біршама елдер өздерінің жерлерінен айрылып, әлі күнге дейін бір ел екінші елмен таласқа түсуде, жаза берсек толып жатыр.Мұның бәрі сол ашкөздік пен менмендік, сотқарлық пен қаныішерліктің , тәрбиесіздіктің кесірі... Мемлекетімізде қазіргі таңда сапалы білім берумен қатар, болашақ жастарды рухани – адамгершілікке тәрбиелеудің де зор қажеттігі туындап отыр. Әлеуметтік жағдайлардың өзгеріске ұшырауы білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмыстарын тоқырауға әкелді. Қазіргі кезеңде тәрбиеге және тәрбие жұмыстарына деген жаңаша көзқарас қалыптасуда, олардың ізгілік мәні тереңірек ашылуда. Тәрбие және тәрбие жұмыстары әр баланы қайталанбас тұлға ретінде қарап, оның өзгеше қасиеттерін дамытуы қажет. Әрбір бала — тұлға, өзінше бір әлем, ал әр педагогтың міндеті әр тұлғаны көре білу, жүректеріне жол табу. Тәрбиенің қайнар бұлағы - халықта, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам тәрбиені күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді, мұны да әркез есте ұстау керек. В.А.Сухомлинский: «Әлемде адам тұлғасынан күрделі, одан бай ешнәрсе жоқ», — деп жазған. Бүгінгі күнде барлық ұстаздардың алдындағы мақсат — өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу болып табылады.

Менің ойымша, қазіргі таңда тәрбиенің теориясымен практикасының  өзекті мәселелерінің бірін білім – тәрбие жүйесі емес,керісінше тәрбие – білім жүйесі ретінде қарап, осының мақсатын белгілей білу. Меніңше, тек қана теориямен адамды тәрбиелеу мүмкін емес... Мәселен, «мен  оқушыларымның бойынан қандай қасиеттерді көргім келеді немесе болашақта қандай азамат болып өссе екен деп ойлаймын», осындай сауалдарға  жауап іздеу барысында оқушыларға тәлім – тәрбие берудегі басты – басты мақсаттарды анықтап алу керек сияқты, ол мақсаттар білім беру үрдісімен ұштасып жатуы тиіс.

Жаңа заман адамдарын тәрбиелеуде ұстаз қауымына өмірдің өзі осыны талап етіп отыр. Ал ұстаздар осы талап тұрғысынан табылып, адам тәрбиесіне өнер деп қарап, үнемі шығармашылықпен ізденулері керек . Білім мен тәрбие беру тақырыбы- мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Ұрпақ тәрбиесі — келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени — ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу — біздің де қоғам алдындағы борышымыз.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!