Материалдар / Мақала "Тіл - әр халықтың негізі, ұлттық жан дүниесі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала "Тіл - әр халықтың негізі, ұлттық жан дүниесі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл - әр халықтың негізі, ұлттық жан дүниесі"
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Наурыз 2023
222
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тіл - әр халықтың негізі, ұлттық жан дүниесі

 

                                                               «Ана тілін білмеген, ана сүтін ембеген»

                                                                                                                (М. Әуезов)

 

      Білім беру саласында жүргізіліп отырған реформаның бір өзекті саласы- тіл мәселесі туралы елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі – еліміздің Мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға күш- жігерін жұмсауымыз керек» деген. Қазақстанда мемлекет тәуелсіздігін нық ұстап тұру мақсатымен жүргізіліп жатқан шараларға қатысты ұлттық тілдің, мәдениеттің қайта өркендеуіне кеңінен жол ашылды. Қазіргі кезде Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекет алдында, озық дәстүрлерге сүйене отырып, жеткіншектер санасына туған халқының дүниетанымына деген құрметпен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрін меңгеру, тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеу тарихи қажеттілік болып отыр.

Мемлекеттік тілді меңгеру- кез келген Қазақстан азаматының міндеті.Шындығында, мемлекеттік тілде сөйлеу, жазу, оның шұрайлы тілін, қуатты күшін жете білу- біздің парызымыз.Ұлы жазушы Шыңғыс Айтматов ана тілі туралы былай деген екен: «Халықтың мәңгі ғұмыры оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін ұлы». Біз үшін қазақ тілі – ұлы. Әлемнің дамыған елдерінің қатарына кіруде де ел экономикасымен қатар, әлеуметтік мәселелерге, оның ішінде мемлекеттік тіл мәселесіне айрықша көңіл бөлуіміз керек. Ұлттың ұлт болып қалыптасуы мен дербес, тәуелсіз мемлекет болуының басты негізі – оның ана тілі. Мемлекеттік тілдің басты қызметтері ретінде оқу тілі, оқыту тілі, ғылым тілі, іс-қағаздар тілі, газет-журналдар тілі, театр тілі, әдебиет тілі, ауызекі сөйлеу тілі т.б. тілдерді айтуға болады.

       Өзін қазақ халқының өкілімін немесе осы мемлекеттің азаматымын деп есептейтін әрбір адам мемлекеттік тілді білуі керек. Өз Отанының азаматы болу деген сол жер үшін аянбай еңбек етіп, оның ауыртпалығына төзу деген сөз- Республикамыздың экономикасын көтеру, өнеркәсібін, ғылымын, техникасын, мәдениетін арттыру деген сөз. Кез келген халықтың өз тілі болады. Сол себептен ғалымдар: «Тіл халықтың жаны», «Халық бар жерде – тіл бар, тіл бар жерде халық бар»-дейді.Тілді, сол тілдің иесі- халықты сыйлау үшін көп нәрсе керек емес. Ол үшін ең алдымен сол халықтың тілінде сөйлеу керек, сол тілде оқып, сол тілде жазу керек.

         Тіл – халықтың даналығы, танымы мен талғамын тауып айтатын, шыншылдығын көрсететін, ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан баға жетпес қазынасы. Тіл кез келген танымдық іс-әрекеттердің құралы, ойлаудың формасы және оны дамытудың негізі болып саналады. Сондықтан да қоғам иелерін тәрбиелейтін мектептерде оқылатын қазақ тілі пәнінің маңызы зор.

Тіл- адам болмысының айнасы.

       Ж. Аймауытов бұдан 70-80 жыл бұрын «Тәрбиеге жетекші» деген еңбегінде: «Ана тілі халық болып жаралғаннан бергі жан-дүниесінің айнасы, өсіп- өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі... Жүректің терең сырларын, жанның барлық толқындарын тұқымнан- тұқымға жеткізіп, сақтап отыратын қазынасы- сол халықтың тілі» деген болатын.

Мемлекеттік тілдің алдында тұрған маңызды мәселелерінің бірі – оның жаңа әлеуметтік – мәдени болмысты бейнелеудегі мүмкіндіктерін кеңейтудің қажеттілігі болып отыр.

Бүгінгі ана тілімізде оқытуға күш салсақ, оның қанат жайып, гүлденіп кетуі туралы дау тумаса керек.

     Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі — оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, кез-келген мемлекет өзінің аумақтық салт-дәстүрін, ана тілін ерекше қорғайды.

Ұлттық тіл және тәуелсіздік- бір-бірімен мазмұндас, мақсаттас ұғымдар.

Тәуелсіздік-ұлттық қасиетті қадірлеуден, дәріптеуден басталса керек. Өз қадір қасиетін білмеген ұлт басқа ұлттарға да, ұлыстарға да қадірсіз. Мемлекеттік тіл  тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, бұғанасын қатайтты.

     Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Тілге деген көзқарас, шындап келгенде елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан, оған бей-жай қарамаймыз. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз»-деген болатын. Тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынастың аса маңызды құралы ғана емес,  ойлаудың, дүниетанымның, рухани мәдениетті жасаудың ұлттық ұжымдық тәрбиесін жинақтаудың, сақтаудың құралы. Жас ұрпақты тәрбиелеу, оларға ғылым мен білімді үйрету  тіл арқылы жүзеге асады. Мемлекеттік тілді оқыта отырып, жастардың бойына елдік сана сіңіріліп,  мемлекеттік рәміз, ұлттық діл, ұлттық болмыс туралы ақпараттар толық беріледі.

Тіл туралы заңның қабылданғаны, оның баптарының жүзеге асырылуының бағдарламаларының жасақталғаны, мемлекет басшысының тіл саясатында дұрыс бағыт ұстап, қолдау танытып отырғаны көпке мәлім. Аталған әрекеттердің бастауы мектептерде қазақ тілін оқып үйретуді дұрыс жолға қою болып табылатыны сөзсіз. Ата заңының баптарында сонымен қатар «Тіл саясатының тұжырымдамасы» мен «Тіл туралы Заңда» айтылған басты мәселе мемлекеттік қазақ тілін дамыту.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келер болсам, қазақ халқының тілі бай, әрі көркем тіл екендігіне ешқандай да дау тумаса керек. Бұл тілде сөйлейтін қазақ халқы осынау сахара, сардалада көнезаманнан бері өмір сүріп, тіршілік жасап, осы тіл арқылы өмірлік қатынас жасап келеді.Ана тілі халқымыздың қоғамдағы қатынас тілі болып қана қойған жоқ. Сонымен бірге жан семіртер жан азығана айналды.

    Абай, Шәкәрім, Ахмет, Мағжан т.б. осынау тілдің болашағы үшін, өздерінің жалынды өмірлерін осы тілге арнады.Ана тілін жанындай сүйе білді.

     Сөзімнің соңын Елбасының айтқан мынадай көрікті ойымен аяқтағым келеді: «Барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс. Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды. Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн».



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!