Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мақта қыз бен мысық " ертегісіне сахналық қойылым сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
"Мақта қыз бен мысық " ертегісіне сахналық қойылым сценарийі
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мақта қыз бен мысық» ертегісі

Тақырыбы: «Мақта қыз бен мысық»
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Сабақтың мақсаты:
Ертегілер туралы білімдерін күшейту.
Сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп, өз ойларын дұрыс жеткізу.
Баланың сөздік қорын дамыту, сөз өнеріне деген құрмет.
Балаларды еңбекке, татулыққа тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: «Мақта қыз бен мысық» ертегісіндегі кейіпкерлердің рөлін сомдау.
Қажетті нәрселер: Ортада үстел үстінде ыдыстар, қатық, сыпырғыш, инеағаш, маскалар, ағаш, тауық маскасы, тышқан киімі, шелек, мысық киімі, дүкен, сиыр киімі, мейіз, тары.

Залда «Ерте, ерте, ертеде» өлеңі орындалады.
Ішке ертегіші әжей келеді. Балалармен амандасып алып, әжей ертегіні айта бастайды. Бұл ертегі Ыбырай Алтынсариннің «Мақта қыз бен мысық» ертегісі.
Ерте, ерте, ертеде,
Ешкі құйрығы келтеде,
Баяғыда Мақтақыз болыпты. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады, Мысық келмейді.

Қыз:
– Келмесең келме! – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп:
Неге шақырдың? – деп сұрайды.
Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық:
Ендеше қатығыңды төгем! – дейді.
Мақта қыз:
Мен құйрығыңды кесіп аламын! – дейді.
Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады.
Мысық:
Апа, апа, құйрығымды берші! – дейді.
Мақта қыз:
Менің қатығымды төле! –дейді.
Мысық сиырға барады.
Сиыр, маған қатық берші! – дейді.
Сиыр:
Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп берші! – дейді.
Мысық ағашқа барып:
Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші! – дейді.
Ағаш:
Мен шөлдеп тұрмын. Су әкелсең, жапырақ беремін, – дейді.
Мысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді.
Қыздар, қыздар, маған су беріңіздерші! – дейді.
Қыздар оған:
Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, – дейді.
Мысық дүкенге барады.
Дүкенші, дүкенші, маған сағыз берші! – дейді.
Дүкенші:
Маған жұмыртқа бер! – дейді.
Мысық тауыққа барады.
Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші! – дейді.
Тауықтар:
Бізге дән әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз, – дейді.
Мысық: «Енді не қыламын?» – деп бара жатса, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді. Мысық тышқанды бас салады.
Жаныңның барында айт! Үйіңде не бар? – дейді.
Тышқан қорыққанынан:
Үйімде бір табақ тары бар, – дейді.
Мысық:
Маған бір уыс тары бер, – дейді.
Әжей: Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді; мысық тарыны апарып тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді; жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді; дүкенші сағыз береді; сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су береді; суды апарып ағашқа береді; ағаш жапырақ береді; жапырақты апарып сиырға береді, сиыр қатық береді; қатықты апарып Мақта қызға береді, Мақта қыз мысықтың құйрығын береді.
Қорытынды:
- Балалар ертегі ұнады ма?
Келесі ертегіні тыңдағанға дейін қош сау болыңдар. Рахмет!
Күтілетін нәтиже:
Нені білді: Балалар ертегінің басты кейіпкерлерімен танысты, ертегінің мазмұнын дұрыс тыңдауға мәнісін түсініп айта білуге үйренді.

Нені меңгерді: Кейіпкердің бейнесін интонация арқылы көрсете отырып, айтып меңгерді. Баланың бойындағы адамгершілік, жауапкершілік, имандылық қасиеттері ашылды. Мейірімділік сөзінің мәнін түсінді.



10000


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
04.02.2019
5605
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12