Материалдар / Мақала "Ұлтының тәүелсіздігі үшін күрескен қазақ зиялылары.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала "Ұлтының тәүелсіздігі үшін күрескен қазақ зиялылары.

Материал туралы қысқаша түсінік
демократиялық интеллигенцияның ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде алатын орны мен қызметіне талдау жасау. Жұмысымның басты назарын, қазақ демократиялық интеллигенциясына аудардым. Өйткені Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов және басқа қайраткерлерден тұрған бұл топ 1917 жылға дейін қазақ қоғамдық ойы мен азаттық үшін қозғалысының ұйытқысы болса, ал 1917 жылы өмірге келген Алаш партиясы ең алдымен солардың қоғамдық – саяси қызметінің нәтижесі болатын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қараша 2021
645
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұлтының тәүелсіздігі үшін күрескен қазақ зиялылары.



Зерттеуімнің басты мақсаты –демократиялық интеллигенцияның ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде алатын орны мен қызметіне талдау жасау.

Жұмысымның басты назарын, қазақ демократиялық интеллигенциясына аудардым. Өйткені Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов және басқа қайраткерлерден тұрған бұл топ 1917 жылға дейін қазақ қоғамдық ойы мен азаттық үшін қозғалысының ұйытқысы болса, ал 1917 жылы өмірге келген Алаш партиясы ең алдымен солардың қоғамдық – саяси қызметінің нәтижесі болатын.

Демократиялық интеллигенцияның қоғамдық-саяси қызметін басынан аяғына шейін түгелдей бір зерттеу жұмысында қарап шығу мүмкін емес. Сондықтан мен осы мәселенің тек басты кезеңімен, яғни 1905-1917 жылдардағы қызметін қарастырумен шектелдім.1905 жылғы Ресейдегі көтеріліс елдің қиыншылық жағдайының асқындағанынан туған серпіліс еді. Бұрын Ресейді жеке-дара билеп келген патша ендігі жерде халықпен санаспауға болмай бара жатқан соң 1905 жылы 17 қазандағы жарлығымен елге аз да болса бостандық, үкімет жұмысына халық өкілдерінің араласуына мүмкіндік беруге мәжбүр болды. Ол Мемлекеттік Дума түрінде дүнияға келді. Бұл жарлық бойынша, қазақтарға да Думаға сайлауға құқық берілген болатын. Қазақ ителлигенциясының осы уақыттағы қызметі Мемлекеттік Дума жұмысына қатысуымен көрінді.

1917 жылы 21-26 шілде аралығында Орынбор қаласында тұңғыш жалпы қазақ съезі өтті. Съезд «қазақ халқының өз алдына саяси партиясы» болуға тиіс деп тапты. Съездің соңына қарай ұлттық саяси партия құру туралы шешім қабылданды. Қазақ интеллигенциясы қызметінің ең негізгі қорытындысында «Алаш» партиясы құрылды.

Революцияға дейінгі Қазақстанда ұлттық орта оқу орындарының болмауы қазақтарды өз балаларын орыс оқу орындарына беруге мәжбүр етті. Революцияға дейінгі Қазақстанның көптеген прогресшіл қайраткерлерінің орыс оқу орындарынан білім алғанын ұмытуға болмайды. Отаршылардың күткен үміттеріне қарамастан, жаңа интеллигенция легінің таңдаулы бөлігі туған халқының мүдделерін қорғады, азапты рухани ізденістер жолынан өткен олар рухани құлдыққа түсіруге қарсы шығып, азаттық қозғалысын басқарды.

ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен Қазан Революциясына дейінгі кезеңде, тарих ғылымынің докторы М.Қойгелдиевтің анықтамасы бойынша, 120-ға жуық қазақ жастары жоғары білім алып, қазақ халқының жоғары интеллектуалды зиялы тобын құрған.

Олардың арасында ХХ ғасырдың басында қазақ халқының мүдделеріне адал қызмет еткен, қоғамдық-саяси қызметін қатерлі жолына жалтақтамай, жанқиярлықпен түскен озық ойлы қайраткерлер, көрнекті тұлғалар шықты. Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынов, М.Шоқай, М.Дулатов, Ж. Ақбаев, Х. Және Ж. Досмухамедовтар , М. Тынышпаев, Ә. Ермеков және басқа Алаштың асыл азаматтары сондай азаматтар болатын.

