Материалдар / Мақала: Ұлттық мұрам-ұраным
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мақала: Ұлттық мұрам-ұраным

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы мақаланың басты идеясы жастарға сонау уақыттан келе жатқан ұлттық спорт түрлерін насихаттау. Бұл мақала қазақ спортымен танысушылар үшін пайдалы болмақ. Ұлттық ойындарды оқу және тәрбие үрдісінде пайдаланудың өзектілігі қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру- қазіргі міндеттердің бірі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қаңтар 2021
316
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады













Ұлттық мұрам-ұраным



Дайындаған: Уртаев Сержан Маханбетович





Ұлттық мұрам –ұраным

Барлығымызға белгілі қазіргі таңдағы спорт саласындағы және ұлттық мүдде саласында өзекті мәселелердің бірі ол-ұмытылып бара жатқан ұлттық ойындарымыз. Әрине, бұл тақырыпты жүрегі “Қазақ, қазақ” деп соққан азаматтар көтермегенде кім көтереді?! Әрбір ұлттың өзіндік тарихы, тілі мен діні, салт-дәстүрі, өнерімен қатар ұлттық ойындары да болады. Қазақ халқының еншісінде бірталай ұлттық ойындар тізбегі бар. Бұл туралы бірі білсе, бірі біле бермес. Біле білсеңіздер, тарихымыздан, салт-дәстүрімізден сыр шертетін ұлттық ойын түрлерінің 180 -ге жуық түрлері бар. Статистикаға сүйенетін болсақ шамамен әрбір қазақ, қазіргі жастарымыз осы ойын түрлерінің 10-ға жуық түрлерін білуі ғажап емес. Бұл дегеніміз- біздің болмысымызға, тарихымызға деген салғырттық болып есептелмейме? Тым болмаса қоғамды өмір сүріп жатқан әрбір индивидтер қалай ойналатынын білмеседе, тым болмаса аттарын білгенде болар еді. Енді бұл тұрғыдан да сауатсыз болып тұрмыз. Дәл қазір шығыңызда сауалнама жүргізіп көріңізші, әрбір индивидттен “Ақшамшық, айгөлек, инемді тап, тоспа доп, қасқырқақпан...” тағы сол сияқтыларды не деп сұрап көріңізші. “Білмеймін” деген жауапқа қарық болып қалатыныңызға еш күмәнім жоқ. Айтып айтпай не керек, бұл тұрғыда жетілдіру жұмыстары жүргізіліп жатқандары айдан анық. Бірақ, бұның да көлемі көңіл қуантарлықтай болып тұрған жоқ. “Неге?” деген сұрақ туындауы мүмкін. Елбасымыз айтқандай “Әрбір аурудың бетін сылап сипап қоймай, оны тереңінен емдеңіздер” деген болатын. Ащы шындық, аурудың бетін сылап сипап жүргеніміз өтірік емес. Балабақшада , мектептерде, жоғарғы оқу орындарында сынып сағаттары секілді осы тақырыпқа бір сағат болсын берілгендігі рас.Алайда, еліміздің қазіргі таңда қағазбастылыққа аса назар аударып отырғагдығы рас. Бұл үшін бағыт бағдар беруші негізгі нәрсені ұмытып қағазбен әуре болып кетеді. Әрине, ол үшін жоғарғы жақ тыныш болса болғаны, ал мына жақтағы бізге қарап тәлім-тәрбие, өнеге алып, өсіп келе жатқан жас өрендеріміз болашақта не болмақ? Санасындағы қараңғылықпен қалып қоймақ. Ұлттық тарихымыз туралы әрбіріміз үшін маңызды. Себебі, тарихты білмей болашағызды жасай алмаймыз. Бұның барлығын неге айтып отырмын, педагог ретінде ұлттық ойындарымыз арқылы әлі қатаймаған жас буынға үлкен бағыт бағдар бере аламыз. Себебі, ұлттық ойындарымыз небір стратегияларға толып тұр емеспе? Енді кішкене болсын таныстырып өтейін. Білгендеріңіз өздеріңізге абзал болар.



ҚShape2 Shape1

2.Малға байланысты

1.Аңға байланысты

азақтың ұлттық ойындары 5 түрге бөлінеді.

Shape5 Shape4 Shape3

5. Соңғы кезде қалыптасқан

4.Зеректілік, ептілік, икемдлікке байланысты

3.Түрлі заттарға байланысты















Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып шынықтырады. Тарихшы, этнограф ғалымдардың айтуынша, ата-бабаларымыздан жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы тереңде жатқанын, сонымен қатар, бұл ойындарың жерімізде б.з.б. бірінші мыңжылдықта қалыптасқанын айтады. Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тараған. Соның дәлелі, мына көрші жатқан қырғыз бауырларымызда ортақ ұлттық ойындарымыз баршылық. Алайда, басқа жер, басқа орта, басқа сана болғандық кебіреулері өзгеріске ұшыраған. Біздің қоғамымыздағы ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен бастау алады. Бұлардың көбісі мал шаруашылығына аңшылыққа, жаугершілікке негізелген.

