ТІЛ КЕМІСТІГІ БАР БАЛАЛАРМЕН
ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСТАР
ТҮРЛЕРІ
Жұма Назерке
Батырханқызы
Ақтөбе
облысы
Шалқар
ауданы
«Ақтоғай
ЖОББМ»КММ
педагог-психолог
Қазіргі кезең қоғамда болып
жатқан көп өзгерістер мен әлеуметтік теңсіздіктер, отбасылық,
қоғамдық, экологиялық, экономикалық дағдарыстар жүйке жүйесі
бұзылған, психикалық дамуында тежелуі бар, даму мүмкіндігі шектеулі
, тіл кемістіктері бар балалардың көбеюіне әкеліп отыр. Біздің
елімізде дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді
жүйесін жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсіби
даярлау ісімен байланысты проблемаларды шешуге, балалардың дамуында
кемшілігтерін алдын алуға
бағытталған.
Балалардың бойындағы әр түрлі
кемшіліктер мәселесімен айналысатын педагогикалық салалар
бойынша жоғары оқу орындарда білікті, арнайы
мамандарды дайындап шығарады. Атап айтқанда: дефектология-
дене және психикалық кемшілігі бар балалардың психологиялық
физиологиялық даму ерекшелігін зерттейтін ғылым.Дефектология
балалардың кемістік түріне байланысты бір неше салаға бөлінеді.
Сурдопедагогика – саңырау немесе құлағының кемшілігі бар балаларды
тәрбиелеу және оқыту мәселесімен айналасатын педагогиканың саласы.
Тифлопедагогика- соқыр, көз жанары зақымданған балаларды
тәрбиелеу және оқыту мәселесімен айналасатын педагогиканың саласы.
Олигофренопедагогика-ақыл-ойының даму жағынан кемшілігі бар
балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселесімен айналасатын
педагогиканың саласы. Логопедия- тіл кемшіліктері бар балаларды
тәрбиелеу және оқыту мәселесімен айналасатын педагогиканың саласы.
Атап кеткен педагогикалық салалардың басты мақсаты - әр түрлі
дәрежедегі дамуында ауытқуы бар балалардың психофизикалық
дамуындағы ерекшеліктерін, балаларға түзету тәрбиелеу жұмыстарын
жүргізуінің бағыты мен оқытудың мазмұны туралы білімді
қалыптастыру. Осы педагогикалық салалардың ішінен тандаған
мамандығымыз логопедия бойынша тоқталып кетуді жөн көрдік.
Педагогикалық тәжірибеге сүйене келсек, мектеп жасына дейінгі
балалардың көбінде сөйлеу дамуында атап айтқанда дыбыс
айтылуының бұзылуы, тұтығу және жалпы сөз қорының жетіспеушілігі
кемістіктері кездеседі.
Тіл-қарым-қатынас. Қоршаған
ортаны танып, білу құралы. Өзімізге белгілі біздің тіліміз екі
міндетті атқарады. Біріншісі адам мен адамды өзара қатыстыру,
байланыстыру құралы ретінде қолданылса, екіншісі айтайын деген
ойларын бір-біріне жеткізіп түсінісу үшін қолданылады. Онсыз
адамдар ұйымдасқан түрде бірігіп тіршілік жасай алмас еді,
табиғаттың күшіне қарсы күресе алмас еді. «Тіл –халықтың ең
ұлы байлығы» деген еді көрнекті жазушы М.Шолохов.Тыңдаушы адамға
тіл, әрине, сөз арқылы жетеді. Жалпы тіл біздің өмірімізде алатын
орны ерекше. Біз тіл арқылы өзіміздің ойымызды айтамыз, адамдар мен
қарым-қатынасқа түсеміз, қоршаған ортаны танимыз.Балалардың жасымен
қоса тілі де, ойлау қабілеті де қоса дамып отырады. Сондықтан да
біздің тіліміз адам қоғамының өсіп-өнуі үшін де ең маңызды құрал.
Тілдің сөйлегенде бұзылып, дыбыстың дұрыс қолданылмауы адамның
ілеуметтік белсенділігіне, жеке басының қызметіне, сонымен бірге
психикалық дамуына әсерін тигізуі мүмкін. Сөйлеу мәдениетінің
деңгейі келешекте баланың жеке және кәсіби өмірінің бағытын
айқындап береді.Бұл қазір жеке бастың ғана мәселесі емес.
