Мақала:Менталдық карталарының артықшылықтары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала:Менталдық карталарының артықшылықтары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі педагог-психологтарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы



Менталдық карталарының артықшылықтары

Маған айтып берсең - ұмытып қаламын,

көрсетсең - есімде сақтаймын,

өзіме жасатсаң үйренемін.

Конфуции

Металдық карталар (ағылш. сл. MindMap) орыс тілінде бұл атауды психикалық немесе ми карталары деп аударуға болады. Мектеп жасына дейінгі сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балаларды жан-жақты дамытуда менталды картаның рөлі ерекше. Арнайы ұйымдастырылған ойындар балалардың сөйлеу тіліндегі бұзылыстарын түзетіп, сөздік қорын молайтып, таным іс-әрекетінің жетіспеушілігін дамыту үшін менталды картаны арнайы белсенді пайдалануды қарастырады. Жалпы алғанда «Менталды картаны мектеп жасына дейінгі балаларға қалай пайдалануға болады?» деген сұрақ туындалатыны белгілі. Ендеше менталды карта дегеніміз не? Соған тоқталайық.

  • Менталды карта немесе ақыл-ой картасы

  • Қағазға тиімді ойлау әдісін көрсету, осы арқылы баланың ойлау, есте сақтау, сөздік қорын, шығармашылық мәселелерді шешудің тиімді әдісі

  • Сонымен қатар ішкі ақпаратты өңдеу үдерістерін ұсыну және айқын білдіру, оларға өзгертулер енгізу, жетілдіру қабілеттерін бейнелеу

  • Ақпаратты ұсынудың графикалық тәсілі

  • Көрнекі, графикалық ойлау құралы

  • Ақпаратты есте қарапайым әдісі.

  • Менталды карта немесе ақыл-ой картасы келген үдерісті, оқиғаны, ойды немесе идеяны жүйелі түрде, визуалды түрде ұсынуға арналған әдіс.

Атаудың нұсқалары: «Интеллект картасы», «Ақыл картасы», «Ақыл-ой картасы», «Есте сақтау картасы», «Менталдық карта». «Ассоциативті диаграмма», «Ойлау схемасы», «Ой картасы» деп те алуға болады. Менталды картаның басқа ойындардан ерекшелігі: балалардың ойлау, дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту. Сөйлем құрап өз ойларын жеткізе білуге, дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету болып табылады. Сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгеруге көңіл бөліп, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуін, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру. Ертегілерді әңгімелеуге, өлең, тақпақ, мақал-мәтел, жаңылтпаштарды айта білуге үйретуде өзіндік үлесін қосады. Бала бұл ойында педагог берген көрнекіліктерді орналастыра отырып еркін түрде өз ойын айта алады. Қазіргі кезде балалардың сөздік қорының жеткіліксіз екені бәрімізге белгілі, ендеше осы балалардың сөздік қоры жақсы дамып жетілуі сіз бен біздің қолымызда. Сондықтан да әр педагог ізденісте болуы қажет.

Менталды картаның жасалу үлгісі:

  • Парақтың ортасына негізгі идеяны, тақырыпты орналастырыңыз. (Өзіңіз таңдаған тақырыбыңызды). Парақты көлденеңінен ашқан дұрыс, сондықтан сурет салуға немесе көрнекі құралдарды қойған кезде көбірек орын болады.

  • Тек түсті қарындаштарды немесе түрлі түсті қағазды (қаламдар, маркерлер) пайдаланыңыз. Орталық нысандағы әр тармақтың түсі әртүрлі болуы керек.

  • Менталды картасының негізгі тармақтары орталық идеямен, ал екінші және кейінгі бұйрықтар бұлармен байланысты болуы керек. Тік сызықтардан гөрі қисық бұтақтарды (ағаш тәрізді) салған дұрыс.

  • Әр тармақта белгіленген тақырыпты ашатын суреттер болу қажет.

  • Суреттер, аппликациялар мен ассоциацияларды қолданыңыз. Бұл балаларға жаңа ақпаратты жақсы есте сақтауға және игеруге көмектеседі.

  • Картада шексіз мәліметтер болуы мүмкін, тақырыпты толық түсіну үшін қанша керек болса сонша пайдалана аласыз.

  • Менталды картаны құрастырғанда баланың жас ерекшелігін ескеруміз керек екенін ұмытпауымыз қажет.

Осындай әртүрлі ойын тәсілдерін оқу қызметтерінде ұйымдастырсақ, баланың ынта жігері, сөздік қоры, шығармашылығы, қызығушылығы, білуге деген құштарлығы артта түседі.

Мектепке дейінгі білім беруде бірінші кезекте мидың сол жақ жарты шарға байланысты қабілеттер дамиды. Балалардан көптеген фактілерді есте сақтау және ретке келтіру қажет. Ал мидың оң жақ жарты шары жақсы дамыған балалар оқуда қиындықтарға тап болады.

Тони Бусен мидың екі жарты шарына тән ақпаратты қабылдау және өңдеу сипаттамаларын біріктіретін әдісті жасады.

Ақыл-ой карталарының артықшылығы-бұл:

1. үйретеді (бастысы, жалпылау, жүйелеу)

2. дамытады (есте сақтау, ойлау, қиял)

3. мүмкіндік береді (білім алу, білімді жалпылау, білімді тексеру)

4. ықпал етеді (оқыту, зейін қою,есте сақтау, ойлау, мотивация)

5. бұл карталарды құрастыру оңай

6. Көптеген ақпаратты тез және сапалы есте сақтауға болады.

7. Дайын картада сіз қатынастарды, құрылымды, логиканы көре аласыз.

Металлды карта әдісінің артықшылықтары :

Көрнекілік. Барлық мәселе, оның көп қырлы мағынасында шағын түрде көрсетіледі.

Тартымдылық. Металды картаның өзіндік эстетикасы бар.

Көрнекті педагог В.Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол да солай бола алады» дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз. Сондықтан бала тәрбиесі мен білім алуында түрлі тиімді әдістерді пайдалану уақыт талабы, сондықтан бүгінгі таңда педагогтар тынымсыз еңбек пен үздіксіз білім арқылы ғана оң нәтижеге жететініне көзіміз жетіп отыр.




















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.04.2024
353
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі