Материалдар / Мақала: Туған өлкемнің батырлары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мақала: Туған өлкемнің батырлары

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұрпақты өз туған жерінің тарихы, Отанының ұлтжанды батырлары және кең байтақ жерлері туралы мағлұмат беру арқылы туған жерін қастерлеуге дәріптеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қараша 2020
323
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Авторы: Төлеген Айымгүл Азаматқызы

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледінің 3 курс студенті

Мақала тақырыбы: Туған өлкемнің батырлары

Мақала мақсаты: Жас ұрпақты өз туған жерінің тарихы, Отанының ұлтжанды батырлары және кең байтақ жерлері туралы мағлұмат беру арқылы туған жерін қастерлеуге дәріптеу.


Туған жер – алтын бесік. «Туған жер» дегенде ойыма бірден хан Абылайдың тұсында Қазақ хандығының ордасын тіккен шырайлы, тарихы бар қала – Көкшетау енеді.Көкшетау-Қазақстанның солтүстігінде орналасқан көрікті мекен.Көкшетау қаласына келсеңіз, айнала әдемі үйлер, жасыл жапырақтары бар ағаштар, биік-биік ғимараттар, Ертіс алабындағы – Қопа көлі көзіңіздің жауын алады. 6-8 ғасырларда түркі тайпаларының иеліктерінде болған бұл қала бүгінде Ақмола облысының орталығы, Қазақстанның ең әдемі қалаларының бірі. Көкше жерінде әртүрлі ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүреді. Қала тұрғындарының сыпайлығы мен қонақжайлығы сізді тамаша таң қалдырады. Мәдениеті тасыған қала «Достар» мәдениет сарайын, «Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облысының қазақ музыкалық драма театры», «Достық» үйін, «Қазақ драма театры», қалалық және облыстық деңгейдегі барлық шаралар өтетін «Көкшетау» мәдениет сарайын, 23 мектеп, денсаулық сақтау мекемелерін, бірнеше мұражай мен спорт мектептерін қамтиды. Көкшетау өңірінің тарихына арналған Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» , Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмалары және Сәбит Мұқанов, Жақан Сыздықов , т.б ақын-жазушылардың шығармалары өлкеміздің табиғатының жанаттай, байтақ екенін суреттейді.Көкшетауда «Бурабай» курорты, «Оқжетпес», «Щучинск» санаторийлері, «Жеке Батыр» демалыс үйі орналасқан. Көкше жерінің ең бір әсем, жаңға шипалы өңірі – Бурабай бурайы. Алыс-жақын елдерді сұлулығымен, табиғатының таңғажайыптық көркімен таң қалдырған Бурабайды «Қазақстанның Швецариясы» атап кеткен.Бурабайдың тұнық ауасы, мөлдір көлі барған адамның көз жалынын тартады. Көлдің айналасын қарағайлы-қайыңды орман басқан. Тылсым тарихы бар Жұмбақтас пен Оқжетпес шоқылары Бурабай көлін ерекше етіп көрсетеді. Бурабайға қыста да, жазда да таза ауамен тыныс алып, саяхаттауға болады. Қыс мезгілінде ақ мамық қармен жамылған таулар мен екі мүйізді бұғылардың көркімен тамсана аламыз. Ал жаз мезгілінде Бурабай табиғаты одан әрі түрленіп, көркейеді.

Көкшетау жерінде қазақтың әйгілі өнерпаздары Ақан сері,Біржан сал,Балуан Шолақ, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллин дүниеге келді. Қазақтың данышпандары кербез Көкше жерінде балалық шақтарының қуаныш сәттерін өткізді. Шыққан тегі – Арғын ішіндегі Қарауыл руы Ақан сері өзінің өнерімен жас кезінен көзге түсіп, кейін өсе келе әншілік,ақындық өнері өрлей бастады. Ақан сері – қазақтың ұлттық өнерін биікке көтеріп,дәстүрлі өнердің классикалық үлгісін жасады. Оның «Ақан сері» атанып,ел-жұртқа кең танылуы, биік атаққа жетуі – әншілік-композиторлық өнерінің жемісі. Көкшетау қаласында Ақан серіге арналған ескерткіш қойылған.Көкше тұрғындары ескерткіштің алдынан өткен сайын әнші өмірінің тарихын еске алады. Ақан сері , Біржан сал, Балуан шолақ өнерпаздары өздерінің сан түрлі өнерлерімен Көкше жерінде үлкен ізбен, жерлестерінің алдында мақтаныш қалдырған. Қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллин Көкшенің Қойсалған ауылында дүниеге келді. «Филология ғылымының докторы», «Совет Одағының Батыры», «профессор», «Қызыл Жұлдыз», «бірінші дәрежелі Отан соғысы» ордендерімен және медальдармен марапатталған.Мәлік атамыз әрбір шығармаларында бізді, балаларды елді сүюге, шыншылдыққа, болашаққа сенімімізді арттыруға тәрбиелейді. Мен болашақтың қамын ойлаған Мәлік батырдың мектебінде оқып, білім аламын.Мәлік Ғабдуллиннің атын тасыған мектепте білім алу біз үшін баға жетпес мақтаныш. Мектебімізде Мәлікке арналған мұражай бар. Мұражайдан біз жазушының өмір-тарихын, туған жеріне жасаған ерліктерін білеміз. Қазірде туған өлкемнің батырының есімін мақтанышпен, аса қастермен айтамыз.Бүгінгі күннің батырларын Сергей Кулагин,Ермек Мыржикпаев және Еркін Әуелбековты айта аламыз.Олар қарапайым халықтың күнін жеңілдету үшін көп еңбек жасады.Кулагин Сергей Витальевич 1998-2004 жыл аралығында Ақмола облысының әкімі болды.Сол аралықта Сергей Кулагин облыстың қала-ауылдарын дамыту,көркейту жөнінде көп жұмыс атқарды. Ол кісінің туған жерімізге сіңіргені көп-ақ.2016 жылы Көкшетау қаласына жаңа әкім тағайындалды. Ол - Ермек Маржикпаев. Маржикпаев Ермек аз уақыттың ішінде Көкшетау қаласының дамуына көп еңбек

жасады. Мысалы, 15 қыркүйекте азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Менің ойымша,әкімнің жағынан осы жасалған іс қошеметке лайық. Өйткені өз халқыңның жеке жағдайын ойламай, көмектеспесе, кім көмек береді? Маржикпаев Ермек қаламыздың жолдарын, қала бағдаршамдарын жанартып,жаңа үлгілерін тұрғызды. Ол әрбір мерекеге халықпен бірге қатысады. Қала көшелерімен жүріп, тұрғындармен сөйлеседі, жағдайын біледі. Жаңа келген әкімнің көп жұмысы қаламызға сіңді. Қаламыз күннен-күнге көркейіп, дами түсіп жатыр. «Батыр туған елінің ажары» ,- деп айтқан халық даналары. Сондықтан туған өлкемізден шыққан даналардың есімін ешқашан ұмытпай, жадымызда сақтау қажет екенін тыс қалдырмайық.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!