Қоғамды демократиялық жолымен жаңғырту жолындағы қозғалыс, әсіресе бірінші орыс революциясы самодержавияны біраз кеңшіліктер жасауға мәжбүр етті. Бастапқыда олар саяси салада булыгиндік Дума құрудан көрінді.

І Мемелекеттік Думаның жұмысына қазақтың көзі ашық, зиялылары: Торғай облысынан – А.Қ. Бірімжанов, Уфадан – С.С. Жантореев, Оралдан – А.Қ.Қәлменов, Астраханнан - Д.С.–Ноян-Түндүтов, Ақмоладан – Ш.Қосшығұлов, Семейден – Ә.Бөкейханов қатысты.

1907 жылғы 20 ақпанда ашылған ІІ Мемелекеттік Дума құрамына қазақ халқынан оқыған мына зиялы азаматтар енді: Ақмола облысынан – Ш.Қосшығұлов, Торғайдан – Ғ.Бірімжанов, Семейден – М.Тынышбаев, Сырдариядан – Т. Алдабергенов, Астраханнан – Б.Құлманов, Оралдан – Б.Қаратаев. Бақытжан Қаратаевтың Думаның пленарлық мәжілісінде патша үкіметінің аграрлық, отарлық саясатына ашық сынаған әйгілі сөз, тарихта өз орнын алатын белгілі оқиғалардың бірі болды.

Қазақтың интеллигенция өкілдері Мемлекттік Дума жұмысына қатысуымен қазақ халқы халқын сырттан жасалатын күйретуші әсерден қорғайтын қандай да бір заң қабылдауға қол жеткізуде мақсат етті, дегенімен олардың Думаға қатысуының ең басты нәтижесі негізінен, оның қазақтың ұлттық бірлігін нығайтуға және олардың саяси деңгейін көтеруге көмектескендігінде болды.

Демократиялық интеллигенциясы ұлттық азаттық идеясын тартушы, қазақ халқының ұлттық сана-сезімін оятушы, отаршылдыққа қарсы күреске дем беруші болды. 1917 жылдың соңына қарай Алаш партиясы қазақ қоғамындағы ең ықпалды саяси күшке айналған тың. Алаш партиясын құру үшін ұлттық-демократиялық қазақ интеллигенциясының жұрт таныған жетекшілері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Шоқай, М.Тынышбаев, М.Дулатов, Х. Және Ж.Досмухамедовтер, Ә.Ермеков, Ж.Ақбаев, Х.Ғаббасов т.б. ондаған қайраткерлер 1905- 1917 жылдар аралығында қажырлы еңбек етті.

Алаш партиясы , қоғамдық-саяси өмірге араласа бастаған кезден бастап түбірлі екі ұлттық мақсатты – қазақ халқын отарлық езгіден құтқаруды және қазақ қоғамын өркениетті елдер қатарына жеткізуді өзіне басты нысана етіп белгіледі. Осы негізгі мақсаттарды және олардан туындайтын басқа да әлеуметтік саяси міндеттерді шешуші Алаш басшылығы эволюциялық, реформа жолымен жүзеге асыруды көздеді.

Отаршыл билік және ортағасырлық тағылықтан құтылу негізгі мұратына айналған ұлттық демократиялық интеллигенция, мұндай мақсат үшін күрес бүкіл елдік сипат алмай нәтиже бере қоюы қиын екендігін түсіне отырып, «Айқап» және «Қазақ» сияқты жалпы ұлттық басылымдар арқұылы отарлық езгі мен феодалдық мешеулікке қарсы күрес идеологиясын жасауда қолға алды. Бұл істе, әсіресе «Қазақ» газетінің қызметі ерекше болды.

Қолына қалам ұстаған қазақ зиялылыары тек өнер білім, әдебиет мәселелерімен шектеліп қоймай, саясатқа да білек сыбана кірісуге мәжбүр болған. Оның себебі патша үкіметінің отаршыл саясатының түпкі мақсатын жете түсіне білгендігіне байланысты. Осы жылдардағы өзгерістерден кейін сөз бостандығы мен азаматтың құқық бостандығының берілуі бұратана халықтардың мемлекеттік Думаға өкілеттік сайлауына негіз болған.