Болашақтағы ана тіліміздің жағдайы бүгінгі балалардың сөйлеу
мәдениетінің деңгейіне тікелей байланысты. Сондықтан да әр
баланы дұрыс сөйлеуге баулу-қоғамның кезек күттірмейтін қажетті
іс. [2
бет]
Егеменді еліміздің мектеп
жасына дейінгі балалары өзінің елін, тілін туған халқын,
салт-дәстүрін сыйлайтын ұрпағы етіп өсіру үшін балаға алдымен өз
ана тілінде таза, айқын сөйлеуге үйрету керек. Егер бала 3 жаста 2
сөзден тұратын қысқа сөйлемді айта алу керек, егер айта
алмаса, бұл тіл дамуының зақымдануы. Ал бұл жаста жай сөздің
болмауы балада жалпы даму кемшіліктерін көрсетеді. Бала тілінің
даму шегін бағалайтын даму нысандарын ата-аналар білу міндетті:
дыбыстардың жас ерекшелігіне байланысты қалыпты дамуы: 3-4жаста-
(с,з,ц) дыбыстары толық қалыптасады; 4-5жаста- (ш,ж,ч,щ); 5-6жаста-
(л,й,р). Тіл кемістіктері бар балалармен түзету жұмыстарды жүргізу
барысынды келесі мақсаттарды көздейміз: артикуляциялық жаттығулар
арқылы баланың сөйлеуінде дыбысты дұрыс айта білуге баулу; дұрыс
сөйлеу ырғағын,бірқалыпты тыныс алуын, интонацияны дұрыс қолдана
білуін қалыптастыру; есту қабілетін дамыту; саусаққа арналған
ойындарды, жаттығуларды, әртүрлі массаждың әдіс-тәсілдерін қолдана
отырып, қолдың ұсақ моторикасын дамыту; тіл дамыту ойындары арқылы
балалардың зейін қою,ойлау қабілеттерін дамыту; баланың белсенді
қарым-қатынас жасауға деген ұмтылысына қолдау көрсету; ата-аналарды
балаларымен бірге ірекет етуге
баулу.
Сөйлеу туа біткен қабілет
емес, оның біртіндеп қалыптасып дамуы барысында оған көптеген
жағдайлар әсер етеді. Дыбысталу қалыпты болу үшін артикуляциялық
құралдың толық жұмыс істеу қажет. Бала қиындатылған дыбыстарды
шығару барысында оның ерні мен тілі еш кедергісіз бірнеше қимылды
ұзақ атқаруға икемді болғаны абзал. Мұның бәрін игеруде
балаға артикуляциялық гимнастикалар көп көмегін тигізеді.Яғни,
дыбысталу деп аталатын нәзік атқарылатын қимылдарды жүзеге асыруда
тілдің жеткілікті түрде жақсы дамуы аса маңызды. Артикуляцияны
дұрыс қалыптастыру үшін арнайы жаттығулар қолданады.
Жаттығулар қойылатын дыбысқа байланысты жүйеленеді және ерін, тіл
қимылдарын, қалпын дағдыландыруға бағытталады. Балаларды қызықтыру
үшін және жаттығуды ойларына сақталып қалу үшін әр жаттығу әртүрлі
атпен аталады. Мысалы: «Сәбіз», «Жылан», «Түтікші», «Ат» т.б.
жаттығулары. Тағы да бір дыбысталудың қалыпты дамуына сөйлеу
барысында дауыстың шығу деңгейін реттейтін дұрыс дем алу ықпал
етеді. Бала тілін дамытуда тыныс алу жаттығулары да маңызды рөл
атқарады. Көптеген дыбыстарды айту үшін дұрыс ауа шығаруды
қалыптастыру мақсатында, балаға жеңіл ойыншықтарды, шарларды,
судағы қағаз қайықтарды ауыз толтырмай жеңіл үрлеуді үйрету.Баланың
сөзді дыбыстауы дем алу және дем шығару барысында еркін түрде
ақырыннан қатты дауыстауға дейін үздіксіз өзгеріп отырады. [30
бет]
Бала сөзді таза және дұрыс
айтып, сөйлеуді үйренуде өзінен шыққан дыбыстарды жақсы ести білуі
де қажет. Дауыстың бәсендеуі сөздің дұрыс дыбысталуына ғана емес,
сөздік қордың төмендеуі мен грамматикалық қателерді пайда болуына
әкеледі.Есту қабілетін дамыту барлық оқу-тәрбие жұмыстарының
түрлерінде жүзеге асырылады. Логопед түзету жұмыстар барысында
балаларды сөздерді дұрыс айтуларын, дыбыстардың таза анық шығуын
қадағалайды, сөйлеу қабілеттерін арттырады. Сөздерді байланыстырып
сөйлеуге, есте сақтауға қабілеттерін арттыруға дағдыландырады,
ой-өрісінің белсенділігін, сөздік қорын, дүниетанымын дамытады.
