ӘОЖ
639.3.045
Айтқалиев
Б.М.
Тұйық желі
қондырғыларындағы бекіре тұқымдас балықтардың өсіп – дамуына
температураның әсері
Мақалада тұйық желі
қондырғыларында бекіре тұқымдас балықтарға жататын сібір
бекіресінің өсіп – дамуына температураның әсері
қарастырылады.
Түйін
сөздер: бекіре, тұйық желі
қондырғысы, биологиялық алуандылық,
аквакультура.
Бекіре - бекіре тәрізділер
отрядына жататын ірі балық. Оның дене тұрқы 2 метрден басталып,
200м-ге дейін жетеді. Салмағы 10 кг – нан бастап 1 тоннаға дейін
жететін алыптарын да кездестіруге болады. Бекіренің тұмсығы қысқа,
доғал не сүйрік, мұртшалары тұмсығының ұшына жақын, жотасында 5 -
19, бүйірінде 24 - 30, ал бауырында 6 - 14 қырлы сүйектері бар. 50
- 100 жылға дейін тіршілік етеді. Олар наурыз айының аяғы мен сәуір
айының басында ағысы қатты, тасты, қиыршық құмды жерлерде 250
мыңнан – 1 млн - ға дейін уылдырық шашады. Шабақтың ұзындығы 15 -
20см-ге жеткенде теңізге шығады. Бекіренің шабақтары дернәсіл
кезінде тұщы өзенде мекен етіп, 1 жылдан соң теңізде тіршілік
етеді. Шабақтары шаянтәрізділермен, құрттармен, ал ересектері
моллюскалармен, балықтармен қоректенеді
[1].
Бекіре - бүйрек еті өте дәмді,
ал қара уылдырығы өте бағалы кәсіп үшін пайдаланылатын балық.
Торсылдағы жақсы жетілген, желбезек қақпағы бар. Сырттай
ұрықтанады. Бұл балықтар Қазақстандағы бағалы балықтар қатарына
жатқызылады. Сондықтан бекіре осындай құндылықтары мен
ерекшеліктерінен Қазақстанда ІІ орындағы бағалы балық саналған [2].
Алайда, бүгінгі таңда осы құнды балық тұқымы санының күрт азаюы
байқалуда. Осыған орай, Қазақстанның барлық аймақтарында дерлік
бекіре тұқымдас балықтарды өсіру қолға
алынуда.
Қазіргі кезде тауарлық бекіре
өсіру шаруашылықтарын дамыту басты мәселе болып келеді. Соңғы он
жылдықта тауарлық бекіре балығын өсіру қарқынды дамып келеді және
бүгінгі күні бұл сала әлемдік аквакультураның басты бір бөлігін
құрап тұр. Тауарлық бекіре балығын өсірудің өзектілігі –
біріншіден, бекіре балықтарының табиғи қорының күрт азайып кетуіне,
екіншіден, оларды аулауға тыйым салынуына байланысты және бекіре
балықтарының биологиялық өнімділігін жасанды жолмен арттыруды
жақсарту болып табылады.
Қазақстанда аквакультураны
дамыту мақсатында арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылданған, онда
тауарлық бекіре балығын өсіруге зор көңіл бөлінген. Осыған орай,
Шығыс Қазақстан обылысының қолдауымен Семей қаласының Шәкәрім
атындағы мемлекеттік университетінің жанынан ашылған
«Агротехнопарк» кешенінде бекіре балықтарын өсіруге арналған
биотехникалық шараларды құрастырып, бекіре тұқымдас балықтарын
тұйық сумен қамтамасыздандырылған қондырғы жағдайында балық өсіру
бойынша ғылыми – зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұнда сібір
бекіресі мен тұқы балықтары өсірілуде. Жоғарыда аталған ғылыми
зертхана жағдайында балықтардың салыстармалы түрде өсіп – дамуы
зерттелуде. Алға қойған мақсатымыз тұйық сумен
қамтамасыздандырылған қондырғы жағдайында сібір бекіресінің бір
маусым кезіңіндегі өсуі мен дамуының динамикасын және оған әсер
ететін физикалық факторларды зерттеу болып табылады. Бұл үшін судың
температурасын, гидрохимиялық құрамын арнайы әдістемелер арқылы
зерттеу жасалды. Судың температурасы, оттегі, рН көрсеткіштері –
маңызды экологиялық фактор болып табылады. Бұл көрсеткіштер
балықтың зат алмасу процесіне, жыныстық даму жылдамдығына, өсу
жылдамдығына және тағы басқа факторларға тығыз байланысты. Осы
орайда, балықтарды 15 күн сайын аулап, арнайы әдістемелер арқылы
олардың салмағын және ұзындығын өлшеп журналға тіркеліп отырды. Бұл
көрсеткіштер арқылы бір жасар балықтардың бір айдағы өсімталдығына
температураның әсері анықталды (Кесте 1).
Кесте 1- Сібір бекіресінің
өсіп – дамуына температураның әсері (n-15)
Температура
(градус)
|
Бастапқы
салмағы,
грамм
|
Соңғы
салмағы,
грамм
|
Шығын
саны
|
18
|
250±40
|
310±10
|
-
|
20
|
250±40
|
312±12
|
-
|
25
|
250±40
|
315±10
|
3
|
27
|
250±40
|
320±10
|
5
|
Кесте нәтижесі көрсетіп
отырғандай, сібір бекіресінің өсуіне қолайлы температура 18-20˚
көрсетіп отыр. Осы оптимальді температура жағдайында балық шығыны
байқалмады және салмақ қосуына да зор септігін тигізіп отыр. Ал
одан жоғары температура балықтың өсіп – дамуында күрт өзгерістер
болумен қатар шығынға ұшырауына әкеліп соқты. Бұл жоғары
температурының әсері тұйық желі қондырғыларында жаздың ыстық
айларында (шілде, тамыздың басы) байқалды. Осыған орай, тұрақты
температураны ұстап тұру үшін іс – шаралар жасалды. Температураның
тиімді жағдайында pH көрсеткіші 5-7- ге тең
болды.
Жалпы, елдегі бекіренің табиғи
қорын сақтау қажеттілігі біраздан бері айтылып келе жатқан мәселе.
Осындай қолдан өсіру зерттемелерін балық өсіру шаруашылықтарына
енгізу барысында суқоймаларының биологиялық қорын сақтап қалу
мүмкіншілігі туады. Жаңа өсіру әдістемелерін қолдану арқылы құнды
балық қоры ұлғайады.
ӘДЕБИЕТТЕР:
-
Қазақстандағы жануарлар әлемі. – Алматы,2004.-
207б.
-
Аблаев
Т. Арал атлантидасы.-
Алматы: Қазығұрт, 2011.- 108б.