Материалдар / мақала.Функционалдық сауаттылық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

мақала.Функционалдық сауаттылық

Материал туралы қысқаша түсінік
Функционалдық сауаттылық
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Наурыз 2023
256
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Функционалды сауаттылық» оқушының мектептегі алған орта білімінің күнделікті өмірінде және болашақтағы көп қырлы қызметінде кездесетін тұрмыстық қоғамдық, әлеуметтік экономикалық проблемаларды шешуде табысты қолдана алуын қамтамасыз етеді. Функционалдық сауаттылық оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейін және оқушылардың өнімді жұмысының көрсеткішін білім деңгейі ретінде қарастырады. Бұл деңгей өмірдің әртүрлі саласындағы тапсырмаларды шешуде мектептік білім мазмұнының қолданбалық сипатына және оқушылардың игерген біліміне негізделеді.

Биология сабақтары оқушылардың мәдениетін,ойлау интелектуалды дағдыларын сонымен қатар функционалды сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған. Бұл жұмыстарда берілген материалдар оқушылардың әр түрлі деңгейдегі функционалды сауаттылығына талдау жасау арқылы оқушының қалыптасқан оқу – білу құзіреттілігінің өлшем бірлігі ретінде қолдануға болады.

Функционалдық сауаттылық оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейін және оқушылардың өнімді жұмысының көрсеткішін білім деңгейі ретінде қарастырады. Бұл деңгей өмірдің әртүрлі саласындағы тапсырмаларды шешуде мектептік білім мазмұнының қолданбалық сипатына және оқушылардың игерген біліміне негізделеді. Сондықтан, қоғамдағы өмірлік пен практикалық іс-әрекеттердің дағдылары мен әлеуметтік іс- тәжірибені меңгеру үшін оқушылардың білім алу барысында негізгі және пәндік құзыреттіліктері қалыптасуы тиіс. Мектептің алдында тұрған үлкен мәселе – шынайы өмірге белсенді, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары, ой – өрісі кең, сауатты, танымдық әрекетке қызығушылығы мол оқушы білімнің қолданбалылығын дамытуды қамтамасыз ету.Функционалды сауатты болу үшін оқу және жазу, жаратылыстану ғылымдарындағы,математикалық, компьютерлік отбасылық өмір,денсаулық және тағы басқа сауаттылықтар қалыптастыру қажет соның негізінде өмірлік дағдылар қалыптасады. Жалпы адам баласы есту, көру, ұстап көру, сезу және иіскеу арқылы есте сақтайды. Кейбір оқушылар жазбашаға, кейбірі ауызшаға қабілетті болып келеді. Биология сабақтары оқушылардың мәдениетін,ойлау интелектуалды дағдыларын сонымен қатар функционалды сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған. Бұл жұмыстарда берілген материалдар оқушылардың әр түрлі деңгейдегі функционалды сауаттылығына талдау жасау арқылы оқушының қалыптасқан оқу – білу құзіреттілігінің ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері. Мұғалім мен оқушының іс–әрекетінің байланысын әр түрлі кезеңдерде функционалды сауаттылығының қалыптасуын мақсаттылық, жоспарлау, шешім қабылдау, орындау, нәтежиеге баға беру арқылы жүзеге асыруға болады. Биология сабақтарында алғашқы сауаттылықтың қалыптасу кезеңдерімен жүзеге асады.

1. Мақсат қою. Оқушы мәтінмен жұмыс істеу, тірек – конспектісін құру, бағдарланған сұрақтар құрау, сызбанұсқаны, суреттерді оқу, жаңа терминдермен жұмыс істеу, түсініктердің жүйелігін құру және алгоритімін анықтай білу.

2. Жоспарлау кезінде міндеттер қойып,проблемаларға талдау жасау. Ол үшін ақпарат көздерін таңдау қажет.

3. Шешім қабылдау үшін ақпараттарды пайдаланып, зерттеу жүргізу.

4. Орындалуы.Ол үшін білім беру обьектісімен жұмыс істей отыра орындау және оны өңдеу.

5. Нәтижелерді бағалау үшін жасалған жұмыстарға талдау жасау және егер қателіктер болса себептерін анықтау, өзіндік талдау, өзіндік бағалау жасау.

6. Білім обьектісімен жасалған жұмыс нәтижелерін қорғау және нәтижелерді бағалауға қатысу.

