Материалдар / Мақала: Төңкрілген сабақта қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала: Төңкрілген сабақта қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге әдістемелік көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Мамыр 2021
559
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



ТӨҢКЕРІЛГЕН САБАҚТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТИІМДІ

ӘДІС -ТӘСІЛДЕР







И.Н.Мектепбаева

1 мектеп-гимназиясының

ағылшын тілі пәнінің мұғалімі,

Байзақ ауданы






«Төңкерілген сабақ» дегеніміз не?»


«Төңкерілген сабақ» дегеніміз-«Теория-үйде, практика-сабақта» тəсілін пайдалану арқылы оқушылардың пəнді қызығушылықпен игеруге, тек теорияны басым игеріп қана қоймай, сонымен қатар, практикалық тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың бойында ізденісті, қызығушылықты ояту болып табылады.

«Төңкерілген оқыту» технологиясын 2007 жылы АҚШ мектебінде алғаш өз тәжірибелерінде қолданған америкалық химия пәнінің мұғалімдері Аарон Самс пен Джонатан Бергманн. Олар бірге дәріс мазмұнын жазу арқылы эксперимент жасай бастады. Оқушылар мектепте тақырып бойынша жаттығулар мен жобалар бойынша жұмыстар жүргізіп, үйде лекцияны қарастыру – негізгі идея болып табылды.

Shape1

Бұл – сабақтарды бейнетүсірілім арқылы көрсетіп, оқушылардың білу, түсіну

дағдыларын дамыту мақсатында үй тапсырмасы ретінде ұсынылатын

педагогикалық әдіс түрі. Әдетте біз аралас сабақта жаңа тақырыптың

териясын сыныпта талқылаймыз (өзіміз түсіндіреміз, оқулықты оқытамыз)

Ал үйге практикалық тапсырма береміз. (Жаттығуларды орындау немесе

тапсырмаларды орындау).Теория - сыныпта, практика- үйде.








Ал төңкерілген сабақта бұл оқу әрекеттері керісінше, «төңкерілген» болады: Теория – үйге өздігімен қарастырылуға беріліп, сыныпта практикалық тапсырмаларды орындау ұсынылады. Теория - үйде, практика- сыныпта.

Блум таксономиясын қолданып сабақта оқушыларға білім беріп жүрміз.Мына суретке назар аударалық. Қандай ат қояр едік. Әрине мен бұл суретке төңкерілген сынып деп атар едім.

Блум таксономиясы бізде қалай қолданылады?

Дәстүрлі оқыту мен төңкерілген оқытудың айырмашылығын салыстырмалы түрде қарап көрелік . Енді қарап отырсақ Блум таксономиясының 6 кезеңін бір 40 минутқа сиғызу мүмкін емес.Біздер дәстүрлі сабақ оқыту кезінде сыныпта Блум таксономиясының білу, түсіну деңгейлері ғана қолданылады, мұғалім жаңа тақырыпты сабақта түсіндіреді яғни бұл жерде теория іске асады, ал шығармашылықпен жұмыс жасауды үйге беретін едік,сол кезде бала қиын тапсырмаларды үйден орындайтын еді, бұл қиын себебі шығармашылықты, анализ жасауды талап етеді.

Ал төңкерілген сабақ әдісі керісінше осы Блум таксономиясының білу және түсіну деңгейлерін бала үйден орындап келеді, үйден өз бетінше оқушылар мұғалім жіберген видеоны қарап, түсініп, орындап келгеннен кейін әрмен қарай сыныпта топ болып практикалық тапсырмаларды орындап, мұғалімнің көмегімен қолдану, талдау, анализ жасай алады. Демек бұл өте маңызды.

Мына суретте екеуінің айырмашылығын көруге болады.

Мысалы дәстүрлі оқыту моделінде білу және түсіну деңгейін сыныпта орындаймызда, әрмен қарай мыналарды сыныптан тыс уақытта орындаймыз.Енді керісінше балалар үйден негізгі материалды біліп, ұғынып келедіде, әрмен қарай шығармашылық, креативті ізденетін тапсырмаларды сыныпта орындайды.Төңкерілген сабақ демек, балалар тапсырманы орындауға үйден дайындалады. Содан кейін сыныпқа келген кезде оқушылар негізгі ұғымдар мен кері байланысты қолдана отырып, түсінігін тексереді және білімдерін кеңейтеді.Ол сыныпта орындалады.

Төңкерілген сабақ әдісінде берілген сілтеме бойынша немесе видео, кино материалының толық нұсқасын алдын ала үйден қарап танысып есте сақтайды екен. Одан кейін сыныпта қалыптастырушы бағалау немесе деңгейлік тапсырмаларды мұғалімнің басшылығымен жұп болып, топ болып талдап жұмыс жасайды екен.

Төңкерілген сынып моделі бойынша оқытудың графикалық дизайны мынадай

Әрбір бала өзінің үйінде отырып мұғалімнің Youtube порталына немесе әлеуметтік желілерге чат арқылы салған бейнесабақтарын, тапсырмаларын алдын ала бұрын оқып танысып келеді яғни Блум таксономиясының білу, түсіну деңгейлерінде жұмыс жасап келеді. Әрмен қарай үйден игеріп келген білімдерін жұп бойынша, топ бойынша жұмыстар жасап,, бір- бірімен коммуникация жасай отырып, ол жерде мұғалімнің бағыт- бағдар береді, тексеріп отырады, сол кезде Блум таксономиясының қолдану, талдау, синтездеу және бағалау деңгейлері орындалады.Бұл өте тиімді. Сондықтанда төңкерілген сабақ әдісі қазіргі таңдағы қашықтықтан оқыту кезінде өте тиімді әдіс деп айтуға болады.

