Материалдар / Мақала: Ұлы ғұламаның өнегелі өмірі. Кизатова Шайза Сахиповна, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мақала: Ұлы ғұламаның өнегелі өмірі. Кизатова Шайза Сахиповна, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақала оқушыларды ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі және шығармашылығымен таныстыру үшін керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қаңтар 2021
335
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұлы ғұламаның өнегелі өмірі

Қыпшақ даласы жаугершілік кезіндегі ел қорғаудағы жеңістерімен ғана емес, сонымен қатар ұлы ғұламаларымен де танымал. Солардың бірі- 870 жыл мен 950 жыл аралығында өмір сүрген Әбу Насыр әл-Фараби. Ол әскери басшының отбасында дүнеге келген. Әкесі әскербасшы болса да, жас Әбу Насыр ғылым-білімге құмар болған. Алғашқы білімді Отырар медресесінде алып, Шам, Самарқан, Бұқара, кейін Харран, Мысыр, Халеб (Алеппо), Бағдат шаһарларында үздіксіз білім алған. Оның заманында “Жібек жолы” бойындағы қалаларда, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамып, сауда мен қалааралық байланыстардың дамып тұрған кезеңі болатын.Ол Орта Азия, Парсы, Иран, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейіп, көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасады. Тарихи деректер зерттеуінше Әбу Насыр 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл. Ол түркі ойшылдарының ең атақтысы, әлемдегі екінші ұстаз атанған ғұлама. Философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 164 трактат жазып қалдырды. Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады. Өзінен де мықты, сол заманның бірінші ғалымы болған Аристотельдің “Метафизика”, “Категория”, “Бірінші және екінші аналитика” сияқты басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған. Адамның өз болмысын өзі танып-білуіне философиялық тұжырымдар жасағаны да өте керемет құндылық болып табылады. Бұл мәселені логика, этика, педагогика тұрғысынан кеңінен саралап, өзара сабақтастықтарын да зерделеген. Оны тіпті тамаша философ деуге де келеді, себебі рухани бастауларды жан-дүние үндестігінен, әдеміліктен, қанағаттанудан, бақыттан іздестіре білді. “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы”, “Мемлекет қайраткерлерінің қанатты сөздері” және т.б. еңбектері сол кездегі қарымды ғалымның озық үлгідегі жұмыстары болып табылады. Ғылымдардың шығуы” деп аталатын трактатында ең қиын ғылым математиканың шығу тегі мен себептерін ашуға тырысады. Астрономияға байланысты еңбектеріне “Алжебрге түсініктеме”, “Геометриялық фигуралардың егжей-тегжейі жөнінде табиғи сырлары мен рухани әдіс-айлалар кітабынсондай пәрменді дәлелдермен жазып шыққаны таңқаларлық. Арифметика саласында “Теориялық арифметикаға қысқаша кіріспе”, физика саласында “Вакуум туралы”, медицина саласында “Адам ағзалары жөніндегі Аристотельмен алшақтығы жөнінде Галенге қарсы жазылған трактат”, музыкаға байланысты “Музыканың ұлы кітабы” еңбектері әлемді мойындатқан дүниелер.Нақты ғылымдарға жақын ғалымның музыкаға құлаш сермеуі де таңқаларлық құбылыс деуге болады. Осынау ұлы ғалым Әл Фарабидің ісін жалғастырған, ғылымға берілген шәкірттері де көп болған. Олардың ішінен, ең алдымен, Орта Азияның ұлы ғалымы Әбу Әли ибн Синаның (Авиценна) есімін атауға болады. Кейінгі кездегі шығыс ғалымдары оларды бөліп жармай «Қос Фараби» деп те атай бастады. Сондай-ақ еңбектері ұлы ұстаз еңбектерімен сабақтасып жатқан ұлы ғалымдар Беруни, Бозжани, Омар Һайямдар да өздерін Әл Фарабидің шәкірттеріміз деп есептеген. Бұл Ұлы Ғұламаның өзінен кейінгі талай Ұлыларға да үлгі болғанын көрсетеді. Әл-Фараби дүние жүзілік тарихи тұлғалардың санатында. Ол туған елінің мәдени байлығын, иранның, үндінің ежелгі дүние мәдениеттерінің жемістерін бойына дарытты. Дәл, сондықтан да, ол таяз ұғымдар мен соқыр сенімдерден жоғары көтеріле білді, өзінің ойлау жүйесін сындарлы да икемді ете білді. Әл-Фараби өз заманындағы өнер-білімнің ең асылын таңдап ала білді, өз дәуірінің шынайы энциклопедиясын жасап берді. Оның терең мағыналы пікір айтпаған, жете зер салмаған, данышпандық болжам жасамаған бірде-бір білім саласы жоқ деуге болады.
Өмірінің соңына қарай Әл Фараби Мысыр, Шам, Халеб қалаларында болып, ақырында Шам шахарында келіп, сонда тұрақтайды. Осында қайтыс болады. Оның денесі Шам шахарының Кіші қақпа (Баб ас Сағир) жағындағы зиратқа қойылады.













































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!