1.Аңға байланысты ойындар: ақсерек-көксерек, аңшылар, аңшылар мен қояндар, кірпіше қарғу, қас құлақ, ордағы қасқыр т.б.

2.Малға байланысты ойындар: аларман(қойға қасқыр шапты), асау көк, бура қотан, көксиыр, соқыртеке, түйе мен бота т.б.

3.Түрлі заттармен ойналатын ойындар: жаяу көкпар, қимақ, шөлдік, тобық , түйілген орамал, жігіт қуу, белбеу тартыс, алтыбақан, ауыртаяқ, шілдік, ақпа ақсүйек т.б.

4.Зеректілікті,ептілікті, икемділікті қает ететін ойындар: айдапсал, атқума, аударыспақ, бағана өрмелеу, балтам шап, көкпар, жасырынбақ, көрші, бөрістастамақ, шымбикет т.б.

5. Соңғы кезде қалыптасқан ойындар: әріп таңдау, сымсыз телефон, сыңарын табу, мейрамхана, пошта деген секілді ойындар. Бұл ойындарды ұлттық ойынға жатқызбас едім.Себебі, бұл ойындар келе-келе, дамушылықтың жағдайына пайда болған болатын. Бұлардың ішіндегі бірқатар ойындар спорттық, той ойындары болып саналады.

Азда болсада мәлімет алдыңыздар деп ойлаймын, қалғаны өз еншілеріңізде.

Естеріңізде болса, жоғарыда мен бұл мәселені бекерден бекер көтерген жоқ болатынмын. Айтып айтып қою менің басты мақсатым емес. Бастысы осы жағдайдан, мәселеден шығу жолын іздеу, болашақ ұрпағым үшін мұра қалдыру. Елімізде жетілдіру жұмыстары қанағаттанарлық жағдайда жүріп жатқан жоқ. Сынып сағаттарын өткізу секілді мәселенің шешімі болып табылмайды. Қазір ғылым мен технологияның дамыған заманы болғандықтан, жастарымыз әлеуметтік желіде отырады және қажетті ойындарын Play market , Appstore секілді программалардан тартып алып ойнап жатады. Бұл деген, ойындарды жасап шығарушыларға үлкен табыс көзін әкеліп жатыр. Осы салаға қаражат бөлінсе өз қаражатын екі есе өндіріп алатынына сенімдімін. Бұл ұлттық мүдденің жанында түкке тұрмайтын нәрсе емес пе? Мысалыға алып қарайтын болса Франция өз әдебиетін әлемге таныту үшін жылына 3 млрд-тай қаржы бөледі. Яғни, дамыған Европа елдері өз ұлттық мүддесі үшін үлкен еңбек жасап жатыр. Жаңа айтып өткенімдей жетілдіру жұмыстары ат үсті жасалып жатқандықтан,сонда немене біздің елімізге Солтүстік Корея секілді темірдей тәртіп керек пе? Айтыңыздаршы. Ұлттық ойындарымызды тек түсіндірумен ұрпағымыздың санасына сіңіре аламыз деп айта алмаймын. Себебі, қазіргі жастар бұл нәрселерге аса қызығушылығы жоқ. Олар қазір жылтыраған қызылдарға қызығады. Айтқым келгені, ойын программаларын жасап шығару арқылы кеңінен насихаттаймыз деген ойдамын. Шет елдің атыс шабысынан осы жақсы емес пе? Ойланып қараңызшы балаңыздың ұялы телефоннан біреуді өлтіріп, ұрлық-қарлық секілді ойындарды ойнап отыруы жақсы көрінеме? Әлде, ұлттық ойындарымызды ойнап отырғаны керемет көрінеме? Ал педагог ретінде бізге не қалмақ дейсіз бе? Оның да шешімі болмақ. Ұлттық ойындарымызды 3 бағытта жаңғыртқанымыз дұрыс болар деп ойлаймын. Біріншіден, педагог ретінде бағыт бағдарлар беру, екішіден ғаламтор көмегімен, үшіншіден республика аумағында чемпионаттар ұйымдастыру. Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Осы жерде ұлы педагог В.И.Сухомлинский : “Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествасыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды” деген болатын. Ойынды сабақ немесе практика барысында қолдану жастардың ой-өрісін жетілдіру мен бірге , өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы. Бірақ, оны жүргізуге арналған нақты әдістемелік құралдардың жоқтың қасы. Енді бұлай қазбалай берсең біраз нәрсе шығары анық қой. Бұданда ешқандай мүйіз өніп шықпайды ғой, әттең –ай.

Ұлттық ойындарды оқу және тәрбие үрдісінде пайдаланудың өзектілігі қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру- қазіргі міндеттердің бірі.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!