Материалдар / Мақала: Ұстаз - ұлы есім

Мақала: Ұстаз - ұлы есім

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала жазуға үлгі ретінде көруге болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Сәуір 2018
333
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұстаз – ұлы есім. Мұғалім болу үлкен біліктілік пен жауапкершілікті, мейірімділік пен тиянақтылықты қажет ететін мамандықтардың бірі. Мұғалім болу оңай болып көрінгенімен, бірақ нағыз ұстаз болу екінің бірінен келе бермейтіні анық. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беруде, ертеңгі күні қоғамда салиқалы азамат болуына бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.Ұстазы жақсының ұстамы жақсы демекші, біздің балалар жақсы ұстаздан білім алуда. Осы орайда №19 жалпы білім беру мектебінің 4 «ә» сыныбының сынып жетекшісі - Нұрбике Тұрғанбайқызы Шаханова жайлы еркеше ілтипатпен айтуға болады. Ұстазымыз бастауыш мектеп мұғалімінің тізгінін 19 жыл бойы абыроймен ұстап келеді. Нұрбике Тұрғанбайқызы өз ісіне берілген, шәкірттерінің бойына нұр құя білетін жан. Ол – Лебяжі ауданының тумасы. 2001 жылы С.Торайғыров атындағы ПМУ-ді бітіріп, жоғары білімді жас маман ұстаздық еңбек жолын бастауыш сынып мұғалімі болып бастайды. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» - деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жуапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз. Нұрбике Тұрғанбайқызының осы күнге дейін сабақ беруден тыс, маман ретінде өз білім-біліктілігін зерделейтін жетістіктері де аз емес. Атап өтсек: 2014 жылы мұғалімдердің қалалық пәндер олимпиадасында бастауыш сынып бойынша ІІІ дәрежелі, мұғалімдердің Х облыстық пәндер олимпиадасында бастауыш сынып бойынша ІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталып, 2017 жылы бастауыш сынып мұғалімдері арасында өткен Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиадасының ІІІ орын жүлдегері атанды. Сонымен қатар, «Деңгейлік бағдарламасы негізінде құрылған сабақ жоспарлары жинағы» атты дидақтикалық материал дайындағаны үшін және басқа да ғылыми, Халықаралық конференциялардың жинақтарында мақалалары жарияланғаны үшін сертификаттармен марапатталған. Оған қоса «sabaktar.kz», «USTAZ tilegi», «Edulife.kz», «www.45minut.kz» сынды ұстаздарға арналған сайттарда еңбектері жариялануда. Бұл біріншіден, ұстаздың жан-жақты білімінің болуының, екіншіден, мұғалімнің өз мамандығына деген шынайы сүйіспеншілігі мен бойындағы шығармашылық қабілетінің жоғары екенінің дәлелі деп білеміз. Шәкірттер ұстазынан тек қана білім ғана алмай, сонымен қатар тәлім-тәрбие де алады. Мектеп – балалардың екінші үйі болса, ал ұстаздар олардың екінші анасындай деп айтсақ та болады. Ұстаздың алдына келетін балалар – біреудің маңдай алды жарығы, бірі – ерке не кенжесі, бірі – қой аузынан шөп алмас момыны. Сол маңдай алды жарығын жарқыратып, еркесінің бабын тауып, момынын өзін ортада еркін ұстайтындай тұлға етіп тәрбиелеу үшін үлкен шыдамдылық пен қажымас қайрат қажет. Алайда Нұрбике Тұрғанбайқызы 1 сыныптан бастап балаларымыздың тілін тауып, сапалы білім берумен қатар жақсы тәрбие беруде. Бүгінде ұстазымыздың жетекшілігімен келе жатқан 4 «ә» сынып оқушыларының жетістіктері жетерлік. Олар: 2014 жылы өткен «Кенгуру-математика для всех» атты Халықаралық додасында Жандос Әубәкір І дәрежелі, Амина Болпакова ІІІ дәрежелі, Қабиден Тамерлан ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. 2016-2017 жылдары өткен «Пони» Халықаралық балалар интелектуалды конкурсында Айшабибі Балғабай, Айсана Нұралы, Гүлдария Заркенова, Бекзат Амен, Диляра Абишева сынды шәкірттер жақсы білім деңгейін көрсете білді. 2018 жылы қазақ тілі пәні бойынша Республикалық қашықтық олимпиадасында ІІ дәрежелі дипломымен Ақжан Ардагелдіқызы, Айсана Нұралы, Олжас Орынтай, Мансұр Саттар, Ділназ Сағандық, Гүлдария Заркенова, Даниал Байғалы марапатталды. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойыларына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде Нұрбике Тұрғанбайқызының еңбегі зор. Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, мұғалімнің де рөлі айрықша. Демек, оқушылар тек қана білім додаларында ғана емес, сондай-ақ түрлі спорт және тағы да басқа үйірмелерінде жетістіктерімен ерекшеленген. Мысалы, Айгерім Аманжолова 2014 жылғы «Сәлем, Астана» Республикалық фестиваль-конкурсында би санаты боынша Гран приді, Нұрсана Қабиден 2014 жылы «Ирбис» телекомпаниясы ұйымдастырған әуесқой әскери фильмдері байқауында І орынды, Алина Сүлейменова 2016 жылы көркем гимнастикасынан ІІІ орынды, Шинкиокушинкай каратэ сайысынан Әділбек Ғаллам ІІІ орынды, Гүлдария Заркенова мен Мәлікә Найман Республикалық «Би бала» балалар би байқауында І орынды иеленді. Сондай-ақ, «Арт-Созвездие» халықаралық фестивалінде 4 «ә» сыныбының домбырашылар тобы І дәрежелі дипломға қол жеткізді. Бұл – оқушылардың жан-жақты екендігінің айқын көрінісі. Қиындығы да, қызығы да мол, ең бастысы – жауапкершілігі жоғары мамандықтың бірі ұстаздық ету болып табылады. Сол жолда тыңбай еңбек етіп жүрген сынып жетекшіміз – Нұрбике Тұрғанбайқызына алғысымыз шексіз. Биыл 4 «ә» сыныбының оқушылары бастауыш мектебін бітіргелі отыр. Мектеп табалдырығын енді аттаған қаршадай бөбектерден төрт жылдың ішінде сауатты да жан-жақты оқушыларды тәрбиелей білген сынып жетекшімізге ризашылығымызды білдіреміз. Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, еңбегіңіз әрқашан да елене берсін деп тілектеспіз.

Жансауле Мухышева,19 жалпы білім беру мектебінің 4 «ә» сынып оқушыларының ата-аналары
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