Әрине патшаның бұратана халықтарға мұндай құқық беруі оларға жаны ашығандық емесі өзіне қауып төндірген халықтық толқындардың алдын алуды, сонымен күштерді тұншықтұруді көздеген зымиян әрекеті еді.

Осы әрекеттің өзін халық игілігіне пайдаланып қалуға тырысқан қазақ зиялылырының қуанышы ұзаққа бармады.1907 жылы 3 маусымдағы жаңа заң бойынша Орта Азия халықтар мен Қазақстан Мемлекеттік Думаға өкілетін сайлау құқығын айырылып қалды. Патша өкіметі Думаны өз пайдасына икемдеп, ішкі және сыртқы саясатына империяның мерейін үстем етуге пайдаланатын құрал етуді мақсат еткен.

Бұратана халықтарға менсінбей қарау, оларды қанау саясаты Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатов бастаған «ат төбеліндей» ғана қазақ зиялыларын қатты ашындарды. Олар патша өкіметінің отаршыл саясатына деген наразылықтарын білдіру үшін және Ресейдегі саяси жағдаймен елді уақытылы таныстырып отыру үшін «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетін пайдаланады. М.Дулатовтың «Айқапты» жарияланған «Государственная Дума һәм қазақ» атты мақаласында 3 маусым заңынан кейін Думаға қазақтың бірде бір өкілі сайланбағанын, ал ноғайлардың 10 өкілі бар екенін айтылды.

А.Байтұрсынов «Қазақ һәм төртінші Дума» мақаласында да осы жөнінде жазылған. Ол ІҮ Думада жер мәселесін қаралатынын естіп, депутаттыққа тым болмаса бір орын табуға қазақ зиялылары ноғайларға қолқат салады. Олардың арасында оқыған, ойлы азаматтар қазақ бауырларының өтінішін орындауға қанша тырысқанымен де, нәтижесі болмады. Автор мақаласында осы жағдайларды айта келіп, Думаға өкілеттілікке орын тимегені – қазақтың өз кінәсі, ел ішіндегі даудажайдан босамайтын «төрелер» баяғы самарқау қалыптастарынан еш айныған жоқ дейді.

Сонымен, ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамының озық ойшылары қоғамды, адамдардың өздерін күш қолданатын революция емес, қоғам мүшелерінің санасын өзгерту мен адамдардың бүкіл қоғамды жаңғырту практикасына тартылуы ғана өзгерте алады деп санап, қоғамдық санамына қалыптастыру процессін нақты жүзеге асырды.Адамдардың бүкіл бұқарасы мұндай өзгерістерге қатыса алмайды және оған қатысуға қабілетсіз, оны бірдей түсіне бермейді және оған бірдей дәрежеде мүдделі де емес. Қоғамдық тұрмыс пен қоғамдық сананың байланысын әдетте барша жұрт бірігіп немесе әрбір адам жекедара белгілемейді, қайта адамдардың ерекше топтары, сананы әзірлеумен кәсіби түрде айналысатын интеллигенттер анықтайды. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналы төңірегіне топтасқан жас қазақ интеллигенциясы осындай интеллектуалды тобы болды.

Қазақ даласындағы ұлттық қозғалысқа жас интеллигенция жаңа тыныс берді. Тарихи тәжірибені дәлелдеп отырғандай, әлеуметтік күрт өзгерістер кезеңдерінде әрқашанда интеллигенция белсенділігімен, дербес бастамасымен ерекшеленіп отырған. Әлеуметтік, интеллиектуалдық және адамгершілік сезімі жоғары интеллигенция және адамның қоғамда алатын жағдайы туралы, оның санаға және сана-сезімге қатынасы туралы мәселе қарастырылды.

