Материалдар / Мақала "Тіл тағдыры"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала "Тіл тағдыры"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Ақпан 2019
459
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады











Жамбыл облысы , Т.Рысқұлов ауданы,Көгершін ауылы , Ақтоған шағын орталықты орта мектебініңҚазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғаліміМакишева Гүлзира Нұрмашқызы

Тіл тағдыры Халқымыздың аса бай рухани қазынасы - туған ана тіліміз. Ол - қазақ тілі. Қазақ тілі - өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап еркін есіп тұрады. Тіл - қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз болмаса адамзаттың тірлігінде мән - маңыз болмайтыны белгілі. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Міне, осы орайда ана тіліміз жайлы терең ойлану әрқайсысымыз үшін парыз. Жыл өткен сайын ана тіліміздің мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуде. Тіл - халықтың жаны. Тіл құрыса, халақ та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан, сыйламаудан басталады. Егер тілімізді құрметтеп, сыйласақ тілімізді биіктерден көрсете білеміз. Туған тіл біздің бірінші бақытымыз, бірінші ырысымыз, біз сондықтан «Ана тіліміз» дейміз. Қазақтар тілімізді «Ананың тілі» деп ерекше құрметтейді. Басқа тілді білу - әрине мақтаныш. Әйтсе де өз ана тілімізді аяқ асты етуге болмайды. Біз өз ана тілімізді таза сөйлеуіміз керек. Егер біз өз ана тілімізді жақсы білмесек, онда біз өзге ұлтқа тіліміздің қандай екенін түсіндіре алмаймыз. Бірақ көптеген жастар және үлкен кісілеріміздің өзі де орысша сөйлейді. Арасында өз ана тілімізді білмейтіндер де кездесіп жатады. Бұл тәрбиелікке жатпайтын тірлік. Үлкендеріміз кішіге үлгі болу керек. Сондықтан біз қайсымыз болсын өз тілімізді дұрыс білгеннен кейін ғана өзге тілді үйренуіміз керек. Өз тіліңді білмей жатып, өзге тілді үйрену, өз тілімізді аяқ асты ету болып табылады. Сондықтан біз тілімізді құрметтейік. Қазақ тілі аса бай тіл, икемді тіл. Қалай исең солай иіле береді. Орамын, бұрамын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қалап, текемет оюға болады. Адамға тіл ең керекті нәрсе. Адамды мұратқа жеткізетін - ана тілі. «Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқынын ұрпақтан - ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына,» - деп Жүсіпбек Аймауытов жазғандай, жерін, елін сүйген әрбір азаматтың ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Бала өмірге келгеннен бастап, өз ана тілінде сөйлеп, ана тілінде білім алып, жалпы ұлттық тәрбие алуы керек деп ойлаймын. Себебі өз ана тілінде сөйлеу оған деген көзқарас ең зор адамшылық, мәдениеттілік, тәрбиелілік өлшемі болып табылады. Ал өз ана тілімізде сөйлемейтін адамды көрсем, тіліміздің тағдыры қабырғама батады. Қай қоғамда да тіл өзекті мәселе болатыны белгілі. Ана тілі - алтын қазына, ана тілін қадірлеу, беделін нығайту біздің парызымыз. Ал халықтың басты мақсаты сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәнінде мәдениетті, сауатты адам болу мүмкін емес. Осы жерде Константин Паустовскийдің: «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік,» - деп ашына айтқанын еске түсіріп кеткім келеді. Ана тілі - бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы. Ұлттық сана ұлттық тілмен қалыптасады. Ұлтты күшейтудің бірінші тетігі - тіл. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, халқымыздың мерейін тасытып, мәртебесін асқақтатуға, ұлт бірлігін нығайтып, халықтар достығын шыңдауға, тәуелсіздігіміздің тұғырын биіктетуге, қазақ елін бүкіл әлемге паш етуге, ұлт потенциалын мейлінше көтеруге қазақ тілінің құдіреті жетеді. «Ұлттың тілі - ұлттың ділі» демекші, қандай ұлт пен ұлыс болмасын ең басты байлығы - ана тілі. Тілін жоғалтқан халықтың жеке мемлекет болып, басқа елдермен терезесі тең дәрежеде тұра алмайтындығы тарихтан белгілі. Сондықтан сан ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, егеменді ел болып жатқан сындарлы кезеңде мемлекетіміздің нышаны ана тілімізді бүкіл тіршілігіміздің түп қазығына айналдыру - әрбір ұлтжанды азаматтың басты міндеті. Абай әрлеген тіл, Жамбыл жырлаған тіл - қазақ тілі, Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі болып қала бермек! Әрбір адам өз ана тілін білу және мемлекеттік тілін меңгеруге міндетті. Сондықтан тіл біздің тұғырымыз, оны биік ұстайық!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!