Осы кезеңдер арқылы оқушының іс–әрекеті анықталады. Оқушы білім алып қана қоймай, сонымен қатар білімді алу құралдарымен қарулану қажет. Бұндай сабақтар арқылы оқушының өзін – өзі бақылау картасының көмегімен қаншалықты интелектуалдық, ұйымдастырушылық және коммуникативтілік меңгерген деңгейін анықтауға болады. Сөйтіп, оқу үрдісі кезіндегі кемшіліктерді, алға басушылықтарды анықтай отыра қай жерде қателіктер жіберілді,нені қайталау керектігін түсінеді. Төмендегі кесте бойынша сыныптағы оқушылардың деңгейін анықтау арқылы сабақтың барысы кезеңдерінде функционалдық сауаттылықтың деңгейлерін анықтауға болады. Жалпы оқудың біліктілік және дағдыларының өзіндік бақылау деңгейлерінің анықтайтын картасы. (Оқушының аты – жөні,сыныбы)

Деңгейлер І тапсырма ІІ тапсырма ІІІ тапсырма ІҮ тапсырма

Жоғары

Орташа

Төмен

Осындай өзіндік диагностика әр кезеңде жеткіліксіз оқу біліктілігімен және дағдылардың «қалыс қалған» және әр кезеңде функционалды сауаттылықты қалыптастыру кезінде байқалады. 6 сыныпта өткізілген сабағым «Ашық тұқымды өсімдіктер». Осы сабақты өткізу барысын төмендегідей тапсырмалар беру арқылы білімдерін тексердім.

1 тапсырма. Ашық тұқымды өсімдіктер бойынша Ия/Жоқ жауаптары арқылы көрсет

1. Ашық тұқымдылар тұқымынан көбейеді, бірақ жеміс түзбейді Ия/жоқ

2. Ашық тұқымды өсімдіктер негізінен  сүректі болып келеді Ия/жоқ

3. «Сүрек» деген - ағаш діңінің (сабағының) су өткізгіш бөлігі. Ия/жоқ

4. Ашық тұқымдылардың гүлі жоқ. Ия/жоқ

5. «Қылқан жапырақты» дейтін себебі жапырақтары ине тәрізді жіңішке. Ия/жоқ

6. Секвояның биіктігі 110-112 м. Ия/жоқ

Бағалауы: «5» - 9, «4» - 7, «3» - 5, «2» - 4 кем болса

2 тапсырма. Ашық тест

Ашықтұқымдылар бөліміне жататын өсімдіктер неге «қылқанжапырақтылар» деп аталады.

Осы ақпаратты қолдана отырып , төмендегі қорытындының қайсысы дұрыс.

А. Тұқымынан көбейгендіктен.В. Жапрықтары жіңішке ине тәрізді болғандықтан.

С. Мәңгі жасыл түсті болғандықтан.

Д. жапырақтары болмағандықтан.

Жауабы :В. Жапрықтары жіңішке ине тәрізді болғандықтан.

3 тапсырма. Есеп №1.

Жатаған шыршаның биіктігі 10 метр, өмір сүру ұзақтығы 300 жыл, сонда ол быр жылда қандай бйіктікке өседі?

Әр оқушы өз отбасына есептеп шығаруға болады.

300ж /10м  =30см

4 тапсырма.Танымдық сұрақтар.

1. Неліктен санаторилер қылқан жапырақты ормандардың ортасына салынады?

Жауабы: бұл өсімдіктер ауаға микроптады өлтыретін фитонцид бөлгендіктен ауасы шипалы болады.

2. Екі үйлі өсімдік деп неге айтамыз?

Жауабы: аналық бүрінің бір өсімдікте, аталық бүрінің екінші өсімдікте болуын айтамыз

3. Неліктен ашық тұқымды деп аталады? Жауабы: тұқымдары тұқымқабыршақтың қойнауында қорғанышшыз, бүрде ашық болып жетілетіндіктен.

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда қатысымдық, дара тұлғаға бағдарланған оқыту және сұрақ-жауап әдістері арқылы жүзеге  асатын жағдаяттық тапсырмалар, сұхбаттық тапсырмалар, құзыреттіліктерді қалыптастыратын тапсырмалар арқылы кешенді жүргізудің тиімділігі жоғары.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!