Жас қазақ интеллигенциясының басты сіңірген еңбегі мынадай болыпты: ол бүкілресейлік даму кезеңінің басталуы дер кезінде байқап, қазақ қоғамын да қозғалысқа келтіру амалдарын іздестірумен айналысты. Бұл үшін бірінші орыс революциясы берген әлеуметтік және саяси бостандықтарды пайдаланып, туған халқын феодалдық-патриатхаттық мешеуліктен шығаруға, патшалық езгіден азат етуге, оған білім мен прогресс, мемлекеттік тәуелсіздік алу жолдарын көрсетуге ұмтылды. Мұның қиын күрес, күрделі жан-жануар мен ізденістер жолы болғаны күмәнсіз. Ал бұл жолда жеңістіктермен қатар, әрине, қателесулерде де, адасулар да болды. Алайда, оларды кейіннен сталиндік идеологияны көрсеткендей, өз халқына жаулық көзқарастар емес, халық тағдырын жеңілдету жолындағ күрестің табиғи қиындықтары туғызған еді. Қазақ интеллигенциясының ең басты ізгі мақсаты – халқына қызмет ету болғанын «Алаш» басшыларының бірі М.Дулатов 1929 жылы Бутырск түрмесінен жазған хатында былай деп айқып баяндайды: «... мен өзімнің құлдыққа түсіріліп, езгіге салынған бейшара халқымның осы құлдық жағдайдан шығуына көмектесуді, өз борышым деп санадым ... Саяси саладағы оқиғаларды дер болжай алмадым деп санаймын, ал қәзір Кеңес үкіметіне қарсы күрес деп отырғанның бәрі менің қазақ ұлттың дербес, тәуелсіз, бақытты жағдайда көргім келген тілегім ғана.»

Қоғамдық – саяси өмір аренасына аз орыстың азаттық қозғалысының ықпалымен қазақ интеллигенциясынының демократиялық пиғымдағы жас ұрпағы көтеріле бастады.Ұлттық интеллигенцияның түрлі топтарының идеялық – саяси көзқарастары бірдей болмады. ХХ ғасырдың басындағы, қазақ халқының идеологиялық өкілдері ролін атқарған қазақ ұлттың демократиялық интеллигенциясы өзінің халқын дағдалы санадан бостандықтың, тәуелсіздіктің ең жоғары мұраттарына бастайтын нақты жолды міндет етіп қойды. Ол қазақ халқының объективті мұдделері мен жағдайын жүйеге түсірілген теориялық білім ретіндегі идеологияны деңгейде ұғынып білдіруге, оның саяси күрес бағдарламасын тұжырымдауға ұмтылды. Демократиялық-ұлттық интеллигенция қоғамның топтарға бөлінуін мойындамай, бүкіл халық атынан әрекет етті. Олар өз халқына тәуелсіздік және отрашылдық, құлдықтан азаттық алу жолындағы күреске көмектесуді ұмтылды. Әрбір адам мен әрбір халықтың жеке бостандыққа және бүкіл адамзат мәдениетінің жетістіктері мен табыстарына еркін қол жеткізу құқығы сияқты жалпы азаматтың қазыналар жолында күресті. Осы мақсатпен қазақ интеллигенциясы 1905 жылы бастап саяси қызметін қызу өрістетті. Қазақ интеллигенциясы саяси қызметінің қорытындысында «Алаш» партиясы құрылғаннан білеміз.

Ұлт зиялылардың Мемлекеттік Дума жұмысына 1907 жылы қатынасуы қазақ қоғам үшін нәтижелі аяқталмағанымен, бұл шара олар үшін белгілі дәрежеде саяси кешендену мектебі болған еді.

Қорыта айтқанда 1905-1917 жылдар аралығында қазақ зиялылары үлкен жолынан өтіп, өзінің ішкі және сыртқы қарсыластармен айқаса мол тәжірибе жинады. Туған елінің бостандығы үшін соңғы деміне шейін күрескен. Оның өзі де империялық зорлықтың құрбаны болды.

Әдебиет тізімі

  1. Қойгельдиев М.К. «Қазақ демократиялық интеллигенциясының 1905-1917 жж қоғамдық саяси қызметі» – Алматы, 1994 ж.

  2. Қойгельдиев М. «Алаш қозғалысы» – Алматы , 1995ж.

  3. Пірманов Ә.Б. «Қазақ қоғамының жағдайы және ұлттық интеллигенция қалыптасуының алғаштары мен қызметінің бағыт-бағдарлары» - Алматы , 1997 ж.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!