Мақала "Ұлттық ойындар арқылы балаларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала "Ұлттық ойындар арқылы балаларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал оқушыларға, мұғалімдерге керек
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұлттық ойындар арқылы балаларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу


Бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi. Баланың өмірдегі алғашқы қадамы, бірінші әрекеті – ойын жас баланың өмірді танып, еңбекке қатысуы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойын баланың негізгі әрекеті. Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен ертегілеріндегі кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды. Ойын әрекетінің ең негізгі түрінің бірі – дидактикалық ойын. Мысалы, «Есіңе сақта және сурет сал», «Неге ұқсас?» сияқты практикалық әрекеттер арқылы бала адамгершілік және әділдікке, әсемдікке талпынып өмірге жақсы көзбен қарым-қатынас жасайды. Қазақ тілі сабағында бастауыш сыныптарында  «Шаттық шеңбері», «Тыңдайық – ойланайық», «Сергіту сәті», «Әңгімелесейік» «Жүректен жүрекке» деген тәсілдерді қолдана отырып, мұғалімдер мен балалар арасында өзара түсіністік, сыйластық, бір-біріне деген құрметін бірінші кезекте тұруы, өзара дос-құрбыларына, дәрежесі мен құқығы тең адамдарша тілдесіп, түсінулері жақсы нәтижеге жеткізіледі. «Өзіңді танығаның, ілгері дамығаның» тренингі рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға, өзін-өзі танып, өзін-өзі іс жүзінде мейлінше көрсете білуге айтарлықтай мүмкіндік берді. Балаға тәрбие бергенде ойын мен тәрбиені ұштастырып, баланы ойната тұра, оның бойына рухани, адами құндылықтарды сіңіру ата-ананың да, ұстаздардың да, бір сөзбен айтқанда жөн сілтеушілердің міндеті. Бала мен жеткіншекті ойнатып қана қоймай, бойына ұқыптылық, адамгершілік, татулық, намысшылдық, ептілік, шапшаңдық және т.б. секілді адами қасиеттерді сіңіретін негізгі құрал – ұлттық ойындар. Ұлттық ойындар: айгөлек, жасырынбақ, орын тап, тақия тастау, ұшты-ұшты, т.б

«Ұшты-ұшты!» ойыны. Ойын бастаушы бала оған қатысушыларды жаңылыстыру үшін тез-тез ұшатын, ұшпайтын заттарды араластырып айтады. Шарт бойынша ойнаушылар ұшатын заттарға ғана қолын көтеруге тиісті. Олар ұшпайтын затқа қолын көтеріп қалса, айыбына өз өнерін көрсетеді (немесе сабақтың ерекшелігіне байланысты сұрақтарға жауап береді). Ойын бастаушы негізінен адамдарды былайша жаңылыстырады:

Ұшты, ұшты – қарға ұшты! (ұшады)

Ұшты, ұшты – балға ұшты! (ұшпайды)

Біріншіден, балаларға қызық, екіншіден, есте сақтау, мұқият болу қабілеттерін дамытады, өнерлі болуға баулиды. Ойынның қай түрін болса да қолдануға болады. Әр сабақтың ерекшелігіне, тақырыбына сәйкес ойын түрлерін алмастырып пайдаланған жөн деп есептеймін. Балалар ұлттық ойындар арқылы ата-бабасының тұрмыс салтынан да хабардар болады, бойына сіңіріп өседі.

Жусупова Айгуль Кинжибаевна

29 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнің мұғалімі

Қостанай қаласы.

 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.04.2021
535
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі