Материалдар / Мақала "Ұлттың болашағы - ана тілі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала "Ұлттың болашағы - ана тілі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқы өз ана тілін құрметтеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қазан 2018
485
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Ұлттың болашағы - ана тілі

Әр халықтың қазынасы, баға жетпес байлығы ол – ана тілі. Ата-бабаларымыз сан жылдар арман еткен, аңсаумен өткен тәуелсіздігіміздің негізгі тірегі де – ұлттың тілі. Қазақстанымыз тәуелсіздік алғалы қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болып, жыл өткен сайын қанатын кеңге жайып, өрістеп келеді. Оған Елбасымыздың өзі ерекше ықылас танытып, «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін!», «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» деп, қазақ тілінің мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда да, білім беруде де тиісті дәрежеде қолданылуы үшін бар жағдайдың жасалуы қажеттігін қадап айтып келеді. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге, оның қолданылу аясын кеңейтуге барлық қазақстандық мүдделі, ал қазақ тілін оқып-үйренудің қажеттілігін еліміздің болашағы – бүгінгі мектеп партасында отырған шәкірттеріміздің сезінуі көңіл қуантады.Соңғы жылдары елімізде тұратын өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді меңгеруге деген ықылас арта түсуде.

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауаты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың.

Тіл - ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы - оның ана тілі. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі - оның бақыты мен тірегі.

Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Әрбір адам өз ана тілін білу және мемлекеттік тілін меңгеру міндетті.


Подлесная НМ

қазақ тілі мүғалімі

Төлеева Алтын Қазиқызы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!