Материалдар / Мақала. "Ұлттық тәрбиенің бала өміріндегі маңызы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала. "Ұлттық тәрбиенің бала өміріндегі маңызы"

Материал туралы қысқаша түсінік
М.Әуезовтың «Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз» сөзінің жаны бар. Яғни, тәрбие – құнды байлық, себебі, жас ұрпақтың тәрбиесі халықтың ең қымбат қазынасы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Наурыз 2024
395
0 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

К алелова Анар Калымбековна Абай облысы, Ақсуат ауданы "А.Байқыдыров атындағы саз мектебі" КММ Шертер сыныбының оқытушысы

Ұлттық тәрбиенің бала өміріндегі маңызы

Заман ағымына қарай адамдардың мінез-құлқы да күн сайын өзгеруде. Таңдауы да, талғамы басқаша жастардың тәрбиесі қандай? Балаларына барлық жағдайды жасап бергісі келіп, ақша табу мақсатында тек сыртта жүретін ата-аналардың беріп жатқан тәрбиесі қандай? Қазіргі заманның жастары, өскелең ұрпақты қалай дұрыс жолға салуға болады? Міне қазір осы туралы сөз болмақ. «Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер» дейді дана халқымыз. Осы мақалдың қазіргі таңдағы мән-мағынасы бар ма? Қазіргі кезде жастар өз бетімен, дәлірек айтсам ғаламтор арқылы өмір сүріп кетті. Олардың басты тәрбиелеуші құралы–ұялы телефон болғандай. Сырластары да, мұңдастары да сол телефон, интернет. «Баланың көңілі далада, ананың көңілі балада» демекші, бар мамықты астына төсеп, бар тәттіні алдына беріп, үстін тап–таза қылып киімін кигізіп, ата-ананың бар ойлайтыны – баласын ешкімнен кем қылмай өсіру. Бірақ, кейде ата-аналар – балаларымен сырласпау, жеке қалмау, балаларына көп уақыт бөлмеу, не істеп, не қойғандарынан хабардар болмау көбейіп келеді. Міне, басты мәселеміз – осы. Жас кезінен бастап жасөспірімдердің бұзақылық әрекеттерге баруы немесе ерте кезінен ана атануы, қараусыз қалуы, барлық іштегі сырының айтылмай «жалғыз» қалуынан депрессияға ұшырап, өз-өзіне қол жұмсауы...айта берсек жетерлік. Бұл мәселенің шешімі бар ма? Қалай шешуге болады? Мысалы шешудің бір жолы бар: –ашулы түрде ұрыспен жеткізбеген жөн. Ұрсып айтқан сөз, ол баланың миы қабылдаған күнде де ол ережені бұзса, депрессияға шалдығып, қателігін мойындауға қорқа бастайды. М.Әуезовтың «Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз» сөзінің жаны бар. Яғни, тәрбие – құнды байлық, себебі, жас ұрпақтың тәрбиесі халықтың ең қымбат қазынасы. Балалар тәрбиесіне, келер ұрпақ тәрбиесіне қай кезеңде болмасын, қай ұлтта, мемлекетте болсын үлкен мән беріледі. Тәрбие адамдардың пайда болуымен туындаған. Жаңа кезеңде білім берудің өзекті мәселесі — жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру. Демек тәрбиенің басты міндеттердің бірі - еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақты азаматтық пен имандылыққа баулу болмақ. Баланы тәрбилеудегі күш-жігер, алдымен, бүлдіршіндерді отаншылдыққа тәрбиелеуге бағытталуы тиіс. Балаға дүние есігін ашқаннан бастап «Отан» деген ұғымды бойына сіңдіру керекпіз. Тарихқа көз жүгіртсек, халқымыз, ата-бабаларымыз ғасырлар бойы жинақтаған өмір тәжірибесінде бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Балабақшада мектеп жасына дейінгі балаларды бала кезінен бастап көпшіл, ынтымақшыл, үлкенге сый-құрмет көрсете білетін өнегелі адам болуға, адамгершілікке тәрбиелейді. Халық баланы мақал-мәтелдер арқылы тәрбиелеп отырған. Яғни «Бала тәрбиесі – бесіктен» демекші, баланы халық дүниеге келгеннен бастап «бесік жырын» айтып тәрбиелеген. Баланың болашақта қалыптасуы біріншіден үлкендермен қарым-қатынасына байланысты болады. Ұрпақтан ұрпаққа ауысқан өнегелі әдепті біз қазақтың мақал-мәтелдермен нақыл сөздерінен, бүгінгі таңдағы шығармалардан көптеп кездестіреміз. Мысалы: «Үлкенге — құрмет, кішіге — ізет», «Әдепті бала өсірсең, елдің абыройы» осы сияқты сөздер әрқашанда әдептілікті сақтағаның, сыпайы, кішіпейіл адамды үлгі, жас ұрпақтын тәлімді, тәрбиелі болып өсуіне назар аударып, көңіл бөліп отырған. Сол себепті жас үлкенді сыйлап аттарын атамай, оларды: «Ата, әже, апа, аға, тәте, көке, әпке, жеңге» — деп, ал үлкендер өз тарапынан жасы кішілерді: «Інішек, қарындас, бауырым т.б», - деп құрметпен атаған. Халқымыздың ежелден берік ұстаған әдеп-салтының бірі - адамдар арасындағы ілтипатты қарым-қатынастар, екі жақты сыйластық. Сондай-ақ сырттан жасы үлкен адам кіргенде, тұрып сәлем беру, орнынан тұруға көмектесу, шығарып салу - жас балаға тән деп санаймыз. Қонаққа сай құрмет көрсету - үлкен арыс, бұлжымас міндет. Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері өте көп. Солардын қай-қайсы да адам игілігіне қызмет етуге бағытталған. Сондай аса құнды мәдени игіліктердің бірі ұлттық ойындар болып табылады. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, батылдылықты, дененің шынығуын қажет етеді. «Орамал ілу», «Асық ату», «Түйілген орамал», «Қыз қуу», «Ұшты-ұшты», т.б ұлттық ойындар баланың сөздік қорын молайтуға, өмір тәжірибесін кеңейтуге, ептілік қабілетін жетілдіруге өз әсерін тигізеді.