Бала естуді, көруді, тактильді-тербелісті, бұлшық ет түйсігін
пайдалана отырып фонеманың дыбысталуы мен артикуляциясын
қабылдайды, сапалы түрде сөйлеу органдарының қажетті қимылын,
қажетті дыбыстарды қайталауға талаптанады. Қойылған дыбысты алдымен
буында ( ашық, жабық, ортада ), сосын сөздің басында, ортасында,
аяғында, сөз тіркестерінде, сөйлемде, байланыстырып сөйлеуде дұрыс
айтуға машықтандыру керек. Әр балаға дербес дәптер арналады. Бұл
дәптерге сабақтың мазмұнына байланысты тапсырмалар
жазылып отырылады. Тапсырмаларды қайталау үшін демалыс күндері
үйге беріледі. Жоғарыда айтылған түзету жұмыстарымен қатар
балалардың ойлау, көру-еске сақтау қабілеттеріне, ұсақ моторикаға
байланысты жұмыстар жүргізіліп отырды.
Балалардың сөздік қорын молайтуда ойын,
тапсырма жаттығулардың орны ерекше. [28
бет]
Біздің балаларымыз мектепке
дейінгі жаста болғандықтан барлық тәрбие мен оқыту, түзету
жұмысымыз ойын түрде жүргізіледі. Соның ішінде ойын-баланың шың
тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне
қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті
сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп,
таным белсенділігінің дамуына жол ашады .Қай бала болмасын ойынмен
өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын
үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал
еркіндік дегеніміз-барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген
құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. [20
бет]
Халық даналығында «Ойнай
білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озған, өмірде де озады» деген
аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың
ойынға деген қарым-қатынасы, мінез-құлық көріністері олар өсіп
есейгенде де жалғаса береді. Ойын барысында бала өзін қоршаған
үлкендер сияқты,өзінің сүйікті әңгімелер мен кейіпкерлері сияқты
өмір сүреді, әрекет жасайды. Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді
дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Баланың ойын
кезіндегі қимыл-қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал
қарым-қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным-түсінік, мінез-құлық
әдептерін бекітуіне әсер етеді. Ойындардың негізгі мақсаты
балалардың ықылас зейінің, сөздік қорын, байқампаздығын, есте
сақтау,қабылдауын дамытуға, икемділікті арттыруға, өзінің жеке
құрбыларының іс-әрекетін бағалай, құрметтей,өз ісінің дұрыстығын
дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру. Сонымен балалардың сөздік
қорларын дамытуда ойындарды,тапсырма, жаттығуларды қолдану үлкен
нәтиже береді. [ 14 бет] Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып,
ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса
түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына
сіңіреді.
Бала тілін дамыту кезінде өз
ана тілінде анық, дұрыс сөйлетіп, ертегілер мен жұмбақ,
жаңылтпаштарды, өз ойларын еркін таза айтуға дағдыландыру
қажет.Балалардың ауызша сөйлеу тілі мен сөздік қорын байыта түсу
үшін оларды күнделікті тұрмыста кездесетін, қолданатын заттармен
таныстырып, дұрыс айту, дұрыс сөйлеу, сұрақтарға жауап беруге,
диалогқа түсіп қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береміз. Осыдан
баланың жан-жақты дамуына, тілінің толыққанды дамуына үлкен
жол ашамыз.
Тіл кемістігі бар отбасын біз
біздің түзету-тәрбиелеу жұмыстарымыздың негізгі бөлігі ретінде
қарастырамыз. Біз үнемі өзімізге « Ата-аналардың бізбен қалай
серіктесуге шақырамын, оларды қалай бірге жұмыс жасауға бейімдейміз
жіне олардың қатысуынсыз, түсініктерінсіз тіл кемістігі бар
балаларға көмектесе аламайтынымызды қалай түсіндіруге болады» деген
сұрақтарды қоямыз. Әдетте, ата-аналар балаларына көмек керектігін
түсінеді-ақ, ал бірақ олардың қздеріне белгілі деңгейде көмек
керектігін түсіне бермейді.Олар түзету жұмыстарында да жақсы ықпал
ете алады, сонымен қатар кері әсер алатыны белгілі.Осы орайда,
ата-анамен жұмыс істеудің дәсүрлі және дәстүрлі емес түрлері бар.
Ата-анамен жұмыстар бірінші күннен басталады. Олармен кездесіп,
баласы туралы әңгіме жүргіземіз, ата-ана мен баласының
қарым-қатынасын бақылаймыз, жұмыс жоспарымен таныстырып, түсінуге
мұрсат береміз. Ата-аналармен жұмыс түрлері:
ата-аналар жиналысы ,сауалнамалар мен әңгіме жүргізу
,жеке дәптермен жұмыс ,ақыл-кеңестер ,ашық есік күні,көрме
,ақпараттық бұрышы,ұйымдастырылған оқу қызметі, ертеңгіліктер,
ойындар. Ата-аналарға түзету жұмысын жүргізу барысында төмендегідей
нұсқауларды ескеру қажет: баланы саналы түрде түзету жұмысына
дайындау; түзету жұмысын жүйелі түрде, тиісті кезеңдерде сақтай
отырып жүргізу; өткен кезеңдегі сөздік материалдарды толық игеріп,
дағдыланғанда ғана келесі кезеңге көшуге болады. Әйтпесе бала
дыбысты басқа дыбыспен шатастыра береді; қойылған әрбір дыбысты
бірден күнделікті сөйлеу тілінде қолданып машықтандыру; күнде бір
немесе екі рет тапсырманы қайталау. Сөйлеу мүшелерін дұрыс
қалыптастыру үшін дайындық жаттығуларын буында, дағдыландыру
кезеңдерінде айнаның алдында отырып айту пайдалы; түзету
жұмысының барлық кезеңдерінде ата-аналардың көмегі, қадағалап
отыруы өте қажет. [3 бет]
Ата-ана, тәрбиеші және логопед
дәрігер мамандардың бірлесе жүйелі жұмыстар жүргізу арқасында
мектеп жасына дейінгі балалардың дұрыс сөйлеу ырғағы,
бірқалыпты тыныс алуы, интонацияны дұрыс қолдана білу
дағдылары қалыптасып, есту қабілеттері дамып,
сөздік қорларын байытып , ауызша сөйлеуге
үйрете отырып үйренген сөздерін күнделікті іс
әрекет кезендегі тілдік қарым қатысына қолдана
алуға үйренді. Әрине, мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу
дағдыларын дамыту, түзету жұмыстары өз жалғасын таба береді, бірақ
бүгіннен бастап жүргізген барлық жұмыстар күткен нәтижелерді береді
деп айта беруге болады.
Пайдаланған
әдебиеттер:
-
ҚР
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Астана,
2014 жылғы 17 қаңтар.
-
Лапшин Б.П. Основы дефектологии. Москва.
«Просвещение»,1990г.
-
Логопедия. Под ред. Волковой
Л.С.-М.1989
-
Республикалық педагигикалық- әдістемелік журнал
Тілашар логопед №4 (32) 2015 бет 2-5
-
Республикалық педагигикалық-әдістемелік журнал
Тілашар логопед №1 (23) 2014 бет 9-10
-
«Отбасы және балабақша» наурыз-сәуір 2009 ж
(14-15 бет)
-
«Бала мен №6, 2015 ж. бет
20-21
-
Ахметова Р.М. Бала тілін дамытуда ойын
технологиясын пайдаланудың теориялық негіздері. 1999ж. бет
16
-
Республикалық педагигикалық- әдістемелік журнал
Тілашар логопед №2(30) 2015 бет 2-3
-
Қ.Қ.Өмірбековна, Дыбыс айту кемшіліктері және
түзету жолдары. Алматы,2005ж. бет 26-30