Ұстаз салған сара
жол
Адам бол! Бұл сөзді көбінесе бала кезімізде үлкен қарияларымыздың
аузынан естіп жататын едік. Осы сөздің түп мағынасының аса тереңде
жатқандығына мән берсек, өте киелі ұғым екендігіне көзіміз
жеткендей болады.Тереңірек үңіліңізші, адам баласына айтылатын
«Адам бол» сөзінің құдіреті неде деп
ойлайсыз?
Сол кездегі менің оқушылық
пікірім былай еді: «Адам баласы адамның рақымы мен махаббатынан
жаратылады. Оны басқа тіршілік иелерінен ерекше саналы, сезімді
етіп жаратады. Демек адам өзінің ерекше саналығымен, ойлау
жүйесінің кеңдігімен сараланады» деген ойда болушы
едім.
Балалық шағымызда үлкендер
«Кімді үлгі тұтасың?» десе, бірден ұстазымыздың аттарын атаушы
едік. Шын мәнінде, осы ұстаным өмірде өз жолымызды табуға көп
септігін тигізді. Жанарынан мейірім төгіліп тұратын аяулы
ұстазымыздың әр қылығын іштей бақылап, жүріс-тұрысын мұқият көз
алмай қарап, сүйкімді жүзіне қараумен отырушы едік.Осындай
ұстаздарымызды мақтан
тұтатынбыз.
Кезінде ұстазымыз: « Кез
келген адам көшбасшы бола алады, ертең есейген соң сендер де
көшбасшы болуларың мүмкін» деуші еді. Өмір өтеді, адамның бала
күнгі армандарына жету үшін өмірлік көшбашының рөлі зор екендігіне
ешбір шүбә келтіру мүмкін
емес.
Ұстаз салған сара жолдың
бағытын мен де ұстанып, бүгінде бір мекеменің ұстазы болып, шәкірт
тәрбиелеудемін .
Қазіргі таңда Тараз
қаласындағы бір ммектепте мұғалі болып жұмыс жасаймын. Бүгінгі
таңда шәкірттерім халықаралық, республикалық деңгейдегі байқауларға
қатысып, мекемеміздің қоржынын жүлделі орындармен толтыруда. Әр
уақытта шәкірттеріме ақылымды айтып, көмекті қажет ететін
балалармен досындай сырласып, әрқашан қолдау көрсетіп
отырамын.
Шәкірттерім-менің мақтанышым!
Дархан даладай кең, сабырлы мінездеріне қарап, іштей риза боламын.
Осының бәрі жүйелі жұмыс жасап жатқанымыздың арқасы деп
білемін.