Қазақ халқы салт-дәстүрге өте бай, атап айтсақ: • Бала тәрбиесіне байланысты дәстүрлер; • Тұрмыстық салт-дәстүрлер; • Әлеуметтік-мәдени дәстүрлер; Қазақ отбасында ұлттық тәрбиенің негізі – халықтық педагогикасы. Баланы ұлттық салтдәстүрлер арқылы тәрбиелегенін тарих та дәлелдеп береді. Яғни, құрсақ тойы, бесік той, шілдехана, сүйінші, қырқынан шығару, тұсау кесер, сүндетке отырғызу тағы басқа салт-жоралғылар өткізіліп отырған. Демек халқымыздың тәлім-тәрбие беретін әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері мәдени құндылықтарымыздың ажырамас бір бөлігі болып табылады. Баланың ең алғашқы тыңдайтын өлеңі «Бесік жыры». Бұл жырда балаға деген махаббат, ел азаматы болсын деген тілектен туған ойлар жырланады. Қазақ халқы ерте бастан бала тәрбиесін бәрінен жоғары қойған. Өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, сапалы білім бере білген. «Адам ұрпағымен мәңгі жасайды» деген халқымыз бар ықыласын балаға бөліп, болашағын ойлаған. Егер бала ебедейсіз, шамшыл, өбектеліп өскен болса, бұған бәрінен оның ата-анасы кінәлі. Баланы тәрбиелеу әкенің де парызы. Егер бала тәртіпсіз болса, оған әкесі де кінәлі. Ақылды, білімді етіп тәрбиелеу үшін әке-шешесі баласын үнемі назарда ұстауы тиіс. Балаларды қолөнерге баулу, ғылым-білімге қызықтыру – ата-ананың қасиетті парызы. Балаңыз өмірде өкінбес үшін оған білім мен кәсіп бер. Үлгілі тәртіптің негізі – білім, әдет-дағдыға машықтану. Сондықтан баланы кішкентайынан тіл алғызу, үлкендерді сыйлауға, ағайын-туысты, ата-ананы қастерлеуге үйрету керек», – дейді.

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік, құнды қасиеттерді сіңіріп тәрбилеген жөн. Баланың өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуге отбасы мен педагогтардың рөлі зор. Рухани-адамгершілік тәрбие — екі жақты үдеріс. Рухани-адамгершілік тәрбие — бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдылардың нормалары. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген. Оны «Жақсымен жолдас болсаң — жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң — қаларсың ұятқа...», «Жаман дос жолдасын жауға қалдырар» деген мақалдарды көруге болады. Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер — адамгершілік тәрбиенің арқауы. Адамгершіліктің қайнар бұлағы — халқымда, отбасымда, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс-тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Сөзімді қорыта айтсам, «балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы — балаға үлкен сабақ болады. Баланың үйден көргені, жақындарынан естігені — ол үшін адамгершілік тәрбиесінің ең үлкені. Демек жақсылыққа ұмытылып, жағымды істермен айналысатын адамның айналасындағыларға көрсетер, берер тәлімі мол болмақ.

Ұлы Мұхтар Әуезов атамыз «Ұлт боламын десең, бесігіңді түзе», – деп бекер айтпаса керек. Жасөспірім бала – жаңа өсіп келе жатқан жас шыбық сияқты. Оны қалай баптасаң, солай өседі. Сіздің әрбір жасаған қимылыңыз – сіздің балаға берген тәрбиеңіз екенін ұмытпаңыз. Демек сіздер балаға айна бола білулеріңіз керек.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!