Тютенова Бигайша
Мубаряковна мұғалім портфолиосы
ПШО филиалы Мектептегі мұғалім көшбасшылығы Өскемен қаласы
06.06.2016 ж.
Түйінді идеяларды білуі
және түсіну.
Іс - тәжірибеден өту
кезінде 4 сыныптың әдебиеттік оқу пәнінен «Әлем әдебиеті» бөліміне
құрылған тізбектелген сабақтар топтамасы бойынша жұмыс жүргізілді.
Мұндағы мақсат – жеті модульді ықпалдастыра отыра сабақтағы әдіс
тәсілдерді тиімді пайдалану. Алға қойылған мақсатты жүзеге асыру
барысында Жоспарға: Н. Хикметтің «Үш жігіт туралы хикая» атты
ертегісі, И. Крыловтың «Ат пен Есек» атты мысал өлеңі, Л.Толстойдың
«Акула» атты әңгімесі және Эрих Распенің «Балық құрсағында» атты
қияли әңгімесі енгізілген. Жоспарда 7 модульді ықпалдастыра отыра
тиімді тәсілдер алынған. Бастапқы орта мерзімді жоспарлау барысында
қалыптастырушы бағлау түрінде мен әр кезең сайын оқушылар әркім
өзін бағалап отырады деп жоспарлағам. Ал тәжірибе барысында бірінші
сабақтан оқушылар өздерін бағалай алуға дайын еместігін байқалды.
Олар өздерін асыра бағалауға жол берді. Сол себепте бірінші сабақты
өткізу барысында бағалау бөлімінде көрсетілген
балалардың өзін - өзі 10 балдық фишка бойынша бағалауы фишкаларды
пайдалана отыра мұғалімнің бағалауына ауыстырылды. Бұрын соңды
топтық жұмыс жасау дағдылары болмағандықтан осындай келеңсіздіктер
кездесті. Бірақ сабақ барысында олардың мұғалім сияқты өз – өздерін
бағалау мүмкіншілгі бар екенін бірақ ол үшін өздеріне сын көзбен
қарап, сол «бағаға сәйкес жұмыс жасай алдың ба?» « әлде жоқ па?»
деген сұраққа жауап бере отыра бағалау керектігін түсіндіре кеттім.
Менің ойымша балалар келесі сабақта өздерін де, басқаны да
бағалауда жауапкершілікпен қарауға дағдыланады. Келесі тізбектегі
сабақтар топтамасының жоспары өзгеріссіз қалдырылды.Таңдалынып
алынған әдістерді пайдалану барысында оқушылардың диалогтік оқуы
дамиды,мазмұн бойынша бойынша сурет салуы, оқып түсініп басқаға
түсіндіру арқылы тақырып есінде ұзақ сақталады, жауапкершілігі
артады. Топтық жұмыс туралы түсінік қалыптасады, сабаққа ынтасы
артады. Байқағаным орта мерзімді жоспарлауда негізгі мақсаттары
нақты жүйелі болған кезде сабақ нәтижесі жемісті
болады.
В есебі Оқыту мен оқуға
өзгеріс енгізу туралы
түсініктеме.
Бастапқы орта мерзімді жоспар
негізінде Н.Хикметтің «Үш жігіт туралы хикая» атты ертегісіне қысқа
мерзімді құрылған жоспар бойынша оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін
пайдалана отыра сабақ өткізілді. Мақсаты:
Оқушылар мәтіннің мазмұнын
түсініп, мағынасын ашады және мәтіннің негізгі ойын анықтап, ашық
сұрақтарға жауап береді. Алға қойылған мақсатқа жету үшін жоспарға
жеті модульді кіріктіре отыра тиімді жаңа әдіс-тәсілдер
пайдаланылды. Сабақта пайдалынылатын тәсілдер арқылы оқушылардың
сын тұрғысынан ойлауы, сабаққа деген қызығушылығы және
жауапкершілігі артады деген оймен сабақ жоспары бастапқы құрлымымен
қалдырылды. Тек бағалау бөлімі оқушылардың бұрын топтық жұмыс
жасамағанын ескере отыра оқушы бағалауынан мұғалім бағалауына
алмастырылды. Сонымен қатар алдынғы жоспарды өзгеріссіз қалдыру
себебім: сабақ өткізілетін сыныптың сынып жетекшісі болғандықтан
жоспарлау кезінде сыныптың қабілеттері мен әлсіз тұстарын,
психологиялық ерекшеліктері ескерілді. Дегенмен, топтық жұмысты
бұрын жасамағандықтан сабақ барысында кейбір келеңсіз жағдайлар мен
кедергілер де кездесті. Оларды дер кезінде шешу қарастырылды.