Қашықтықтан оқыту кезінде төңкерілген сабақтың ерекшеліктері

Қашықтықтан оқыту кезінде сабақтар нәтижелі өту үшін мұңалімдер жыл бойына бейнесабақтар дайындайды. Түсірілген сабақтар You tube каналына жүктеліп, бейнесабақ сілтемелері электронды почта немесе WhatsApp мобильді желісі арқылы жіберіледі. Бастапқы кезде оқушылар бейнесабақтарға таңқалып жүргенімен, артынан күнделікті қолданылатын құнды оқу ресурсына айналады.

Тақырып бойынша мұғалім шағын лекция жіберу (8-10 минуттық лекциясын ұялы телефонға түсіреді немесе слайд көрсете отырып түсіндіреді,лекциясын ватсап арқылы жіберуге болады) .Оқушылар осылайша үйге берілген жаңа тақырыпты игеру барысында бірнеше ресурстарды қолданады, олардың ішіне оқулықтар, мұғалімнің видео дәрісі, мұғалімнің сілтеме жасаған интернет сайты т.б. Бейнесабақтарды қайталап көру арқылы тақырыпты оқушылар жақсы түсінеді. Тоқсан басында өткен материалды тоқсан соңында қайталауға тиімді. 2-3 рет видеоны көрген соң, оқушылар өздері анализ жасай бастайды.Төңкерілген оқыту бойынша кейбір оқушылардың қабылдау қабілетінің баяулығына байланысты сабақ үстінде толық меңгеріп үлгірмейтіндер үшін таптырмайтын тиімді тәсіл.Сабаққа келе алмай қалған оқушылар үшін өз бетімен тақырыпты меңгере алады, түсінбеген жерін сол мезетте қайталап көруге ыңғайлы, барлық видеоматериалды жинақтап жылдың аяғында емтиханға дайындалуға көп көмегін тигізетін әдіс.


Тапсырманың екі нысанды болғаны дұрыс

Бірінші тапсырма–ауызша

Мына материалды оқып, танысып, зерттеп, қарастырып төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер немесе мына мәселелердің қалай шешілетініне назар аударыңыздар. Осы мәселелердің шешілетін 3 жолын көрсетіңіздер деген сияқты...

Екінші тапсырма–жазбаша

Мәселен осы тақырып сұрақ, материал бойынша кесте, диаграмма, гистограмма , кластер, менталды карта т.б. құрастырып келіңіздер деп ұсынамыз.Немесе осы тақырып жайында мына 3 сұраққа жазбаша жауап жазып келіңіздер, не эссе жазу, жаттығу орындау т.б.

13-15 баладан тұратын сыныпта үй тапсырмасын қанша оқушыдан сұрап үлгіреміз. Мүмкін ең жақсы жағдайда 10 шақты оқушыдан болар. Ал қалғандарының не білгені олардың білімін қай бағытта және қалай дамыту керектігі назардан тыс қалып жатады. Ал төңкерілген сабақтың ерекшелігі жазу жұмысынан әр оқушының тапсырманы қалай орындап, үйге ұсынылған тақырыпты қалай меңгергендігін анықтауға болады.

«Жазу -дәлел» деген осы болар.

Қажет болған жағдайда мұғалім оқушылардың топ жұмысына қосқан жеке үлесін анықтау үшін немесе әр оқушының тақырыпты игеру деңгейін нақтылау және бағалау мақсатында мынадай жеке жазу жұмыстарын орындауды ұсынуға болады

Мысалы: Эссе, хат жазу,шығармашылықпен әңгіме құрастыруб жаттығулар орындау.

Қорытынды

Осы сияқты әрекеттерді орындату, жасату арқылы мұғалім оқушылардың үйрену деңгейін анықтайды, оларға өз білімдерінің қай жағын қандай бағытта дамыту керектігін айқындап, өз ұсыныстарын оқушыларға кері байланыс арқылы жеткізеді. Оқушылардың өз қолымен жасағандарын сыныпқа жариялап, олардың жұмыстары талқыланып, талданып, оларға кері байланыс берілгеннен кейін оқушылардың рефлекциясы ұйымдастырылып, олар алдымен топ ішінде, одан кейін сыныппен жасағандарының, түсінгендерінің, білгендерінің ішінен ненің неліктен жақсы болғанын, ал нені және қалай жақсарту керектігін талқылайды, сабақ мақсатына жеткен- жетпегендерін талдап- тұжырымдап, қорытындылайды

Жалпылама алғанда төңкерілген сабақта оқушыға үлкен сенім жүктеледі. Әрине оқушының сеніп тапсырған жұмысты асқан жауапкершілікпен орындауы үшін мұғалімнің шәкірт алдындағы беделі өте жоғары болуы шарт.Өйткені оқушы шығармашылық танытып, тапсырманы түрлендіреді, оған жаңа мазмұн қосады. Бүгінде төңкерілген сабақ XXI ғасыр білім беру жүйесінің негізгі ұстанымдарының бірі ретінде танылады. Көптеген білім ордалары өз тәжірибесінде осы әдісті қолдануда.Олар төңкерілген сабақты негізгі әдіс ретінде таңдап , осы арқылы сабақ беруді едәуір жақсартқаны туралы баспасөз беттерінде жарияланып жүр.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!