Нәтижесінде мәселерді өз беттерімен шешуге талпынынған оқушылар,
уақытты тиімді пайдалануға тырысты. Сонымен қоса көшбасшылық қасиет
пайда болып, ойларын ортаға салуға машықтана бастағаны байқалды.
Дегенмен, ДЖИГСО әдісі бойынша кейбір оқушылар өз бетерімен мәтінді
оқып түсініп, келесі топқа түсіндіруге тырысса, кейбіреулері
оқығанын түсінбей немесе енжарлық танытып отырғандар да байқалды.
Келесі әдіс рөлдік ойындарда оқушылардың басым бөлігі қызығушылық
танытып рөлдерді нақышына келтіріп ойнауға тырысты. Яғни бұл жерде
олар мәтін мазмұнын жақсы түсінгенін байқалды. Ал «Еркін жазу»
әдісі өткізу барысында оқушылар түсінгендерін қағазға түсіруге
асықты. Тек бір – екі оқушы өзінің отырған орны жазуға қолайсыз
екенін айтып тапсырманы орындағысы келмегенін байқатты. Жалпы
оқушыларға оқытудың жаңа әдіс – тәсілін пайдалана отыра өткізіген
сабақтар ұнады. Оны тілек ағашын пайдалана отыра жасалған
рефлексиядан байқауға болды.
Коучинг сабақ арқылы
әріптестердің іс- тәжірибесіне өзгерістер енгізу туралы
түсініктеме.
Мектептегі тәжірибе кезеңінде
әріптестеріммен «Оқудағы бірлескен жұмыс» тақырыбында коучинг
сабағы өткізілді.
Мақсаты: Оқытуда бірлесе отыра
жұмысты тиімді ұйымдастыра білуге үйрету. Бірлескен жұмысты
меңгерте отырып, мұғалімдердің іс-тәжірибесін жетілдіру. Коучинг
тақырыбы әріптестер сұрауы бойынша алынып, жоспарланды. Сонымен
бірге әріптестер нақты не көргісі және не біліп үйренгісі келетіні
ескерілді. Кейбір мұғалімдер сабақтарына бірлескен жұмыстар
енгізетінін бірақ топтық жұмыс барлық сабақтарда пайдалануға
қолайсыз екендігін айтты. Мысалы: ауыз әдебиетін өту барысында оның
ішінде жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдерді өту кезінде топтық
жұмыстар қолдану тиімсіз деген пікірлер білдірді. Осыған байланысты
коучинг тақырыбы өзгертілмеді бірақ алдыңғы жоспарда алынған жұмыс
үлгісінің түрлері өзгертілді. Себебі әріптестердің сұрауы нақты бір
тақырыпқа бірлескен жұмыс тәсілдерін көру болды. Сол себепте жоспар
әдебиет сабағындағы бірлескен жұмыстар тәсілдері мен әдістерін және
7 модуль туралы жалпы түсінік беру аясында құрылды. Коучингте 7
модуль туралы қысқаша анықтама беріліп, барлық модульдің сын
тұрғысынан ойлау төңірегінде іске асатыны айтылды. Ал сын
тұрғысынан ойлауды әрбір баланың бойына сіңіру үшін мұғалімдер сын
тұрғысынан ойлай білу керек екені ескертілді. Әдебиеттік оқуда
мақал-мәтелдерді өту кезінде жеті модульді ықпалдастыра отыра
қандай тиімді әдіс – тәсілдерді мысалы: «Ой қозғау», «Топтастыру»,
«Постер қорғау», «Еркін жазу» сабақта қалай пайдалануға болатын
көрсетілді. Тапсырмаларды орындаған бастауыш сынып мұғалімдері оны
сабақтарында ұтымды қолдануға болатындығына көз жеткізді. Коучинг
өткізу барысында да сәтті және сәтсіз тұстары байқалды. Сәтсіз
тұстары : ол – мұғалімдердің бастапқыда ойларын жинақтай алмай
уақытты ұтымды пайдалана алмауы болса, ұтымды сәттер: сабаққа
белсене қатысуы, қызығушылықтары артып, өздерін көптен толғантқан
сұрақтарды қоюы. Коучинг шығу парағы арқылы кері байланыспен және
алған әсерін анықтау мақсатында өткізілген рефлексиямен аяқталды.
Коучинг тиісті дәрежеде өтті деген
ойдамын.
.
В есебі Әріптестердің
бірімен тәлімгерлік үдерісі жүзеге асырылғаны туралы
түсініктеме.
Мектептегі тәжірибе барысында
тәлімгерлік үдерісі бойынша өз ұсынысымен бастауыш сынып мұғалімі
А.Г.А.бекітілді. Мұғалімнің жаңалыққа құмарлығы арқасында бірлесе
жасалатын жұмыс жоспарына қарсылығы болмады. Алғаш күннен тәліпті
жұмыс жоспарыммен таныстырып, оның пікірін тыңдадым. Келесі күні
тәліптің дәстүрлі сабағына қатыстым. Оқушылардың бір қалыптылыққа
бойлары үйренгені, қызығушылығы төмен екені байқалды. Сабақ соңында
өзімнің сабағыма шақырдым. Ол жаңа үлгідегі сабақ өткізгісі
келетінін және сабақта пайдаланатын әдіс – тәсілдер туралы, қай
тәсілді қандай пәнге пайдалану тиімді екенін, жеті модульді қалай
осы тәсілдер аясында ықпалдастыруға болатыны жайында білгісі
келетінін айтты. Оған бастауыш сыныпта топтық, жұптық жұмыстар
ұйымдастыру барысында «Топтастыру» әдісі пайдалануға қолайлы әрі
оқушының сын тұрғысынан ойлауы дамиды және оқушылар топта
ынтымақтаса жұмыс істей алуға қалыптасатыны, ал «ДЖИГСО» әдісі
бойынша олардың диалогтық оқуы яғни сөйлеуі қалыптаса отыра, өздері
оқып, түсініп сонымен біге басқаға түсіндіру арқылы оқығаны есінде
ұзақ сақталатыны жайлы және тағы басқа оқытуға тиімді
әдіс-тәсілдерге тоқталдым. Қазіргі білім беру жүйесінде бағалаудың
оқу үшін және оқыуды бағалау сияқты екі нысанда қаралатыны жайлы
айтып, қолдану жолдарына тоқталдым. Келесі кәсіби әңгіме барысында
орта және қысқа мерзімді жоспарлар құру жолдары талқыланып,
тәліптің жаңа үлгідегі сабақ өткізетін күні белгіленді. Жаңа үлгіде
өткен сабақта кемшіліктер мен кедергілер болғанымен кейбір оқушылар
ашылып сөйлеуге тырысып, өз ойларымен бөлісе алды. Дегенмен тәліп
әлі де осы бағытта сабақ өткізу үшін көп жұмыс істеп өзінің де
өзгеруі керектігін түсінді. Осыған тағы бір көмек ретінде мен
тәліпке коучингке қатысуға шақырдым. Коучинг барысында тәліп
қызығушылықпен қатысып, өз ойын ортаға салып отырды. Менің ойымша
тәліпке жаңа үлгіде сабақ өткізу тиімді деген ойда қалды. Ол
бірлескен жұмысымызды келесі оқу жылында жалғастыруды
ұсынды.